олардың тілеген тілектеріне сөзсіз жауап береді»
?">
[150]
?">, – дейді.
Салих (а.с.) адамның топырақтан жаратылғанын түсіндіріп, бұған қисынды дəлелдер
келтіріп бақты. Жерді Аллаһ тағаланың адамзаттың игілігіне бергенін айтты. Ал ел табынып
кеткен пұттардың топырақтан жасалғанын, олардың құдай бола алмайтынын түсіндірді. «Жер
мен адамды кім жаратса, Иесі де сол болмақ. Адам да, пұт та топырақтан жасала тұра, қалайша
пұт адамға құдай болмақ?!» – деп ойға шақырды.
Қолдан жасалған пұттардың тəңір бола алмайтындығын айтып, Салих (а.с.) халықты тəубе
етуге, Хақтан кешірім тілеуге үндеді. Адам баласы пенде болған соң қателеспей тұра алмайды.
Бұл – оның жаратылысында бар нəрсе. Алайда тура жол анықталған кезде дереу тəубе етіп
қателігін түзете білу нағыз ерлердің ісі екендігін айтты. Алайда халқы оның сөздеріне құлақ
аспады. Олар: «Ей, Салих! Сен осы күнге дейін арамыздағы үлкен үміт күтіп жүрген
адамдардың бірі едің. Аяқ астынан басыңа не күн туды, бізге ата-бабаларымыз табынып келген
құдайларға табынба дегенің не? Расын айтсақ, біз сенің мына жаңа сеніміңе күдікпен
қараймыз», – дейді.
Иə, Самуд халқы Салихтан мұндайды күтпеп еді. Олар оны «өскенде ел басқаратын көсем
яки қара қылды қақ жарған əділ би, дауға түсер шешен» болады деп үлкен үміт артатын. Бірақ
оның жаңа сенімге, жаңа дінге шақырғанын түсіне алмады. Тіпті бұл жолда құрбан болуға əзір
екендігі, қандай жағдайда да бас тартпайтын ниетін білген сайын, шошына бастады. Салих
пайғамбар сол елдегі ақсүйек отбасынан шыққан адам еді. Əкесі, туыстары лауазымды адамдар
болатын. Сол себепті де Самуд халқы ə дегеннен оған озбырлық көрсетіп, қастық жасай алмады.
Олар кейде Салихтың осы қылығын сан-саққа жорыды. Бірі: «Е-е, оның мақсаты – бізді
алдап-арбап дүниеге қол жеткізу» десе енді бірі сөзін бөліп: «Жо-жоқ, Салихқа дүние, байлық
қажет емес. Онсыз да оның дүниесі көл-көсір. Шамасы, ол елдің билігін көксеп жүр», – десе,
тағы бірі бұған да қосылмай: «Оған дүние де билік та қажет емес. Бар болғаны есінен ауысқан.
Айтып жүрген сандырақтары осының айғағы», – деп соқты.
Салих пайғамбар елдің жел сөздеріне көңіл аудармай, өз міндетін жалғастыра берді. Осы
аралықта да Самуд халқы тіптен байи түсіп, қатігездік пен бүліктің шырқау шегіне жетіп қалған
еді.
Салих (а.с.) оларға:
«Уа, халқым! Сендер мына қызығын көрген жұмаққа ұқсас бақтар мен
бау-бақшалар, мөлдіреп аққан сарқырамалар, сабағы майыса жайқалған егіндер осылай мəңгі-
бақи құлпырып тұра береді, біз осының қызығын мəңгі көре береміз деп ойлайсыңдар ма?»
?">
[151]
«Араларыңда ықылымнан бері өлмей өмір сүріп келе жатқан бір тірі жан бар ма? Кешегі өткен
заманда таудан қашап жасаған мына үйлердің иелері өлмесе бүгін қайда кетті? Олар да бір
кездері сендер сияқты мəңгі өмір сүретіндей, дүниені жалпағынан басып жүрген болатын. Ал
бүгін олар қайда? Иə, бəрі де тынысы біткен кезде өзі жаралған топырағына көмілді де кетті», –
деді.
Достарыңызбен бөлісу: