Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет36/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
65



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Ұтбә ұлы Аун айтады: «Байлармен араласып 
тұратын едім, Менікінен жақсы киімі немесе көлігі 
барларға қызығатынмын. Сондықтан менен артық 
қайғыратын ешкім жоқ еді. Кейін Расулұллаһтан 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Егер өздеріңнен ба-
қуатты, тұрмысы жоғары біреуді көрсеңдер, сол кезде 
өздеріңнен төмен тұратын жандарға көз салыңдар. 
Бұл Аллаһтың сендерге жүктеген нығметтеріңді 
кемсітпеулерің үшін керек», - дегенін естіген соң, ке-
дейлермен достық қарым-қатынаста болып, рахатқа 
бөлендім».
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
дүние нығметтеріне (игіліктеріне) құмар, әуес емес еді. 
Ол: «Адам баласына бұл дүниеде керек нәрселер; тұра-
тын үйі, киер киімі және тамағы мен суы»,
113 
дейтін 
еді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пен 
асхабы үшін байлық пен кедейшіліктің өлшемі мына 
хадис еді:
«Кімде-кім малы мен жанын қауіпсіз деп біліп, дені 
сау әрі бір күндік тамағы болса, бүкіл әлем соның қолында 
тұрғандай болады».
114
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабалары мен адамзатқа үйреткен зүһд пен қанағат 
осы.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
113. Тирмизи, Зүһд 30.
114. Тирмизи, Зүһд 34.


66



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
байлық пен дүниеден қорықса да, кедейліктен 
қорықпайтын, қажетсіз ақша жинауды жақсы көр-
мейтін. Өзі қарыздарынан басқа, үйінде екі алтынның 
үстіне үшіншісін сақтамайтындығын айтатын.
115
Әбу Умарәтул-Ансари (радиаллаһу анһу) ай-
тады: «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жанында дүние жайлы сөз болды. Ол: 
«Естімедіңіздер ме? Бәзазә (киім мен зейнетте қа-
лыптылық) мен қарапайым киім иманнан»,
116
 - деді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тамақ 
жегенде де зүһд пен қанағат иесі еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Адам баласына денесін 
тік ұстап жүруге жарарлық бірнеше жұтым тамақ 
жетеді»,
117 
деген еді.
Қызметшісі Әнәс (радиаллаһу анһу) айтады: «Пай-
ғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін қамыр 
иленіп сапалы нан пісірілгенін және Оның бай дастар-
хан басында отырып тамақ жегенін ешқашан естігенім 
жоқ және көрмедім де.
Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
зүһд түсінігі мынадай еді:
«Дүниеде зүһд дегеніміз халал нәрсені харам деп 
қабылдау және мал-мүлікті құрту емес. Негізінде зүһд 
 Аллаһтың қолындағысына өз қолындағысынан да артық 
сену, бір бәлеге кез болғанда (шығынға ұшыраған кез-
115. Бұхари, Зекет 4.
116. Әбу Дәуіт, Тәрәжжул, 2.
117. Ибн Мәжә, Әтиме 50.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет