Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет77/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79
Темір шыбық 
Мектепте сабақпен қатар тәлім-тәрбие мен ұлттық мәдениетке де жеткілікті 
деңгейде көңіл бөлінгенде ғана рухы мықты, тәрбиелі азаматтар өсіп шығары 
сөзсіз. Тәлім бөлек, тәрбие бөлек. Адамдардың көпшілігінің қолынан мұғалім 
болу келгенімен тәрбиеші болу келе бермейді. 
Айдар ағай Ержан ағайға қарап: – Тағы да қашыпты, – деді, – Бұған дейін де 
талай мәрте ескерткенбіз. Ешқандай сөз өтпейді. Міне, мынау үшінші рет болып 
отыр. 
– Сонда бұлар неге қашады? – деп сұрады ол. 
– Білмеймін. Тәрбиеге көнбей өз беттерінше өмір сүргілері келеді. 
– Бұрын қалай ұстап едіңіздер? 
– Бір жолы автобус бекетінен ұстап әкелдік. Екінші рет қашқанда парктегі 
орындықта ұйықтап қалыпты. Біздегі тәрбиенің қатал, түнге қарай оқушыларға 
бейсауыт көшеге шығуға болмайтындығын жақсы білетін маңайдағы полиция 
қызметкерлері көріп қап әкелген болатын. 
...Үшеуі тағы да мектептен қашуды жоспарлады. Олар бұл жолы пойызбен 
қашпақшы болды. Билет алуға кассаға жақындағанда, кассирші әйел бұлардың 
«тегін еместіктерін» сезіп: – Бұл жер өте қауіпті. Билеттерің мен ақшаларыңды 
маған бере тұрыңдар, пойыз келгенде өздеріңе қайтарып беремін, – деп алдады. 


Сеніп қалған оқушылар сөзге келместен, оған билеттері мен ақшаларын берді. 
Кассирші әйел дереу бекет полициясын шақырып алып, әлгі оқушылардың қай 
мектептен екендіктерін білуді әрі сол мектепке хабарлауды тапсырды. 
Балалардың қастарына барып, кішкене әңгімеге тартып, олардың қай мектептен 
екендіктерін білген полиция қызметкері бірден жатақханаға телефон соқты. 
Айдар ағай мәшинесіне отырып, пойыз жүрмей тұрып дереу келіп үлгерді. 
Оқушыларды алып жатақханаға келді. Осы жолы жақсылап тұрып сыбағаларын 
бермекші. Өйткені бұған дейін де талай мәрте ескертілген. Жатақханаға 
жақындағанда мектеп директоры алдарынан шықты. Айдар ағай оқушыларды 
өзі жазалаудан бас тартып, мән-жайды түгелдей мектеп басшысына баяндады. 
Ол бірден: – Айдар, – деді, – маған үш темір шыбық әкелші, қазір сабағым бар, 
сабақтан кейін мына үшеуі сыныпқа келсін. Сен бар да мен айтқандай үш темір 
тауып кел! 
Айдар ағай кетіп бара жатып «Ой, сұмдық! Үш темірі несі, ағаш емес қой ол 
сынып қалатын. Бір ағаш таяқ та жетпей ме?!» деп ойлады, артынша «Әй, бір 
білгені бар шығар?!» деп айтқанындай үш темір іздеуге көшті. 
Аздан кейін үш темір шыбықты да тапты. Директор да сабағын бітірді. Үш 
оқушының көздері шарасынан шыға қатты қорықты. Операция алдындағы ауру 
адамдай тізелері қалтырап, жүректері аузына тығылды. Директор бұларға қарап: 
– Жүріңдер, – деді қатуланып, – кіріңдер ана сыныпқа! 
Бәрі бірдей сыныпқа кірді. Алайда мектеп басшысы еш күтпеген оқыс 
қимыл жасады. Қасындағы ағайға қарап: 
– Әй, Айдар, – деді, – шеш үстіңдегі жейдеңді. Мен де шешем. Ал сендер 
мына үш темірді алыңдар. Таяқты сендер емес, сендерге жақсы үлгі-өнеге 
көрсете алмаған, сендерге осы уақытқа дейін тәрбие бере алмаған біз жеуіміз 
керек. Таяқ жеуге сендер емес, қайта біз көбірек лайықпыз. Егер біз сендерге 
тәрбие бере алғанымызда сендер жаман жолды қаламаған болар едіңдер. Ал 
ұрыңдар мына жалаңаш арқамыздан! 
Сыныпқа кірерде зәрелері қалмай қорыққан оқушылар еш күтпеген 
мынадай жағдайға тап болғанда естері шыға жалынып кешірім сұрасты: – Бізге 
не істесеңіздер де өз еріктеріңіз, тек өтінеміз кешіріңіздерші, екінші рет 
қайталамаймыз! – десті жылап. 
Мектеп директоры іштей бұл іске шындап бекінген болатын, дегенмен 
оқушылардың көздерінен жас мөлтілдеп шынымен жалынып кешірім сұрап 
тұрғанын көргеннен кейін барып райынан қайтты. Оқушылар да екінші мәрте 
қашуды сап тыйды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет