Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата03.03.2017
өлшемі16,22 Mb.
#5524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

ТАРих ТАМЫРШЫсЫ

26
саяси-әлеуметтік  ұйым  –  мемлекет  қажетті  шарттар  жасай 
алмайды. ХІ ғасырда құрылған Қыпшақ хандығы ХІІ ғасырдың 
ортасынан бастап ішкі және сыртқы факторлардың нәтижесінде 
бытыраңқылыққа  ұшырайды.  Ал  ХІІІ  ғасыр  басында  ол  жүйе 
өзінен  әлдеқайда  мықты  мемлекеттік  жүйеге  –  моңғолдар 
мемлекетіне  орын  береді.  Соның  нәтижесінде  Қазақстан 
аумағындағы  этностық  үрдіске  жаңа  бір  тарихи  дәуірді  – 
моңғолдар үстемдігі дәуірін басынан өткеруге тура келді.
ХІІІ-ХV  ғасырлардағы  этностық  үрдістер  алғашқы  кезеңде 
біршама тежеуге ұшырағанымен, өзінің негізгі даму бағытынан 
ауытқымайды.  ХІV  ғасырдың  ортасына  таман  Шығыс  Дешті 
Қыпшақ  аумағындағы  моңғолдық  этнокомпоненттердің 
жергілікті этноортаға бейімделуі аяқталады, басқаша айтқанда, 
моңғол тайпаларының қыпшақтану үрдісі аяқталып болады. 
Жазба деректерде Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы ортақ 
атаумен  қыпшақтар  деп  аталынса,  ХІV  ғасырдың  ортасынан 
бастап, оны «өзбектер» атауы ығыстырып шығарады. Ал Қазақ 
хандығының  құрылуымен  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  тұрғындары 
үшін «қазақ» атауы қолданыла бас тайды. Бұл этноним Қазақстан 
аумағындағы этностық үрдістердің мәреге жетіп, бір халықтың 
қалыптасуының аяқталғандығын көрсетеді. 
Қазақ  хандығының  құрылу  барысы  мен  халықтың 
қалыптасуының  аяқталу  кезеңі  қатар  жүзеге  асып,  саяси 
жағдайларға байланысты пайда болған «қазақ» термині жаңадан 
тарих  төріне  көтерілген  халыққа  этноним  ретінде  беріледі. 
Сөйтіп, осыдан жарты мың жылдан астам уақыт бұрын этноним 
ретінде  пайда  болған  «қазақ»  сөзі  күні  бүгінге  дейін  өзі  пайда 
болған аумақтағы халықтың атауы ретінде қолданылып келеді. 
Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында ежелден 
бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этностық үрдісті жаңа белес-
ке  жет кі зіп,  қазақ  халқының  халық  болып  қалып тасқандығын 
көрсетті.  Осылайша,  Қазақ  ханды ғының  құрылуының  тарихи 
маңызын  этностық  тұрғыдан  қарастыра  келе,  ол  –  қазақ 
халқының  қалыптасуы  кезеңін  аяқтауға  тікелей  ықпал  етті, 
этностық  процесті  халықтық  деңгейге  көтерілген  этносқа  – 
«қазақ»  атты  этнонимді  бергізді  деп  ойымызды  түйіндейміз. 
Қазақ  хандығының  құрылуының  келесі  бір  тарихи  маңызына 
оның  ХІІІ  ғасыр  басында  моңғол  жаулап  алушылығына 
байланысты  үзіліп  қалған  мемлекеттік  дәстүрді  жергілікті 
этностың  дәстүріне  сай  қайта  қалпына  келтіруі  жатады.  ХІІІ 
ғасыр  басына  дейінгі  Қазақстан  аумағындағы  қыпшақтық 
мемлекеттік  жүйе  мен  моңғолдық  мемлекеттік  жүйеде  ортақ 
ұқсастықтар мен белгілер болса да, олардың әрқайсысында тек 
өздеріне ғана тән ерекшеліктер көп-ті. Мысалы, оған мемлекеттің 
саяси-әкімшілік құрылымының негізін билікті мұраландырудағы 
айырмашылықтарды,  билік  түрлерінің  атқарушы  билік  түріне 
қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Моңғолдық мемлекеттік 
жүйенің орнығуына байланысты ол жүйе Шығыс Дешті Қыпшақ 
аумағына  енгізіліп,  бұрынғы  жүйені  ығыстырып  шығарады, 
моңғолдық этнокомпоненттердің қыпшақтануы үрдісі моңғолдық 
мемлекеттік  жүйенің  жергілікті  ортаға  бейімделуімен  қатар 
жүреді. Соның нәтижесінде моңғолдық мемлекеттік жүйеге тән 
ноян, баһадүр секілді терминдерді – би, бек, батыр деген жергілікті 
түрік-қыпшақ  сөздері  ығыстырады.  Сондай-ақ,  жоғары  билік 
мұралануда қыпшақтық дәстүр мен моңғолдық дәстүр арасында 
өзгешеліктер  бар  болып,  ХІІІ-ХІV  ғасырдың  ортасына  дейін 
моңғолдық дәстүр үстемдік құрып келді. ХІV ғасырдың екінші 
жартысы мен ХV ғасырдың ортасына дейінгі аралықтағы саяси 
оқиғалардың  көбісінің  астарында  осы  екі  дәстүр  арасындағы 
күрестер жатты. Моңғолдық дәстүр бойынша, ханның мұрагері 
болып  оның  ұлдарының  бірі  сайланса,  жергілікті  дәстүрге  сай 
билікті билеуші әулеттің жасы үлкен өкілі мұраланып отырған. 
Бұл дәстүр Алтын Ордада ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың 
басында  қолданыла  бастайды.  Ал  Қазақ  хандығының  құрылуы 
қыпшақтық  дәстүрдің  толық  жеңіске  жеткендігін  көрсетеді. 
Орыс  хан  ұрпақтары  Шибан  әулетіне  қарсы  күресте  жеңіске 
жетіп,  Шығыс  Дешті  Қыпшақтағы  билікті  иеленгеннен  кейін 
осы дәстүрді ұстанады. Керей мен Жәнібек хандар Моғолстанға 
көшіп келіп, хан сайлау барысында Керей хан жоғарғы билікті 
иеленеді. Моңғолдық дәстүр бойынша 1428 жылы қайтыс болған 
Барақтың ұлы Жәнібек хандық билікке келуі тиіс болатын. Ата 
жолы  бойынша  Керейдің  хан  болып  сайлануы  мемлекеттік 
жүйеде де қыпшақтық дәстүрдің жеңіске жеткендігін көрсетеді. 
Бұл жаңадан ғана құрылған Қазақ хандығының ұлттық сипаттағы 
мемлекет екендігін дәлелдейді. 
Елбасының келесі бір тұжырымына, оның «қазақ», «өзбек» 
атауларына  байланысты  айтқан  ойлары  жатады.  «1459  жылы 
Жетісуға жай ғана жекелеген тайпалар тобы емес, Жәнібек пен 

27
Керей  ұлысының  халқын  құрайтын  рулар  мен  тайпалардың 
бірлестігі көшіп келді. Олар жай ғана бір саяси топ қана емес, 
субэтникалық қауымдастық болатын. Сол кезден бастап Жәнібек 
пен  Керейді  қолдаушылардың  тарихы  «қазақ»  атауының 
тарихымен біте қайнасып кетті».
Жалпы,  «қазақ»  сөзі  шығуының  түп-төркіні  мен  мән-
мағынасына  байланысты,  «қазақ»  атауының  қай  кезден  бастап 
халық  атауы  ретінде  қолданыла  бастағаны  жөнінде  әлі  күнге 
дейін  қарама-қайшылықты  пікірлер  бар.  Жоғарыда  келтірген 
тұжырым  «қазақ»  атауының  Қазақ  хандығының  құрылуымен 
халық  атына  берілгенін  айтып  отыр.  Бұл  туралы  осы  мақала 
авторының арнайы зерттеуі бар. Бұл жерде сол зерттеудің бәрін 
емес, тек қорытындыларын келтірелік. 
«Қазақ»  сөзі,  біріншіден,  зерттеушілердің  бәрі  дерлік 
мойындап  отырғанындай,  көне  түрік  сөзі,  түркітілдес 
тайпалардың  ортасында  қолданыста  болып,  өз  руынан,  елінен, 
мемлекетінен  бөлініп  кетіп  немесе  қашып  кетіп,  өз  бетінше 
ешкімге бағынбай, дербес, еркін, азат жүрген адамды, адамдарды 
білдірген.  Алғашқы  кездегі  «қазақ»  сөзі  тек  әлеуметтік  мәнде 
ғана ерте түрік дәуірінен Х ғасырға дейін қолданылған. 
Екіншіден, Х-ХІІІ ғасырларға дейінгі аралықта «қазақ» сөзі 
өзінің  негізгі  мағынасын  сақтаса  да,  мәні  аздаған  өзгерістерге 
ұшырайды. Осы кезеңде «қазақ» сөзі әлеуметтік-этностық мәнге 
ауыса бастайды. 
Үшіншіден,  ХІІІ  ғасырдан  ХV  ғасырдың  ортасына  дейін 
моңғолдар  жаулап  алған  аймақтарда  билік  үшін  болған  саяси 
күрестердің  әсері  бұл  сөзге  де  тиіп,  қазақ  сөзі  уақытша  саяси-
әлеуметтік мәнге ие болады. 
Төртіншіден,  Қазақ  хандығының  құ рылуы  кезеңінде,  яғни 
Керей  мен  Жәнібек  хандар дың  басшылығымен  «көшпелі 
өзбектер»  қауым дастығының  бір  бөлігі  одан  бөлініп  кетіп, 
оншақты жылдан соң олардың Дешті Қыпшаққа қайта келгеніне 
дейінгі аралықта қазақ сөзі саяси-этностық мәнде қолданылады 
да, соған сәйкес «өзбек-қазақ» атауы пайда болады.
Бесіншіден,  Қазақ  хандығының  Дешті  Қыпшақтың  басым 
бөлігінде  билігінің  орнығуына  байланысты,  ондағы  барлық 
тайпалар  ортақ  этностық  атаумен  –  қазақ  атауымен  атала  бас-
тайды. Біз бұл атауды таза этностық мән дей отыра, қазақ сөзін 
этноним  деп  ұғынамыз.  Міне,  ХV  ғасырдың  ортасында  Қазақ 
хандығының құрылуымен қатар, этностық мәнге ие болған қазақ 
сөзі күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпай, еліміздің байырғы, 
негізгі,  басты,  мемлекет  құраушы  халқының  атауы  ретінде 
қолданылып келе жатыр.
«Орталық  Азияны  өзбектер  деген  ортақ  атпен  белгілі 
болған  көшпелі  тайпалардың  жаулап  алуы  қазіргі  өзбек  және 
қазақ  халықтарының  этно саяси  тарихындағы  аса  көрнекті 
оқиға болды. … «Өзбек» деген сөз Мұхаммед Шайбани ханмен 
Орталық  Азияға  кеткен  тайпалар  тобының  атауы  болды  да,  ал 
Шығыс  Дешті  Қыпшақ  пен  Жетісу  далаларында  көшіп-қонып 
жүрген түркітілдес тайпаларға қазақтар деген ат түпкілікті бекіп, 
елдің аты Қазақстан болды». 
«Өзбек»  атауының  шығуына  байланысты  зерттеушілер 
арасында  қалыптасқан  ортақ  пікір  жоқ.  Бұл  жөнінде  пікір 
айтқандардың  бір  тобы  «өзбек»  атауының  шығуын  Алтын 
Орда  ханы  Өзбектің  есімімен  байланыстырса,  екінші  бір  тобы 
бұл  пікірге  қарсылық  білдіріп,  атаудың  пайда  болуын  «өзі» 
немесе «өз» сөзі мен «бек» сөздерінің қосылуынан шыққан деп 
көрсетеді. 
Тарихшы Г.Вамбери өз ойын былайша негіздеуге тырысады: 
«Түрік  халықтарында  мынадай  бір  ерекшелік  бар:  олар  өз 
билеушілері  ішіндегі  атағы  кең  тараған  билеушінің  немесе 
жалпыға ортақ мекемелерді енгізгеннің есімін мәңгі сақтау үшін 
оның есімін қабылдап отырған. Сол есімді олар өздерінің екінші 
түп атасы етіп, сол арқылы өз мемлекеттілігінің гүлденгендігін 
және  әлемдік  тарихтың  аренасына  көтерілгендігін  көрсетуге 
паш  еткен.  Одан  әрі  ол  өз  ойына  дәлел  ретінде  Византия 
империясының орнына келген түріктердің өз көсемі Османның 
есімімен османдар деп аталғандығын дәйек етіп: Дәл сол сияқты 
Көк Орданың шығыс бөлігіндегі, яғни Еділ мен Арал теңізінің 
аралығындағы  түрік-моңғол  тайпалары  Жошы  әулетіндегі 
тоғызыншы  хан  –  Өзбектің  есімі  бойынша  саяси  жинақтаушы 
өзбек атауын қабылдады», 
– деп түйіндейді.
Алдымен, 
өзбек 
сөзінің  түп-төркіні  мен 
мәніне тоқталсақ, атаудың 
«өз»  және  «бек»  деген 
қос 
сөзден 
құралып 
тұрғандығы 
және 
ол 
екеуінің  де  түрік  сөзі 
екендігі 
ешкімге 
дау 
тудырмайды.  Г.Вамбери 
«өзбек»  сөзінің  тікелей 
мағынасын 
«дербес», 
«өзіне өзі қожайын» деп аударады. «Бұл сөз ежелгі венгрлерде 
дәреже  немесе  атақ  мағынасында  қолданылады.  Және  ол 
1150  жылға  жататын  құжаттарда  кездеседі»,  –  деп  түсініктеме 
береді  Г.Вамбери.  Соған  қарап  біз,  өзбек  сөзінің  түп-төркіні 
түріктік және әлеуметтік мәні болып, ал мағынасы бойынша өз 
дербестігін  белгілі  бір  дәрежеде  сақтаған,  әлеуметтік  топтың 
жоғары  деңгейіндегі  адамдарға  қатысты  қолданылған  деп 
есептейміз.  Біздің  ойымызша,  бұл  –  өзбек  сөзінің  ең  алғашқы 
мәні мен мағынасы. 
Өзбек  сөзінің  келесі  мәні  мен  мағынасы  оның  ер  адамға 
берілетін  есім  екендігін  білдіреді.  Жазба  деректерден  Алтын 
Орда  ханы  Өзбекке  дейін  де,  одан  кейін  де  Өзбек  есімді  кісі 
есімдерін кездестіреміз. 
Кез  келген  атау  белгілі  бір  ұғымды  білдірсе,  ұғымның  өзі 
объектілердің ішкі және сыртқы қасиеттерінен тұрады. Ұғымды 
қалыптастыратын  қасиеттердің  бірі  немесе  бірнешеуі  өзгерсе, 
жо йылса,  онда  ұғым  да  өзгеріске  ұшырап,  мәні  мен  мазмұнға 
әсер етеді, ал атау сақталынып қала беруі мүмкін. Біз осындай 
мән  мен  мазмұндағы  өзгерістерді  Өзбек  атауынан  байқаймыз. 
Оның  алғашқы  әлеуметтік  мәні  өзгеріп,  кісі  есімін  білдіретін 
мәнге ауысса, Алтын Орда ханы Өзбектің жүргізген саясатына, 
оның жеке басындағы қасиеттеріне байланысты, Алтын Орданың 
рухани өмірінде ол жүргізген түбегейлі өзгерістерге байланысты 
Өзбек  есімі  басқа  мәнге,  жинақтаушы  саяси-этностық  мәнге 
ауыса бас тайды. 
Өзбек  ханның  Алтын  Ордадағы  30  жылдық  билігі  тұсында 
ірі-ірі,  терең  мәні  бар  бірнеше  түбегейлі  өзгерістер  жүзеге 
асырылады.  Оның  біріншісіне  мемлекетті  басқару  жүйесінің 
рет теліп,  бір  орталықтан  басқарылатын  құрылымның  пайда 
болуы  жатады.  Өзбек  ханның  саясатына  қорытынды  берген 
М.Г.Сафаргалиев  ол  туралы  былай  деп  жазады:  «Өзбек  хан 
тұсында  мемлекеттік  басқарудың  орталықтануына  байланысты 
жергілікті  жерлердегі  билік  органдары  да  ретке  келтіріледі. 
Алғашында  Алтын  Орданың  қалыптасуы  кезеңінде  биліктің 
орталықсыздануы  жүрді,  мемлекетті  Батыйдың  інілері  бөліп 
алып, әрбір ұлысты басқарған адам өздерін жартылай мемлекет 
басшысы ретінде дербес сезініп, өз ұлысын жеке дара басқарды. 
Енді  бір  орталықтан  басқару  жүйесі  енгізілгеннен  кейін 
бұрынғы  ұлыстар  облыстарға  айналдырылып,  оларды  әмірлер 
басқарды…  Алтын  Орданың  саяси  дамуының  алғашқы  100 
жылын қорытындылай келе, Батый тұсындағы қарапайым ғана 
мемлекеттік  құрылым  Өзбек  хан  тұсында  ортағасырлық  ірі 
мемлекетке айналды деп айтуға болады». 
Тарихшының  бұл  айтқан  қорытындысы  Жошы  ұлысының 
оң  және  сол  қанаттарына  бірдей  қатысты.  Парсы  тарихшысы 
Муин ад-дин Натанзи Жошы ұлысының сол қанаттағы билеушісі 
Ерзен хан туралы: «Өзбек ханның жарлығы бойынша ол әкесінен 
кейін  оның  орнына  келді,  …ол  Өзбек  ханға  бағынуды,  оған 
құлақ асуды қатты ұстады», – деген мәліметі осыны дәлелдейді. 
Биліктің  орталықтанып,  жергілікті  билік  органдарының  ретке 
келтірілуі  Алтын  Ордада  да  ортақ  саяси-құқықтық  кеңістікті 
қалыптастырады.  Бұл  Өзбек  ханның  Алтын  Орданың  саяси 
өміріндегі бірінші  жүзеге  асырған  ірі көлемдегі шарасы болса, 
екіншісіне  оның  рухани  өмірінде  жасаған  түбегейлі  өзгерісі 
жатты. Басқаша айтқанда, исламның қарсыластарын жойып, оны 
мемлекеттің ресми дініне айналдыруы қалың көпшілік тарапынан 
қолдау табады да, бүкіл Алтын Орда аумағында саяси-құқықтық 
кеңістік  секілді  ортақ  рухани  кеңістікті  қалыптастырады.  Бұл 

28
жолда Өзбек ханды қолдаушылар – әмірлер, бектер, дін басылары, 
қолбасылар  және  тағы  басқалары  ру-тайпасына,  әлеуметтік 
орнына,  кәсібіне  қарамастан,  Өзбек  ханның  жақтастары, 
қолдаушылары болды да, олардың бәрі ортақ атаумен «өзбектер» 
деп атала бастаған. Осылайша, өзбек атауы жаңа мәнге ие бола 
бастайды. Ол жинақтаушы саяси мән болатын. Осы жинақтаушы 
саяси  мәнде  өзбек  атауы  ең  алғаш  рет  1336  жылғы  оқиғаларға 
байланысты  жазба  деректе  қолданылады.  Парсы  тарихшысы 
Хамдаллах  Казвини  (1281  жылы  шамасында  туып,  1350  жылы 
қайтыс болған) Өзбек хан бастаған Алтын Орда әскерінің Иранға 
қарсы жорығын жаза отыра, мәтіннің бір жерінде Өзбек ханның 
әскерлерін өзбектер (узбекиян) деп, ал мемлекетін Мамлякат-и-
узбеки – Өзбек мемлекеті деп атайды. Ал оның ұлы Зайн ад-дин 
Казвини  әкесінің  шығармасын  жалғастыру  барысында  Алтын 
Ордаға  қатысты  Өзбек  ұлысы  (улус-и  Узбеки)  деген  терминді 
қолданады. 
Терминнің  қағаз  бетіне  түскен  жылы  –  1336  жыл:  Өзбек 
ханның Алтын Орда тағында отырғанына – 23, исламды ресми 
дін  етіп  жариялағанына  15  жыл  болған  кез.  Осы  жылдар 
ішінде  Өзбек  ханның  барлық  бағыттағы  жүргізіп  отырған 
саясаты  өз  нәтижесін  беріп,  оның  атақ-даңқы  мен  абырой-
беделі ең шарықтау шегіне жетеді. Бұл жағдай Алтын Орданың 
көршілеріне  де  белгілі  болады.  Әсіресе,  ол  Алтын  Орданың 
басты  қарсыласы  Иранға  өте  белгілі  болса  керек.  Ирандықтар 
Алтын  Орданың  күшеюі  мен  нығаюын,  ондағы  барлық  оң 
өзгерістердің  бәрін  Өзбек  ханның  есімімен  байланыстырып, 
Алтын  Орданы  –  Өзбектің  елі,  мемлекеті  деп,  ал  Алтын  Орда 
тұрғындарын жалпылама жиынтық атау мен – өзбектер деп атай 
бастайды.  Тарихта  қарапайым  ғана  мәні  бар  сөздердің  белгілі 
бір жағдайларға байланысты жинақтаушы саяси-этностық мәнге 
ие  болып,  көршілес  елдерге  сол  этнониммен  белгілі  болғаны 
жөнінде мысалдар көп кездеседі. 
Өзбек  ханның  тұсында  саяси-құқықтық  және  рухани 
кеңістіктің бүкіл Алтын Ордаға ортақ болуы «өзбек» атауын да 
оның барлық тұрғындарына ортақ етеді. Жошы ұлысының шығыс 
бөлігіндегі немесе сол қанатындағы Ақ Орданың тайпалары да 
жиынтық  саяси-этникалық  мәндегі  өзбек  атауымен  аталады. 
Парсы  авторлары  өзбек  атауын  енгізгеннен  кейін  бұрынғы 
қыпшақ атауы жойылып кеткен екен деген ой тумауы керек. ХІV 
ғасырдың  ортасында,  екінші  жартысында  және  соңында  араб 
авторлары Алтын Орда тұрғындарына қатысты қыпшақ терминін 
өзбек  атауымен  қатар  қолдануды  жалғастыра  береді.  Дерек 
мәліметтері  «өзбек»  атауының  этностық  мән  ретінде  қыпшақ 
атауымен синоним болғандығын көрсетеді. 
Алтын  Ордадағы  «дүрбелең  жылдар»  империяны  екіге 
бөліп,  шығыс  бөліктегі  тұрғындарға  «көшпелі  өзбектер»  атауы 
қолданыла  бастайды.  ХVІ  ғасырдың  басында  Фазлаллах  ибн 
Рузбихан  Исфахани  Шығыс  Дешті  Қыпшақ  аумағында  өмір 
сүретін  тұрғындардың  бәрін  өзбектер  дей  келе,  «Өзбектерге 
үш тайпа жатқан, олардың бәрі Шыңғыс ханның иеліктеріндегі 
ең  мықтылары  болып  саналады.  Қазіргі  кезде  [олардың]  бірі  – 
шибаниттер,  бірнеше  аталарынан  кейін  оларды  мәртебелі  хан 
(Мұхаммед Шайбани ханды айтып отыр – Б.К.) басқарып отыр. 
Екінші  тайпа  –  қазақтар,  олар  бүкіл  әлемге  күштерімен  және 
ержүректіліктерімен даңқы шыққан, үшінші тайпа – маңғыттар, 
олардан астрахандық хандар шығады», – деп «көшпелі өзбектер» 
қауымдастығын жіктеп береді. 
Әбілқайыр  ханның  немересі  Мұхаммед  Шайбани  хан 
XVI  ғасырдың  алғашқы  жылдары  Мауереннахрдағы  саяси 
дағдарыстарды  шебер  пайдалана  отыра,  Самарқан  тағын 
иеленеді  де,  көп  ұзамай  бүкіл  аумаққа  жаңа  әулеттің  билігін 
орнықтырады. Сөйтіп, «өзбек» атауы Дешті Қыпшақ аумағынан 
Мауереннахр  аумағына  көшіріледі.  Ал  «қазақ»  атауы  болса, 
өзінің  пайда  болған  аумағында  халық  атауы  ретінде  сақталып 
қалады. 
Ертіс пен Еділ өзендерінің, Сырдария мен Тобылдың жоғары 
ағысының  аралығындағы  орасан  зор  аймақ  ХІ  ғасырдан  бері 
«Дешті  Қыпшақ»  деп  аталынып  келсе,  Қазақ  хандығының 
құрылуы  және  оның  одан  кейінгі  ғасырлардағы  дамуы  жаңа 
ұғымды  қолданысқа  енгізеді.  Жоғарыда  аталған  аймаққа  XI 
ғасырда қыпшақ тайпаларынан шыққан әулет билігінің орнауы 
«Дешті  Қыпшақ»  –  «Қыпшақ  даласы»  деген  ұғымды  енгізгені 
белгілі. Ал Қазақ хандығының өмірге келуі «Қазақстан» терминін 
дүниеге  келтіреді.  XVI  ғасырдың  басында  алғаш  рет  жазба 
деректерде кездесе бастаған бұл термин «қазақтардың мекені», 
«қазақтардың елі» дегенді білдіре бас тайды.
Осылайша,  Елбасының  «Тарих  толқынында»  атты 
кітабында  Қазақ  хандығының  тарихына  қатысты  айтылған  ой-
тұжырымдарды терең талдай келе, төмендегідей қорытындылар 
жасауға болады. Біріншіден, кітаптағы Елбасының ел тарихының 
хандық дәуіріне, оның ішінде саяси тарих пен этникалық тарих 
мәселелеріне қатысты жазған ой-тұжырымдары қазіргі кезеңдегі 
және  болашақтағы  зерттеушілерге  теориялық-әдістемелік  негіз 
бола  алады.  Екіншіден,  Елбасы  еңбегіндегі  ой-тұжырымдар 
отандық  тарих  ғылымының  жемісі,  жеткен  биігі,  олай  болса, 
қарастырылған  мәселелер  бойынша  қазіргі  күндері  ел  ішінде 
желдей  есіп  жүрген  көптеген  жалаң  пікірлерге  кітаптағы 
салмақты тұжырымдар тосқауыл болады деп санаймыз. 
Берекет КӘРІБАЕВ, 
ҰҒА корреспондент мүшесі, әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ профессоры 

29
Аллаға  шүкір,  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
тікелей  ұсынысымен  алғашқы  ұлттық  мемлекетіміз  –   Қазақ 
хандығының  мерейтойын  атап  өтуге  де  қол  жеткіздік.  Бұл  –
Тәуелсіздігіміздің  салтанатты  жеңісі.  Кезінде  басқаға  және 
Мәскеуге  бодан  болғанда  бұлай  демек  түгіл,  осы  мемлекеттік 
құрылымның шынайы тарихын да кібіртіктеп, толыққанды баян-
дай алмадық. Мұның, әрине, объективті ғана емес, субъективті 
де себептері бар. Оларды шағын мақалада қазбалап жату мүмкін 
болмағандықтан,  осы  маңызды  мәселені  зерттегенде  кезінде 
«Нені айта алмадық?» деген сауалға нақты жауап іздегенді жөн 
көрдік.  Ең  бастысы,  бұрын  тарихқа  біржақты  таптық  көзқарас 
үстемдік  жасаған  заманда  Қазақ  хандығының  өзінен  бұрынғы 
осы  ұлыстарды  басқарды 
деп  айтуға  негіз  бар.  Ол 
және  оның  ұлысы  алғаш 
Әбілқайырға  айтарлықтай 
қолдау  көрсетті.  Өзбек 
ордасына  хан  болған 
Әбілқайыр 
сондықтан 
да  оған  үлкен  құрметпен 
қарағаны аталмыш деректе 
жазылған.  Алайда,  мұнда 
ескеретін  бір  мәселе, 
ол  кезде  жалайырлар 
хАЛҚЫМЫЗДЫҢ  ҚиЛЫ ТАРихЫ
рулық-тайпалық  құрылымдарға  негізделген  қағанаттар  мен 
ордалардан  ұлт  мемлекеті  деңгейіне  көтеріліп,  өсіп  шыққанын 
айтудан  қашқақтадық.  Қазақ  хандығындағы  халықтың  о  баста 
өзбек  атанған  қауымдастықтан  бөлініп  шыққандары  белгілі. 
Ал  Қазақ  хандығы  құрылар  қарсаңында  қалыптасқан  саяси-
этностық  үдерістер  ықпалымен  «өзбек»  атанғандардың  өздері 
де  іштей  үш  этноқауымдастыққа  бөлініп  өмір  сүрді.  Ноғай 
ұлысы  аймағындағылар  «маңғыттар»  аталса,  ал  бұрынғы  Көк 
Орда  аймағындағылар  «татар-өзбектер»  (шайбандықтар),  ал 
байырғы Ақ Орда аймағындағылар «өзбек-қазақтар» атауларына 
ие  болды.  Саяси-әлеуметтік  тұрғыдан  бұлардың  өзара  қарым-
қатынастары аса күрделі еді. Өйткені, әр этнос өзінің мемлекетін 
құруға ұмтылды.
Қазақтың 
ноғайдан 
және 
«Көшпелі 
өзбектер» 
этноқауымдастығынан 
бөлініп 
шығуында 
ноғайлардың 
Едисан  (Жетісан)  және  Алтыұл  тайпалық  этнобірлестіктеріне 
қарсы  біріккен  «Алты  сан  Алаш»  (жалайыр,  қоңырат,  алшын, 
арғын,  найман,  қыпшақ)  этноқауымдастығының  маңызы  аса 
зор  болғанын  ұмытпауымыз  керек.  «Алты  сан  Алаштың» 
қалыптасуы  аса  күрделі  этносаяси  ахуалдарды  бастан  өткізіп 
барып, үлкен қиыншылықпен қалыптасты. Қадырғали Жалайыр 
бабамыз  айтқандай,  Алаш  бірлестігі  алғаш,  ХV  ғасырдың 
алғашқы  онжылдықтарында  үш  санды  әскери-этникалық 
мыңдықты(жалайыр,  қоңырат,  алшын)  құрады.  Бұлар  Өзбек 
ұлысында  маңғыттарға  және  татарларға  (орыс  деректерінде 
татар-өзбектер)  қарсы  күресте  топтасып,  қалыптасты  және  о 
бас та  хан  ретінде  Әбілқайырды  қолдады.  «Тарих-и  Абул-хайр-
хани» дерегінде есімі аталатын елге әйгілі Алаш баһадүр кезінде 
кейініректегі Шуманақ және Сырманақ аталарына бөліне қойған 
жоқ  еді.  Бұлар  Жошы  ұлысы  кезінде-ақ  Ақ  Орда  хандарын 
қолдаған қыпшақ еліндегі төре тұқымдарынан кейінгі ең мәртебелі 
тайпа болатын. Ал алшындарды айтқанда, Байұлы бірлестігінің 
Қазақ  хандығы  ұйымдасар  тұста  әлі  де  ноғайлар  ықпалында 
болғанын, яғни алшын одағына кірмеген дербестіктерін айта кету 
керек.  ХV-ХVІ  ғасырлардағы  алшындарды  негізінен  Қыпшақ-
Қаңлы одағына кіретін, кейініректе Жетіру және алты ата әлім 
атанған бірлестіктерге (осы тұста бұл бірлестіктер әлі құрылған 
жоқ  еді)  қараған  тайпалар  құрады.  Ал  қоңыраттарға  келер 
болсақ, о бастан-ақ олар Жошы ұлысындағы қыпшақ елінің ең 
қуатты тайпаларының қатарында көрінді. Сондықтан да, Өзбек 
ұлысындағы билік үшін күресте маңғыттардың екі ғасыр бойы 
тайталасқан  басты  жауы  болды.  Тек  ХV  ғасыр  басында  ғана 
атақты Едігенің Хорезмдегі Суфи әулетін күйретуінен кейін ғана 
қоңыраттар  амалсыздан  маңғыттарға  бағынышты  болды  және 
өзбек  қазақтарының  маңғыттар  мен  татар-өзбектерден  бөлініп 
шығуы олардың Алаш қауымдастығын нығайтатын тайпалардың 
біріне айналдырды. 
Десек  те,  алғашқы  қазақ  хандары  Жәнібек  пен  Керейді 
Ноғай-маңғыттарға  және  татар-өзбектерге  қарсы  күресте 
күшейтіп жіберген де алғаш «Үш сан Алашқа», соңынан «Алты 
сан  Алашқа»  кіретін  тайпалардың  біртіндеп  олардың  жағына 
шығулары еді. «Алты сан Алаш» XV ғасырдың екінші жартысы 
мен XVI ғасырдың соңына қарай қалыптасып, қазақ халқының 
этностық  ядросын  құрады  және  олар  өздерін  «Алаштың 
ұлдарымыз»  деп  атады.  Әңгіменің,  әрине,  жоғарыда  аталған 
Алаш  баһадүрге  тікелей  қатыстылығын  мойындай  отырып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет