Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет35/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Қапастағы батыр 
Хазірет Омардың (р.а.) ел басқарған уақытында (хижри санақ бойынша 14 
жыл) ирандықтар мен мұсылман арабтар арасында атақты «Қадисия» соғысы 
жүріп жатқан болатын. Ол тұс мұсылмандардың қолбасшысы Саад ибн Әби 
Уаққастың (р.а.) денесіне сыздауық қаптап шығып, түрегеп тұруының өзі мұң 
болып қатты қиналған кезі еді. Ол сонда да басын жастыққа сүйеген қалпы 
арнайы орындық жасатып, әскерлерді ту сыртынан бақылап отыруды жөн көрді. 
Алайда дәл осы сәт әскерлер орналасқан жердің маңайындағы бір абақтыда 
Әбу Мыхжан деген өзі ақындығымен жұртқа танымал батыр кісі жатты. Кезінде 
шарапқұмарлығымен аты шартарапқа әйгілі болған ол тіпті бір өлеңінде: 
– «Жүзім бағы – менің көмілер мекенім, 
Сүйегімді де шараппен жуып өтемін», – деп жырлаған-ды. Оның абақтыда 
жату себебі – шарапты тым дәріптегендігі мен кейбір жасаған қателіктері еді. 
Маңайында аттардың дүбірлеген тұяқ үндерін естіген сайын Әбу 
Мыхжанның да соғысқа қатысқысы келіп делебесі қозды. Іле-шала Саад ибн 
Әби Уаққастың әйеліне өтінішпен былай деп тіл қатты: 
– Менің мына соғысқа қатысқым келіп тұрғаны. Маған Саадтың «Бәлка» 
деген сәйгүлігін беріп, мені мына абақтыдан уақытша босатсаңыз. Соғыстан 
аман-есен келсем, абақтыға өзім-ақ қайта кірейін, шынжырымды да қайта 
тағарсыз... 
Әуелде бұл өтінішті қабылдамаған әйел, Әбу Мыхжанның оқыған бір 
өлеңінен кейін-ақ оған айтқан жылқысын беріп, абақтыдан босатты. Әбу 
Мыхжан өз түрін адам танымастай етіп тұмшалап, соғыс майданына көз жұмып 
қойды да кетті. Дұшпан әскерін қорқытып, ойсырата соққы бергені соншалық, 
көрген жан оның бұндай жойқын күшіне қарап еріксіз «Бұл кім болды екен?» 
деген ойға қалысты. Кім екенін ешкімге сездірмей түн жарымына дейін дұшпан 
әскерімен жан аямай арпалысқан бұл жүрегі түкті батырға таңдана қараған Саад 
ибн Әби Уаққас маңайындағыларға: «Әбу Мыхжан абақтыда болмаса мынау нақ 
соның өзі болу керек, мінген аты да менің «Бәлкам» шығар, сірә», – деген еді. 
Әбу Мыхжан таң ата абақтысына оралып, шынжырын таққызды. 
Саад ибн Әби Уаққас қораға бас сұққанда, жылқысының қатты 
терлегендігін көріп, мәселенің мән-жайына қанықты. Әбу Мыхжанның ерлігіне 
тәнті болған Саад ибн Әби Уаққас артынша-ақ оны дереу абақтыдан босатты. 
Әбу Мыхжан да тәубаға келіп, өз қателіктері үшін кешірім тіледі
[17]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет