пайғамбарлардағы «раббанилық» («Раббани» – Жаратушының бұйрығын қалтқысыз орындап,
толық бағыну деген сөз) қасиеттің көрсеткіші.
Пайғамбарлар Аллаһтан əсте үміт үзбейді. Мұндай ұғым оларға мүлдем жат. Олар тек қана
өздерінің міндетін толық орындауын ойлайды. Елін мың жыл дінге шақырғанда, ешкім ізінен
ермесе де, бірде-бір жанның иман келтірмейтінін сезсе де, бұдан салы суға кетіп, үмітсіздікке
салынбайды. Мерзімі біткенше, күндіз-түні басын сəждеге қойып, көз жасын көлдетті.
Пайғамбарымыз бірде:
«Маған пайғамбарлардың үмбеттері көрсетілді. Бір пайғамбар көрдім.
Қасында санаулы ғана адам бар еді. Бір пайғамбардың қасында бір-екі адам ғана болды. Тіпті
бір пайғамбардың қасында ешбір адам жоқ еді...»
?">
[120]
– дейді. Міне, пайғамбарлардың
кейбіріне
ешқандай адам еріп, иман келтірмесе де, өз міндеттерін толық орындады. Солардың
бірі – Нұх пайғамбар еді. Ол тоғыз жүз елу жыл
?">[121]
?"> бойы елін ақиқат дінге шақырып, нəтижеде
жетпіс сегіз немесе сексен адам ғана иманға келді. Олардың жартысы ер, қалғаны əйел адамдар
еді.
?">[122]
Алайда Нұх (а.с.) бұған жасып жабырқаған жоқ. Өйткені ол біреуді адастырып, біреуді
тура жолға салу Жаратушының ғана еркінде екенін жақсы білетін.
Достарыңызбен бөлісу: