Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған


Ансарлар мен мұһажирлардың бауырластығы



Pdf көрінісі
бет84/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96
Ансарлар мен мұһажирлардың бауырластығы
إِ
ﺧْ
ﻮَ
ةٌ
اﻟْ
ﻤُ
ﺆْ
ﻣِ
ﻨُ

نَ
إِﻧﱠ
ﻤَ

«Мүминдер бір-бірімен бауыр»
[406]
 деген Құран əміріне сай Пайғамбарымыз
(с.а.c.) Мекке мен Мəдина мұсылмандарын бір-бірімен бауырластырды. Аллаһ разылығы үшін
туған жерін, үй-жайын, мал-мүлкін тастап ел асып, жер басып келген Меккелік «мұһажир»
мұсылмандар Мəдиналық ансарға (жəрдем берушілер) бауыр болды. Бұл бауырластықтың
шынайы болғаны соншалық, ансарлар өз иелігіндегісін мұһажирлармен теңдей бөлісуге пейіл
танытты. Бір хадисте бұл туралы 
«Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман – бауырына
қастандық жасамайды, оны дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына жəрдем етсе
жəне оның кем-кетігін толықтырса, Аллаһ та оған жəрдем етеді. Кім бір мұсылман бауырын
қиыншылықтан құтқарса, Аллаһ тағала осыған сай қиямет күні оның қиыншылықтарының
бірін жояды. Кім мұсылман бауырының бір кемшілігін жасырса, Аллаһ тағала ақыретте оның
кемшілігін бүркемелейді»
[407]
, – делінген. Бұл Аллаһ елшісінің нақты іс жүзінде жүзеге
асырған ұлы істерінің бірі еді.
Білəл Хабаши алғашқы азаншы болып тағайындалды. Ол намаз уақыты кіргенде Мəдина
көшелерін аралап «Намазға жиналыңдар» (Əссалату жами’атун) деп шақыратын. Бірде Абдуллаһ
ибн Зəйд түс көреді. Түсінде қазіргі мұсылмандар айтып жүрген азанның қалай
шақырылатынын көреді. Кейіннен азан осы жаңа үлгіде шақырылатын болып бекітілді.
Бəдір соғысы
Мəдинаға таяу өңірлердің бірі «Бəдір» деп аталады. Сирияға апаратын жол осы жерден
өтетін. 624 жылдың Рамазан айында мүшріктер мен мұсылмандар алғаш рет осы жерде
соғысады. Меккедегі мүшріктер де қарап жатпай, Мəдинадағы яһудилерге мұсылмандарды
араларыңнан аластамасаңдар күндерің қараң болады деп үнемі қорқытатын. Алайда Ислам діні
Мəдинада күн өткен сайын қанатын кеңге жайып күшейіп келе жатты.
Құрайыштар мұсылмандардың көзін біржола құрту үшін сауда керуенін жасақтайды.
Саудадан түскен пайдаға қарулануды көздейді. Керуенді Əбу Суфиян басқарады.
Құрайыштардың бұл əрекетінен хабардар болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) керуеннің алдын
тосып, оларды кері қайтаруға бел байлады. Алайда, шөл далада керуенді бастап келе жатқан Əбу


Суфиянға «Мұсылмандар құрайыштың сауда керуеніне тұтқиылдан шабуылдамақшы» деген
хабар жетеді. Ол дереу соғысқа қамданып, Меккеге шабарманын аттандырады.
Меккеде хабар жеткен сəтте мыңға жуық əскер жиналды. Ал олардың қасында
мұсылмандардың қолы үркердей ғана топ болатын (үш жүз он үш жауынгер). Күш тең емес еді.
Мұсылмандар мен мүшріктер жасағы Бəдірде жолығады.
Əдетте араб жауынгерлері жаппай ұрысқа кіріспес бұрын білегі қаруына сай баһадүрлерін
жекпе-жекке шығаратын. Мұсылмандар тарапынан ұрыс алаңына ат ойнатып Хамза, Əли мен
Убəйда (р.а.) шығады.
Олар шайқасты көпке созбай қарсыластарын жер жастандырады. Убəйда ибн Харис ауыр
жараланып, қайтар жолда қаза болады. Бəдірде Мұсылмандар мүшріктерді ойсырата жеңеді.
Майдан даласында Əбу Жəһилдің, Үмаййа ибн Халаф сынды азулы мүшріктердің көзі жойылды.
Мүшріктердің кері шегінуден басқа амалы қалмады. Осылайша мұсылмандар алғаш рет жеңістің
дəмін татты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет