Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет92/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Оның түр-тұлғасы қандай еді?
Ислам тарихындағы жоғарыдағыдай əрбір оқиғаның алғышарттары, барысы, нəтижесі толық
көрсетілгеніндей, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түр-тұлғасы мен мінез-құлқы турасында да
деректер сақталған. Атап айтқанда:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаратылысы мен мінезі тұрғысынан адамдардың ең кəмілі еді. Ол орта
бойлы, екі алақаны мен екі жауырынының (екі иығының) арасы кең, толық та, арық та емес
болатын. Көздері қара, кірпіктері ұзын болатын. Бұрылса, бүкіл денесімен бұрылатын.
Саусақтары салалы, екі алақаны етті, сүйегі ірі, кеуделі, мығым, қайратты еді. Терісі тым
жұмсақ-ты. Қастары қалың, бір-біріне қосылмайтын. Екі қасының ортасында бір тамыры
болатын, ренжігенде білеуленіп кететін. Қыр мұрынды, сақалы қалың, дөңгелек жүзді, қызыл
шырайлы, жүзінен нұр тамып тұратын. Екі жауырынының ортасында пайғамбарлық мөрі
болатын. Маржандай тізілген мүбəрак тістері аппақ, асыл тастай жарқырап, сөйлегенде алдыңғы
тістерінен нұр шашырап тұратын. Денесінен хош иіс аңқып тұратын еді. Терлегенде де одан
əдемі иіс шығатын. Біреуге қол беріп амандасса, Пайғамбарымыздың мүбарак қолын алған
адам,оның алақанында қалған ыстық табын сезініп, күні бойы көңілі шат жүретін. Мүбəрак
қолымен бір сəбидің басын сипаса, ол өзге сəбилерден хош иісімен ерекшеленіп шыға келетін.
Аса сезімтал еді. Алыстағыны еститін, адамның көзі жетпейтін қиядағыны шалатын.
Қимылдағанда аса шабан да, шапшаң да емес орташа болатын. Жүргенде жеңіл адымдап,
шапшаң жүретін. Бос сөз сөйлемейтін, əрбір сөзі хикмет, насихат еді. Жылы жүзді, майда тілді
болатын. Ешкімге жаман сөйлемейтін, ешкімге жамандық жасамайтын, ешкімнің сөзін
бөлмейтін. Жұмсақ мінезді, кішіпейіл, айбатты əрі байсалды еді. Қатты күлмей, тек жымиятын.
Қарағанда көз қырымен қарайтын. Сахабаларды алдына жіберіп, өзі соңында жүретін. Кімге
болса да бірінші болып сəлем беретін. Туған-туыстарын құрмет тұтатын, үй-іші, сахабаларымен
жақсы қарым-қатынаста болатын. Қызметшілерін жақсы көретін, өзі не ішсе, не кисе,
қызметкерлеріне де соны ішкізіп, соны кидіретін. Қолы ашық, мейірімді, мəрт мінезді еді.
Уəдесіне берік-ті
[418]
.
Сахабаларымыздан Əнас ибн Малик (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл қасиетін былайша
еске алған болатын: «Он жыл бойы Аллаһ елшісінің қызметінде жүрдім. Сол он жылдың ішінде
маған «түһ» деп ешқашан кейіс білдірмеді. Істеген бір ісіме «Неге оны солай жасадың?» деп, я
болмаса істемеген бір ісіме «Соны істеуің керек емес пе еді?» деген емес»
[419]
.
Оның тақуалығы жайында Айша анамыз (р.а.) былай дейді:
«Бірде Аллаһ елшісі маған: – Уа, Айша, бүгінгі түнді раббыммен өткізуіме рұқсат етесің бе?
– деді. Мен: – Уа, Аллаһтың елшісі, сізбен бірге болу, əрине маған ұнайды, дегенмен көңіліңіз
нені қаласа, соны артық деп білем» дедім. Айша (р.а) анамыздың келісіміне ие болған ол дəрет
алды да намазға тұрды. Сол түні таң атқанша сақалын жас жуып намаз оқыды»
[420]
.
Бір жолы сахабалардан Ибн Мəсғуд (р.а.) нəпіл намазда Аллаһ елшісіне ұйып, ғибадат
қылады.Өзі онысын былай жеткізеді:


«Артынан келіп намазға ұйыдым. Екі рəкат нəпіл намаз ұзақ оқыды. Алғашқы рəкатта
«Бақара» сүресін аяқтағанда рукуға баратын шығар деп ойладым. Ол болса «Али Имран» сүресін
бастады. «Али Имран» сүресін аяқтағаннан кейін рукуға баратын шығар деп күтіп едім, ол
«Ниса» сүресімен жалғастырды. «Ниса» сүресі біткенде рукуға баратын шығар деп күтіп едім,
ол «Маида» сүресін оқи бастады. Осы сəт менің ойыма жаман ой келді. Қасындағылар «Не
ойладыңыз?» деп сұрағанда, «Намазымды осы жерден үзсем бе екен» деген ой келді»
деген»
[421]
.
Иə, Аллаһ елшісінің тақуалығы өте терең еді. Мына бір үзіндіде де оның болмысы жақсы
суреттелген:
«Жазу-сызу білмесе де Екі жиһан сардарының айтқан сөздері ешкім бұрын-соңды естіп-
көрмеген ілім мен даналыққа тұнып тұрды. Ол ғайып əлемі, діннің өте терең мəселелері,
мемлекеттер мен патшалықтардың күйреу себептері жайында сөз қозғап, əдептілік пен
адамгершілік принциптері арқылы мызғымас мəдениеттің негізін қалады. Мəдениет,
экономикалық құрылымдар, мемлекеттік басқару жүйесі мен халықаралық қатынастар
саласында да жүйелі істер атқарды.
Ол жас кезінде бір-ақ рет ұрыста көрген адам соғыс тəжірибесі жоқ бола тұра пайғамбар
болғаннан кейін жау жағадан алған шешуші сағаттарда өмірі шегініп көрмеген қолбасшыға
айналды. Сахабаларына үйреткен əскери тəлім-тəрбиесінің арқасында мұсылмандар аз жылдың
ішінде сол кезеңде дүркіреп тұрған екі алып мемлекетті тізе бүктірді.
Қырық жасына дейін қандай да бір саяси оқиғаларға араласпаған Ардақты елші бірден бұл
салада мықты саясаткер һəм кемеңгер басшыға айналды. Қазіргідей хабарласу мүмкіндігі жоқ
кездің өзінде мыңдаған шақырымға созылған шөлейтті мекендеген халықтардың руаралық
қақтығыстарын тоқтатып, аз уақыттың ішінде бір байрақ, бір ата заң, бір дін мен мəдениеттің
төңірегінде біріктіруге қол жеткізді.
Ол ғылым-білімде кенжелеп қалған елдің ойлау мəдениетін қатып қалған, əдеттері мен
мінез-құлқын өзгертті. Надандықты ғылыммен, тағылықты мəдениеттілікпен алмастырып,
мейірімсіз, қатал адамдарды Жаратқаннан қорқатын, мейірімді де турашылдыққа баулыды. Асау
тұлпардай жұлқынып, бағыну дегеннің не екенін білмейтін жандарға заңға мүлтіксіз
бағыныштылықты үйретті. Қандай істі қолға алса да асықша иіріп əкететін ол қазіргі таңда
мыңдаған педагог, философ, психолог пен социологтардың жүз жылдар бойы жасай алмайтын
ісін ширек ғасырға жетпейтін аз жылдың ішінде мінсіз атқарып шықты. Ғасырлар бойы
арасынан тарихта артынан із қалдырған бірде-бір даңқты адам шықпаған бір қауымды Аллаһ
тағаланың қолдауы арқылы ғылымда, руханиятта, адамгершілікте, саясатта, əскерлікте жəне кез
келген əлеуметтік салада барлық кезеңдердің данышпандарының ұстазы, жүректердің жол
бастаушысы жəне төрткүл дүниеге мəдениеттің туын тіккен, адамзат тарихының ең ізгі
қоғамына айналдырды.
«Мені Раббым тəрбиеледі, бойыма ең көркем тəрбие сіңірді»
[422]
деген Ғаламның рақым
нұры (с.а.с.) өзі құрған мемлекетті басқарған кездің өзінде де о бастағы кішіпейілдіктен танбай,
қарапайым ғұмыр кешті. Ши төсекте жататын. Жұпыны киініп, азға қанағат етіп көбінесе аш
жүретін. Саманнан жасалған қараша үйді мəсе тұтты, үмбетінің ең кедейіндей күн кешті.
Түндерін ұдайы Жаратқанға жалбарынып, дұға оқумен өткізетін. Мұң-мұқтаждар мен кедей-
кепшікке қол ұшын беруге асығатын. Елмен бірге қара жұмыс істеуден арланбайтын. Кез-келген
адам онымен еркін сөйлесе алатын. Жұрттың қайғысына қайғырып, қуанышына қосыла
қуанатын. Ерекше болуды көңілі қаламай, елмен қоян-қолтық араласып бірге жүретіндігі
соншалық, бұрын көрмеген адамдар келе қалса, халықтың арасынан оны тани алмай қалатын.


Бірде бір бəдəуи келіп «Мұхаммед деген қайсың?» деп сұраған кезде, сахабаларына жүгіріп
қызмет жасап жүрген Пайғамбарымыз 
«Бір елдің басшысы – солардың қызметіндегі жан»
деп,
Исламның өміршең ұстанымын көрсетіп кеткен-ді»
[423]
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет