өмір бойы дүниенің соңына түседі екен. Сондықтан дүниелік ештеңені де
қумайтын болдық, – деп жауап беріпті.
Зұлқарнайн (а.с.):
– Ал мына қабірлеріңізді қалай түсінуге болады? Оны неге өздеріңіз қазып,
құлшылықтарыңызды неге сонда жасайсыздар? – деп сұрапты.
Басшы:
– Бұны да дүние қуып кетпеу үшін әдейі істедік. Қабірді көргенде өлім
есімізге түседі де дүниелік не нәрсе болсын бірден бас тартамыз.
Зұлқарнайн (с.а.) соңғы сұрағын қойыпты:
– Неге көкөніспен ғана қоректенесіздер? Мал асырап, еті мен сүтін
пайдалансаңыздар болмай ма?
Басшы:
– Асқазанымыз тірі малға мазар болмасын дедік. Сондықтан көкөністермен
тіршілік етеміз. Өңештен өткен соң қайсысының болсын нәрі бір емес пе? – деп
жауап берген еді...
Иә, халқымыздың «Байлық –
алақандағы мұз, жұмсаң еріп кетеді» деуі
тегін бе?!
Достарыңызбен бөлісу: