Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Наурызбай БАйҚАДАМОВ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда 
облыстық филиалы төрағасының 
бірінші орынбасары, тарих 
ғылымдарының кандидаты.
***
Елбасының 
бүкілхалықтық 
идеологиясынан 
бастау 
алған 
Қазақ  хандығының  550  жылдығы 
Қазақстанның 
барлық 
жерлерінде, 
қалаларында  тойланып,  түрлі  іс-шаралар 
ұйымдастырылуда. Айтулы мерекені атап 
өту егемен Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет 
ретінде  қалыптасып,  өзінің  сая си  өмірін 
айқындағанын көрсетеді. 
Еліміздің  көркеюі  жолында  Елбасы  – 
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 
теңдесі  жоқ  зор  үлес  қосты,  бүгінгі 
жеткен  мәдени  жетістігіміз  осының 
куәсі.  Елбасының  арнайы  Жарлығымен 
Қазақстан  Республикасының  мәдени 
саясатының  тұжырымдамасы 
қалыптасты.  Осының  шең-
берінде  тарихымызды,  мәдени 
мұраларымызды 
түгендедік, 
соңғы  10  жылдың  ішінде 
мұражайларымыздың 
саны 
екі  есе  өсіп,  2  млн.-нан  аса 
жәдігерлермен 
толығыпты. 
Театрлар  30  пайызға,  ал 
кітапханалар 
20 
пайызға 
артып,  ашық  аспан  астындағы 
тарихи 
ескерткіштеріміз 
әлемге  танылып,  ЮНЕСКО-
ның  жобасына  кірді.  Арнайы 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы 

20
хАЛЫҚТЫҢ ҚАДІР ТҰТҚАН БАР АсЫЛЫ – 
АсТАНАДА кӨЗ ТАРТТЫ жАРАсЫМЫ
Қыркүйектің  12  күні  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақ  хандығының  550  жылдығына  орай,  Астанадағы 
«Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болып, елорда тұрғындарымен және қала қонақтарымен әңгімелесті. Сондай-ақ, 
барша Қазақстанның халқын мерекемен құттықтап, игілік пен бақ-береке тіледі. Биыл қазақ жұртын, қа зақ стандықтарды 
қанаттандырған айтулы оқиғалар легі Отанымызда аз емес. Олардың екеуін ерекше бөліп айтар болсақ, бірі – тәуелсіз елдің 
түп тамырын түгендеуге жол ашқан Қазақ хандығының 550 жылдығы болса, екіншісі – ақиық Айдын Айымбетовтің ғарышты 
бағындырып, кіндік қаны тамған киелі топырағына табан тигізіп, еліміздің еңсесін биіктеткен еді. Ұлы Дала ұрпақтарының 
рухын көтеріп, өткен бабалар жолын танып-білуге арналған басты мәдени шараға келер болсақ, ол елорда төрі саналатын 
«Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда үш күн бойы жалғасын тауып, халықтың ерекше ілтипатына бөленуі болды. 
Онда арғы-бергі кезеңдерді, елі мен жерін қорғаған хас батырларды, ақылды би, алымды азаматтарды бейнелеген көріністер – 
ұлтымыздың қадір-қасиетін көз алдымыздан өткізді. 
Осындай  төрт  құбыламызды  түгендеген  игілікті  іске  Ота нымыздың  барлық  өңірлері  дерлік  атсалысқанын  айтуға 
тиістіміз.
Астананың әдемі әдебі
  Этноауылдың  кіре  берісінен  орын  тепкен 
астаналықтар  үш  үй  тігіп,  онда  халқымыздың 
әдемі  дүние лерін  жұрт шылыққа  көрсетті.  Әсіресе, 
Қазақстан 
халықаралық 
бағдарламаларының 
бітірушілер қауымдастығы қойған әдемі жәдігерлер, 
ұлттық  оюмен  өрнектеліп,  шынымен  әспеттелген 
үстел, ат әбзел  дері жұртшылықтың ерекше назарын 
аударды. Кәсіпкер Майра Сұлта нованың айтуынша, 
елордалықтар айтулы мерекеге бабалар мұрасын әр 
қырынан көрсетуді мақсат етіпті. 
Ал  қолөнер  шеберлерінің  қолынан  шыққан 
дүниелерге  сұраныстың  аз  емес  екенін  айқын 
аңғаруға  болады.  Еліміздің  барлық  өңірлерінен 
келген  азаматтар  секілді  біздің  елордалықтар 
да  барлық  мүмкіндіктерді  қарастыра  отырып, 
келушілерге  қызмет  көрсетуде.  Екі  үлкен  сахнада 
алма-кезек  әннен  шашу  да  шаштық,  дейді  Астана 
қаласы  Мәдениет  басқармасының  басшысы 
Б.Мажағұлов. 
көкшенің көркем көріністері
 Ақмола облысы тіккен үш үй және екі 
жартылай киіз үйден тұратын этноауылдың 
төріне 
Абылай 
ханның 
орынтағы 
қойылыпты. Хан бейнесіндегі Ш.Құсайынов 
атындағы облыстық қазақ музыка драмалық 
театрының  әртісі  Жарас  Қалдаровқа 
келушілердің ілтипаты ерекше болды. Оның 
орынтаққа отырған бейнесі Абылай ханның 
айбарлы болғанын аңғартқандай. Осы арада 
ойымызға  қазақтың  атақты  тарихшысы 
Б.Бекмахановқа қамқоршы болған академик 
А.Панкратованың  өзгелердің  ханы  мен 
батырлары секілді қазақтың да теңдессіз хан, 
батырлары  болғанына  күмәнданбайтыны 
туралы  пікірі  ойға  оралды.  Шынында, 
тарихымызды  түгендеп,  елдігімізді  танып-
білу  жолындағы  осы  мереке  ұлтымыздың 
небір  ұлыларын  әр  қырынан  танытқаны 
анық.  Көкшенің  көрікті  табиғаты,  киізден 
жасалған  кілемдер,  жиналмалы  жүк 
аяқтар, ұлттық аспаптар – бәрі де көңілдің 
көкжиегін кеңейтті. 
Ұлттық  дүниелер  жасау  шебер лерінің 
басын біріктірген «БЛЭК» ЖШС бұйымдары сан түрлі. Оның жетекшісі Юрий Никитенко: «Бұл дүниелерді сатуға шығарамыз. Соған 
қарағанда, ұлттық құндылық қай дәуірде де сұранысқа ие бола беретініне менің сенімім мол», дейді. Әсіресе, ел тарихына арналған 
том-том кітаптарды бөле айтуға тиістіміз. Олар Абылай хан мен Кенесарыға, Біржан сал мен Ақан серіге, Үкілі Ыбырай мен Балуан 
Шолаққа,  арғы  дәуір  батыры  Бөгенбайға,  кешегі  Талғат  Бигелдиновке,  Сағадат  Нұр мағамбетовке,  Рахымжан  Қошқар баевқа,  Мәлік 
Ғабдуллинге арналыпты. Бір сөзбен айтқанда, облыс жұрты елорданы ұлттық дүниелермен тәнті етіп, өнер туындыларымен тәнті етті. 

21
Алматы тартуы айшықты
  Алатаудың  баурайындағы  алма ның  атасы  атанған 
Алматы  жұрт шылығы  айтулы  мерекеге  өзін дік  тарту-
тарал   ғыларымен  келіпті.  Батыр  бабаларымыз дың 
қарулары на  арналған  көрме нің  өзіне  бір  қазақ  үйді 
бөліпті.  Батыр  киетін   сауыт тың  түр-түрі  қойылып ты. 
Айбалта, жебе нің түрлері, бөрілі байрақ, семсер, қалқан 
–  осылай  жалғасып  кете  береді.  Бұл  құн дылықтардың 
иесі ағайынды Махмұт, Айтберген, Мұхит Жетенұлдары. 
Екінші үй «Хан ордасы» деп аталады. Онда әр дәуірлерді 
елестететін  әр  алуан  жәдігерлер  қойылыпты.  Қолөнер 
шеберлерінің зергерлік бұйымдары да зейініңді аударады. 
Қаумалаған  халықтың  ерекше  ілтипатына  бөленген 
«40  батыр»  атанған  жігіттер  еді.  Біз  оларды  әңгі меге 
тартқанда,  өздерінің  «Арлан»  театрын  құрып,  сонда 
ұлттық үлгіні жұртқа жеткізіп жүргендерін, жетек шілері 
Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының доценті Мү-
сі лім Жұмағалиев екенін айтты. Әлішер Әукенбаев пен 
Алмас Қалиулин араларындағы ең ұзын бойлы жігіттің 
бойы – 2,15 метр болса, өздерінікі 2 метрден асатынын, 
ең  қысқа  деген нің  өзі  1,87  метр  екенін,  алуан  түрлі 
кәсіппен  айналысып  жүрсе  де,  өзде рін  біріктірген  ұлт 
руханияты екенін алға тартады. 
жетісу жәдігерлері
Елордадағы  атаулы  күнге  Алматы 
облысы жиырма адамнан жасақталған ресми 
делегация,  облыстық  филармонияның 
102  әртісі,  14  сахна  саңлақтары  келіпті. 
Бөлінген  орынның  кіребе рі сіне  «Алтын 
адам»  ұстыны  және  музей  жәдігерлері, 
Еңбекшіқазақ  аудан дық  «Жеті  қазына» 
құсбегілік  орталығының  қырандары  мен 
құмай  тазылары  жұртшылықтың  ерекше 
назарын  аударды.  Қара сай  ауданының  20 
қанатты қазақ үйі, Іле ауданынан әкелінген 
500-ден  аса  жәдігерге  де  қызығушылар  аз 
болмады.  Мүсіншілер  Б.Құ сайынов  пен 
Ш.Төлешевтердің  туындылары  да  көз 
тартып тұрды.
Концерттік бағдарламаларда жыршылар 
мен термешілер арғы дәуірдің өнер туындыларын бүгінгі дүниелер   мен ұштастырды. Қазақстанның халық әртісі Алмахан Кенжебекова 
Қазақ  хандығының  550  жылдығы  жұртымызды  ерекше  серпілткенін,  сергіткенін,  «Қазақ  елі»  алаңындағы  ұлттық  құндылықтар 
халқымыздың сегіз қырлы, бір сырлы жұрт екенін көрсетіп отыр деген байламын атап айтты.
Ақтөбенің мерекеге үлесі қомақты
Астана қаласында өтіп жат қан еліміз үшін ерен, халқымыз 
үшін  қадір лі  де  қасиетті  Қазақ  хандығының  550  жыл дық 
мерейтойын  мерекелеуге  ақтө бе ліктер  өзіндік  үлес  қосып, 
салтанатты  сәттің  ажарын  ашуға  атсалысты.  Ақтө беліктер 
«Қазақ  елі»  монументі  ала ңына  келушілерге  «Елдіктің 
сәні,  ұлты  ның  жаны  –  Қазақтың  хандығы»  атты  мә дени 
бағдарламасын ұсынды. Мере келік шараларға облыстан 100-
ге жуық шы ғар машылық қызметкерлері қатысты. 
Ақтөбеліктерді  елордадағы  айтулы  мерекеге  облыс 
әкімінің  орынбасары  Сара  Нұрқатова  бастап  келіпті. 
Облыс  атынан  бой  көтерген  этноауылда  үш  киіз  үй  тігіліп, 
олардың  айналасына  ақтөбелік  мүсіншілердің  Әбілқайыр 
хан,  Қобыланды  батыр  мен  Құртқаның,  Тай бурылдың 
мүсіндері  және  темір   ден  дәне керлеу  тәсілімен  жасалған 
«Қош  келдіңіздер»,  «Садақшы»,  «Тотем»,  «Шаман»  атты 
композициялар қойылған. 
Этноауылға  келушілерге  облыс    тық  «Алақай»  қуыршақ 
театрының  «Кемел  елдің  керуені»,  «Алдар  Көсе»  театр-
ландырылған көріністері ұсы ны  лып, ұлттық ойындар ұйымдас ты рылды. 
Белгіленген бағдарлама аясында өңір дің кәсіби өнер ұжымдары – «Аққу» би ансамблі, «Арайлы Ақтөбе» және «Достық сазы» 
фольклорлық ансамбль дерінің, Ғ.Жұбанова атында ғы облыс тық филармонияның жеке  со лис   терінің, облыстық Достық үйі жанын  -
дағы этномәдени бірлестік тер дің шы  ғар  машылық ұжымдары  концерт берді. 

22
Асыл мұраны көрушілерде есеп жоқ
Астанадағы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Атырау өлкесінен 
облыс  әкімінің  орынбасары  Шыңғыс  Мұқан  бастаған  өңірдің  зиялы  қауым  өкілдері, 
тарихшылары  мен  әдебиетшілері  келіпті.  Мереке  барысында  облыстың  Д.Нұрпейісова 
атындағы  академиялық  халық  аспаптар  оркестрі,  Н.Жантөрин  атындағы  облыстық 
филармония  ұжымдары  мен  облыстың  маңдайалды  әншілері  өнер  көрсетті.  Сонымен 
бірге,  мерейтойлық  шарада  Атырау  облысы  тарихи-өлкетану  және  Шаймардан  Сариев 
өнер мұражайларының қорындағы 300-ге тарта тарихи жәдігерлерінен құралған көрме 
ұсынылды. 
Ал өзіндік сән-салтанатымен тігілген киіз үйдің алдына орнатылған «Алтын киімді 
адам» мүсінін көрушілерде шек болмады. 
«Бұл  сонау  біздің  дәуірімізге  дейінгі  ІІ  ғасырға  тән  асыл  мұра  облыстың  Жылыой 
ауданындағы Аралтөбе қорғанынан табылғанын ел біледі. Сондықтан да бұған ерекше 
назар  аударып,  білгісі  келгендерге  мән-жайды  түсіндірудеміз»,  деді  Атырау  облысы 
тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Рашида Харипова. 
Бағдарламалары ауқымды аймақ
Батыс  Қазақстан  облысының  мәде ниет,  мұрағаттар  және  құжаттама  бас қар масының 
басшысы  Дәулеткерей  Құсайы новтың  айтуынша,  мерейлі  мерекеге  қатысу  үшін  Астанаға 
Ақжайықтан  үлкен  делегация  келіпті.  Ақжайық  –  о  бастан  ән  мен  күйдің  мекені.  Сондықтан  да  батыс қазақ станық  өнер  шеберлері 
Қазақ  хан дығының  550  жылдығына  орай  Астана 
жұртшылығына  кең  ауқым ды  тақы рыптық 
концерттік бағдарлама әзірлеп әкелген. Оның ішінде 
хандықтың  ал дыңғы  тарихы  мен  дәуірлеу  дәуірін 
және кейінгі кезеңін бейнелейтін театрландырылған 
көріністердің  орны  айрықша.  Тарихи  танымдық 
тұрғыдағы 
бұл 
көріністердің 
шындықпен 
суарылуына өңір тарих шыларының қосқан үлестері 
қомақты. 
Дәл осындай тұжырымды сарматтар дәуірінен 
сыр  шертетін  «Алтын  ханшайым»  бейнесіне 
қатысты  айтуға  да  әбден  болады.  Тақсай 
археологиялық  қазба  орнынан  табылған  «Алтын 
хан шайымның»  көз  тартарлық  киім  үлгісін, 
оның  қайталанбас  бекзат  бітім-бол мысын  қызыға 
тамашалаушылар  аз  емес  екеніне  де  куә  болдық. 
Соны мен  бірге,  батысқазақстандық  қолөнер 
шеберлерінің  туындылары  да  жалпы ұлттық 
көрменің бел ортасынан орын алды. Атап айтсақ, 
елордалық  талғам паз  көпшілік  алдында  «Орал 
сазы» фольклорлық ансамблі, облыстық Қазақ драма театры, Х.Құрманғалиев атын  дағы филармония ұжымдары өнер  лерін көрсетсе, 
облыстық халық шығар  машылығы орталығы қолөнер шебер лері мен облыстық тарихи-өлке тану мұражайы өз туындыларын тарту етті. 
Татулық символына айналған той
Қарағанды облысы төрт киіз үй, бір хан арбасын, сонымен қоса, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің туындыларын әкеліпті. 
Мерекелік шара бағдарламасына сәйкес, берілген орын мұражай жәдігерлерімен толықтай қамтылыпты. 
Айта  кетейік,  Қарағанды  облыстық  тарихи-өлкетану  мұражай  экспозициясы  бірнеше  тақырыптық  залдарға  бөлінген.  Соның 
бірі  «Сақ  мәдениеті»  залы  Қарқаралы  ауданындағы 
Талды-2 обасы қорғандарын зерттеу барысында табылған 
археологиялық  табыстар  негізінде  ашылған.  Мұнда 
Сарыарқаның  «Алтын  адамы»  көрсетілген.  Экспедиция 
нәтижесінде  көшпелі  элита  өкілдерінің  көмілгендігінен 
хабар беретін 200-дей алтын бұйым, ерте сақ мәдениетінде 
аң  стилімен  жасалған  22  мыңнан  астам  ұсақ  әшекей 
табылған. 
Осындай тың мәліметтер берген Қарағанды облысының 
Мәдениет,  мұрағаттар  және  құжаттама  басқармасының 
жетекшісі  Еркебұлан  Мәлікұлының  айтуына  қарағанда, 
бұл өзге облыстармен тәжірибе алмасып, қарым-қатынас 
жасауға мол мүмкіндік беретін көрінеді. 
киіз үйі көрнекі өңір
Қазақ  хандығының  550  жылдығына  арналған 
мерекелік  шара  «Қазақ  елі»  монументі  алаңында  өткені 
белгілі. Қаздай тізілген киіз үйдің біріне біз де бас сұқтық. 

23
Маңдайшаға:  «Қостанай  облысы»  деп  жазылыпты. 
Жан-жақты  барлай  қарап,  біраз  дүниелерді  қызық-
таған  соң,  Жангелдин  ауданы,  Торғай  мұражайлар 
кешенінің  директоры  Гүлбану  Күлетқызын  сөзге 
тарттық. 
Әуелі  барша  қазақстандықтарды  айтулы 
мерекемен  облыс  атынан  құттықтап  алған  ол 
тойға  әкелген  арнайы  тарту-таралғысын  тізбектей 
жөнелді.  «Қостанай  облысынан  200-дей  адам 
келді.  Бәрі  шетінен  өнерлі.  Ал  этно-ауылға  8  және 
12  қанаттан  тұратын  3  киіз  үй  тігілді.  Онда  «Хан 
ордасы»,  этнография  жабдықтарымен  қоса,  қазақ 
халқының  дәстүрлі  қолөнер  және  теріден  жасалған 
бұйымдары  қойылған»,  –  дей  келе,  киіз  үйді  тек 
біздің  мұражайларымыз  бен  мереке,  той-думанды 
безендіретін  көрнекі  құрал  ретінде  ғана  емес,  оны 
заманауи  бағытта  пайдаланатын  баспана  ретінде 
қарастыруға болатынын да айтты. 
Расында да, киіз үйдің негізгі нышаны шаңырақ 
«үй»  десек,  сол  үйде  тұратын,  ілінетін  ұлттық 
сазгерлік  аспаптар:  домбыра,  қобыз,  дауылпаз, 
қасқыр, түлкі, т.с.с. аң терісі, киіз үй жиһазы, асадал, бес қару; сауыт, дулыға, ер-тұрман, ат-әбзелі жабдықтары десек, осы аталғандар 
мұнда да айқын көрініс тауыпты. «Ғасырлар үні» этно-концерт берді. Қысқасы, бұл тойға бес қаруы сақадай сай келген қостанайлықтар 
бүкіл Алаш жұрты, Қазақ елі аман болсын деген ізгі тілектерін білдірді. 
Тарихты ұлықтауға атсалысты
Елордада өтіп жатқан Қазақ ханды ғының 550 жылдығына арналған шараға Қы зылорда облысының өкілдері тия нақ ты дайын-
дықпен келіпті. Сыр өңірі этноауыл алаңына ұлттық нақыш та жабдықтал ған 3 киіз үй тігіп, оның алдына облыс тың бетке ұстар 
таңбасы  –  «Байқоңыр»  мен  «Қор қыт  Ата»  ескерткіш-белгісін  ор натып ты.   Қы зылорда  облысының  мәде  ниет,  мұра ғат  тар  және 
құжаттама бас қар масының  бас шысы Ержан Абдрах манов тың айтуын ша, мерекелік шараға Қы  зылорда  облысы нан барлығы 150-ге 
жуық өнер  паз дар мен мәдениет сала сы ның  қыз мет  кер лері  атсалысып отыр екен.
Концерттік  бағдарламада  об лыс тық  филармонияның  халық  аспаптар  оркестрі,  «Томирис»  би  ансамблі,  жыршы-жыраулар, 
балалар шығармашылығы фестивалінің лауреаттары өнер көрсетті. Бағдарлама аясында «Ұлықталсын ұлы дала тарихы» атты облыс 
музейлері  қорын дағы  жәдігерлерден  көрме,  зер гер лік,  кілем  тоқу  өнері,  ағаштан  бұйым дар  жасау  бойынша  шеберлік  дәрістері 
ұйымдастырылып, қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан сату көрмелері және ұлттық тағамдардан Сыр дәмдері ұсынылды. 
Сондай-ақ,  облыс  өнерпаздары  осын дағы  мерейтойлық  шаралар  аясында  өтетін  «Сиқырлы  би  әлемі»  атты  би  фестиваліне, 
«Ғасырлар үні» атты этно-концертке және гала-концертке қатысты. 
Деректі фильмнің дерегі мол
Қазақтың  даласы  сұлулықтың  символы  іспетті.Ұшқан  құстың 
қанаты,  жүгірген  аңның  аяғы  талатын  кеңдігі  де  кереметтің  бірі 
ғой.  Осындай  байтақ  жерді  білектің  күшімен,  найзаның  ұшымен, 
даналық  ісімен  қорғап  қалып,  Қазақ  деген  мемлекеттің  қабырғасын 
тұрғызуға  қажымай  қайрат  қылған  хандар  мен  батырлардың,  билер 
мен  шешендердің  атқарған  қызметін  айтпай  кетуге  болмайды. 
Маңайымызды жау бас пасын деп маңдайынан тер төгіп, кеудесінен жан 
шыққанша қорғады. Ұрпағының ұйқысы тыныш болуы үшін өздері ат 
үстінде таң атырды. 
– Исатай мен Махамбет туған топырақтың бүгінгі тойға жіберген 
сәлемдемесі де аз емес, шашуы да жетерлік, – дейді Маңғыстау облысы 
Мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Базарбаев. 
Бар  қазақтың  баласы  басын  қосқан  дүбірлі  тойдан  қалыс  қалуды 
жөн санамай, 300-ге тарта өнерпаздармен және үш киіз үй, ұшқыр тазы, 
қыран бүркіт әкеліпті. 
– Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, өткен тарихымыздан 
сыр  шертетін  деректі  фильм  және  Маңғыстаудың  өнерін  көрсететін 
жыршы-термеші, күйшілерді, сонымен қатар, «Ақжарма» фольклорлық 
ансамблін, «Жорға» би тобын әкелдік, – деп сөзін түйіндеді басқарма 
басшысы. 
Тарихи мұраларға бай өлке
Оңтүстік  Қазақстан  облысы  –  қашаннан-ақ  тарихи-мәдени 
мұраларға  бай  өлке.  Осы  орайда  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың:  «Кез 
келген жағдайда адамдар үшін өзекті мәселе болып қала беретін даусыз құндылықтар әрқа шан болған және бола береді. Олар дың 
қатарына  руханият  пен  мәдени  мұра  жатады.  Ал  осы  негіз  қалау шы  құн дылықтардан  айырылып  қалмағанымыз  біздің  ең  басты 
байлығымыз болып табылады», – деген сөзі еске түседі.
Қазақтың  қаймағы  шайқалмаған  киелі  де  қасиетті  жері  –  оңтүстік  өңірі  екендігі  даусыз.  Сол  бірлік  пен  тату лық қа  үндеген 
ұйымшылдық қасиет болар, елордалықтар мен қонақтарды анадайдан менмұндалап, өзіне шақырып тұрғандай. Жылы жүз, жайдары 

24
көңіл, жайқалған дастарқан бәрі де жарасымды. Әкелген заттарын көрсетуге ниет 
білдіргендер де аз емес. Өзін Бейнелеу өнері мұра жайының бөлім меңгерушісі 
Ербол  Тұрғанбекұлымын  деп  таныстырған  азамат  бұл  тойға  150-ге  тарта  адам 
ынты-шынтысымен  атсалысқанын  айтты.  Қыз-келіншектерге  арналған  ұлттық 
киімдер  сән  үлгісін  жеке  кәсіпкер  Гүлназия  Есім бекова  жасаса,  ал  «Ғасырлар 
үні, Ұлы Дала симво ликасы» атты ағаш туынды шебер Гауһарбек Күнқожаевтың 
қолынан шы ғыпты. Керемет дүние. Он саусағы нан өнері тамған деген осы шығар. 
Ол да өзгелер сияқты ұлттық жәдігерлерін ала келгендерін айтып, мына құрылған 
3 киіз үйден иісі қазаққа керектіні таба тынымызға шүбә келтірмеуімізді өтінді. 
Облыстық  Мәдениет  басқармасы  мен  филармония  әртістері  әзірлеген  ән-
күйден  шашу  шашылып,  ұлттық  ойындар  ойнатылды.  Той  үстінде  арнайы 
бейнетаспа арқылы біраз мәліметтер көрсетілді. 
көңілден шыққан қойылым
Солтүстік  Қазақстан  облысы  Қазақ  хандығымыздың  550  жылдығына 
хандарымыздың,  батыр  бабаларымыздың  ерен  ерліктерін  көрсететін 
театрландырылған  қойылым  алып  келіпті.  Оны  кішігірім  қойылым  десе 
болғандай.  Керей  мен  Жәнібектің  тұсындағы  хан  сайлау  рәсімі,  Тәуке  ханның 
бітім-болмысы,  Абылайды  ақ  киізге  отырғызып  хан  көтеруі  –  барлығы  да 
жұртшылықты  ерекше  әсерге  бөледі.  Қазақтың  даласындағы  той,  қазақтың 
баласына ортақ болғандықтан, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» теңізге 
тамған  тамшыдай  болса  да  өз  үлесімізді  қоссақ  деген  өңір  жұртшылығының 
ұмтылысы көңілге қуаныш ұялатты. 
–  Тамырын  терең  тарихтан  алатын  ұлан-асыр  тойға  Солтүстік  Қазақстан 
облысынан  құрамында  270-280-ге  жуық  адамы  бар  үлкен  делегация  келіп 
отыр.Тобымызда  қазақ  театрының,  орыс  театрының  актерлері,  облыстық 
филармонияның  120-дай  өнерпазы,  спортшылар  бар.  Өлкетану  мұражайы, 
қолөнер  шеберлері  атсалысты,  –  дейді  Солтүстік  Қазақстан  облысы  Сәбит 
Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев. 
жармалықтар жақсылығы
– Ең бірінші барлық қазақстандықтарды Шығыс Қазақстан облысы халқының атынан осынау тарихи күнмен құттықтағым келеді, 
– деді Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Самат Хасенов. Осыдан соң ол 
тойға облыстан 60-қа жуық өнерпаз келгенін жеткізді. 
Қолөнер шеберлері кілемді қалай тоқуды көрсетіп, өздерінің шеберліктерімен таныстырды. Көркемөнерпаз дар құрамы негізінен 
Жарма ауданының талантты шығар ма шылық ұжымынан құралыпты. 
– Бұл ауданның өнерпаздары облысымыздың намысын үлкен жарыстарда қолдан бермей келеді. Тігілген үш киіз үйді де сол Жарма 
ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Аманжол Төлебеков әкеліп отыр. Оның бірі мұражай болса, 
екіншісі – қонақтарды кү туге арналған. Ал үшіншісі өзіміздің өнерпаздарға арналып тігілді. Концерттік бағдарламаға «Сұлуым» 
деген эстра да лық топ пен этно-фольклорлық ансамбльдер қатысуда. Қол өнер шеберлері өздерінің қолынан шыққан бұйымдарын 
әкеліп Астана жұртшылығының қолына тигізуде, – дейді С.Хасенов. 
Өнерліге өріс кең
Қазақ  хандығы  деген  сөздің  мағынасын  түсінген 
адамның  бойында  ұлттық  рух  оянары  сөзсіз.  Себебі, 
қазақ деген бабасының бағасын біліп, тарихын таныған 
халық. 
«Біз,  міне,  өзіңіз  байқағандай,  осындай  ұлан-асыр 
тойға  өзіміздің  150-ге  жуық  өнерпаздарымызды  әкеліп 
отырмыз.  Онда  қолөнер  шеберлері,  мұражайымыз  бар, 
«Әжелер»  ансамблі,  «Шернияз»  би  тобы,  «Томирис» 
би  тобы,  «Алтынай»  би  тобы  және  облыстан  тыс 
Қазақстанға  танымал  әншілеріміз  келіп  отыр.
Театрымыздың тоғыз бірдей әртісі атсалысатын болады. 
Біздің қойылым «Қазақ елі» деп аталады. Оның ішінде 
әртүрлі  көріністер  қосылған  ән  де,  би  де  бар.  Кереку-
Баянауыл өңірі ежелден өнерлі жандарға кенде болмаған. 
Астанаға  сол  өңірден  шыққан  Естай,  Иса,  Жаяу  Мұса 
бабаларымыздың  ізбасарлары  атбасын  бұрды.  Та-
рихын таны майтын ұрпақтың бо лашағы бұлыңғыр екені 
белгілі»,  дейді  Павлодар  облысы  Жүсіпбек  Аймауытов 
атындағы  қазақ-музыка  драма  театры  директорының 
орынбасары Дәурен Әділ. 
Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ                                    
РЕДАКЦИЯДАН: Басылымның бұл санындағы  
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 
материалдар «Егемен Қазақстан» газетінен алынды.

25
   Елбасы еңбектеріндегі ұлт тарихына қатысты
 ойлар мен тұжырымдар
Тарихтың  қай  кезеңінде  болмасын,  мемлекеттік  дәстүрін 
сақтаған  елде  биліктің  ең  жоғары  өкілінің  басты  міндеттеріне 
елдің ішкі-сыртқы саясатын жүргізу, ел мен жерді қорғау, сондай-
ақ, ұлттық сана мен ұлттық тәрбиені дамыту бағыттары жатады. 
Ұлттық  сананы  дамыту  ұлттық  тарихты  ұлттың  мүддесіне  сай 
зерттеумен  тікелей  байланысты  екені  белгілі.  Ал  кез  келген 
тақырыпты,  оның  ішінде  тарихи  тақырыптарды  зерттеу  үшін 
ең  алдымен  теориялық  және  методологиялық  негіздер  қажет. 
Онсыз  ғылыми-зерттеулер  мен  ізденістер  дұрыс  нәтижеге  қол 
жеткізбейді. Міне, осы тұрғыдан алғанда Тұңғыш Президентіміз 
Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдары Отан тарихына қатысты айтқан 
ойлары мен тұжырымдары зерттеушілер үшін негіз бола алады. 
Осындай  жағдайды  ескере  келе,  біз  төменде  Елбасының  ел 
тарихына қатысты айтқан ойлары мен білдірген тұжырымдарына 
назар аударып, оларды кеңірек талқылауды жөн көріп отырмыз. 
Тәуелсіздік  алған  кезеңнен  бері  Мемлекет  басшысы  әртүрлі 
жиындар  мен  басқосуларда,  елдік  маңызы  бар  мерекелерде  Отан 
тарихының  түрлі  мәселелеріне  байланысты  ойларын  айтқаны 
белгілі.  Ал  сол  айтылған  ойлар  мен  тұжырымдардың  жүйелі 
түрдегі  жиынтығы,  сондай-ақ,  жалпы  Отан  тарихының  ең  өзекті 
мәселелеріне қатысты көзқарастары оның 1999 жылы жарық көрген 
«Тарих  толқынында»  атты  кітабында  баяндалады.  Сегіз  тараудан 
тұратын  бұл  кітапта  барлық  гуманитарлық  ғылымдарға  қатысты, 
оның  ішінде  Отан  тарихына  қатысты  теориялық-методологиялық 
ой-тұжырымдар  жетіп-артылады.  Үстіміздегі  жыл  –  Қазақ 
хандығының  550  жылдық  мерекесі  болғандықтан,  осы  кітаптағы 
хандықтың  құрылуына,  оның  тарихына  қатысты  айтылған  ойлар 
мен тұжырымдарға тереңірек талдау жасап көрелік. 
Кітаптың «Ұлттық бірегейлік туралы» деп аталатын тарауы 
ұлттық бірегейлену мәселесі мен оған тікелей ықпал ететін дін, 
ұлттық  сана-сезім,  саяси  факторлар  қарастырылып,  одан  әрі 
қазақ этногенезі, хандықтың құрылуы, этнонимдер мәселелеріне 
тоқталып өтеді. 
Мұнда  айтылған  әрбір  ой-тұжырымды  талдау  кем  дегенде 
бір  ғылыми  мақаланың  жүгі  болары  анық.  Сол  себепті,  біз 
ойымызды  әртүрлі  тақырыптарға  шашыратпай,  тек  хандықтың 
тарихына қатысты айтылған мәселелерге ғана тоқталайық. 
Елбасы  «Тарих  толқынында»  Қазақ  хандығының  құрылуы 
және  оның  маңызы  жөнінде  бірнеше  тұжырымдар  білдіреді. 
Солардың  біріне  –  «Қазақ  хандығының 
құрылуы  –  Қазақстан  тарихы  үшін 
белесті  кезең  болды»,  деген  тұжырым 
жатады. 
Белесті  кезең  деп  Елбасы  бұл 
жерде  Отан  тарихында  бір  тарихи 
кезеңнің  аяқталып,  жаңа  бір  тарихи 
кезеңнің  басталғаны  жөнінде  айтып 
отыр.  Шынында  да,  Қазақ  хандығының 
құрылуы  –  Қазақстан  аумағындағы  бір 
тарихи  дәуірдің  аяқталып,  жаңа  бір 
тарихи  дәуірдің  басталғанын  көрсетеді. 
Керей 
мен 
Жәнібек 
хандардың 
басшылығымен  жүзеге  асқан  бұл 
аса  маңызды  оқиғаны  ортағасырлық 
Қазақстан 
тарихындағы 
Түрік 
қағанатының,  Қыпшақ  хандығының, 
Алтын  Орданың  құрылуымен  салыстыруға  болады.  VІ  ғасыр 
ортасында Түрік қағанатының құрылуы – Қазақстан тарихындағы 
түрік дәуірін, Қыпшақ хандығының құрылуы – қыпшақ дәуірін, 
Алтын  Орданың  құрылуы  Алтын  орда  дәуірін  туғызады.  Ал 
Қазақ хандығының құрылуымен ХV ғасырдың ортасынан бастап 
Қазақстан тарихында жаңа тарихи дәуір басталады. Ол – Қазақ 
хандығы  дәуірі.  Қазақ  елінің  XV-XVIII  ғасырлардағы  тарихы 
осы  хандық  дәуірге  жатады.  ХV-ХVІІІ  ғасырлар  аралығын 
қамтыған  Қазақ  хандығы  дәуірі  Қазақстан  тарихында  ерекше 
орын  алады.  Осы  дәуірде  ұлттық  сана  өсіп,  халықтың  өзіндік, 
өзіне  тән  ерекшеліктері  айқындалады.  Халқымыздың  тарихи 
санасында өшпестей із қалдырған атақты хандар мен сұлтандар, 
батырлар мен билер, бектер мен әмірлер, ақындар мен жыраулар, 
ишандар мен абыздар осы тарихи дәуірде өмір сүрді. Ерлік пен 
елдікті паш еткізген небір айтулы тарихи оқиғалар осы дәуірдің 
еншісінде жатыр. 
Елбасының  Қазақ  хандығының  құрылуының  маңызына 
байланысты  айтқан  келесі  бір  тұжырымы  өзінің  ғылымилығы 
жағынан  өте  құнды  болып  саналады.  Тұжырымның  мазмұны 
былайша  айтылады:  «Қазақ  хандығының  құрылуының  саяси 
және қоғамдық мән-маңызына оның Орталық Азиядағы тұңғыш 
ұлттық мемлекет болғандығында жатыр». 
Осы тұжырымды тереңірек талдап көрейік. Бұл тұжырымда 
Қазақ  хандығының  құрылуы  Қазақстан  аумағындағы  этно 
және  саяси  үрдіс тердің  өзара  тікелей  байланыста  жүргендігін, 
этноүрдістер  барысы  ұлттық  сипаттағы  жаңа  этнос ты  өмірге 
әкелгендігін  және  сол  жаңа  сипаттағы  этнос  өз  мемлекетін 
қалыптастырғанын меңзеп тұр. 
Қазақстан  аумағында  этностық  үрдістердің  ең  бері  дегенде 
қола  дәуірінен  бастау  алып,  біздің  заманымыздың  ХІV-ХV 
ғасырларында  өзінің  халықтық  деңгейіне  көтерілгені  белгілі. 
Этностық  үрдістер  барысындағы  этностық  элементтер  мен 
компоненттердің  аумақтық,  экономикалық,  саяси,  діни-мәдени, 
тілдік,  рухани  ортақ  кеңістіктерге  бірігуі  2-2,5  мың  жылдай 
уақыт  бойы  бірнеше  тарихи  дәуірлер  мен  кезеңдер  арқылы 
жүзеге  асады.  Әрбір  тарихи  дәуірде  этностық  процесс  өзіндік 
даму жолынан ауытқымай, қажетті шарттармен толыға түседі. 
Жалпы  алғанда,  ХІІІ  ғасыр  басына  дейін  еліміздің 
аумағындағы  этностық  үрдістер  халықтық  деңгейге  жақындап, 
біртұтас ортақ этникалық кеңістік қалыптасып болған еді. Бірақ 
та оның толығымен шегіне жетіп, түпкілікті түрде жүзеге асуына 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет