Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет72/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79
Әділ би 
Бір күні бір кісі базарға барып жылқы сатып алыпты. Үйге әкеліп қараса
сатып алған аты ауру екен. «Қой, бұны тез апарып иесіне қайтып өткізбесем 
болмас» деп жолға шыққанда, ойына алдымен төреші биге соғу түсіп, мән-
жайды түсіндіріп, куәландырып алмақ болыпты. Алайда биге барғанмен ол күні 
биді өз орнынан таба алмай кеш батып кетіп, ат жайы келесі күнге қалыпты. 
Келесі күні қараса, ауру ат өліп қалыпты. Содан биге барып болған жайды тегіс 
баяндапты. Би әлгі адамның әңгімесін тыңдап болғаннан кейін: – Сенің 
атыңның ақшасын мен төлеп беремін, – депті. Таңғалған ат иесі: – Неге сіз 
төлеуге тиіссіз? Бұл жерде сіздің ешқандай кінәңіз жоқ қой? – дегенде, би: – 
Қалайша менің кінәм жоқ, сен алған аттың ауру екенін біле сала кеше мені 
іздедің, ал мен өз орнымда отырғанымда, онда барып атты сатқан иесіне 
қайтартып, ақшаңды алып берер едім. Мені кеше таба алмауың себепті сен бүгін 
осындай күйге түсіп қиналып отырсың. Сондықтан бұл жердегі үлкен кінә – ол 
менде, сол үшін де өз кінәмді мойындап, өлген аттың ақшасын мен төлеуім 
керек, – деп түсіндірген екен. 
Тура би қашанда туралығын көрсетпек. 
Жеті ғасырлық насихат 
Төмендегі жазу – атақты ислам ғалымы Шейх Әдәб-Алидың насихаты. 


Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге 
ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан, 
өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт. 
«Балам, таң қылаң бере туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар 
болады. 
Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-қуатпен пен ақылыңды қалай 
өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту 
керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз 
жапырақ кейпіне түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп 
ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің 
өз қолыңда болсын. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі 
де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны 
даусыз. 
Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін 
ұмытпа! 
Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да 
қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді 
көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме. 
Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен 
айрыларсың. 
Үш кісіге жаның ашысын: 
Надандар арасындағы ғалымға, 
Байлығынан қол үзген кедейге, 
Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге. 
Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра 
алмайтындығын ұмытпа! 
Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет