Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет82/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Бірінші Ақаба серті
621 жылы Меккеге қажылық жасауға келген Мəдиналық Хазраж тайпасының мына алты
адамы: Əсад ибн Зүрара, Рафи ибн Малик, Ауф ибн Харис, Құтба ибн Амир, Ұқба ибн Амр,
Харис ибн Абдуллаһ мұсылмандықты қабылдайды. Олар Мəдинаға қайтып оралғаннан кейін
Ислам дінін жаяды. Олардың өтініші бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мəдина халқына Құран
үйретуді Мусғаб ибн Умайр мен Абдуллаһ ибн Уммиге тапсырды.
Келесі жылы қатары тағы алты адамға толыққан олар қажылық кезінде Мина қаласында
«Ақаба» деген жерде Пайғамбарымызбен кездеседі. Келесі жылы тағы келуге уəде береді.
Екінші Ақаба серті
Келесі жылы айтылған уақытта олардың қатары біршама көбейеді (жетпіс үш ер, екі əйел).
Бұл жолы мынадай келісімге келеді. Келісім бойынша Аллаһқа серік қоспауға, ұрлық жасамауға,
зинаға жоламауға, балаларды өлтірмеуге, жала жаппауға, игі саналған істе Пайғамбарымызға
(с.а.с.) қарсы келмеуге, алда-жалда Мəдинаға пана іздеп келген мұсылмандар болса, олардың
мал-мүлкін, өзін қорғауға алатындарына серт береді.
Хижрат
Милади 622 жылы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккедегі барлық мұсылмандарға Мəдинаға
көшуге əмір береді. Мұсылмандардың кейбірі өз бетінше, кейбірі топтасып Мəдинаға қоныс
аударады. Бұған алаңдаған мүшріктер өзара бас қосады. Нəтижеде «Біз Меккеде
мұсылмандардың сағын сындыра алмадық. Олар Мəдинаға көшетін болса бой бермей кетеді.
Сондықтан да, уақыт оздырмай Мұхаммедтің көзін құрту керек» деген шешімге келеді.


Пайғамбарға қастандық жасау үшін жан-жақты дайындалады. Үйді қоршап, торуылдайды. Аллаһ
елшісі (с.а.с.) өзін аңдыған мүшріктердің қолына түспей түнделетіп Əбу Бəкірдің (р.а.) үйіне
келеді. Олар Сəуір тауындағы үңгірге жасырынады. Үңгірді үш күн паналап, төртінші күні жолға
шығады.
Жолда хазірет Əбу Бəкір Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тағы бір ғажап мұғжизасына куə болды.
Бір бала қой жайып жүр еді. Шөл қысқан екі жолаушы одан қойдың біреуін сауып, соның
сүтімен таңдай жібіткісі келетіндіктерін айтады. Бала əлдеқашан суалып кеткен қысыр тоқтыны
көрсетті. Сол жерде Аллаһ елшісі дұға оқып, қойдың желінін ұстағаны сол еді, сүт атқылап қоя
берді
[402]
.
Аллаһ елшісі мен Əбу Бəкірдің де (р.а.) жасырын Мəдинаға кеткенін кеш аңғарып, сан соғып
қалған мүшріктер Меккеде «пайғамбарды тірідей не өлідей тапқанға немесе қайда
жасырынғанын білген адамға жүз түйе атаймыз» деп жар салады. Бəрі жабылып төңіректі түгел
шарласа да іздеген адамдарын таппады. Көмекке тəжірибелі із кесушілерді шақыртты. Олардың
бірі мүшріктерді Пайғамбарымыз жасырынған үңгірдің аузына дейін алып келіп: «Іздеген
адамдарың көкке ұшып кетпесе, осы үңгірде болуы тиіс» деді.
Оның бұл сөзін Аллаһ елшісі мен Əбу Бəкір де естіді. Мүшріктер үңгірдің аузына дейін
келгенімен, есіктің көзінде тоқылған өрмекшінің ауын көріп, «Бұл үңгірге жуық арада ешкім
кірмеген» деп кері қайтты. Мүшріктердің дабырлаған сөздерін естігенде өзі жанынан артық
жақсы көретін Пайғамбарымызға мүшріктер зақым тигізбес пе екен деп қатты қорыққан Əбу
Бəкірге (р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.)
ﻣَ
ﻌَ
ﻨَ

ا
ﷲﱠ إِ
نﱠ
ﺗَ
ﺤْ
ﺰَ
نْ
ﻻَ
«Қорықпа, Аллаһ бізбен бірге»
[403]
 деді.
Арада үш күн өткенде Əбу Бəкірдің (р.а.) келісуімен жол бастаушы Абдуллаһ ибн Үрайкит
атты кісі оларға екі түйе алып келді. Осылайша олар сапарын одан əрі жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет