Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет24/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

ҺҰД ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Ад елінің мекені жəне пұттары
Нұх пайғамбар жер бетінде жаңа тіршілік орнатып, елін шариғатпен басқарған шақта
ақиқатты мойындамағандар жоқ еді. Кешегі топан судың апатынан жүрегі шайлыққан халық
өзінен кейінгі ұрпағына күпірлікке бармауды өсиет етті. Алайда Нұх пайғамбардан соң да
қаншама жылдар өтіп, жер жүзіне жаңа ұрпақтар келді. Олар ата-əжелерінен топан су туралы
дастанға бағзы заманнан қалған аңыз деп сенбеді.
Жылдар жылжып, Нұх пайғамбардың үмбеті көбейді. Осыған орай ұлттар мен тайпаларға
бөліне бастады. Солардың бірі Ад деген арғы аталарының есімімен аталып кеткен Ад елі еді.
Олар Йемен аймағындағы Хадрамаут қаласының солтүстігін мекендеп, сол жерде жаңа шаһар
тұрғызды. Олардың тұрғылықты жері – «Ахқаф» деп аталды. «Ахқаф» – құм төбелер деген
мағынаға саяды. Олар биік төбелерге ғимараттар салды. Тіпті бертін келе əбден байыған олар
бір-бірлерімен зəулім ғимараттар тұрғызумен жарыса бастады. Һəм олар өзге халықтарға
қарағанда сүйекті, ірі денелі болды. Жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай деген теңеулер
дəл соларға арналғандай батыр тұлғалы халық еді. Ахқафтықтар келе-келе əлдерінен асқан
шақта: «Бізден күшті кім бар?»
?">[134]
, – деп, өзгелерге мұрнын шүйіре қарайтынды шығарды.
Бұған қоса аймақтағы ең бай ел еді. Зəулім сарайлар салуда талайларды жолда қалдырды. Аула
ішіне ғажайып бақтар, хауыздар орнатты. Осыншама байлықтың буына мастанған Ад елі бірте-
бірте бұзыла бастады. Ар, ұят, ынсап, рақым, шүкіршілік деген қасиеттер жойылды. Байлары
кедейлерді қанауды шығарды. Көрші елдерге де тыныштық бермеді. Бұнымен де шектелмей, Нұх
елінің пұттарын қайта жасап, соларға табынатынды шығарды.
Һұдтың пайғамбарлығы
Түп шежіресі Нұхтан тарайтын Һұд (а.с.) турашыл, батыл, ақыл-парасат секілді игі
қасиеттерімен əйгілі еді. Оған «Сенімді кісі» деп ат қойғандар да кездесті.
Елінің мұншалықты адасқаны Һұдтың (а.с.) арқасына аяздай бататын. Алайда бір күні
күтпеген жерден Жəбірейіл (а.с.) періште келіп, Хақ тағаланың əмірін жеткізді. Һұдқа (а.с.)
пайғамбарлық міндет жүктеді.
Құранда оның пайғамбарлығы туралы: 
«Ад еліне елші етіп (тікелей өз араларынан)
бауырлары Һұдты жібердік?">»
?">[135]
?">, – дейді.
Һұдқа (а.с.) пайғамбарлық келісімен, дереу іске көшіп, елін тура жолға шақырды. Ол еліне:
«Уа, халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар. Одан өзге ешбір құдай жоқ. Серік қосып,
Хақ тағалаға жала жабудасыңдар»
?">[136]
, – дейді.
Бірақ еліне, əсіресе, елдегі байлар мен билерге оның мына сөздері түрпідей тиді. Олардың
ұғымында пұттарға табыну абырой саналатын. Сондықтан олар дереу Һұдқа (а.с.) қарсылық
көрсетті. Бірақ ол бұған төзімділік танытып, ісін əрі қарай жалғастырды.
Ақырында, олар Һұдтың пайғамбарлығын сан-саққа жүгірте бастады. Астарынан жеке
бастың мүддесін іздеді. Билік пен байлыққа қол жеткізгісі келетін болар деп шолақ топшылады.
Өйткені олардың ұғымында адам өзіне пайдасы жоқ іс үшін бостан-босқа тер төгіп, азап шегуі
мүмкін емес деген түсінік бар болатын. Бұл – иманы жоқтардың ортақ пікірі. Өмірді жалған
дүниемен ғана шектеледі деп ойлайтын пенденің бəрі де «Аллаһ разылығы үшін жасау» деген
ұғымды ақымақтыққа санайды. Сондықтан Аллаһ үшін, ақырет үшін халықтың игілігіне қызмет
еткен адамдарды бұл дүниедегі құлқынның қамын ойлайтын бейбақтар не «есі ауысқан жынды»,
не болмаса «сөзсіз көздеген басқа бір мақсаты бар» деп ойлайды.
Һұд (а.с.) халқын жинап, оларды жақсылыққа шақырғаны үшін ешқандай да ақы талап


етпейтіндігін, ақысы мен сауабын Аллаһ тағаланың Өзі беретіндігін айтып түсіндірді. Іле
дауыстап: «Уа, халқым! Сендер өздеріңе ешқандай қажеті жоқтығын біле тұра, іргесін берік,
шаңырағын биік етіп салғандарыңмен қоймай зəулім сарайлар тұрғызып жатырсыңдар. Сонда
мəңгі-тұрақтап қалатындай, ауласына хауыз орнатып, көп ысырап етіп, іші-сыртын тұтастай
əшекейлеп, алтынмен аптап, күміспен күптеп тастадыңдар. Жол бойына тұрғызған керуен
сарайларыңда пайдасыз ойындар ойнап, сол даңғыл жолдағы жүргіншілерге, əсіресе, менің
қонақтарыма тиісіп, келемеждеп мəз боласыңдар. Əлсіздерді басынып, зорлық-зомбылық
жасайсыңдар. Бұл – азғындықтың белгісі. Мен сендермен тегі бір туыс болғандықтан, тура
жолға шақырудамын. Өз қандастарымды түпсіз қараңғы шыңыраудан шығарам деп, жанталаса
қол созғаныма бола ақы талап етуім қажет пе? Жүрегінде зəредей мейірімі бар адам суға батып
бара жатқан бауырына қол созғаны үшін ақы сұрауы керек пе?
Ендеше, сендер де мен үшін сазға батып бара жатқан адам сияқтысыңдар. Мен сендерді
əрбір пенде жан-жүрегімен, ар-ұжданымен, терең рухымен аңсаған бақытқа шақырамын.
Құдіреті шексіз Жаратушыдан қашып, жаратылған һəм өздерің қолдан қашап яки илеп жасаған
жансыз пұттарға табынып, солардан медет сұрайсыңдар. Алайда күн жауса, өзге түгіл өзіне пана
бола алмайтын соқыр, мылқау, тірі жанды танымас мелшиген мына пұттар қалай ғана сендерге
пана болмақ? Олай болса, бұларға табынуды қойып, бəрімізді жоқтан жаратқан жалғыз
Жаратушыға ғана табыныңдар!»
«Сендерге мал мен баланы, бау-бақшалар мен дəмі балдай бұлақтарды нəсіп еткен Хақ
тағаладан қорқыңдар. Мен сендерге (істеген бейбастықтарыңа) қарап, ұлы күннің азабынан
қорқамын?">»
?">[137]
?">, – дейді.
Бірақ қаумы Һұдтың (а.с.) сөздерін қаперге ілмеді.
Иə, Хақ тағала Ад елін тепсе темір үзетін мықты етіп жаратқан болатын. Олар тұрған сақара
шөлін көркі көз тартарлық көкорай шалғын бəйшешекке толтырып, жайқалған жайылымға,
жабағылы жас тайлағын жардай атанға, жатып қалған бір тоқтысын жайдырып мың қойға
айналдырған жер еді. Алайда олар бұл шексіз несібеге шүкір етудің орнына ынсапсыздық
танытты. Мейлінше азғындады. Ысырапшылдыққа салынды. Əлсізге ат ойнатып, əлділерге ғана
жағынды. Құдайды мойындамады.
Һұд (а.с.) халқының бұлай кете берсе, күні ертең орны толмас азапқа душар болатынын
біліп, күн демей, түн демей оларды дінге шақырумен болды. Кейде қатты айтып, кейде тəтті
айтып, көп ұзамай бастарына келетін сұрапыл пəлекеттен сақтандыруға бар күш-қайратын
жұмсады. Бірақ азғын елі насихаттан ығыр боп, оны тыңдаудан қалды. Бір күні олар жиылып
келіп Һұдқа былай деді: «Ей, Һұд! Иман келтірмесеңдер, көп ұзамай ауыр азап келеді деп уағда
етсең де, етпесең де бізден саған пайда жоқ. Сен бізді зəулім сарайлар салдыңдар деп
кінəлайсың. Алайда оның несі айып?! Адам өмірге бір-ақ рет келеді. Одан кейін шіріп
топыраққа айналасың. Ендеше тапқан бар дүниемізді оңды-солды шашып, қайта келмес мына
дүниені жалпағынан басып өткенге не жетсін! Əлсіздерді езіп қорлайсың дейсің. Алайда
өмірдің өзі күрес емес пе? Күштілер əлсіздерді жеңіп, соларды езіп, қанап күн көру арқылы
мынадай байлыққа, бақытқа қолы жетеді. Əлжуаздар мен қауқарсыз кедейлер – байларға құл
болу үшін жаралған пенделер.
Əрі сен бізге «пұттарға табынбаңдар» дейсің. Біз ес білгелі аталарымыздан осыны көріп
өстік. Бұл – біздің ата-бабаларымыздан мұра болып қалған тəңірлеріміз һəм мəдениетіміз,
өзгермес құндылығымыз. Сен «бұл пұттардан бас тартпасаңдар сендерге азап келеді дейсің».
Алайда азап келетін болса, ғасырлар бойы неге осыларға табынған ата-бабаларымызға келмеді?
Оларға келмеген азап неге бізге келуі керек? Ендеше, ескіден қалған ертегіңді ел-жұртқа айтып,


туысым деп еркелігіңді көрсете берме. Шыдамның да шегі бар, қастықтың да қайтар кегі
болады. Біз сенің шақырған дініңе де, əлемді жаратқан бір Құдайыңа да сене алмаймыз. Сен
бізге бүгін «ата-бабаларыңнан қалған пұт-құдайларыңнан бас тартып, бір Құдайға бас и дейсің.
Сосын ертең əлсіздерге зорлық жасама деп құл-құтанды бізбен тең қоясың. Ілгерінің бізге
қалдырған мұрасынан айырылып, құл-құтанмен теңескенде, не ұтпақпыз? Жо-жоқ. Сен мейлі өз
дегеніңмен қал. Ал біз өз дегенімізбен жүреміз», – дейді.
Кейбір деректерде Һұд халқына төрт ғасыр бойы дінді асқан кішіпейілділікпен жеткізіп
төзімділік танытып келгенін айтылады. Бірақ соңғы кездерде халықтан ауыр сөздер естіп,
қорлаған шақта өзегі өрттей жанып, көкірегі қарс айырылғандай болды. Халқым иманға келер
деген үміті азайып, іші қан жылайтын. Көп өтпей Хақ тағала Һұдтың халқына сынақ жіберіп,
сақараны қуаңшылыққа айналдырды. Кейбір деректе үш жыл бойы еліне аспаннан бір тамшы да
жауын жаумады дейді. Бұлт ұшты-күйлі жоғалып, елді қуаңшылық қыса бастады. Бұлақтар мен
құдықтардың көзі тартылып, орны құп-құрғақ құмға, топыраққа айналды. Жыл өткен сайын ел-
жұрттың құты қашып, байлаудағы малы өліп, жайлауын жұт жайлады. Жоқ іздегендер қисапсыз
қырылған ірілі-ұсақты малдардың сүйектерін кезіктірді. «Бай бір борандық, батыр бір оқтық»
дегеннің кебі келді.
Бұларға ең жайсыз тигені күндіз-түні дамылсыз соққан аңызақ жел болды. Сол желдің
екпініне ешкім бетпе-бет келіп қарсы тұра алмады. Қара дауылдай ұйтқыған жел сақараның
құмын сұрапыл құйынға айналдырды. Сол құйын қала үстінде үйіріле ұйытқып, қаланың ойран-
топырын шығарды. Артынша құмға көміп те кетті.
Һұд (а.с.) оларға бұл пəлекеттің ескерту үшін жіберілген залал екендігін айтып, халқын
тəубаға келуге үндеді. Ешбір жұмыр басты пенде құдіреті күшті Құдай тағалаға қарсы шығуға
қауқары жоқтығын осы бір жұтты мысалға келтіру арқылы дəлелдеді. «Һұд» сүресіндегі мына
аят осы сөздің шындығы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет