Шайқастың алдында əдеттегіше батырлар жекпе-жек күш сынасады.
Жау жағынан
батырлығымен танымал Амр ибн Абди Уəдд ортаға шығады. Əуелгіде онымен шайқасуға
ешкімнің батылы жете қоймайды. Сол кезде қаһарман Əли (р.а.) Аллаһ елшісінен рұқсат сұрап
онымен жекпе-жек шайқасады.
Шайқас Əлидің (р.а.) жеңісімен аяқталады. Амрдың өлі денесін көрген дұшпан
мұсылмандардан кəдімгідей сескеніп қалады.
Меккеліктердің Мəдинаға шабуылы кезінде мұсылмандарға қарсы əрекетке бармаймыз деп
ант-су ішкен Құрайза яһудилері арадағы келісімді бұзып, мұсылмандарға қарсы жақтың қатарын
толықтыра түсті.
Екі
жақ та бір-бірін ала алмай, шайқас ұзаққа созылады. Бұл шайқастан меккеліктер мезі
болады. Бұл кезде Ғатафан руынан Нуайм өз еркімен мұсылмандықты қабылдайды. Ол
Пайғамбарымызбен жасырын кездесіп, жауды іштен ірітіп бір-біріне қарсы қоя алатындығын
айтады. Пайғамбарымыздан келісім алған соң құрайза яһудилеріне келіп былай дейді:
«Меккеліктер бұл жерде ұзақ қалмайды. Олар кетісімен Мұхаммед сендерді өлтіреді.
Сондықтан сақтық үшін құрайыштан кепілдікке адам сұраңдар.
Кепілдер қастарыңда болса,
олар оңайлықпен кете алмайды».
Содан кейін құрайыштарға жолығып: «Құрайзалықтар Мұхаммедпен арадағы ынтымағын
бұзғанына өкініш білдіруде. Қайтадан сол бірлікті сақтау үшін сендерден бірнеше адамды
кепілдікке сұрамақшы. Мұхаммедпен қайтадан одақтасу үшін кепілге алған адамдарды өлтіріп
пайғамбардың сеніміне кірмекші» дейді.
Келесі күні яһудилер мен Меккеліктер
Нуаймның сөзіне сеніп, бір-бірімен сөзге келіп
қалады. Мұндай соғыс тəсілі арабтарға жат болатын. Əдетте шайқас көпке созылмайтын.
Жеңген жақ жеңіп, жеңілген жақ өз жөніне кететін. Əрі қыс мезгілі де таяп қалған еді. Осыны
ескерген Əбу Суфиян жаппай шабуылға шығуға бұйрық береді. Алайда əскері ордан өте алмай
тұмсығы тасқа тірелді. Сөйтсе де шайқас қас қарайғанша жалғасты. Бір мезет төңіректі қою
қараңғылық басып, дем арасында мүшріктер тұрған аумақта дауыл көтеріледі. Мүшріктер алай-
дүлей
дауылдан дал болып тұрғанда, сарбаздарынан бұрын қимылдаған Əбу Суфиян өз басын
сауғалап майдан даласын тастай қашады. Оны көрген мүшріктер де кері қайтады.
Мұсылмандардың Мəдинаға кіргені сол еді, Пайғамбарға Жебірейіл періште: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Ұлы Аллаһ тағала саған құрайзалықтарға майдан ашуды бұйырды» дейді. Сонда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Білəлге «намаздыгерді яһудилердің мекенінде оқитынымызды хабардар
ет» дейді. Бірнеше күнге созылған шайқастан соң құрайзалықтар мұсылмандарға беріледі.
Құрайзалықтар өздеріне əділ үкім шығаруды талап етіп, қазы тағайындауды талап етеді. Аллаһ
елшісі бұл істі Сағыд ибн Муаз (р.а.) тапсырды.
Ол келісімді бұзған құрайзалықтарға тиісті жазасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: