ойланып жатпастан бірден тез жуып-шайып, жақсы әтірлерінен сеуіп,
орнына
апарып қойды.
Балалары үшінші күні де сол тірліктерін қайталады. Алайда әкелері бұл
жолы қатты ашуланды. Жатар алдында қылышын қолына ұстаған күйі пұтқа
барып: – Әй, Мәнаф! – деді, – Саған бұны кімнің істеп жүргенін
біле алмай
шаршадым. Енді мына қылышты ал да бұдан кейінгі уақытта өзіңді өзің қорға! –
деп қылышты әлгі пұттың қолына қыстырған күйі зор сеніммен үйіне қайтты.
Амр кеш бата ұйқыға кіріскенде балалары пұттың қолына қыстырылған
қылышты алып тастап, бұл жолы пұтты әлдеқашан
иістеніп кеткен иттің
өлексесімен қосып үй сыртына апарып, шұңқырға тастай салды.
Амр күндегі әдетінше ояна сала пұтын іздеді. Тағы да орнынан таппай
безектегей іздеген ол шұңқырда иттің өлексесіне бастырылып жатқан пұтты
көріп күйініп кетіп былай деді:
– Әй, осы сенің өз басыңды қорғай алмаған тәңірлігіңе болайын!
Егер сен
шынымен тәңір болсаң, бүйтіп ит-құстың өлексесімен бірге шұңқырда жатпас
едің ғой...
...Амр артынша мұсылмандықты қабылдады. Малын да, жанын да аямастан
балаларымен қоса өмір бойы Расулаллаһқа
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қызмет етті
[20]
.
Достарыңызбен бөлісу: