Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет19/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.
 ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысы. Шардара қаласы. № 16 КОЛЛЕДЖ МКҚК. 
Математика – жаратылыстану пәндер әдістемелік бірлестігі 
Автор: Қожахметова Күлімхан Әжібекқызы
1 Кіріспе
Кез келген тәрбиелік істі дайындау өзара байланысты өзара әрекеттес кезеңдерден өтеді. Олар жағдайды талдау және 
мақсатты қалыптастыру,жоспарлау,ұйымдастыру.
Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі дәстүрлердің,жағымды өнегелердің,мұралар мен салт-
дәстүрлердің сақтаушысы.Отбасында бала алғаш рет өмірмен,қоршаған ортамен танысып,мінез-құлық нормаларын игереді. 
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасы балаға өмір мақсаты мен құндылықтары туралы 
мағлұмат беретін және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратын алғашқы ұғым. Отбасында бала алғашқы адамгершілік 
дағдыларды игререді, оны күнделікті өзара қарым-қатынаста қолдану дағдыларын үйретеді.Ата-аналарының түсіндіруі, 
айтқан ақылы мен үлгі-өнегесі үйдегі өмір салты,отбасындағы ахуал барлығы да балалар бойында мінез-құлық әдеті мен 
жақсылық пен зұлымдықты бағалау өлшемдерін қалыптастырады.
Бірақта әр отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерінің әр түрлі болатынына орай педагогикада отбасының тәрбиелік 
мүмкіндіктерінің әр түрлі болатынына орай педагогикада отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері деген ұғым 
қолданылады.Оның мәні оның негізгі құрауыштарының мазмұны ашылады. Отбасының тәрбиелік күш қуаты үш түрлі 
негізгі құрауыштардан:
-психологиялық қатысымдылық
-адамгершілік бағыттылық
14


-ата-аналардың педагогикалық мәдениетімен анықталады
Ата-анамен мұғалімнің арасындағы тығыз байланыстың бірі ата-аналар жиналысы болып табылады.
2. Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы ( педагогтар үшін жадынама)
Ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор 
нәтижелі формасы және топ жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мектепте ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті 
болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз 
қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру 
мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген 
жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы 
педагогтар:
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс 
бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің 
оқушылырыңыздың, ата - аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше 
безендіруге болады. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын 
ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін 
топ жетекшісінің, ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
3.Ата – аналар жиналысына сіздердің студенттерді қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен 
бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе кабинетте ата - аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін 
жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған визиткаларды 
дайындаған жөн.
6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата - аналарға тренинк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар, 
колледж кеңесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.
Ата-аналар жиналысын жасауда қазақ отбасы тәрбиесіндегі мына мәдени құндылықтарды ескеру керек:
-Жетілген адам,яғни«Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу
-Отанды,халқын,жерін сүю.«Атаның ұлы емес,халықтың ұлын»тәрбиелеу
-Адал,арлы азамат тәрбиелеу,яғни«Малым жанымның садағасы»
-Жеті атасын білуге тәрбиелеу.«Жеті атасын білмеген жетесіз».
Отбасы шежіресі және мұрагерлік(туыстық қарым-қатынас,үш жұрт,отбасындағы кенже ұлдың ерекше ролі).Ата-баба 
дәстүрін жалғастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет