Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған


үйі «(Әй, Мұхаммед! Мүшриктердің тауқыметіне)  Сен жігері мұқалмаған пайғамбарлардың табан-



Pdf көрінісі
бет34/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

үйі
«(Әй, Мұхаммед! Мүшриктердің тауқыметіне) 
Сен жігері мұқалмаған пайғамбарлардың табан-
дылығындай сабырлы бол».
107
Ол да бүкіл азаптарға Аллаһқа сүйеніп, сабыр еткен.
Адам баласы өткінші пәлекеттер мен азын-аулақ 
соққыларға төзе алады. Алайда, бірінен соң б і р і кел-
ген пәлекеттер мен бәләлерге төзу мүмкін емес 
Хазіреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) хижреттен бұрынғы Меккедегі он үш жылын 
машақатпен, қиыншылықпен, азаппен өткізген. Мек-
ке мен Тайфтың тасжүрек қарақшылары Оны он үш 
жыл бойы мазақ еткен. Оны әр түрлі азаптарға дұшар 
етіп, әр түрлі қорлық пен әдепсіздік көрсеткен. Бұл 
азап-қорлықтардың барлығына тек Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сияқты ең мықты 
пайғамбар ғана төзе алатын еді.
Үлкен істерде керемет табысқа жеткен кемеңгерлер, 
ордабасы мен жеңімпаздар бұл табыстарын өздерінің 
ақыл, парасаттылық пен білімділіктерінен деп ойлады. 
Бірақ, Аллаһқа жақын кісілер бұл табыстың Аллаһтың 
сый-сыяпаты екенін біліп, Оған шүкіршілік етеді. Ал, 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
нығмет пен жеңіске қолы жетсе, дереу Аллаһқа сыйы-
нып шүкіршілік сәждесіне жығылатын. Меккені аларда 
Зитуа деген жерге жеткенде, өзін Аллаһ Тағаланың 
табысты еткендігін біліп, түйесінің үстінде сәждеге 
жығылған еді.
107. Ахқаф сүресі, 35-аят.


62



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
В. зүҺДТіК өмірі
Зүһд – әлем мен дүние-малға мән бермей, оған 
қызығушылықты жүректен алып тастау. Аллаһ Расулі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүниеге қызық-
пағандықтан өте қарапайым ғана өмір сүретін. 
Тапқан-таянғанын ішіп-жеп, киініп, жерге отыруға 
да ұялмайтын. Дүниеден өткен кезінде Ислам 
мемлекетінің шекаралары Йеменнен Сирияға дейін 
ұлғайған шақта да Оның киімінде екі жамау бар еді. 
Бір ретінде Пайғамбарымызды (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу) 
үйіне шақырған. Әлидің (радиаллаһу анһу) үйіне кел-
генде Хазіреті Фатиманың (радиаллаһу анһә) 
қабырғаларды жапқыштармен (ормалдармен) сәндеп 
қойғанын көріп, тамақ жеместен қайтып кетеді. Хазіреті 
Әли (радиаллаһу анһу) мұның себебін сұрағанда Ол:
«Сәнді жерге кіру бізге жараспайды!» - деген.
108
Тағы бір жолы сапардан қайтқанда Хазіреті Айша 
(радиаллаһу анһә) үйдің төбесін орамалдармен сәндеп 
қойғанын көріп, оларды дереу алдыртып тастаған.
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жібектен тігілген киім сыйлыққа берілген еді. Оны 
арқасына жамылып, намаз оқыпты, бірақ намаздан 
кейін:
«Тақуалар мұндай нәрсені пайдаланбауы керек», - деп, 
шешіп тастаған.
109
108. Асры сағадат I I . 90.
109. Бұхари, Либас 12.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет