Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет93/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Ұлы Досына сапар шегуі
Өмірінің соңғы күндерінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) қатты сырқаттанды. Бір күні екі
сахабасының сүйемелдеуімен мешіт маңында үйіріліп тұрған жұртшылықтың алдына шығып
былай деді: «О, халайық! Естуімше, Пайғамбарларыңыздың ажал сəті тақағанына алаңдаулы
көрінесіздер. Қай пайғамбар мəңгі жасап еді?! Сөзсіз менің де көп жүрмесім белгілі. Көп
таусыла бермеңіздер! Мен Жаратушымның қасына кетемін жəне сіздер де түбі Соған
қайтасыздар!».
Бейсенбі күнгі оқыған ақшам намазы оның жамағатпен оқыған ең соңғы намазы болды.
Бұдан былайғы намаздарды Əбу Бəкірдің оқытуын өтінген еді.
Айша анамыздың отауына оралады. Ол алдында айтқандарын бұл жолы да қайталап, əсіресе
əйелдерге жақсы қарауды жəне намазға селсоқтық танытпауды өсиет етті.
Дəл осы сəтте ұлы Абдуррахманды ертіп Əбу Бəкір (р.а.) кірді. Пайғамбарымыздың назары
Əбу Бəкірдің қолындағы мисуакқа ауды. Оның мисуакты жақсы көретінін білетін парасатты
Айша анамыз Пайғамбарымыздың мисуакты қалап тұрғанын дереу сезіп: «Қаласаңыз мисуакты
алып берейін?» деп сұрады. Ол басын изеп келіскендігін білдірді. Ол мисуакты алып, жарына
бермек болды, алайда мисуак құрап кеткендіктен қатты болып шықты. Сол себепті, хазірет
Айша (р.а.): «Мүмкін мен оны жылы суға салып, сізге жұмсартып берермін» деген ұсыныс
жасады. Ол келіскендігін білдіріп тағы да басын изеді. Айша анамыз дереу мисуакты аузына
салып жұмсартты да жарына берді. Аллаһтың елшісі оны алып, маржандай тістерін ысқылай
бастады. Тіпті, мына өмірмен қош айтысып, бақилыққа кетіп бара жатып та ол тісін тазалады.
Арасында «Лə иллəһа иллə Аллаһ» деп Аллаһты ұлықтап жатты.
Хазірет Айша (р.а.) оның қолын ұстап, сауығуы үшін дұға тілемек болды. Пайғамбарымыз
оның қажет емес екенін көзқарасымен сездірді. Шын тұрағына кетіп бара жатқан сəтте осы
жерде қалуды сұраудың орынсыз екені түсінікті болды. Сондықтан ол қолын тартты. Саусағын
жоғары көтеріп, биіктегі бір нүктеге қадала еріндері қимылдады. Мұсылмандардың анасы,
пайғамбардың адал жары хазірет Айша анамыз оның не айтып жатқанын тыңдау үшін еңкейіп
құлағын тосты. Ол болса тынымсыз былай күбірлеумен болды: «Пайғамбарлармен, шейіттермен,
адал құлдарыңмен бірге Мені де кешір! Өзіңнің мейірімің түскендермен бірге Мені кешіріп,
рақымыңа бөлей гөр! Мені Өзіңе қабылдай гөр! Иə, Аллаһ тағалам, мен Сенің ұлы достығыңды
қалаймын! Ұлы достығыңды қалаймын! Ұлы достығыңды қалаймын!»
[424]
63 жыл бұрын дүйсенбі күні дүние есігін ашқан ғазиз жан дəл сол дүйсенбіде ғұмырлық
сапарын аяқтады. Жиырма үш жылдық пайғамбарлығында ол бүкіл адамзаттың қиямет-қайымға
дейінгі өмірін бақытқа бөлейтін өмір сүрудің саф əрі мінсіз үлгісін қалдырды.
Қорыта келгенде, Адамзаттың асылы ардақты елшінің (с.а.с.) өмірі қай қырынан алып
қарасақ та, махаббат пен сүйіспеншілікке, ақыл мен парасатқа, теңдессіз тағылым мен ғибратқа,
пайғамбарлық үлгі-өнегеге толы екенін көреміз. Пайғамбарлық міндетті атқару барысындағы
ерекше төзімділігі, сабырлылығы, кешірімділігі, сезімталдығы, тақуалығы, кіршіксіз тазалығы,
көркем мінез құлқы, т.б. өз алдына, ол керек кезінде сөз бастаған шешен, қол бастаған көсем,
мықты стратег, мейірімді жар, мейірбан əке, адал дос, үмбетке жолбастаушы бола білді. Небəрі
жиырма үш жыл ішінде Араб түбегін тұтастай ширктен, пұттардан тазартып, шынайы тəухид
дінінің негізін қалады. Саңлақ сахабаларын ізгілікке тəрбиелеп, күллі адамзатқа ұстаздық


жасайтын кəміл тұлғалар жетілдірді.
Құраннан қуат алып кіршіксіз тақуа ғұмыр кешкен адамзаттың асылы Пайғамбарымыз
соңына дүниелік мирас қалдырмағанымен ақырзаманға дейін күллі адамзатты бақытқа
жетелейтін мол рухани мұра қалдырды. Ол – ұлы Ислам діні. Бұны өсиеттерінің бірінде
«Сіздерге екі нəрсе қалдырып бара жатырмын. Жақсы ұстанатын болсаңыздар адаспайсыздар.
Бірі – Құран, екіншісі – сүннетім»
[425]
 деген еді.
Осылайша Аллаһ тағаланың адам баласына жіберген барша пайғамбарлардың соңғысы əрі
адамзаттың асыл тəжі болған хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзінің Ұлы Досына мəңгілікке сапар
шекті. Мүбəрак денесі Мəдина Мұнаууарада жер қойнына тапсырылды.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен барша сахабаларына салауат айтып, сəлем жолдаймыз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет