Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет86/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Бири Мауна оқиғасы
Хижраның төртінші жылы Сафар айында Құран мен сүннетті үйрету үшін тағы 70 адам
Амир тайпасына жол тартады. Алайда олар Мауна атты құдық басына барғанда күтпеген жерден
қастандыққа ұшырап шейіт болады. Тек Амир ибн Умаййа ғана аман қалады. Ол қашып келе
жатып екі адамға кезігеді. Оларды да жау екен деп ойлап қалып байқамай өлтіріп қояды.
Алайда, олар Амир тайпасының Мəдинадан хабар əкеле жатқан адамдары болатын.
Сол кездің салты бойынша оларға құн төлеу керек болды. Төленетін құнның бір бөлігін
өндіріп беруді өз мойнына алған Пайғамбарымыз Надрларға аттанады. Пайғамбарымыздың Надр
тайпасына аттануының өзіндік себебі бар еді. Өйткені олар мұсылмандарға қарсы шықпауға,
мүшріктерге қолдау көрсетпеуге, құн төлеуде қол ұшын созуға сөз берген болатын.
Алғашқыда Надр яһудилері Пайғамбарымызды емен-жарқын қарсы алады. Өздеріне тиесілі
міндеттерін орындайтындықтарын айтады. Аз-кем тынығып алыңыз деп пайғамбарды оңаша
қалдырып, оған қастық жасауды көздейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларымен оңаша қалғанда, Жəбірейіл періште оған қауіп төніп
тұрғандығын білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с) дереу ол жерден кетіп қалады.
Артынша хазірет Мұхаммед (с.а.с.) яһудилерге елші жіберіп, қастық ойлағандары үшін
Мəдинадан біржолата кетуді талап етеді. Көп ұзамай яһудилердің біразы Хайбарға, біразы
Шаммен шекаралас Езриатқа, енді біразы Қаунұқа еврейлері жаққа қоныс аударады.
Хандақ немесе Ахзаб соғысы
627 жылы Хайбарға көшіп келген яһудилер мұсылмандарға соғыс ашамыз деп
Меккеліктермен байланыс орнатады. Олар мұсылмандарға қарсы күш біріктіріп, он мыңдық
əскермен Мəдинаға жорыққа аттанды.
Мұны естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларымен ақылдасады. Нəтижеде Салман
Фарисидің пікірін мақұл көреді. Қаланы айналдыра ор қазады. Мүшріктер қалаға жақындағанда
ор қазылып біткен еді.


Шайқастың алдында əдеттегіше батырлар жекпе-жек күш сынасады. Жау жағынан
батырлығымен танымал Амр ибн Абди Уəдд ортаға шығады. Əуелгіде онымен шайқасуға
ешкімнің батылы жете қоймайды. Сол кезде қаһарман Əли (р.а.) Аллаһ елшісінен рұқсат сұрап
онымен жекпе-жек шайқасады.
Шайқас Əлидің (р.а.) жеңісімен аяқталады. Амрдың өлі денесін көрген дұшпан
мұсылмандардан кəдімгідей сескеніп қалады.
Меккеліктердің Мəдинаға шабуылы кезінде мұсылмандарға қарсы əрекетке бармаймыз деп
ант-су ішкен Құрайза яһудилері арадағы келісімді бұзып, мұсылмандарға қарсы жақтың қатарын
толықтыра түсті.
Екі жақ та бір-бірін ала алмай, шайқас ұзаққа созылады. Бұл шайқастан меккеліктер мезі
болады. Бұл кезде Ғатафан руынан Нуайм өз еркімен мұсылмандықты қабылдайды. Ол
Пайғамбарымызбен жасырын кездесіп, жауды іштен ірітіп бір-біріне қарсы қоя алатындығын
айтады. Пайғамбарымыздан келісім алған соң құрайза яһудилеріне келіп былай дейді:
«Меккеліктер бұл жерде ұзақ қалмайды. Олар кетісімен Мұхаммед сендерді өлтіреді.
Сондықтан сақтық үшін құрайыштан кепілдікке адам сұраңдар. Кепілдер қастарыңда болса,
олар оңайлықпен кете алмайды».
Содан кейін құрайыштарға жолығып: «Құрайзалықтар Мұхаммедпен арадағы ынтымағын
бұзғанына өкініш білдіруде. Қайтадан сол бірлікті сақтау үшін сендерден бірнеше адамды
кепілдікке сұрамақшы. Мұхаммедпен қайтадан одақтасу үшін кепілге алған адамдарды өлтіріп
пайғамбардың сеніміне кірмекші» дейді.
Келесі күні яһудилер мен Меккеліктер Нуаймның сөзіне сеніп, бір-бірімен сөзге келіп
қалады. Мұндай соғыс тəсілі арабтарға жат болатын. Əдетте шайқас көпке созылмайтын.
Жеңген жақ жеңіп, жеңілген жақ өз жөніне кететін. Əрі қыс мезгілі де таяп қалған еді. Осыны
ескерген Əбу Суфиян жаппай шабуылға шығуға бұйрық береді. Алайда əскері ордан өте алмай
тұмсығы тасқа тірелді. Сөйтсе де шайқас қас қарайғанша жалғасты. Бір мезет төңіректі қою
қараңғылық басып, дем арасында мүшріктер тұрған аумақта дауыл көтеріледі. Мүшріктер алай-
дүлей дауылдан дал болып тұрғанда, сарбаздарынан бұрын қимылдаған Əбу Суфиян өз басын
сауғалап майдан даласын тастай қашады. Оны көрген мүшріктер де кері қайтады.
Мұсылмандардың Мəдинаға кіргені сол еді, Пайғамбарға Жебірейіл періште: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Ұлы Аллаһ тағала саған құрайзалықтарға майдан ашуды бұйырды» дейді. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Білəлге «намаздыгерді яһудилердің мекенінде оқитынымызды хабардар
ет» дейді. Бірнеше күнге созылған шайқастан соң құрайзалықтар мұсылмандарға беріледі.
Құрайзалықтар өздеріне əділ үкім шығаруды талап етіп, қазы тағайындауды талап етеді. Аллаһ
елшісі бұл істі Сағыд ибн Муаз (р.а.) тапсырды.
Ол келісімді бұзған құрайзалықтарға тиісті жазасын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет