жүрегіңмен қостамаған болсаң, Аллаh сені кешірер. Егер тағы да сені ұстап алып, қинайтын
болса «сендердің дегендерің болсын» деп басыңды арашалап ал», – деп Аммарды жұбатады.
Сағыд ибн Əбу Уаққас (р.а.) Ислам дінін қабылдағанда, анасы бұлқан-талқан ашуланды.
Тіпті анасы өз-өзін үйдің діңгегіне байлатып тастайды. Баласы Сағыд Исламнан бас
тартпайынша, нəр сызбайтынын да айтады. Керек болса, осы жолда өлетінін жеткізеді. Бұл көп
уақытқа дейін осылай жалғасты. Ал Халид ибн Саидты əкесі ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап бір
бөлмеге қамап тастайды. Оны райынан қайтару үшін адам ойына келмейтін азап көрсетті.
Осман ибн Аффан, Зүбəйр ибн Аууам жəне Білəл Хабаши де соққыға жығылады. Бірақ, бəрі де
алған бетінен қайтпады.
Мүшріктердің бұндай жауыздығы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзін де айналып өтпеді.
Бір жолы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қағбада намазда басын сəждеге қойғанда, Əбу Жəһіл
бастаған мүшріктер түйенің қан-жынын оның басына ақтарып, Екі əлем сардарын мазақ
етеді
[385]
.
Харис ибн Харис (р.а.) əңгімелеуде:
«Мен ол кезде кішкене бала едім. Бір күні əкем екеуміз Қағбаға қарай бара жатып жолда бір
топ адамның жабылып біреуді ұрып-соғып жатқанын көрдік. Əкемнен кімге жабылып
жатқандарын сұрадым. Ол маған «Бір сабиді»
[386]
деп жауап қатты. Мен бұл сөздің мағынасын
түсіне қоймадым. Кейін барып сол кезде таяқ жеген кісінің Аллаһ елшісі (саллаллаһу алайһи уə
сəллəм) екенін білдім. Өйткені ол кісі «Əй, адамдар! Лə илəһа иллаллаһ деп айтыңдар» деуде
еді»
[387]
.
Тағы бірде азулы мүшріктерден Ибн Əбу Муайт Қағбада намаз оқып тұрған Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) таяп келіп, мойнынан ұстап қылқындырады. Əбу Бəкір (р.а.) мұны ести сала жанұшыра
жүгіріп келіп «Раббым Аллаһ дегеніне бола бұл кісіні өлтірмексіңдер ме?» деп араша түсті.
Хазірет Əбу Бəкір (р.а.) оны осындай қиын жағдайлардан бірнеше рет арашалаймын деп, өзі
де талай рет оңбай таяқ жеген еді
[388]
.
Осындай түрлі қиындықтарға сабыр ете жүріп, жұртты дінге ашық шақыруын тоқтатқан жоқ.
Бірақ мүшріктердің мұсылмандарға əңгір-таяқ орнатуы күнбе-күн асқына түсті.
Достарыңызбен бөлісу: