Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет79/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Алғашқы мұсылмандар
Хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) осы сəттен бастап, өзіне пайғамбарлық міндет
жүктелгеніне толық көз жеткізіп, таухид сенімін жақындарына түсіндіре бастады. Алғаш болып
мұсылмандықты жары Хадиша (р.а.) қабылдады. Одан кейін үлкендер арасынан Əбу Бəкір (р.а.),
құлдар арасынан Зəйд ибн Хариса (р.а.), жастардан Əбу Тəліптің ұлы Əли (р.а.) Исламға
мойынсұнды.
Əбу Бəкірдің (р.а.) себепкерлігімен де көптеген адамдар мұсылмандықты қабылдады. Атап
айтқанда, Осман ибн Аффан, Абдуррахман ибн Ауф, Сағыд ибн Əбу Уаққас, Халид ибн Саид
жəне Əбу Зəрр Ғифари (р.а.).
Исламды алғаш қабылдаған адамдар «Сабиқуна əууəлун» деп аталды.
Халықты дінге үш жылдай жасырын шақыруға мəжбүр болды. Мұсылмандар құрайыштардың
қарсылық танытатындығын біліп, намаздарын да жасырып оқыды.
Дінге ашық шақыру
Үш жылдан соң дінді ашық насихаттау турасында аят түсті:
215
}
اﻟْ
ﻤُ
ﺆْ
ﻣِ
ﻨِ
ﯿ
ﻦَ
ﻣِ
ﻦَ
اﺗﱠ
ﺒَ
ﻌَ
ﻚَ
ﻟِ
ﻤَ
ﻦِ
ﺟَ
ﻨَ

ﺣَ
ﻚَ
وَ
ا
ﺧْ
ﻔِ

ْ
{
214
}
ا
ﻷْ
َ
ﻗْ
ﺮَ
ﺑِ
ﯿ
ﻦَ
ﻋَ
ﺸِ
ﯿ
ﺮَ
ﺗَ
ﻚَ
وَ
أَﻧ
ﺬِ
رْ
}
«Жақын туыстарыңды дінге шақыр. Мүминдерден саған ергендерге рақымдылық
таныт»
[382]
.
Осыдан бастап Аллаһ елшісі (с.а.с.) жақын туыстарын қонаққа шақырып, оларға Ислам дінін
насихаттай бастады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) насихатын естігенде, туыстары теріс айналды. Өз
көкесі Əбу Лəһаб та оның айтқандарына өре түрегеліп қарсы шықты.
Бірде Қағба маңындағы Сафа жотасына шығып, арабтардың əдеті бойынша «Уа, халайық!»
деп жұрттың назарын өзіне аударды. Естіген жұрт айналасына жиналды. Сонда Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
– «Егер де мен анау таудың арғы жағында жау қолы таяп қалды, тұтқиылдан шабуылдайды


десем, осы айтқаныма сенер ме едіңдер?»
– «Əрине, сен айтсаң, сенеміз. Өйткені біз сенің жалған сөйлегеніңді көрген емеспіз».
– «Олай болса, біліп қойыңдар. Мен – сендерге Аллаhтың əмірін жеткізушімін»
[383]
деді.
Жиналғандардың арасынан көкесі Əбу Лəһаб алғаш болып қарсы шығады. Оның «Ей,
тұқымың (қолдарың) құрғыр! Бізді осы үшін шақырдың ба?»
[384]
 деген сөзі жиналған халықтың
үйді-үйлеріне тарауына себеп болды.
Аллаһ елшісі насихаттаған дін негізінен мынадай бұйрықтардан тұрды:
«Барша жаратылыстың егесі – Аллаһ тағала. Ол – Жаратушы, баршаға рызық беруші, Мəңгі
тірі, болмыс атаулының Иесі сол ғана. Ендеше, пəни нəрселерге: жұлдыздарға, айға, ағаштарға
емес, бір Жаратушыға ғана мойынсұнып, Соған ғана құлдық ұру қажет. Ұрлық-қарлық,
əлімжеттік жасап басқаның мүлкін тартып алу, ар-намысын аяққа таптау – үлкен күнə. Бұл
əдеттеріңді тастаңдар! Əрқашан шындықты айтып, өтіріктен жуымаңдар. Əділ болыңдар! Нақақ
кісі өлтірмеңдер! Барлығына, əсіресе туған-туыс, жарлы-жақыбай мен мұқтаж жандарға,
жолаушыларға жақсылық жасаңдар! Асырай алмаймын-ау деп балаларыңды өлтірмеңдер! Зинаға
жақындаушы болмаңдар! Жетім-жесірді жылатпаңдар! Уəде берсеңдер, сөздеріңде тұрыңдар!
Таразыдан жемеңдер! Нақты білмейтін нəрселеріңді сөз етпеңдер. Өйткені құлақ, көз, жүрек –
бəрі де айтылған ауыздан шыққан сөз үшін жауапқа тартылады. Менмендік пен тəкаппарлықтан
сақтаныңдар! Бір-бірлеріңе мейірімді, жұмсақ сөйлеп, əдепті болыңдар! Ешкім басқа біреуді
мазақтап қорламасын, жаман лақап ат тақпасын! Басқалар жайлы жаман ойламаңдар! Өзгенің
қатесін тіміскілеп, күнəсін ашуға құмартпаңдар. Өздеріңе, ата-аналарың мен жақындарың үшін
болса да өтірікке куəлік жасамаңдар! Əділетсіздік жасамаңдар, кешірімшіл болыңдар!
Жамандыққа жақсылық жасаңдар, ішімдік ішпеңдер, құмар ойындарына құмартпаңдар!
«Барлығың да Аллаһ тағаланың алдында теңсіңдер. Ешкім бетіне қара күйе жағылып қор
болып туылмайды, ешкім де бұл өмірге атақ-даңқпен келмейді. Тек қана Жаратқанға құрметпен
тағзым еткендер, сөзі мен істерінде əрдайым турашыл болғандар ғана шын абырой таппақ.
Адамды ұлты мен түр-түсіне қарап кемсітпеңдер. Бəрің де ажалдан құтыла алмайсыңдар. Біліп
қойыңдар, о дүниеде əділ сот құрылып, бүкіл істеріңе жауап бересіңдер. Ол кезде ешқандай
таныстық та, пұл да көмектесе алмайды. Ол кезде адамға иманы мен ізгі істері ғана көмектеседі.
Осыларға ие болған жан мəңгілік бақыт отаны жəннатқа, ал бұдан мақұрым қалғандар тамұққа
тасталады».
Құрайыштықтар Ислам дінін қабылдаған жарлы-жақыбайларға, əсіресе туысы жоқ адамдарға
қатты қысым көрсетті. Тіпті əлімжеттікте шектен шығып, түрлі зорлық-зомбылық жасай
бастады.
Əсіресе мұсылмандықты қабылдаған құлдар өз қожайындарынан көп жапа шекті. Олардың
арасында Білəл (р.а.) мен Ясир (р.а.) отбасын атауға болады.
Залым мүшрік Үмəййа ибн Халаф Білəлға Исламнан бас тартуды бұйырып, оны көшеде итше
жетектеп, жалаңаш күйде күйіп тұрған құмға жатқызып, көкірегін ауыр таспен бастырып
қинады.
Ал Ясирді жанұясымен бірге қан-жоса дүрелеп, аяқ-қолдарын керіп байлап тастады. Жаны
қиналып қанша азап көрсе де бірақ олар Исламнан бас тартпады. Ясирдің əйелі Сүмайяны Əбу
Жəһил найзамен шаншып өлтірді. Артынша Ясирді де осылай ана дүниеге аттандырады. Олар
Ислам тарихында алғаш шейіттіктің дəмін татты. Кезек өзіне келгенде, адам төзгісіз жағдайға
шыдай алмаған Аммар еріксіз олардың айтқанына көніп, Исламнан бас тартады. Кəпірлер соған
мəз болып, Аммарды еркіне қоя берді. Аммар ардақты Пайғамбарымызға (с.а.с.) көз жасын тыя
алмай жағдайды түсіндіреді. Аллаhтың елшісі (с.а.с.): «Олардың тілегін тіліңмен айтқанда,


жүрегіңмен қостамаған болсаң, Аллаh сені кешірер. Егер тағы да сені ұстап алып, қинайтын
болса «сендердің дегендерің болсын» деп басыңды арашалап ал», – деп Аммарды жұбатады.
Сағыд ибн Əбу Уаққас (р.а.) Ислам дінін қабылдағанда, анасы бұлқан-талқан ашуланды.
Тіпті анасы өз-өзін үйдің діңгегіне байлатып тастайды. Баласы Сағыд Исламнан бас
тартпайынша, нəр сызбайтынын да айтады. Керек болса, осы жолда өлетінін жеткізеді. Бұл көп
уақытқа дейін осылай жалғасты. Ал Халид ибн Саидты əкесі ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап бір
бөлмеге қамап тастайды. Оны райынан қайтару үшін адам ойына келмейтін азап көрсетті.
Осман ибн Аффан, Зүбəйр ибн Аууам жəне Білəл Хабаши де соққыға жығылады. Бірақ, бəрі де
алған бетінен қайтпады.
Мүшріктердің бұндай жауыздығы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзін де айналып өтпеді.
Бір жолы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қағбада намазда басын сəждеге қойғанда, Əбу Жəһіл
бастаған мүшріктер түйенің қан-жынын оның басына ақтарып, Екі əлем сардарын мазақ
етеді
[385]
.
Харис ибн Харис (р.а.) əңгімелеуде:
«Мен ол кезде кішкене бала едім. Бір күні əкем екеуміз Қағбаға қарай бара жатып жолда бір
топ адамның жабылып біреуді ұрып-соғып жатқанын көрдік. Əкемнен кімге жабылып
жатқандарын сұрадым. Ол маған «Бір сабиді»
[386]
 деп жауап қатты. Мен бұл сөздің мағынасын
түсіне қоймадым. Кейін барып сол кезде таяқ жеген кісінің Аллаһ елшісі (саллаллаһу алайһи уə
сəллəм) екенін білдім. Өйткені ол кісі «Əй, адамдар! Лə илəһа иллаллаһ деп айтыңдар» деуде
еді»
[387]
.
Тағы бірде азулы мүшріктерден Ибн Əбу Муайт Қағбада намаз оқып тұрған Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) таяп келіп, мойнынан ұстап қылқындырады. Əбу Бəкір (р.а.) мұны ести сала жанұшыра
жүгіріп келіп «Раббым Аллаһ дегеніне бола бұл кісіні өлтірмексіңдер ме?» деп араша түсті.
Хазірет Əбу Бəкір (р.а.) оны осындай қиын жағдайлардан бірнеше рет арашалаймын деп, өзі
де талай рет оңбай таяқ жеген еді
[388]
.
Осындай түрлі қиындықтарға сабыр ете жүріп, жұртты дінге ашық шақыруын тоқтатқан жоқ.
Бірақ мүшріктердің мұсылмандарға əңгір-таяқ орнатуы күнбе-күн асқына түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет