Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет89/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96
Мута шайқасы
630 жылы Аллаһ елшісі Бусраға (қазіргі Хауран аймағы) Исламды уағыздайтын елші
жібереді. Мұсылмандар көп ұзамай ол елшінің айуандықпен өлтірілгендігін естиді. Қатты
қапаланған Аллаһ елшісі жорыққа шығуды ұйғарады. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер майданда Зəйд
шейіт болса, байрақты Жағфар ибн Əбу Тəліп алсын! Ол да шейіт болса, Абдуллаһ ибн Рауаха
(р.а.) қол бастасын! Абдуллаһ əлдеқандай жағдайға ұшыраса, онда өздерің ақылдасып басшы
тағайындаңдар!» деп бұйырады.
Мұсылмандар үш мың əскермен жолға шығады. Мута елді мекеніне жеткенде мүшріктердің
жүз мың əскермен келе жатқандығын естиді. Екі жақтың күші тең емес еді. Өйткені əрбір
мұсылман өздерінен күші əлдеқайда басым жау жағынан отыз үш адамға төтеп беруі тиіс
болатын.
Мұсылмандар тəуекелге бел буып шайқасқа кіріседіде. Шайқас барысында Пайғамбарымыз
айтқандай, Зəйд, Жағфар жəне Абдуллаһ ибн Рауаха (р.а.) бірінен кейін бірі қатарынан шейіт
болады. Сахабалар байрақты Халид ибн Уəлидке ұстатады. Халид ибн Уəлид осы шайқаста
мүшріктердің бетке ұстар тоғыз адамын жер жастандырады. Мұсылмандар шайқас тəсілін жиі
өзгертіп, жаудың құтын қашырды. Мута шайқасы мұсылмандардың жеңісімен аяқталады.
Меккенің азат етілуі
Худайбия келісімі бойынша араб тайпалары қалаған жағымен байланыс орнатып келісім
жасай алу мүмкіндігіне ие болған еді. Осы себепті Хузаа тайпасы мұсылмандармен, ал Бəкра
тайпасы құрайыштармен келісімге отырды. Екі тайпа бірталай уақыт бейбіт өмір сүрді.
Бірде күтпеген жерден құрайыштармен келісім жасаған Бəкра тайпасы Хузаа тайпасын
шабады. Нəтижеде жиырма адам көз жұмып, көп адам жарақат алады.
Хузаа тайпасы өз одақтастары мұсылмандарға кісі шаптырып, Пайғамбарымыздан көмек
сұрайды. Пайғамбарымыз мəн-жайға қаныққан соң Құрайыштарға əуелі мынадай үш шарт
қойды: Құрайыш Хузаа тайпасының адам құнын төлейді; Бəкра тайпасымен жасасқан
келісімнен бас тартады; бұл екеуі орындалмаса Худайбия келісімі үзіледі. Құрайыштар бұл
шарттарды алғашқыда елемегенмен, біраз уақыттан кейін ес жиып, мұсылмандардан сескене
бастайды. Мұсылмандар аяқ астынан соғыс аша қалса, жағдайларының қиындап кететінін біліп,
дереу ақылдасып елшілікке Əбу Суфиянды аттандырғанды жөн көреді.
Əбу Суфиян уақыт оздырмай жолға шығып, Хузаа тайпасынан бұрын қимылдап, екінші
келісімге келуді ойлайды. Алайда Мəдинаға келгенде ол жағдайдың мүлдем басқаша екеніне көз
жеткізеді. Мəдина халқы жағдайдан толық хабардар еді. Тіпті ешкім де Əбу Суфиянды елеген
жоқ. Керек десеңіз, Пайғамбардың жұбайы өз қызы Үммү Хабиба да əкесін жақтыртпады.
Артынша мешітке де соқты. Ол жерде де ойлағанындай болмады. Содан кейін ол хазірет Əли
мен хазірет Айшадан (р.а.) қолдау күтті. Бірақ мұнысы да сəтсіз аяқталды. Тіпті төрт жасар
Хасан мен Хұсейн де қасына жақындамады.
Меккеге оралғанда басынан кешкен жағдайды айтып қанша ақталса да Меккеліктер оның
түк тындыра алмағандығын айтып жазғырды. Өйткені Əбу Суфиян Мəдинада ешкімнен қолдау
көрмеген соң хазірет Əлиден (р.а.) кеңес сұраған болатын. Оған Əли былай деп жауап береді:


«Сен құрайыштардың көсемісің. Мешіттің алдында тұрып екі жақтың атынан келісімді қайта
жаңғырттым деп халыққа дауыста. Басқалай саған берер кеңесім жоқ».
Əбу Суфиян мешіттің алдында Əлидің (р.а.) кеңесі бойынша əрекет етуін еткенімен, бұны да
көзге ілген жан болмады. Меккеліктерді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Əбу
Суфиян, өкінішке орай, Мəдинада ешкімге сөзін өткізе алмады.
Хузаа тайпасы шабуылға ұшыраған соң Əбу Суфиянның уақыт оздырмай Мəдинаға баруы
мұсылмандардың бұл уақытта айтарлықтай күшейгенін көрсетеді.
Хузаа тайпасына көмектесуге уəде берген Пайғамбарымыз (с.а.с) Əбу Суфиян кеткен соң,
үлкен қол жинайды. Бұл хижраның сегізінші жылындарында алған оқиға. Нəтижесінде
мұсылмандардың саны он мың адамға жетіп жығылды.
Қалың қол Меккеге қарай бағыт түзеді. Мұсылман əскері тым тақау келгенде ғана мүшріктер
олардың шабуылға шығатынын анық түсінеді. Меккенің айналасын жарыққа бөлеген мың сан
отты көрген Əбу Суфиян екі жолдасымен жағдайды өз көзімен көрмек болып қаладан шығады.
Алайда, олар қолға түсіп қалады, еріксіз мұсылмандықты қабылдайды.
Келесі күні оны Пайғамбарымыз өз жөніне қоя береді. Жəне былай дейді: «Кімде-кім
қаруын тастаса оған қауіп жоқ. Жəне кімде-кім Харам мешітін, өз үйін не Əбу Суфиянның үйін
паналаса, оларға ешкім тиіспейді».
Меккені қос қапталынан қысқан мұсылман əскері аз уақыттың ішінде қаланы бағындырды.
Ғаламға рақым ретінде жіберілген Пайғамбарымыз (с.а.с) Меккені қан төгіспей бағындыруға
қатты көңіл бөлді.
Осылайша кезінде мойындағысы келмегендер Аллаһтың қалауымен Пайғамбарымыздың
алдында мойындарына су кетіп мүсəпір болып тұрды. Мекке халқы іштей қандай жаза
тартатындықтарын ойлап, уайымдай бастады.
Қағбаның қасына келген, Аллаһ елшісі өзіне осы уақытқа дейін тек жамандық ойлап келген
мүшріктерге қарата «Енді менен не күтесіңдер?» деп сұрады.
Көбісі өлім жазасына лайық болатын. Алайда, олар бастарын көтеруге де шамалары келмеді.
Дегенмен, Аллаһ елшісінің мейірімді, мейірбан жан екендігін білгендіктен «Сен біздің қадірлі
бауырымызсың. Əрі құрметті ағамыздың баласысың» деп, өкініштен өзектері өртеніп одан
кешірім тіледі.
Сонда Ақиық елші (с.а.с.) өзінің Құранда мадақталған «ұлы көркем мінезге ие екенін» күллі
адамзатқа мойындатып: «Мен Жүсіптің өз бауырларына айтқанын ғана қайталамақпын: Бүгін
сендерге жазғырып жазаламаймын. Ешкімнен де кек алмаймын!» деді.
Күні кешеге дейін дұшпандықта тым шектен шыққан мүшріктер мұншалықты кешірімділікке
қайран қалды.
Пайғамбарымыздың бұйрығы бойынша Қағба ішіндегі жəне сыртындағы барлық пұттардан
тазартылды. Артынша Білəлге (р.а.) азан шақыруды бұйырды. Білəл (р.а.) Қағбаның үстіне
өрмелеп шығып азан шақырды.
Пайғамбарымыз əуелі ер кісілерден, содан кейін əйелдерден Ислам шарттарына
мойынсұнғандары жөнінде серт алды. Осылайша Меккеде мұсылмандықты қабылдамаған бірде
бір мүшрік қалмады.
Мұсылмандықты жаңа қабылдағандар Сафа жотасында отырған Пайғамбарымызға серт
берде бастады. Əбу Бəкір де (р.а.) көзі көрмей қалған қарт əкесін ертіп келді. Оны көргенде
кішіпейілдікте алдына жан салмаған Аллаһ елшісі: – Əй, Əбу Бəкір, қарт кісіні неге əуреледің?
Біз өзіміз-ақ ол кісінің алдына барар едік қой, – деді. Əбу Кухафа сол жерде тілін кəлимаға
келтіріп, мұсылман болды.


Аллаһтың қалауы əрі сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ерекше парасаттылығы мен
фəтанатының арқасында азулы Мекке мүшріктері біртіндеп мұсылмандықты қабылдады.
Икрима алғашқыда Йеменге қашқан еді. Алайда мұсылмандықты қабылдаған əйелі Үммі
Хаким басын сауғалап елден жырақ кеткен Икриманы тауып алып: «Мен ең абзал адамның
қасынан келе жатырмын. Аллаһ елшісі сені кешірді» деген сүйінші хабар айтады. Икрима
жүрексінсе де əйеліне еріп, Пайғамбарымыздың алдында Исламды қабылдады. Аллаһ елшісі
уəде бергеніндей Икриманы жылы қарсы алып, оның сол күнге дейінгі жасаған барлық
дұшпандықтарын кешірді.
Аллаһ елшісі қаскөй мүшріктердің қатарында мұсылмандықты қабылдаған Сафуан ибн
Үмайяны, Абдуллаһ ибн Зəбариды, тіпті Уахши мен Хиндті де кешірді. Хинд кезінде Ухуд
соғысында хазірет Хамзаны (р.а.) өлтірткен əрі қарнын жарып, мұрнын, құлағын кесіп өзіне
алқа ғып таққан Аллаһ елшісіне қаны қас мүшрік əйел еді.
Ал, Əсуад ибн Хаббар кезінде Меккеден Мəдинаға хижрет етіп жолға шыққан аяғы ауыр
Аллаһ елшісінің қызы Зейнепті түйеден құлатып, Зейнептің өліміне себепкер болған адам еді.
Аллаһ елшісі оны да кешірді.
Рақым пайғамбарының кең кешірімінен ешбірі кенде қалмады.
Мекке алынғаннан кейін алыс-жақын аймақтардан тайпалар топ-тобымен, Ислам дінін
қабылдап жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет