Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


)ойын. -Кедергілердіңарасымен жүріп өту. -Жерде жатқан секіртпемен 3 рет  секіру. -Көпірше жасау, артқа жүгіру. 5)ойын



Pdf көрінісі
бет15/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   285
4)ойын.
-Кедергілердіңарасымен жүріп өту.
-Жерде жатқан секіртпемен 3 рет 
секіру.
-Көпірше жасау, артқа жүгіру.
5)ойын. 
-
Ұзыннан тұрған гимнастикалық 
орындықтың үстінен аттап секіру 
арқылы жүгіру.
-Жерде жатқан шеңберді алып 
қарлығаш бейнесін жасау.
-Соңғы белгіні айналып өтіп артқа 
жүгіру.
II. Қорытынды бөлім - 5 мин.
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Тыныс алу жаттығуларын 
орындату.Оқушыларды 
бағалау.Үйге тапсырма.
25-30 мин
Қолды еденге тигізе отыра секіру.Денені тік ұстау.
Жұппен істелетін жаттығу біреуі орындайды,екіншісі аяғынан 
ұстайды.Солай кезектесді.
Акробатикалық жаттығулар жасауда ұжымдық жұмыс көрсеткен 
топтарды атап өту.
ТАҚЫРЫБЫ: «ШОҚАН УӘЛИХАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ 
АСА КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМЫ ӘРІ АҒАРТУШЫСЫ»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Батыр ата елді мекені 
«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 
жоғары санатты, тарих пәнінің мұғалімі Сүлейменова Гүлзакира Саққызы
Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның өркениетті әлемінен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет 
білім мен білімді ұрпақ екеніне назар аударып, «ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры» деп атады. Сол біліммен 
ғылымның іргесін қалайтын мектеп. Бүгінгі ұрпақтың бойына қазыналы халықтың асылын дарытып, тілін дамытып, ар-
намысын оятатын адамгершіліктің сәулесін беретін – мұғалім еңбегінің нәтижесі. 
Сабақты жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға 
ұмтылған ізденгіш жеке тұлғаны қалыптастырады. 
Оқушы жай қабылдаушыдан оны өзі іздеп табушыға айналады. Бұл әдіс- тәсілдер оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен 
бағалауға мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір – түкпірінен жиналған білім 
берушілердің бірлескен еңбегі. Мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез- келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап өзіндік 
пікір айтуға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Тарих ғылымы пән ретінде аса маңызды ғылым саласына жатады. Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты 
талап дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар жан-жақты жетілген өз 
12


тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын белсенді, ұлтжанды патриот азаматты 
қалыптастыру. өз ұлтымыздың тарихын қадір-қасиетін танып білген азамат өзге ұлттыңда дәстүрін сыйлауға үйренеді. 
Сондықтан өскелең ұрпақтың жүрегіне туған жерге деген ыстық сезім ұялатып, төл мәдениетінің уызына жарытып, таза 
мөлдір бұлағынан сусындау үшін ата- баба мұрағатын тарих сабағында пайдалану дәстүрге айналуда. 
Тарих материалдарын рет-ретімен тірек-сызба қосымша тарихи деректер арқылы жүйелі меңгерту оқушылардың тарих 
пәніне деген қызығушылығын арттырып, өз бетінше ізденуге өткен тақырыптарды жадында сақтауға негіз бола алады. Өзім 
сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың өздігінен еңбек етіп ізденуге шығармашылыққа үйретуді үнемі назарда ұстап 
келемін. 
Оқушы бойында ұлттық намыс, Отансүйгіштік сенім ұялатып, білімді шәкірттер тәрбиелеуге көңіл бөлемін.
Бүгінде оқытудың ең оңтайлы технологияларын тәжірибе елегінен өткізе отырып, өзім дәріс беретін сыныптарға өткізген 
қалыпсыз сабақ үлгісін әріптестеріме әдістеме ретінде ұсынып отырмын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет