Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет47/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

«Раббым! Бұлардың мені істеуге мəжбүрлеген əрекетінен маған зындан əлдеқайда артық. Егер
мені бұл əйелдердің сұрқия қылықтарынан құтқарып, басқа жаққа алып кетпесең, надандардың
бірі боламын»
?">[234]
?">, – деп дұға тіледі.
Зылиха бұл кезде оны өзіне баурау үшін сан-қилы айла-тəсілдерін аямай жұмсап жүрген еді.
Бірақ ешбір нəтиже шықпады. Бір күні оның көнбейтініне көзі жеткен соң, зынданға тастатып
қорқытпақшы болды. Күйеуіне тағы бір рет шағымданып: «Бұл жігіт мені ел-жұртқа əбден
масқара етті. Бұрқыраған өсекке қалдым. Бұған қалай төзуге болады? Одан да сен осы баланы
зынданға дереу тастап, барлық пəледен құтылайық. Осы айтқанымды істе», – дейді. Китфир
дереу жендеттерін шақырып, оны зынданға тастатты.
Жүсіп (а.с.) қараңғы қапасқа қамалысымен, көңілі жай тауып жадырап сала берді. Жүсіп
үшін сайқал Зылиханың қасында жүргеннен гөрі қараңғы зынданда жату əлдеқайда жеңіл еді.
Сол күні зынданға онымен бірге екі жас жігіт қамалды. Олардың бірі патшаның наубайшысы да,


ал енді бірі шарапшысы болатын. Патшаға қас адамдар оларды патшаға у беруге мəжбүрлеген
еді. Нан жабушы олардың айтқанына амалсыз көнді, ал шарап құюшы келіспеді. Бірақ патша
ниеттерін біліп қойып, екеуін де зынданға тастатты.
Олар бір күні зынданда жатып түс көріп, көрген түстерін Жүсіпке (а.с.) айтып, жорып
беруін өтінді. Біреуі: «Мен түсімде шарап құйып жүргенімді көрдім», – десе, екіншісі «Мен
түсімде төбеме нан көтеріп жүр екенмін. Оны құстар шоқып жеп жүр екен» дейді.
Жүсіп (а.с.) олардың түсін жорудан бұрын оларды иманға шақырып, ақиқат дінді
насихаттады. «Мен Хақ тағаладан жіберілген пайғамбармын. Менің міндетім – адамдарды тура
жолға салу. Сендердің менің бойымнан көрген түс жору жəне жақсылық жасау сипаты –
пайғамбарлық сипат. Сондай-ақ бұлардан басқа отбасыларың жіберген тамақтарды сендерге
келмей жатып, қандай тамақ екенін, тіпті дəмін, мөлшерін де айтып бере аламын. Осының бəрі
– Раббымның маған берген ілімдердің бір бөлігі. Мен осылар арқылы адамдарды тура жолға
шақырамын», – дейді.
Одан соң Хақ пайғамбар оларға өзінің зынданға түсуінің себебін ұзын сонар түсіндіре келе:
«Мен имансыз елден жырақ кеткім келді. Егер айтқандарын істегенімде, мен де солар сияқты
иманнан жұрдай болар едім. Мен олардан бет бұрып, аталарым Жақып, Ысқақ, Ибраһимнің
дініне мойынсұндым. Осының бəрі – маған берілген Хақ тағаланың шарапаты», – дейді.
Хазірет Жүсіп екі жігітке осылайша дінді түсіндіре бастағанда, сол зынданда жатқандар
оған жақындап келіп сөздеріне құлақ түре бастады. Тіпті кейбірі жылы шыраймен дінге қатысты
сауал тастап үлгерді. Ақырында хазірет Жүсіп оларға: 
«Уа, менімен бір қапастағы
жолдастарым! Бөлек-бөлек тəңір жақсы ма? Əлде əр нəрсеге өктем жалғыз Аллаһ жақсы ма?
Сендердің де, аталарыңның да табынып келгені ойдан шығарылған негізсіз сенімдер. Аллаһ
оларға табынуға қатысты ешбір дəлел түсірмеген. Үкім Аллаһ тағалаға тəн. Ол өзіне ғана
құлшылық жасауды бұйырған. Міне, тура дін – осы. Бірақ адамдардың көбі білмейді»
?">[235]
?">, –
деп көп ақиқаттың бетін ашады.
Аздан соң Хақ пайғамбар екі жас жігіттің көрген түсін жорып: «Уа, менің зындандас
жолдастарым! Араларыңдағы патшаның шарапшысы болған жігіт əрі қарай қызметін
жалғастырады. Екінші жігіт болса, дарға асылып, басына құстар үймелейді. Екі түстің мəні
осылай» деп сөзін аяқтайды.
Күндер зулап өтіп жатты. Бір күні екі жігіт зынданнан шығарылады. Сонда хазірет Жүсіп өзі
«аман қалады» деген жігітке қарап: «Сенімен бірге біраз жолдас болдық. Жағдайымның қандай
екенін жақсы білесің. Реті келгенде, мен туралы патшаға айтып түсіндір. Кінəсіз болсам да,
зынданға тасталдым. Əрі жазықсыз жапа шегіп жатқаныма көп болды», – дейді.
Екі жігіт зынданнан шыққан соң, Жүсіптің айтқаны айдай келіп, шарапшы ақталып,
наубайшы дарға асылып, басына құстар үймеледі. Ал ақталған жігіт өзінің бұрынғы жұмысына
қайта оралды. Бірақ ол патшаға Жүсіп пайғамбар туралы айтпады. Өйткені шайтан оны
ұмыттырып жіберген болатын. Кейбір деректе сол жас жігітпен бірге зынданда бес жыл
жатқаны айтылса, тағы бір деректе одан кейін жеті жыл жатқаны жазылған.
Жүйріктей жүйіткіп жеті жыл да өтті. Күндердің бір күнінде патша түс көреді. Ол түсін
уəзірлеріне айтып: «Түсімде жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл
сабақ пен жеті қураған сабақ көрдім. Қане, осы түсімді жорып беріңдер», – дейді. Уəзірлері
оның түсін жори алмай: «Патшам! «Түс – түлкінің боғы» деген. Бұл көрген түсіңіз шым-
шытырық мəнсіз түс екен», – деп жалтарады.
Дегенмен бұлардың сөзіне патша сенбейді. Күн өткен сайын «Бұл түстің астары не екен?»
деп терең ойға бататын. Патшаның осы түсі туралы сарайдағылардың бəрі де естіген еді.


Солардың арасында баяғы шарапшы жігіт те бар болатын. Сол түсті естіген заман оның есіне
зынданда жатқан баяғы жолдасы сап етіп түсе кетті. Ол қуанғаннан патшаға жүгіріп барып:
«Патшам! Сізге түсіңізді қалай жоруды айтып берейін бе?» – деп сұрайды. Патша: «Айта ғой», –
дейді. Шарапшы: «Мені дереу зынданға жіберіңіз. Сол жерде бірге жатқан Жүсіп деген серігім
бар. Сол түсті жақсы жориды», – дейді. Патша оны зынданға жібереді. Ол зынданға барып: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет