Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет48/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Баянсыз байлық 
Ел билеген халифа Харун Рашит пен ел арасында даналығы әрі 
діндарлығымен танымал Шақиқи Белхи әңгімелесіп отырса керек. Бір уақытта 
хазірет былай деп сұрақ қойыпты: 
– Ей, Халифа! Өзіңді ұшы қиыры жоқ бір шөлде жолсыз-жөнсіз адасып 
кеттім деп ойла. Шөл қысып өліп бара жатқан жайың бар. Сол кезде саған біреу 
келіп бір тостаған суық су сатпақ болса, қанша ақша берер едің? 
Халифа күліп: 
– Қанша қаласа да берер едім, – депті. 
– Ал сол бір жұтым су үшін ол сенің байлығыңның тең жартысын сұраса 
берер ме едің? 
– Берер едім.. 
Шақиқи «Расын айттың» депті де сөзін жалғастырыпты: 
– Ей, Халифа! Байлығыңның жартысын беріп жаңағы суды іштің, сөйттің де 
біраз уақыт жан шақырып өмір сүрдің дейік. Сәлден кейін-ақ ол суды сыртқа 
шығаруың керек болды. Бірақ сен қанша күш салғаныңмен зәр сындыра алмай 
қатты қиналып өлетін жағдайға жеттің дейік. Дәл сол кезде алдыңнан біреу 
шыға келіп «Мен сені бұл дерттен емдеп жазамын, ол үшін сен маған 
байлығыңның қалған жартысын бер» десе, не істер едің? 
Халифа ойланбастан: 
– Әрине, разы болып беруден басқа амалым қалмас еді, – депті. 
Дәл осы сәтті күткендей Шақиқи Бәлхи сол кезде: 
– Олай болса, уа, барша иесі мұсылман қауымының басшысы! – депті оған 
өмірлік ғибратты сабақ ұқтырмақ болып, – алдымен ішіп, артынша зәр ғып 


сыртқа шығарған бір жұтым су құрлы құны жоқ байлығыңа сеніп ешқашан 
астамсып дандайсыма! Дүние-мүлкіңді айтып ешкімге де мақтанба! 
Иә, өзімен бірге көрге ала кетпейтін байлыққа адам ешқашан сенбегені 
жөн. Тырбаңдап өмір бойы жинаған дүние-мүлкінен әп-сәтте-ақ айрылып 
қалуы ғажап емес. Жердің бір сілкінгені-ақ небір елді мекенді жермен-жексен 
етіп, топыраққа көміп тастап жатқан жоқ па?! 
Харун Рашит пен қария 
Харун Рашит уәзірі екеуі халыққа білдірмей жай киімдерін киіп, ел ішін 
аралап жүріп құрма ағаштарының көшетін отырғызып жатқан бір қарияға 
жолығыпты. Амандасқаннан кейін араларында мынадай әңгіме өрбіпті. 
– Аллаһ тағала қолыңыз қуат берсін! Қария, мына істеп жатқаныңыз не? 
– Құрма ағашының көшеттерін отырғызып жатырмын. 
– Ал бұл егіп жатқан құрма ағаштарыңыз қашан гүлдеп, қашан жеміс бере 
бастайды? 
– Е, кім білсін енді оны, мүмкін жиырма жылдан кейін үлкейіп жеміс бере 
бастайтын шығар. 
– Ол кезге өміріңіз жетіп, жемісін көре алар ма екенсіз? 
– Мына қартайған қалпымда көре алмайтын шығармын. Бірақ бізге 
дейінгілердің жемісін біз жедік қой, біз де бізден кейінгілердің қажетіне 
жарасын деп құрма көшеттерін отырғызып жатырмыз. 
Қарияның бұл жауабына тәнті болған Харун Рашит қалтасынан бір кесе 
алтын алып, қарияға ұсынады. Қария Аллаһқа шүкіршілігін білдірді де 
артынша: 
– Отырғызбай жатып ағаштарымның жеміс бергені қызық болды-ау.., – деді. 
Бұл сөзді естігенде Харун Рашит оған тағы да бір кесе алтын береді. 
Әуелдеп Аллаһқа шүкір еткен қарт бұл жолы да күлімсіреп былай дейді: 
– Елдің отырғызған көшеттері жылына бір-ақ рет жеміс берсе, менікі әу 
дегеннен екі рет жеміс берді... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет