Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы



Pdf көрінісі
бет46/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Жан-жануарға жасалған жақсылықтың сауабы 
Әбу Хұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздан мына бір хадисті жеткізеді: 
«Бір жолаушы жолда кетіп бара жатып қаталап шөлдепті. Сөйткенше 
болмай алдынан бір құдық кездесе кетіп, су алып ішіпті. Су ішіп шыққаннан 
кейін қараса, шөлдегені сонша тілі аузына сыймай салақтап кеткен сонадай 
жерде жатқан итті көріпті. Ит өзінің шөлін қайтіп басарын білмей дымқыл 
топырақты жалап жатса керек. Мына ит те бағанағы мен құсап қатты шөлдеген 
екен ғой деп ойлаған жолаушы дереу қайта құдыққа түсіп аяқ киіміне толтырып 
әкеліп итке су беріпті. Жолаушының бұл жақсылығының Аллаһ тағалаға 
ұнағаны соншалық әлгі кісінің жасаған барлық күнәларын сол мезетте-ақ 
кешірген екен». 
Бұны естіген сахабалар: 
– Уа, Аллаһтың елшісі! Сонда мал-жануарларға жасаған жақсылық үшін де 
бізге сауап жазыла ма? – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 

– Көкірегінде жаны бар қандай жан-жануарға болсын жасалған 
жақсылықтың сауабы болады, – деп жауап берді
[25]

Қара қылды қақ жарған халифа! 
Әмауилік халифа Омар ибн Абдулазиз ел басқарған тұста әділдік пен кісі 
ақысын жемеу мәселесіне аса бір үлкен жауапкершілікпен қараған. Түндік 
жұмыстарына екі бөлек май шам пайдаланатын. Біреуі – мемлекеттік іс-
қағаздарға, екіншісі – өз жұмыстарына жарайтын. Өзі мемлекет басшысы бола 
тұра бір-ақ көйлекті қанағат тұтты. Өйткені дүниелік байлық – ол үшін қолдың 
кірі еді. 
Бірде жақындарының бірі Омар ибн Абдулазизға бір алма беріп жіберді. 
Алмасын қолға алып жай ғана бір иіскегеннен кейін Омар ибн Абдулазиз оны 
өзіне қайтарып берді. Сөйтті де алма әкелген адамға: 
– Беріп жіберген кісіге алмасын ала алмағанымды айтарсың, – деді. 
Таңырқаған әлгі кісі: 
– Бұл қалай? Пайғамбарымыз да өзіне жіберілген сыйлықтарды алмаушы ма 
еді? – деп сұрағанда халифа оған былай деп жауап берді: 
– Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жіберілген нәрселер таза сыйлық 
есебінде болатын, ал бізге келетін нәрселер пара есебінде беріледі... 


Әкімдердің айлықтарын кең-молынан төлейтін. Оның себебін былай деп 
түсіндіретін: 
– Әкімдердің айлық табысы неғұрлым жоғары болғаны дұрыс. Бұл олардың 
ештеңеден алаңсыз халықпен қоян- қолтық жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 
Бір күні түнде халифаның қасында қонағы бар еді. Бір уақытта май шамның 
майы таусылды. Екеуара мынадай бір әңгіме жүрді. Қонақ: 
– Қызметшіңізді оятайық, шамның майын құйсын, – деді. 
– Жоқ, қажет емес, оған екі жұмыс істеткім келмейді. 
– Онда, мен барып шамға май құяйын? 
– Жоға, қонақты жұмсау кісілікке жатпайды. 
Сөйтті де өзі тұрып май шамды жақты. Қайтып келген соң: 
– Мен барып май шамды жаққанда да Омар едім, қайта келіп отырғанда да 
сол баяғы Омармын ғой, – деді күлімсіреп. 
... Екі жарым жыл ел басқарған уақтында ислам әлемінде әділдікті ерекше 
үстем етті. Үлкен атасы Омар (р.а) секілді қара қылды қақ жарған өте әділ кісі 
болды. Алайда қырық жас шамасында көре алмаған бақталастары қызметшісін 
мың динарлық алтынмен жалдап, улап өлтірді. Қызметшісі өз кінәсін 
мойындаған кезде Омар ибн Абдулазиз ақшаны алып мемлекет қазынасына 
салып, өзін босатып қоя берді. Тіпті ел біліп қойса байғұсты өлтірер деп, оның 
қашып кетуі үшін жағдай да жасаған екен... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет