Шоқан Уәлиханов
(1835-1865 жж.)
Шоқан Уәлихановтың бұл пікірінен жырдың жалпы сипаты мен оның ертеден келе жатқанын аңғаруға болады. Қазақ жырауларындағы терең мәнді, қоғамдық ойға өзек болған пікірлердің тууы мен шығу себептері мен қалыптасуы қазақ әдебиетіндегі философиялық лирикаға негіз болғанын тұжырымдаған.
Шоқан Уәлиханов, Асан қайғы толғауларына тоқтала келіп, оны «көшпенділер философы», - деп бағалаған. Шоқан зерттеулерінде Асан қайғының халықтың бірлігін сақтап, елді іргелі ел етпек болған Керей мен Жәнібек хандарды қолдап, солардың ақылшысы болғанын сөз етеді. Оның «көшпенділер философы»,-деуі бүкіл жырауларға берген бағасы болса керек.
М.Мағауин 1968 жылы «XV – XVІІІ ғасырдағы қазақ ақын жыраулары» атты еңбегі жарық көрді.
Аталған зерттеу еңбекте XV – XVІІІ ғасырда жасаған ақын жыраулар шығармашылығы жан – жақты қарастырылған. Ол: «Қазақ халқының құралуында шешуші маңызды болған оқиға еді. Қазақ халқының құралу дәуірі халқымыздың санасында, сонымен бірге әдбиетімізде үлкен із қалдырғанын білеміз», - деген пікірі XV ғасырдағы қазақ хандығының құрылуы болған деп, ғылыми түйін жасайды.
М.Мағауин
(1940ж. 82 жас)
Демек, ғалым жыраулар шығармашылығы әлеуметтік – тарихи дамудан алшақ емес екенін ашып көрсеткен. Хандық дәуір әдебиетіндегі мәнді толғауларды тарихи оқиғалармен байланыстырып, сүбелі ойларын ортаға салып, оның мәні мен маңызын жүйелеп берген.
Кемеңгер ғалым М.Әуезов елдің намыс оятатын қуат көздері – жері, тілі, діні екенін айта келіп, жыраулар поэзиясын дәл танып: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыршыдан бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті «не болса сол көңіл ашар, «әлдене» дерлік сөзді айту емес. Ол заман сыны, мезгіл, дәуір болжалын, тарихи оқиғаның мазмұнын бағасын сөз қылады. Көбінесе жырау, әрі би болады», - деп бағалаған.
Достарыңызбен бөлісу: |