Қазақстан респпубликасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет2/4
Дата25.03.2023
өлшемі113,27 Kb.
#76096
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
жеке тапсырма айгерім (3)

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: бастауыш сынып оқушыларының кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру барысында кіріктірілген сабақтың рөлі ұсынылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: бастауыш сыныптағы оқушылардың кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру бойынша кіріктірілген сабақтың рөлін анықтау және ұйымдастыру әдістемесін ұсыну. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мына міндеттер орындалды:
- бастауыш сынып оқушыларында кең ауқымды дағдыны қалыптастыру жолдарын қарастыру;
-кіріктірілген сабақтың теориялық мазмұнын, дидактикалық құрылымын анықтау;
-кіріктірілген сабақ, кең ауқымды дағдылар бойынша мәліметтер жинап, әдебиеттер көздерін талдау;
Зерттеу нысаны мен әдісі: бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын қалыптастыру, салыстыру, бақылау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жұмыс бойынша зерттеліп, жинақталған мәліметтер бастауыш сынып мұғалімдері мен студенттер үшін құнды материалдар бола алады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Кіріктірілген сабақтың теориялық мазмұны және дидактикалық құрылымы
1.1 Кіріктірілген сабақтың теориялық мазмұны және зерттелу тарихы
Жалпы кіріктірілу деген сөздің өзіне тоқталатын болсам, кіріктірілу - бұл оқу мазмұнының пәндік концепцияларына сай әртүрлі саладағы жан – жақты білімдермен тоғысуы, бір-бірімен араласып кетуін айтамыз. Кіріктірілген сабақ латын тілінен аударылғанда“толық”,”тұтас”деген мағынаны білдіреді.Яғни бір тақырыптың аясында бірнеше пәннің материалдары жиналатын сабақ болып келеді.Кіріктірілген сабақтар оқушыларға өзінің қоршаған әлемі туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы мағлұмат береді, олардың құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай – ақ оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.Осы тұрғыдан қарастырғанда, кейбір пәндерге қатысы бар материалдарды белгілі бір пән ауқымында жеке өткеннен гөрі, оның мазмұны кең қамтылатындай етіп, интеграцияланып оқытылғаны тиімді және кіріктіру материалды жан жақты игерту, оқушылардың сабақта алған білімдерін өмірдік практикада қолдануда тиімді әдістің бірі болып табылады.Кіріктіру ұстанымының басты қағидасы-ғылыми бағыттардағы әрі жаратылыстану және қоғамдық гуманитарлық білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы ғылыми синтездік білім беру болып табылады. Кіріктіру барысында көрнекілік, түсіндіру, іздеу, зерттеу әдістері әрі пікірталас, түрлі білім дерек көздері, мультимедиялық техникаларда қолданылады.Қазіргі заман ағымына сай ақпараттық иә компьютерлік оқыту технологиясын байланыстыра білуде тиімді нәтижесін береді.Ақпараттық технологияда мұғалім ақпарат беруші, балаға бағыт-бағдар, жөн сілтеуші ретінде деп түсінеміз.Белгілі тақырып негізінде мәлімет, әдебиет көздері беріледі.Ал, кіріктірілген технологияда тақырыпқа сай ақпарат көзі, мағлұмат, барлығының жан-жақты түсіндірілуі, жеткізілуі және де дәлелденуі басты артықшылығы болып отыр. Мұғалім әрдайым ізденімпаз, заманауи ақпарат көзін, технологиясын, әдіс-тәсілін меңгеріп үнемі өзің жетілдіріп отырса, әрдайым өзі үшін де оқугы үшін де ізденімпаз болса, оқушылар үшін сабақты қызықты ете алады.Бүгінгі күннің талабы-ұстаздық әрекеттің жеке тұлға дамуына жағдай туғызуы.Осыған орай ең алдымен педагогикалық кіріктіру теориясының ғылыми ережелерін қарастыруды жөн көрдік[7;30] Оқытудағы кіріктіру деген жалпылама түрінде келесі түсініктерді қалыптастырады:

  • ғылымдардың арасындағы байланысты жүзеге асыратын пәнаралық байланыстарды дамыту және тереңдету;

  • әртүрлі пәндерді келісе оқытудан оларды өзара терең байланыста оқытуға көшу.

Кіріктіріп оқытудың басты мақсатына оқушылардың сыни ойлау қабілетінің дамуына тікелей бағытталған, оқушының бірнеше пәндерден алған ақпараттарын қабылдай алуға, қорыта алуға дағдыландырады. Оқу пәндерінің бірігуіне негізгі осы шарттарға байланысты:
кіріктірілген оқу пәндерінде зерттеу әдістерінің бірегейлігі иә болмаса ұқсастығы;
зерттеу нысандарына сәйкес келуі немесе өзара жақын болуы;
кіріктірілген оқу пәндерінің жалпы заңдылық және теориялық тұжырым негізінде құрылуы;
Ал негізгі мақсаты кіріктірілген сабақтың:
білімдердің синтезі;
оқу материалының тереңдетілуі;
мәселенің өзектілігі иә практикалық маңыздылығы;
шешімнің дәлелдігі;
Білімдердің синтезі дегеніміз – оқу материалының тұтастай жинақталған жүйеленген түрде қабылдау оқушының ой – өрісінің кеңдігін қамтиды.
Оқу материалын тереңдету – оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды ойлауға ықпал етеді.
Мәселенің өзектілігі – оқу материалын меңгеру барысында практикалық мәселені шешу, оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сыни ойлауын, теория мен практиканы салыстыра лау қабілетін дамытады.
Баламалы шешім – белгілі бір жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені ерекше шеше алу және шешу жолдарын таңдай алу, және оқушының ойлау ерекшелігін, ой ұшқырлығын, сыни тұрғыдан ойлауын, ой жинақтығын жүйелілігін дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың дұрыс шешімді қабылдай білуін және белгілі бір мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау барысын ұтымды әрі тиімді ойлау қабілеттерін дамытады.
Кіріктірілген сабақты жүзеге асыратын дидактикалық шарттар:

  • сабаққа дайындалу кезінде мұғалімнің өзара тығыз ынтымақтаста болуы;

  • пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі оның өзекті болуы;

  • сабақтың әр кезеңінде әрі өтілу барысында ойлау әрекетінің белсенділігінің артуы және міндетті түрде кері байланыстың болуы;

Әдістің жалпы сабаққа сай әрі әр бөліктеріне сабақтастықтың болуы-оқыту үдерісі барысында осы шарттар жүзеге асырылғанда ғана кіріктірілген сабақ өз нәтижесін береді.Мұғалім оқушылардың мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсы білуі қажет. Бұл мұғалімге пәнаралық байланысты қандай әдіс – тәсілдер арқылы іске асыруға болтынына соны шешуге көмек береді. Бүгінгі күні барлық алдыңғы қатарлы елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда. Осыған орай өз елімізде жоғары сапалы білім жүйесіне көшуге бағытталған білім мазмұнын жаңарту шаралары іске асырылуда.Себебі бүгінгі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.Кіріктірілген сабақ – бұл әртүрлі ғылымдарда көрсетілген жалпы заңдылықтарды заңдарды әрі түрлі идеяларды теориялар мен оларға сәйкес оқу пәндерін ашу мақсатында өткізілетін сабақ.И.Г.Песталоции оқу процесі бір жағынан жеке заттарды бір – бірімен ажыратытындай етіп және екінші тараптан біздің санамызғв ұқсас әрі туыстарын біріктіріп осылайша біздің санамызға үлкен айқындық енгізіп, оларды толық нақтыланғаннан кейін ғана құрылуы керек деп тұжырымдаған. Кіріктірілген сабақтарды өткізудің керемет мысалын В.О.Сухомлинскийдің тәжірибесі: алты жасар балаларға арналған Павлыш мектебінде өткізген өзінің “Табиғаттағы ойлау сабақтары” болды. Бұл өткізген сабағында балаларды оқыту оларды тәрбиелеу және дамыту мақсатында танымды іс әрекетінің олардың ішінде( ойлау, сөйлеу, байқау) негізгі түрлерін кіріктіру. Білім беруді кіріктірудің жаңв әрекеті кеңестік мектеп кезеңінде жасалған.(1923-1933ж)Мектеп курстары табиғатты зерттеу экономикалық тақырыптармен байытылды: мәдени өсімдіктер және үй жануарлары, зиянкестер американдық мектепте Дж.Дьюи оқу материалы балалардың қызығушылықтары мен қалауына сәйкес келетін курстардың айналасында топтастырып отырған, алғашқы сол кездегі медициналық көмек, бала күтімі. 30 жылдардың басында елді индустрияландыру міндеттеріне байланысты біздің мемлекетіміздің білім беру саясатында да өзгерістер болып жатты. 1931-1933 жылдары сол кездің қаулы өкілдері біріктірілген курстарды дамытуға тыйым салды.Осы белгілі ережелерден кейін мектепте пәндік пәндерінде жеке интеграцияланған тақырыптар қалды. Батыс елдерінде 50 жылдардың аяқ жағы мен 60 жылдардың бас жағында ғылым, техника, өнеркәсіптің дамуымен интеграцияланған педагогикасы ерекше маңызға ие болды.Р.Декарттың ’’Барлық ғылымдардың байланыстылығы сондай оладың бәрін бірдей оқыту-олардың біреуін басқасынан бөліп оқытудан оңай’’- деген пікірін еске алсақ пәнаралық байланыс білім берудің кіріктірілген технологиясының құрамына енеді
АҚШ мектептері оқытудың интеграцияланған тәсілін жүзеге асырудың қызықты тәсілін ұсынды. Оқыту жүйесі пәнаралық сипатқа ие болды, олар әртүрлі пәндер біріктірілген кезде кеңейтілген оқу бағдарламаларын құру принципі бойынша ұйымдастырылды.Оның аясында негізгі бағдарламалар бір өзек бағдарламасының айналасында түрлі білім салаларынан материал біріктірілген кезде тақырыпты таңдау және оны ашу ең алдымен оқушыларды бағдарлау, оларға өздерің және айналасындағы әлемді білуге көмектесу міндетімен анықталады. Бұл тәсіл мұғалімдерге білімнің әртүрлі салалары арасындағы қатынастарын анықтауға мүмкіндік берді. Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін дамытуға ықпал жасалды. Интеграцияланған курстар оқушылардың сапалы жаңа білімдерін қалыптастыруға ықпал етті. Олар жоғары мағыналықпен жаңа жағдайларда қолданудың динамизмімен жаңа органикалық қатынастарда оқу материалын жүйелі оқыту нәтижесінде олардың тиімділігі мен жүйелілігінің артуымен сипатталады. Кіріктірілген сабақты оқыту идеясы бүгінгі күнге дейін мемелекеттік құжаттарда айқындалған жаңа білім беру міндеттерін табысты іске асыруға ықпал етеді. Оқытуды интеграциялау оқу материалының тиісті мазмұны оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі, жаңа технологиялары бар түбегейлі жаңа оқу ақпаратын құруды көздейді.
1.2 Кіріктірілген сабақтың дидактикалық құрылымы және тұлға қалыптастырудағы рөлі
Кіріктіре оқыту арқылы оқушылардың алған білімдерін бір мезгілде теориялық және практикалық қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігін жетілдіруге көмектеседі.Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында құзіреттілікті жалпы қалыптастыруда байланыс бар. Әрбір пән жүйесі оқушыға қажетті білім мен білік, дағды қалыптастырса да оқушы жеке тұлға ретінде өзін – өзі танытуда, өз мақсатына жету жолында өмір тәжірибесінде жинақталған білімге сүйенеді.Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім мен дағды мөлшері анықталса тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікте ие болады. Себебі оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде әрбір пәннен алған білімдерін сараламай бойындағы жалпы әлеует дағдысын пайдаланады. Кіріктірілген сабақтарда бір тақырыпқа бағынатын әртүрлі пәндер бойынша білім блоктары біріктіріледі. Сол себепті кіріктірілген сабақтың негізгі мақсатын дұрыс анықтау өте маңызды. Негізінен негізі мақсаты анықталса, онда оны жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат заттардың мазмұнынан алынады. Оқулықтар жеткілікті мөлшерде жасалмайынша, материалды іріктеу мен жүйелеу мұғалім үшін оңай шаруы емес. Бастауыш сынып оқушыларындағы бірінші сыныпта кіріктірілген сабақты өткізуде негізі пәндердің үйлесімділігі жақсы негіз береді:
сауаттылыққа оқыту, айналасындағылармен танысу, ән, сурет салу;
математика, қоршаған ортамен өз айналасымен танысу, еңбек сурет салу және дене шынықтыру.
Ал, екінші сыныпта ана тілін үйрену кезеңінде оқудың, сурет салудың, айналасындағылармен танысудың, музыканың жеке сабақтарының мазмұнын біріктіруге болады. Математика пәнінің айналасында- қоршаған ортамен танысу, еңбек пән дене шынықтыру, музыка пәнінің айналасында – оқу, сурет салу және тағы да басқа. Кіріктірілген сабақтарды әзірлеу және дайындау кезеңдері. Бұл жұмыстың бірінші кезеңі:
пәндер бойынша өзара байланысты тақырыптардың интеграцияланатын мазмұнын қарау;
пәнаралық мазмұны бар сабақтардың тақырыптарын мен мақсатын таңдау және зерделеу.
Екінші кезең:
біріктірілген сабақтың формасын таңдау;
сабақ жоспарын құру;
оқушылардың оқыту әдістер мен құралдарын бақылау және бағалау әдістерін анықтау.
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру және жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшіе қажетті жағдайлар жасай білу әрі оқытудың даңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру болғандықтан осы аталып отырған міндет мақсаттарымызға жету үшін оқытудың заманауи әдіс – тәсілдерін инновациялық технологияларды тиімді ұйымдастыра білуіміз қажет. Енді бұл тұлға деген сөзге тоқталар болсам тұлға сөзі – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып, білудің және өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға - әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние.Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Тұлға бойындағы жеке қасиеттері мен қабілеттердің заманауи қоғамда толыққанды мәнді өмір сүруге бейімділігін қамтамасыз ететін дағдылар. Оны жаңа мазмұнды оқу бағдарламаларда да арнайы кіріктірілгендей кең ауқымды дағдылар деп айтамыз.ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға көмектеседі.Қазіргі жаңартылған оқу бағдарламаларының негізгі ұстанымдарына жас баланы жеке тұлға деңгейіне жеткізу, яғни бүткіл қабілеттері мен қасиеттерін қалыптастыруға бағыт алуы мүдделенген. Тұлға бойында саналы түрде қоршаған әлемнің компоненттерін, құбылыстары мен процестерін жеке қабылдағанымен, жалпы құрылымын санады тұтас бейнесі түрінде қабылдауына назар салу және ол әлемдегі өзінің орын сайлауы, сол дүниені құрайтын зат, денелермен, құбылыстар мен табиғатта адамның тікелей қатынасын қай дәрежеде болуын түйсіне алуынан тұрады. Жеке тұлға қалыптасу мен жетілуі қоршаған әлемде табиғат, тіршілік орта мен өзінің өзара қатынасы мен байланысын тұтастық көзқараспен ұғыну мен меңгеруімен шартталады. Осындай процестер барысында балалардың өзіндік түрлі әрекеттерге бағыт алу жағдайына келтіру, міндетті түрде интеграция сипатының мегзеген мақсаты болып саналады. Мұнда алған білім, біліктің деңгейі мен эрудиция шеңбері жайында емес, бағдарлануы еркіндікте,21дәуір азаматының ерекше позицияда орын алуын қамтамасыз еткен дарынды тұлға, даму сапасының жоғары көрсеткіші жайында болады. Осыған байланысты бастауышта білім берудің жаңа мазмұнының ерекшелік сипаты да осыған саяды, яғни пәндерді кіріктіру арқылы оқытуға жүйеленуі.
Баланың бойындағы даму процесі өмір бойы жүріп, сол даму процесінде баланың таным белсенділігі артады. Бірінші сынып жасындағы балалар заттардың көлеміне, түр-түсіне қарай ажырата бастайды. Олардың құрылысын, пайдалану әдісін білгісі келеді. Балалар бастауыш сынып кезеңінде-ақ өмір тіршілігіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін меңгеруге талпынады. Ал балалардың әр нәрсені білуге құмартып талаптануынан танымдық ынтасы оянатындығы мәлім.
Оқу процесінде кіріктіріп оқытудың оқушыға берері:

  • ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы білім алып оқуға;

  • сабақ құрылымында проблемалық үлес жағдайын ұлғайтуға;

  • жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

  • оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;

  • білім берушілік және дамытушылық танымдық процестерді ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға;

  • сабақ процесінде өтілетін тақырыптың күнделікті өмірмее тікелей байланысына мән беруге, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға және олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

1.3 Жеке тұлға қалыптастырудың заманауи жолдары
Қазақстан елі әлемдік білім кеңістігіне әлдеқашан енген, дегенмен белгілі стандарттарға сай болу үшін әрқашан алға жылжып, өзің қалыптастырып дамытып отыруға тиіс. Қоғам дамуының аксиомасы -жоғары сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы адами капитал деңгейін көтеру, яғни өзін – өзі үнемі жетілдіріп отыру. Бұл ең алдымен жаңашылдыққа бейім өскелең жас ұрпаққа қатысты және мұғалімдер де мұны ескеруі керек. Олардың басты міндеті – балаларды жазуға, санауға, оқуға үйрету ғана емес, сонымен бірге әр балаға өз қабілеттерін ашуға көмектесу. Осылайша балалар өздерің тұлға ретінде сезініп, өмірде өз мүмкіндіктерін жеткілікті түрде жүзеге асыра алады.
Тұлға-адам арасындағы өзінің ұстанымын, орнын, еркін және жауапкершілігін анықтайтын қоғамның өкілі ретіндегі адам, тұлға қоршаған ортасымен және айналасындағы адамдармен қарым – қатынастар жүйесімен, мәдениетімен өзара әрекеттесіп қалыптасып әлеуметтану процесінде тұлға болып шығады. «Тұлға» термині тек адамға қатысты және оның дамуының белгілі бір сәтінен бастап ғана қолдануға болады. Тұлға жеке әр адамның өзіндік әлеуметтік, адами қасиеттерін, психологиялық қырларын ашып адамды саналы іс – әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан – жақты сипаттайтын ұғым. Жеке тұлғаның дамуы өмір бойына жалғасатын процесстің бірі. Бұл адамдардың өз дағдылары мен қасиеттерін бағалаудың, өмірлік мақсаттарын қарастырудың және өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру және барынша арттыру үшін мақсат қоюдың бір тәсілі.
Жеке тұлғаның дамуын қалыптастыру дегеніміз:
өз отанына берілгендігі, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, ынтымақ бейбітшілік үшін арнайы тәрбиелеу;
ғылым мен білімді, мәдениет және техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуіне тәрбиелеу;
адами қасиеттерін, құрметтеушілік, ізеттілік, адамдарға, жан -жануар,табиғатқа қамқорлық таныта алуы, адалдық, шыншылдыққа әрі мейірімділікке тәрбиелей алу;
өз саласында, заманауи ағымға сіңісе алуға, еңбекке баулуға тәрбиелеу;
әсемдік әдемілікті көре алу, сезіне алуға, өз - өзін дұрыс қалыптастыра ала білуге тәрбиелеу және тағы да басқа...
Жеке адампның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі - әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар.Бұл-адамдардың типтік мақсаттарымен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі- сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселелер осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады.Биологиялық фактор дегеніміз - адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуіне тіршілік ортасының қоғамның тәлім-тәрбие істерінің әсері болып келеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игеру үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымының, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайды қарайтын кейбір қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз – ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Тұлғаны бүкіл жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам ісіне белсене қатысуға әзірлеу мектеп табалдырығын аттағаннан жүзеге асырылуы тиіс. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас ұрпақтың ақыл – ойы дамып, адами қасиеттері қалыптасып, рухани өмір байлығын меңгеріп әрі эстетикалық сезімі, талғамы қалыптасады. Қазіргі заманда мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттің бірі- әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал ететін білім беру және тәрбие беру. Заманауи мектеп мұғалімдеріне оқу тәрбие беру кезінде әрі ұйымдастыруында осы міндеттерді шешу көмек береді:
өзгермелі өмір жағдайларына бейім тұлғаны қалыптастыру;
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;
өз-өздерің жетілдіру бағдарламаларының көмегімен мінез құлқын тәрбиелеу;
салауатты өмір салтын туралы дұрыс көзқарасын, мәдени -спорттық іс шараларға қатысуға ықпал ету.
Жеке тұлға – бұл адам баласының психологиялық, рухани мән жүйесіне тән. Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтиже қасиеттер қалыптасады. Олар:
Өз бетінше ойлау біліктері мен ізденімпаздығы;
Оқуға деген ынтасымен қабілетінің артуы;
Берілген білімді игеріп ғана қоймай, өзара ізденіп, жаңалап алу ниеті;
Өз ойының дербестігі;
Жеке тұлғаның өз бетінше кітапппен жұмыс істеу, және іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін:
жеке тұлға бұл білімнің мақсаты;
білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
кемшіліктерге шыдамдылық әрі түзетушілік;
тыйым салмау, бұйрық бермей, бағыт бағдар беру,
ұйымдастыра білу.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы және қадір қасиеті, өзіндік даралығы болып табылады. Сонымен қатар «адам» «тұлға» осы ұғымдармен қатар «даралық» деген сөзде болуы қажет. Даралық деген бір адамның, бір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіңе тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. Даралық әдетте адамның мінезі мен қатар өзіндік темпераментінің ерекше белгілерін, шығармашылық қызмет әрекеті мен қабілетінің өзгешілігі арқылы ерекшеленеді.Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады.Біріншісі оның ақыл санасын,ойын дамыту арқылы жетілдіру, екіншіден адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру, ал үшіншіден жеке тұлғаны іс әрекетке өндіру арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Міне тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент бірігіп қызмет атқарады. Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз оны мәдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, әдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар, жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тәжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Мәдениетке араласу, сайып келгенде, адамның шығармашылық дамуы деуге де болады. Бұл жерде ең басты маңызы бар нәрсе – адам дамуының психикалық және функционалдық заңдылықтарын, сонымен қатар қазақ халқының психологиялық сипаттамасын анықтайтын бірден бір ғылым – ұлттық психологияны меңгеруге байланысты туындайды. Сондықтан да оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысында оларды ұлттық мәдениет рухында дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайларды ескеру керек. Ең бастысы – ұстаз өз халқының ұлттық мәдениетінің бай тәжірибесіне ие болуы қажет. Әр мектепте оқу – тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсарту және ұлттық мәдениет байлығын әлем мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қабылдату әр ұстаздың өзіндік әдіс – тәсіліне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Түйіндей келе, адам неғұрлым өз өмірі мен тағдырына жауапкершілігін ерте сезінсе, соғұрлым өмірін дұрыс құруға талпынады. Содан барып өз ойымен әрекет ететін тұлғаны тәрбиелеу іске асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет