Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет85/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

Ұхұд соғысы (625 ж.)
Бəдірде күтпеген жерден жеңіліске ұшыраған Құрайыштар мұсылмандардан қайткенде де
кек қайтаруды көздеді. Құрайыштардың бетке ұстар көсемдерінің көбісі сол шайқаста көз
жұмған еді. Ендігі бар үміті Əбу Суфиянда болатын.
Мүшріктер тағы да əскер жасақтады. Бұл жолғы əскер саны Бəдір шайқасына қарағанда үш
есе көп болатын. Мүшріктер осы қалың қолмен Мəдина маңайындағы Ұхұд тауының етегіне
барып жайғасты.
Осы тұста Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына көрген түсін айтады. Түсін жорып, Мəдина
қаласынан шықпай шайқасуды жөн көретіндігін білдіреді. Жастар жағы пайғамбардың бұл
шешімінің мəнмаңызын түсінбей жаумен ашық майданда бетпе-бет шайқасуға ерік беруін
өтінеді. Көпшіліктің ұсынысымен ұрысты ашық алаңда өткізуге шешім қабылданады.
Ұрыс кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айнейн жотасындағы садақшыларға сол жерден
тапжылмауын бұйырады. Шайқаста мұсылмандар күш ала бастағанда Айнаейн жотасындағы
садақшылар Пайғамбарымыздың бұйрығын ұмытып олжаға ұмтылады. Осы ұрымтал сəтті
пайдаланған жау қолы мұсылмандардың ту сыртынан соққы береді. Осының кесірінен
мұсылмандар жеңіліске ұшырайды. Майдан даласында талай сахаба шейіт болады. Арасында
Пайғамбарымыздың көкесі Хамза да бар еді. Оның денесін кескілеп, сау тамтығын қалдырмаған
болатын.
Ұхұдта шейіт болғандар майдан даласында жерленеді. Мұсылмандар Мəдинаға оралады.
Ұхұдта жеңіске жеткен мүшріктер мұсылмандарды біржолата құртпай кері қайтпаймыз деп
тас табандап тұрып алады. Осыны сезген Пайғамбарымыз мұсылман əскерлерінің рухын қайта
жанып, Хамраул-Асад деген елді мекенде мүшрік əскерін үш күн күтеді. Алайда, Əбу Суфиян
мұсылмандардың соңына түсіп, ақыр аяғына дейін соғысуға батылы жетпей, əскерін келген
ізімен кері қайтарған-ды. Мұсылмандар Мəдинаға оралады.
Ражиъ оқиғасы
Мұсылмандар мен мүшріктер келесі жылы да Бəдірде шайқаспақ болады. Алайда Сол жылы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұзын саны мың жарымға жуық əскермен Бəдірде бірнеше күн қатарынан
Меккеліктерді күтеді. Алайда Меккеліктер бұл жолы қарасын көрсетпейді.
Хижреттің төртінші жылы Адал жəне Карə деген тайпа өздерінің мұсылмандықты
қабылдағандығын айтып, Пайғамбарымызға хабар салады. Өз тұрғындарына мұсылмандықты


үйрететін адам жіберуін өтінді. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінді жетік білетін он
адамды аттандырады. Бірақ, олар Ражиъ деген жерге жеткенде, күтпеген жерден опасыздықтың
құрбаны болды. Сегізі шейіт болып, екеуі құлдыққа сатылды. Мүшріктер тұтқынға түскен
Хұбəйб ибн Адий мен Зəйд ибн Дəсинаны (р.а.) Меккеге апарып, құлдыққа сатады. Зəйд ибн
Дəсинаны Сафуан ибн Үмəйя сатып алды. Зəйдті өлтірерде, Əбу Суфиян халықтың көзінше
одан: – Əй, Зəйд, Құдай үшін расын айтшы, сені өлтіргенше тап қазір Мұхаммедтің өлтірілгенін
қалар ма едің? – деп сұрады. Сонда Зəйд оған жұлып алғандай: – Мен сүйікті Пайғамбарымның
өлтірілгені тұрмақ, оның табанына абайсызда бір тікен кіріп, жанына батқанын да қаламаймын,
– деп жауап қатады. Бұны естігенде Əбу Суфиян: – Мұхаммедті сахабаларының
құрметтегеніндей мұншалықты құрметке бөленген басқа ешкімді көрген емеспін, – деп еріксіз
мойындаған еді
[408]
.
Ал, Хұбəйб ибн Адийді (р.а.) біраз уақыт тұтқында ұстап, оны да халықтың көзінше өлтіруді
ұйғарады. Хұбəйб ажал алдында екі рəкат намаз оқығысы келетінін білдірді. Сөйтті де мынадай
өлең жолдарын оқыды: «Аллаһ жолында мұсылман ретінде өлгеннен артық бақыт бар ма? Аллаһ
қаласа менің зардап көрген тəнімді ақыретте игілікке кенелтеді»
[409]
.
Бұл екі ықыласты сахаба да жанын құтқару үшін сенімінен айнымады. Дін жолында шейіт
болды.
Бұл қайғылы оқиға Ислам тарихында «Рəжиъ оқиғасы» деген атпен қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет