Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет71/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Жабылмайтын жалғыз есік 
Бұрынырақта өмір сүрген бір ханның әдемі бақшасы болса керек. Небір 
алуан түрлі хош иісті гүлдерге толы бұл бақшаға бір күні хан келіпті. Өйткені 
бақша күзетшісінің әйелі ажарлы екен. Келе сала бақша күзетшісін бір жұмысты 
сылтауратып жұмсап жіберіп, хан бірден оның әйеліне көзін қадап: 
– Бар да бақшаның барлық есіктерін жауып кел. Бір де бір есік ашық 
қалмасын, – дейді. 
Алайда бақша күзетшісінің әйелі ажарлы ғана емес, ар-ұятты білетін өте 
ақылды да еді. Әйел бірден ханның жаман пиғылын сезеді. Есікті жаппақ болып 
кеткендей бір ағаштың артында сәл тұрып келгеннен кейін ханға қарап: 
– Хан-еке! Есіктердің бәрін де жаптым, алайда бір есікті жабуға әлім келер 
емес. Қанша тырыссам да жаба алмадым, – депті. 
Хан: 
– Ол қай есік? – деп сұрапты таңырқап. 
Сонда дәл осы ұрымтал тұсты күтіп тұрған әйел оған: 
– Ол есік – Аллаһ тағаланың өз құлдарының не істеп, не қойып 
жатқандарын түгел көріп тұратын «Басир» (көруші) есігі еді, – депті ханды 
ойлантпақ ниетпен. 
Бұны естігенде төбесінен біреу қос қолдап тұрып бір қойғандай, есін жиып 
ала қойған хан дереу әйелден кешірім сұрап, Аллаһ тағаланың алдында тәубаға 
келіпті. Екінші рет ондай жаман ойға бармас үшін дереу Аллаһ тағаланың 
сүйікті құлдарының біреуінің қасына барып, имани ислами дәрістер ала 
бастапты. Көп өтпей-ақ әлгі хан Аллаһ тағаланың сүйікті құлдарының қатарына 
қосылса керек. 
Енжарлықтың емі 
Ертеде бір ханның жар дегенде жалғыз баласы болыпты. Хан баласы 
туғаннан не ішем, не кием демегенмен сондай бір еңсесін басқан көңілсіздік пен 
өмірге деген енжарлықтан арыла алмаса керек. Баласының қашан болсын 
салғырттығы мен бойкүйездігін байқаған әкесі хан елдегі ең данышпан деген 
кісіні шақыртып, оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң 
тапсырыпты. 
Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай басы шарадай болып 
шарасыз күйге түскен данышпан қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба 
алмаса керек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу үшін алыс елге 
қашып кетуді ұйғарыпты. 
Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жеткенде, қой жайып жүрген 
бір балаға кездесіпті. Бала әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды 
ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз малдарыма қарап беріңізші? – 


деп жатып кеп өтініпті. Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп, 
өрістегі малдарға қарап қалыпты. 
Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір лақ байқаусызда тереңірек 
бір жыраға түсіп кетіпті. Малға қарап отырған данышпан өзіне табыстап 
кеткеннен кейін ұялғандықтан жыраға түсіп, әлгі лақты алып шықпақ болып 
әрекет жасай бастапты. Лақты жырадан сыртқа алып шығу оңайға соқпапты. 
Көп әуреге түсіп жүріп, өзінің жүрегі аузына тығылып қашып келе жатқанын, 
еңсесін басқан зіл уайымды, патша әмірінен қатты қорыққандығын – бәрін де 
ұмытып кетсе керек. Ақыр соңында ақ тер, көк тер болып, лақты арқасына 
байлап жатып әрең сыртқа алып шыққан данышпан бұл әрекеттен өмірдің бір 
шындығына көз жеткізгендей болыпты. 
Қойшы бала тамағын алып ауылдан шауып келгенде, малын өзіне 
табыстаған данышпан дереу еліне қайтыпты. Келе сала патша ордасына ат 
басын тіреп: – Мен сіздің балаңыздың емін таптым, – депті қуанғаннан жүрегі 
жарыла жаздап. 
Патша маңайындағы уәзірлердің бәрімен даныш-панның сөзіне құлақ 
қойғанда, ол өз емін: 
« – Тақсыр, балаңызды бойкүйездік пен енжар-лықтың шырмауынан 
арылтатын бірден-бір тәсіл – оған жауапты бір жұмыс тапсыру. Балаға жүктер 
істің жауаптылығы неғұрлым көбірек болған сайын баланың да өз бойындағы 
бойкүйездіктен соғұрлым арылары сөзсіз. Балаңыздың салғырттық пен 
болбырлыққа салынуы жұмыссыздық пен қолы бостық салдарынан. Балаңыз 
берілген жұмысты қолға алып, өзінің сол жұмысқа деген жауапкершілігін сезіне 
кіріскен кезде уақыт та сондық жылдам өтіп, оның өмірге деген қызығушылығы 
мен құлшынысы да арта түседі, – деп өмірден алған сабағын қорытқан екен..». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет