ауыр тиген нәрсенің балмұздақ екенін байқату мақсатында: – Балақай, қане айта
қойшы, әкеңді қаттырақ жақсы көресің бе әлде балмұздақты ма? – деп
сұрағанымда, бала еш ойланбастан: – Балмұздақты, – деп жауап берген еді.
Иә, бала небәрі 3-4-ақ жаста. Ол жақсы көрген нәрсесіне көзсіз құлай
берілудің кейде зиянды болатынын білмейтін. Сондай-ақ, балмұздақты емес
өзіне ерекше қамқорлық көрсетіп, оның бар жағдайын жасап отырған әкесін
жақсы көру керектігін, өзінен ештеңесін аямайтын әкесінің балмұздақпен
ешқашан салыстыруға келмейтін теңдессіз тұлға екендігін әлі ұғына қоймаған
жаста еді. Тек қана балалық әнтек сезім шеңберінен аса алмаған күйде солай
жауап берген еді.
Ал біздер ше, үлкендер?! Көбінесе әлгі әлі ештеңенің байыбына бара
қоймаған, ана сүті аузынан кеппеген кішкене баланың кейпіне еніп, бізді шексіз
нығметтерге бөлеп, ризық-несібемізді молынан үлестірген құдіреті күшті Ұлы
Жаратушымызға шүкір етіп, сүйіспеншілікпен қарап, ерекше бір ықылас-
пейілмен Соған бетбұрудың орнына Оның пәрменіндегі ойыншық іспетті дүние
тіршілігін көбірек жақсы көріп жүрген жоқпыз ба? Зиянды екенін біле тұра бір
тұтам дүние тіршілігіне бар ынта-шынтамызбен құлай беріле кірісетініміз
соншалық, Ұлы Жаратқан алдындағы құлшылығымызды да қаперге ілмей
жүрген жоқпыз ба?!
Әй, бұл пендешілікті қойсайшы?!
«Байлық-алақандағы мұз, бақ-басқа қонған құс. Бірі-еріп кетер, бірі-ұшып
кетер» деген даналар сөзі не деген мағыналы айтылған десеңізші?!
Достарыңызбен бөлісу: