Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет25/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Уа, халқым! Раббыларыңнан кешірім тілеп, жалбарыныңдар! Оған
бас иіп, тағзым етіп тəубаға келіңдер. Сонда Хақ тағала сендерге көктен жауын жаудырып,
күш-қуаттарыңды арттыра түседі. Күнəға батып, Құдай тағаладан бет бұрмаңдар»
?">[138]
.
Бұл насихат да олардың ашу-ызасын қоздырды. Тіпті ел билеушілер өз бастарына келген
нəубетті Һұдтың кесірінен деп ұғып, оны өлтірмекке ниеттенді. Ақырында, олар халықтың
көзінше Һұдқа шамадан тыс ауыр талаптар қоятын болды. Ол бұл талаптарды орындаудан бас
тартқанда, арандатушылар халыққа қарап: «Бұл – Һұдтың суайттығына дəлел», – деп, оны
жəбірлейтін еді. Осылайша апаттан көз аша алмай онсыз да əрең жүрген жұртты одан сайын
адастырып, пайғамбарға айдап салды. Олар: 
«Ей, Һұд! Сен бізге ашық дəлел келтірмедің.
Ендеше, сенің мына құрғақ сөздеріңе бола саған иман келтіріп, ата-бабаларымыздан қалған
пұттардан бас тарта алмаймыз»
?">[139]
?">, – деді.
Осы кезде Һұд көптеген мұғжизалар көрсетіп, өзінің Аллаһ тағаланың елшісі екендігін
дəлелдеді. Бірақ қалың жұрттың ішінен ешбірі «мынауың жалған» демеді. Ел билеушілердің
халық алдында беделі түсіп, құрған жоспарларының быт-шыты шықты. Осыдан соң олар екінші
жоспарға көшіп: «Ей, Һұд! Біз саған пəлен демейміз. Сен біздің арамызда туып өскендіктен,
өзіңді жақсы білеміз. Бірақ қанша уақыттан бері ақылға қонбайтын нəрселер айтып, елдің басын
қатырдың. Шамасы пұттардың киесі сені ұрды-ау» деп, халық оны есалаңға айналған адамға
балады. Осы сəтте Һұд пайғамбар қатты ашуланып, орнынан қарғып тұрды да: «Сөзіме құлақ
салыңдар. Мен кейінгі ұрпақты сендер сияқты адаспауға үндеймін. Анығында, мына мелшиген
пұттарың адамға ешқандай пайда тигізбейді. Егер оларда адамды ұратын кие мен қасиет болса,
қанеки онда не қарап тұрсыңдар? Сол мүсіндеріңмен қосылып маған қарсы тұрып, қолдарыңнан
келгендеріңді істеңдер, аянбаңдар», – деп ащы шындықты дінсіз халықтың бетіне басты.


Бұл сөзі де əсер етпеген соң, ең ақырғы ескертуін айтты: 
«Егер сендерге көрсеткен осы тура
жолдан бет бұрып əсте түзелмейтін болсаңдар, онда сендерге не дей аламын? Мен сендерге
жеткізілуі тиіс барлық жарлықтарды тұтастай жеткіздім. Бұларды қабылдамай, бұрыс
жолдан тыйылмасаңдар, онда Раббым қаласа, сендерді жермен-жексен етіп, орындарыңа
басқа бір қоғам жібереді. Оған ешбір кедергі де, зиян да келтіре алмайсыңдар. Сөзсіз, Раббым –
əр нəрсені қорғаушы»
?">[140]
?">.
Һұдтың жаны ашып айтқан бұндай жүрекжарды сөзіне халқы бұрынғыдан бетер ашуланды:
«Ей, Һұд! Сенің көздегенің ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан мұра қалған киелі пұттардан
бізді бас тартқызу ма? Сол ма сенің бізге деген жақсылығың? Сен ылғи да бізді азаппен қорқыта
бересің. Тіпті ел-жұрттың берекесін кетіріп, ел ішіне үрей тудырдың. Ал ендеше, қане сенің сол
үрейге толы пəлекетің? Уағдаға берік екенің рас болса, сол уағдаңды орындамайсың ба? Əкел
азабыңды, көрсет əуселеңді!»
?">[141]
?">дейді.
Һұд пайғамбар сонда: 
«Азаптың қай уақытта келетінін Аллаһ тағала ғана біледі. Бір елге
азап жіберу – Оның өз міндеті. Мен өзіме не жіберілсе соны ғана сендерге жеткіземін. Бірақ
мынадай нақты шындық бар. Мен сендердің надандықтан арыла алмай, қараңғылықта қалған
халық екендеріңе анық көзім жетіп тұр». «Ендеше көруге соншама ынтық болған
азаптарыңды күтіңдер. Сөзсіз, мен де сендермен бірге күтемін» 
?">[142]
?">, – деп жауап береді.
Ол сөзін аяқтамай жатып, Хақ тағаладан азаптың қашан келетіндігі уахи етіліп, күллі
мүшрік атаулы құрдымға батып, иман келтіргендердің ғана аман-сау қалатындығы білдірілді.
Осыдан соң Һұд (а.с.) өзіне иман келтірген үмбетіне хабар салып, ертеңіне таң сəріде
мүшріктерден іргесін аулақ салу үшін оларды қасына жинай бастады. Бұл қыс мезгілі болатын.
Сарсар
Ад елі таңертең тұрғанда, өз көздеріне өздері сенбей, таң-тамаша күйде тұрып қалды.
Көкжиекті торлаған қою қара бұлт өздеріне қарай баяу жақындап келе жатыр екен. Халық бұны
жақсылыққа балады. Тіпті бір-бірінен сүйінші сұрай жүгірді: «Мінеки, ұзақ жылдар бойы
тартқан нəубет, көрген қиыншылығымыз осымен аяқталды. Əнеки, Һұд өзіне сенгендерді елден
жырақ əкетуге қамданып жатыр. Ол алыстай бере, жұт та көзден ғайып бола бастады. Оған біз
«Сені тəңірлеріміздің киесі ұрды. Тіпті сенің кесірің бізге де тиіп жатыр», – деп қанша қысым
жасасақ та, «бір Жаратқанға сеніңдер» деген сөзінен танбап еді», – деп өзара мəз болып, ерін-
еріндеріне жұқпай Һұдты жамандай бастад?">ы
?">[143]
?">. Олар өтіп кеткен молшылық заманын
тамсана еске алып, сол бір бақытқа толы күндері көкжиекті торлап келе жатқан мына қап-қара
бұлтпен бірге қайтып оралатындай, бөріктерін аспанға ата қуанысты. Бірақ Һұд (а.с.) бұлардың
қастарына келіп: 
«Жо-жоқ халқым! Бұл құйғытып келе жатқан бұлт емес. Ол – сендердің
көптен бері асыға күткен азаптарың. Алдына келгенін жалмап, жанын қинап азаптайтын
сұрапыл дауыл»
?">[144]
, – деді.
Бірақ олар Пайғамбардың сөзін елең құрлы көрмеді. «Дауыл» дегенге мəн берген жоқ. Оны
өзіне сенген үмбетімен бірге осы қаладан тезірек шығып кетуін қалады.
Алайда олардың бақыты да, асыл мұраты да көп жылдар бойы өз қастарында жүргенін
сезбеді. Асылында, Һұд пайғамбар олар үшін Хақ тағала нəсіп еткен теңдесі жоқ нығмет
болатын. Егер олар пайғамбардың сөзіне бірауық құлақ асқанда, Хақ тағаланың рақымы мен
разылығына бөленіп, жаннатқа барар еді. Өкінішке қарай, бұлай болмады. Өйткені олар күнəға
белшеден батқан, неше ғасыр өздерін жақсылыққа шақырған адамға селт етпеген безбүйрек
жандар еді.
Көп өткен жоқ. Ұзақтан қою қара бұлттай болып көрінген дауыл қала шетіне де келіп жетті.


Сонда ғана қаланың кəпір халқы оның өздері күткендей еместігін аңғарды. Дауыл жақындай
бере беттерін леп шарпығанда демдері шықпай, өңештерінен зəр кеткендей болды. Теңселіп,
бастары дыңылдап, буындары құрып есеңгірей бастады. Олар сонда ғана пұттардың шарапаты
деп ойлаған нəрселері Хақ тағаланың жіберген қарғысы екенін бір-ақ білді. Жүздеріндегі
қуаныш қайғыға айналып, өн бойларын үрей биледі. Жүректері ауыздарына тығылды.
Жайшылықта пұттардан тілейтін олар дəл осы сəтте пұттарды ұмытып, боз інгендей боздап сала
берді. Кеше ғана: «Бұл жалғанда бізден күшті кім бар? Қане, көрсет азабыңды!» – деп дүниені
жалпағынан басқандар енді кірерге тесік таппай жан-жаққа тарыдай бытырады.
Осы кезде Һұд пайғамбар (а.с.) өз үмбетін ертіп, елден оңашаланып, ғаламзаттың Раббысына
қол жайып, жалбарынып тұрды. Кейбір деректе ол өзі мен үмбетінің жиналып тұрған жерінің
айналасына дөңгелек шеңбер сызғандығын жəне осы сызықтан дауылдың болмашы лебі де
кірмегені айтылады.
Алыстан қаланың астаң-кестеңі шыға қираған дауысы естіліп жатты. Дауыл шағыл құмдарды
сыпырып əкеп қаланың төбесінен шашып жібергенде, қала халқының көздерін ашуға мұршасы
келмей қалды. Əуел баста майда тастарды ұшырған дауыл бірте-бірте ұсақ-ірісі аралас ірі
тастарды ұшырды. Алып бəйтеректерді түп тамырымен қопарып, үйлердің шатырын қидай
сыпырды. Артынша қабырғаларын қиратты. Құранның сөзімен айтқанда, бұл дауыл адам
болсын, зат болсын, көлденең келгеннің барлығын талқандап шіріген сүйекке, ұсақ бөлшекке
айналдырып тып-типыл етіп жатты
?">[145]
?">. Задында, Һұд та келетін осы азапты түсіндіргенде:
«Раббының əмірімен барлық нəрсені жермен-жексен ететін жел»
?">[146]
?"> деп айтқан еді. Бірақ
оның сөзін елеген жан болмады.
Аллаһ тағаланың «Сарсар» деп аталған осы сұрапыл дауылы қала үстінде сегіз күн, жеті түн
тоқтаусыз соғып, сегізінші күні кешке қарай бірде-бір адамды тірі қалдырмай тып-типыл етіп,
сүйектерін көтеріп алып теңізге тастайды. Құран осы азапты күндерді «Жайсыз күндер» деп
атаған
?">[147]
.
Кейбір деректе Һұд осы оқиғадан кейін өзіне иман келтірген үмбетімен Меккеге келіп
орналасады. Ізінен ерген халық саны төрт мыңдай еді. Ал кейбір деректерде Ахқафқа жақын
Хадрамут деген жерге қоныс аударып, көз жұмғанша сол жерде тұрады. Али (р.а.) арқылы
жеткен бір хабарда оның қабірі сол жердегі бір қызыл төбенің басында болғандығы жəне
басында жаңғақ ағашының өсіп тұрғаны айтылады.
Палестиналықтар Һұдты өздері тұрған жерде жерленді деп ойлайды. Олар сол маңайдағы бір
қабірді сонікі деп санап, сол жерге зиярат жасайды.
Əр пайғамбар тəухид негізінде халықты имандылыққа шақырады. Бірақ ешкімді бұған
мəжбүрлемейді. Əйтпеген жағдайда адамға жеке ықтияр, дербес таңдау, ерік берілмеген болар
еді. Сол себепті əрбір елге пайғамбар келгенде, оның жолымен жүріп, ізінен ергісі келмегендер
пəлекетті Аллаһ тағаладан өздері тілеп алады.
Ендеше өзге пайғамбарлар секілді Һұд пайғамбар да өзіне берілген міндетті толығымен
атқарды. Жермен-жексен болған халқының ақыретте айтар дауы қалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет