Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет38/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96
Құрбандықтың қасиеті
Уақыт зулап өтіп жатты. Көзді ашып жұмғанша хазірет Исмайыл да тепсе темір үзетін жігіт
болды. Анда-санда əкесі Ибраһим келіп, екеуі бірге таудан отын таситын. Бір күні Ибраһим
пайғамбар түс көреді. Кейбір деректерде бұл күннің Зилхижжа, яғни қажылық айының сегізінші
күні екендігі айтылады. Түсінде өз баласы Исмайылды Аллаһ тағала жолында құрбандыққа


шалып жатқанын көрді. Əлгі түсін ертеңіне қажылық айының тоғызыншы (арапа) күні тағы да
көреді. Оныншы күні (құрбан айт) күні үшінші рет көреді. Сосын бұл түстің жай ғана түс емес,
Хақ тағаланың əмірі екендігін айқын аңғарады. Аллаһ тағала Ибраһим пайғамбарды ауыр
сынаққа салған еді. Бір пайғамбардың баласын құрбан етіп шалуы, əлбетте, оңай емес.
Сондықтан Хақ тағала оған түсінде үш рет аян беріп, ауыр сынаққа бойын əсте-əсте үйретеді.
Хақ пайғамбар баласы Исмайылға «Қолыңа балта мен пышақ, жібіңді ал, тауға отын алуға
барамыз», – деді. Осылайша екеуі жолға шықты. Жолда баласына көрген түсін айтты: 
«Балам!
Бірнеше күннен бері ылғи түсімде сені құрбандыққа шалып жатқанымды көремін. Осыған сен
не дейсің?» Баласы ойланбастан: «Əкешім-ау! Саған қандай нəрсе əмір етілсе соны дереу
орындағаның жөн. Иншаллаһ мені Хақ тағаланың əміріне бағыну тұрғысында сабыр
етушілердің қатарынан табасың»
?">[193]
?">, – деді.
Исмайылдың бұл жауабынан оның Аллаһтың əмірін екі етпейтін аса бағынышты құл
екендігі байқалды. Ибраһим (а.с.) зор тəуекелге барды. Баласының жауабына іштей қатты
сүйсінді.
Олар жолда келе жатқанда, алдарынан Ібіліс шығып, Ибраһим пайғамбарды азғыруға
тырысты. Ол көрген түсінің шайтани түс екендігін «адам өз баласын өзі құрбандыққа шала ма
екен?» деп жолын кес-кестеді. Алайда Хақ пайғамбар оның сөздеріне құлақ аспады. Одан соң
Ібіліс хазірет Исмайылды азғырып, осы күнге дейін əкесінің айдалаға анасымен бірге жалғыз
тастап кеткенін, қанша жылдан соң көріссе де, баласын құрбандыққа шалып, анасын тағы да
жалғыз тастамақ екендігін айтып азғырды. Исмайыл Ібілістің сөзіне құлақ аспастан, оны қуып
жіберді. Артынан жеті тас лақтырды. Қажылық кезінде шайтанға жеті тас лақтыру да осының
бір көрінісі еді.
Хақ пайғамбар баласы екеуі Мина жеріне келді. Ибраһим баласын жатқызып, жіппен
байлап, пышағымен қанша рет кеңірдектен оңды-солды тартса да, пышақ өтпей қойды. Осы
кезде баласы жерге етпетінен жатып, жүзін əкесінің көрмеуін қалады. Бірақ пышақ тағы да
өтпеді. Бір кездері Хақ пайғамбар елін ақиқатқа шақырғаны үшін Аллаһ жолында құрбан етіліп
отқа тасталған болатын. Бірақ сол от Аллаһ жолында болғандықтан, Ибраһим пайғамбарды
өртемеген еді. Осы жолы да алмастай өткір пышақ оның Аллаһ жолында құрбан етілген
баласының мойнын кеспеді. Хақ тағала отқа «Ей, от, Ибраһимге салқын əрі жайлы бол», –
дегендей, бұл пышаққа да «жұмсақ бол» деп əмір еткен еді. Өйткені Аллаһтың хикметі баласын
құрбанға шалу емес, екеуінің ниеті мен адалдығын сынау еді. Һəм бұлардың осы сынақтан қалай
мүдірмей өткенін бүкіл ғаламзаттағы періштелерге көрсетіп жер бетіне халифа жаратуындағы
хикметін тағы бір рет көрсетуі жəне қияметке дейінгі адамзатқа өнеге екендігін дəлелдемек еді.
Осылайша Хақ тағаланың хикметі мерзімі келгенде іске асты. Əкелі-балалы қос пайғамбар
сынақтан табыспен оралды. Осы кезде Аллаһтан аян келді. Құранда: 
«Ей, Ибраһим! – деп
дыбыстадық. Рас, түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз, ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз.
Шын мəнінде, бұл бір ашық сынақ еді. Оны бір ірі құрбандыққа ауыстырдық. Оған кейінгілердің
арасында (жақсы даңқ) қалдырдық»
?">[194]
?">, – деп айтылады.
Хақ пайғамбар баласы екеуі осы дауысты есітіп жан-жақтарына қарады. Олар аспаннан бір
қошқарды алып түсіп келе жатқан Жəбірейілді көрді. Ол Ибраһим пайғамбарға: «Мына қошқар
қырық жыл жаннатта тұрды. Ал енді балаңның орнына осыны құрбанға шал», – дейді. Осыдан
кейін баласы екеуі əлгі қошқарды Аллаһ разылығы үшін құрбанға шалып, Хақ тағалаға
шүкіршілік етті. Хазірет Ибраһим осы оқиғадан кейін Палестинадағы əйелі Сараның қасына
оралды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет