Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет73/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

ИСА ПАЙҒАМБАР (А.С.)
Хазірет Исаның анасы – Мəриям еді. Ал Мəриямның əкесінің аты Имран болатын.
Құрандағы «Əли Имран» сүресінде айтылатын «Имран» сол кісінің есімі. Ол өз заманында ел
ішінің беделді имамы еді. Осы Имран дүниеден озғанда, қаршадай Мəриям қызға хазірет
Зəкəрия қамқорлық етіп, ұстаз болды. Өйткені ол Мəриямның əкесінің қарындасын алған еді.
Сол себепті Мариямға жезде боп келетін. Анасы хазірет Мəриямға жүкті болған кезден-ақ оны
Аллаһтың жолына арнап, мінəжатханаға атаған болатын. Анасы құрсақтағы сəбиін ұл болады
деп ойлаған еді. Алайда ол қыз болып туды. Сонда да сөзінде тұрып, аталмыш мінəжатханаға
бағыштады. Хазірет Мəриям тұрған мінəжатханаға тек Зəкəрия ғана кіріп шығатын
[355]
. Ол сол
жерден көптеген ғажайып-кереметтерді көретін. Құран соның бірін: 
«Сонда оны Раббы жақсы
қабылдап, көркем мінезді етіп өсірді жəне оған Зəкəрияны қамқоршы етті. Зəкəрия əр жолы
оның бөлмесіне кірген сайын, қасынан жеміс-жидектер мен əр түрлі азықтарды көретін. «Əй,
Мəриям! Бұл саған қайдан келді?» – деді. Мəриям: «Ол Аллаһтың қасынан, шексіз, Аллаһ
қалаған құлына есепсіз ризықтар береді», – деді»
[356]
, – деп баяндайды. Деректерде хазірет
Зəкəрия оның бөлмесіне қыста кірген кезде жаздық жемістер, ал жазда кірген кезде қыстық
жемістер тұрғанын көретінін айтады.
Сүйінші хабар
Мінəжатханада тынбай құлшылық жасаған хазірет Мəриям есейіп бойжеткен қыз болды. Бір
күні сонда құлшылық жасап отырғанда, қасына адам кейпіндегі Жəбірейіл періште пайда бола
кетті. Хазірет Мəриям өзінің қасында бейтаныс адамның тұрғанын көргенде, не істерін білмей
қатты қорықты. Ол есін дереу жиып: «Егер сен тақуа болсаң да, сенен Аллаһ тағалаға
сиынамын» деді. Бейтаныс кісі оған өзінің Хақ тағала жіберген «Рух» екендігін айтып көңілін
орнықтырды. Сосын іле-шала: 
«Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның
елшісімін»
[357]
деп түсіндірді. Хазірет Мəриям бала күнінен талай рет Жаратқанның нəсіп
еткен кереметтерін көріп өскен болатын. Тіпті Раббысының оған қыстың күні жаздық жеміс,
жаздың күні қыстық жемісті нəсіп етуінің сыры болашақта баласының да сондай мұғжиза болып
дүниеге келетініне əзірлік еді. Əйтсе де ол таңырқағанын жасыра алмай: «Маған бір адам
жақындамаса қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жүріске салынбасам», – деді. Жəбірейіл
періште оған: 
«Ол солай», – деді. Өйткені Раббың: «Бұл маған оңай. Менен адам баласына бір
үлгі əрі бір рақым. Бұл (үкімі əлдеқашан шығын қойған) біткен іс еді»
[358]
, – дейді. Хақ
тағаланың құдіретінде шек жоқ. Ол бір нəрсеге «бол» десе сол сəтте бола қалады деп
түсіндіреді.
Жəбірейіл періште осыдан кейін хазірет Мəриямға қарай үпіреді де, ғайып болып кетеді.
Хазірет Мəриям ол кездері он бес жастар шамасында болатын. Көп кешікпей бойында жүктілік
белгісі байқала бастады. Исрайыл халқы бір күні осыны байқап қалып, бір-бірлеріне өсектеді.
Хазірет Мəриям өте тақуа жəне ұяң, ар-намысы таза қыз еді. Болған жайды ел-жұртқа ашық та
айта алмай əбден қиналды. Төзімі таусылған ол бір күні алыс жаққа сапар шекті. Сол жерде
толғақтың келуін күтті. Бір мезет жалғыз түп қураған құрма ағашының қасына жақындай беріп
еді, толғақ қысып қатты қиналды. Бір жағынан жанына батқан өсек, енді бір жағынан ащы
толғақ жанын қинады. Шыдай алмай: «Бүйтіп қорлық көргенше, өлгенім артық қой», – деп
қинала ыңыранды.


Кейбір деректерде бұның қыс кезінде болғаны айтылады. Ол толғаққа шыдай алмай қураған
құрма ағашынан ұстай алған кезде əлгі ағаш бірден көгеріп əп-сəтте жеміс бере кетеді. Бұл
керемет Хақ тағаланың оған деген демеуі мен жəрдемі еді.
Бала дүниеге келгенде, Жəбірейіл періште оған дауыстап: «Уайымдама! Раббың астыңнан
бір бұлақ жаратты. Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкіле. Саған жас құрма түседі», – дейді.
«Ей, Мəриям! Сол құрмадан жеп, судан іш. Көз айым бол. Сосын балаңды алып, ел ішіне
барғаныңда, сені көрген халық қаумалап мына халіңді түсіндір деп сұрай қалса, оларға;
«Рақымды Аллаһ үшін бүгін ораза ұстадым. Сол себепті бүгін ешбір адаммен тілдеспеймін» деп
айт», – дейді. Бұл жерде оның ұстаған нəзір оразасы – үнсіздік оразасы. Сол заманда осындай
оразаның түрі болған. Осылай ауыз бекіткен адам əсте біреуге аузын ашып, тіл қатпайды. Бар-
жоғы айтқысы келген нəрсесін ыммен жеткізеді
[359]
.
Хазірет Мəриям жаңа туған сəбиін құндақтап, құшағына алып, ел ішіне қарай жолға шығады.
Ол жасынан тақуалығымен танылған қыз болатын. Мəриям қыздың əрбір іс-əрекеті мен қылығы
ел ішіне аңыздай тарайтын. Енді міне, сол бойжеткен қыз сəбиін көтерген күйі, өздеріне бет
алып келеді. Қала халқы оны көрген кезде, беттерін кезек-кезек шымшып, көздерімен ішіп-жеп
бара жатты. Ақырында бəрі оны қаумалап алып: «Ей, Мəриям! Бұл қылығың қалай? Сен туралы
ел аузында жүрген өсекке сенбей жүр едік. Бұл не масқара?» – десе, енді бірі: «Əй, Харунның
қарындасы! Көзі тірісінде əкеңнің жаман қылығын көрмеп едік. Марқұм тірі жанға қиянат
жасапты дегенді естімеген едік. Байғұс шешеңнің де ешқандай жамандығы жоқ болатын. Сонда
сен кімге тартып мұндай арсыздыққа барып жүрсің? Біз сені мінəжатханада күндіз-түні
құлшылық қылып, бала болып ойнап көрмеген, бойжеткенде ер кісінің жүзін көрмеген тақуа
қыз деп мақтан тұтушы едік. Мына ісіңді бізге қалай түсіндірмексің?!» деп шулай кетеді. Олар
аузына келгенін айтып кінəлаған кезде, ол үнсіз тұра берді. Бір кезде халық көп жиналып, бұған
қарсы дөрекі сөздер айта бастағанда хазірет Мəриям өзінің аузын бекіткенін сондықтан сөйлей
алмайтындығын, ал олардың сұрақтарына құшағындағы сəби баланың жауап беретінін меңзеп
балаға ишарат етеді. Бірін-бірі ентелеп, Мариямды қаумалап тұрған халық: «Əй, мына қыз не
деп тұр өзі! Есінен ауып қалған ба? О заман да, бұ заман құндақтағы жаңа туған сəбидің
сөйлегенін кім естіген! Бұл қыз жамандық істегенімен қоймай бізді мазақ еткісі келіп тұр ма?!»
– деп даурыға бастайды. «Ал, қане, Мəриям, айта қойшы, бұл сəбимен қалай сөйлесеміз?» дейді
оған қарап. Сол сəтте ана құшағындағы сəбиге тіл бітіп: 
«Рас, мен Аллаһ тағаланың құлымын.
Маған кітап беріп, пайғамбар етті. Сондай-ақ қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім
бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды. Мені шешеме мейірімді етіп, бір зорекер жəне
қиқар қылмады. Маған туылған күнімде, өлер шағымда жəне тірілтілетін күнімде амандық
болады»
[360]
, – дейді.
Сəби Иса «Мен Аллаһтың құлымын» деп бастайды. Бұл сөз – яһуди мен христиандарға
берілген жауап. Өйткені кейін христиандар оны «тəңір» деп танып кетті. Һəм анасының
мейірімді жəне оған құрмет етемін деуі арқылы оның бейкүнəлығын жəне орнының қашанда
биік екендігін білдіреді.
Хазірет Мəриям Құдыста көп тұрмады. Өйткені бұл баланың əкесі Зəкəрия деп жала жауып,
оны шейіт еткен болатын. Осыдан кейін олар хазірет Мəриямға да жамандық жасауға жоспар
құрып жүрген еді. Ол Аллаһтың əмірімен баласын алып жоғары аймаққа кетті. Ол жердің шөбі
шүйгін, жемісі мол, суы кəусар, ауасы ғажап еді. Кейбір деректерде оның Мысырға кеткенін
айтады. Бұл жерде ол он екі жыл тұрған соң Құдысқа оралып, Насыра аулына орналасты. Хазірет
Иса отызға келгенге дейін осы жерде тұрды. Отызға толғанда, оған пайғамбарлық міндеті
жүктеліп, Исрайыл ұрпағына жіберілді.


Ол алғашқы кезде өзінің пайғамбар ретінде жіберілгенін жəне Раббысынан бір хикметпен
келгенін, сол себепті Аллаһтан қорқып өзіне бағыну қажеттілігін алға тартып, халықты дінге
шақырады.
Аллаһ тағала елшісіне көптеген мұғжизалар берді. Негізі, оның өмірге келуі де көкке
көтерілуі де, мұғжиза еді. Оның мұғжизаларын жалпы үшке бөліп қарауға болады.
Балшықтан құс жасап, оны үрлеп, сосын оған Аллаһтың рұрсатымен жан беретін.
Хазірет Иса заманында медицина өте қатты дамыған еді. Иса пайғамбар сол дамыған
медицинаның шамасы келмейтін науқастарға шипа дарытты. Əсіресе, зағип жандардың көзін
емдеп, шырадай жандырды. Алапестерді емдеп жазатын. Бұдан басқа жүздеген адам келіп, сол
арқылы Хақтан шипа табатын. Осының ең жоғары түрі өлген адамды қайта тірілтуі еді.
Адамдарға ғайыптан хабар беретін. Ол адамдардың ішкен жегендерін жəне жинаған
нəрселері туралы көзбен көріп тұрғандай айтатын.
Хазірет Иса исрайылдықтарды өзіне бағынуға шақырып, өзінің Тəуратты да растайтынын,
бірақ Елші-расул болып жаңа шариғатпен келгендіктен, Тəураттың кейбір заңдарын өзгертетінін
халыққа жеткізеді.
Сондай-ақ ол Исрайыл халқына: 
«Уа, Исрайыл халқы! Мені де сендерді де жаратқан
Раббымыз – Аллаһ тағалаға құлшылық қылыңдар»
[361]
, – деп тəухидке шақырады.
Інжіл
Аллаһ тағала Исрайыл халқының арасына жіберген соңғы елші Исаға Інжілді түсірді. Құран
осы Інжілдің бес түрлі ерекшелігін айтады:
Һидаят-тура жол болуы. Сол заманда Исрайыл ұрпағы арасында ақида-сенімі бұзылғандар
көп болатын. Міне, Інжіл кітабы осы сенімнің негізгі тіректерін баяндайды.
Інжілдің нұр болуы. Адамдарды бақытқа жеткізуге арқау болғандықтан ол кітап тұтастай
нұр болатын.
Тəуратты растауы.
Інжілдің хазірет Мұхаммедтің (с.а.с) келетіні туралы сүйінші хабар беруі.
Інжілдің тақуаларға насихатшы болуы. Інжілде көптеген насихаттар мен өнегелер бар.
Сөйтсе де Інжілді адамдар өз қалауына қарай өзгертіп, бұрмалаушылықтарға жол берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет