Суфиянға «Мұсылмандар құрайыштың сауда керуеніне тұтқиылдан шабуылдамақшы» деген
хабар жетеді. Ол дереу соғысқа қамданып, Меккеге шабарманын аттандырады.
Меккеде хабар жеткен сəтте мыңға жуық əскер жиналды. Ал олардың қасында
мұсылмандардың қолы үркердей ғана топ болатын (үш жүз он үш жауынгер). Күш тең емес еді.
Мұсылмандар мен мүшріктер жасағы Бəдірде жолығады.
Əдетте араб жауынгерлері жаппай ұрысқа кіріспес бұрын білегі қаруына сай баһадүрлерін
жекпе-жекке шығаратын. Мұсылмандар тарапынан
ұрыс алаңына ат ойнатып Хамза, Əли мен
Убəйда (р.а.) шығады.
Олар шайқасты көпке созбай қарсыластарын жер жастандырады. Убəйда ибн Харис ауыр
жараланып, қайтар жолда қаза болады. Бəдірде Мұсылмандар мүшріктерді ойсырата жеңеді.
Майдан даласында Əбу Жəһилдің, Үмаййа ибн Халаф сынды азулы мүшріктердің көзі жойылды.
Мүшріктердің кері шегінуден басқа амалы қалмады. Осылайша мұсылмандар алғаш рет жеңістің
дəмін татты.
Достарыңызбен бөлісу: