Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет18/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   285
Оқушы ізденісі Замантай Лаура 
«Сүйген жар өтті өмірден» әйелі Айсараның Шоқанды жоқтауы.
Кіші жүз алшын ішіндегі жеті руға кіретін жағалбайлы ақын Төребай Есжан ұлы Шоқан қайтыс болған кезде жары Айсараға 
«Сүйген жар өтті өмірден» атты жоқтауын шығарып берген екен.
Шоқан сүйген жарымыз
Жігіттің гүлі нарымыз
Ажалға тоқтау бола алмай
Сарқылды қолда барымыз
Ажал келіп қиядан
Сұңқарым ұшты ұядан
Сүйген жарым бүгінде 
Өтіп кетті – ау дүниядан
Бастайын ағзу-билладан
Үкім болмақ алладан
Құдайдан бұйрық болған соң 
Билік кетер адамнан
Туғаннан соң өлмек жоқ
Кімдерден дүние қалмаған
Не істесе Алла еркі өзі
Ешкімге ақыл салмаған
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар
Отыз үш мың сақаба
Олар да тірі қалмаған
Мұхаммед өтті хақ досты 
Оны да дүние жалмаған. 
Дәптермен жұмыс 
Термин сөздерді дәптерлеріне жаздыру
Адьютант
- әскери басшының жанында әртүрлі тапсырманы орындайтын офицер.
Кадет корпусы
- әскери оқу орны.
Патриот
– Отанына, туған халқына жан-тәнімен берілген адам.
Сабақты қорыту: 
Мұғалімнің сөзі: Шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану ғылымында 
аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды», - дегендей оның өшпес мұрасын туған халқы ғана емес, түбі түркі тілдес 
халықтар да біртуар жарық жұлдыз ретінде мойындап отыр.
Ұлы адамдар ғасырларға еңбек етеді дейді. Ұлы Шоқан осы ойдың жарқын дәлелі. Шоқанның өмірі мен ғылыми қызметі 
еш уақытта ұмытылмайды. Ғасыр өткен сайын оның бейнесі тұлғаланып, келер ұрпақтың алдынан шыға береді.
Ғалымның хаты өлмейді деген, міне, осы.
Сабақты бағалау: 
Әр топ басшысы өз топтарының жұмысын бағалау парағына белгілеп береді.
Үйге тапсырма:
1. Сәбит Мұқанов «Аққан жұлдыз»
2. Сапарғали Бегалин «Шоқан асулары» кітабын оқып келу.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет