Амалы таусылған мүшріктер: «Ей, Мұхаммед! Расында сен сұрақтардың барлығына дəл
жауап бердің» дейді. Алайда, өздері иманға келмейді.
Миғражда Пайғамбарымызға (с.а.с.) бірқатар дін үкімдері білдірілді. Олар: бес уақыт намаз
оқу, Аллаһқа серік қоспау, ата-анаға құрмет көрсету, туыс-туғанға қарайласу, кісі ақысын жемеу,
ысырапшылдық жасамау, қыз балаларды өлтірмеу, зинаға жоламау, нақақтан нақақ кісі
өлтірмеу, жетімдерге қамқорлық, уəдеде тұру, таразыдан жемеу, тəкаппарланбау., т.б
[395]
.
Мұғжиза көрсе де мүшріктердің дінді мойындамауына бір жағы бақталастық пен күншілдік
те себеп болғанын айта кеткен жөн. Оны мына бір оқиғадан байқаймыз.
Муғирə ибн Шуғбə былай дейді:
«Бірде Əбу Жəһилмен бірге отырғанда, Аллаһ елшісі келіп, үгіт-насихат айта бастады.
Бұны естігенде Əбу Жəһил ызаланып:
«Ей, Мұхаммед! Егер о дүниеде үгіт-насихат айтқаныңа куəгер болатын адам іздеп жүрсең,
арамтерлікті қой, керек болса өзім-ақ куəгерлік етемін. Тап қазір мені мазалағаныңды
доғаршы», – деді.
Аллаһ елшісі үндеместен тұрып кетіп қалды.
Мен Əбу Жəһилден:
– Расында, сен оған сенесің бе? – деп сұрадым. Ол сонда:
– Негізінде, оның пайғамбар екенін білемін. Бірақ Хашимилармен
[396]
бұрыннан бері
арамызда бір бақталастық бар. Олар рифадə
[397]
, сиқайə
[398]
бізде деп ұдайы мақтанады. Енді
«пайғамбар да бізден шықты» десе, онда бұған төзе алмаймын», – деді»…
[399]
Тағы бір жолы Əбу Жəһил Сафа жотасының етегінде тұрған Пайғамбарымызды (с.а.с.)
сүйектен өтетін ауыр сөздермен балағаттайды. Мұны естіген Хамза
[400]
əуелі Əбу Жəһилдің
сазайын береді. Артынша өзі де тілін кəлимаға келтіріп, мұсылмандықты қабылдайды
[401]
.
Достарыңызбен бөлісу: