Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет277/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   285
ІІ –Айналым 
Жүр: Жұмбақ шешу сайысы. Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың екінші айналымына қатысатын жұмбақшыларды 
шақырайық.Бұл сайыс үш тапсырмадан тұрады: 1. Жұмбақ шешу; 2.Жұмбақтың шешімін үш тілде айту;3.Жұмбақ 
айтысу.Балалардың таба алмағанын көрермендер айтуға болады.
1. Сайыскерлер ұяшық таңдап жұмбақтарды шешеді.
1. Жаурағанды күлдірер,
өз еркіне жіберсең,
дүниені бүлдірер. ( от )
2. Аласа ғана бойы бар,
тоғыз қабат тоны бар. ( Пияз )
3. Күмбір- күмбір күйі бар,
құлағыңа құйып ал! (Домбыра)
4.Биікте ұшып жүреді,
түлкі, қоян бүреді.
қия таста ұясы,
бұл құсты кім біледі? ( Бүркіт )
5. Сақалы жоқ, шашы бар, бет аузы жоқ,басы бар.
белін бекем байлаған,қоқыстықоймай айдаған. ( Сыпыртқы )
6. Ұшқаны қызық жалпылдап,
өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
7.Қалпақты шымырды,
төбесінен ұрады.
түзетуге қыңырды,
дәйім дайын тұрады. (Балға)
8. Ұзын мұртты сарылар,
қойнында наны бар. ( Бидай)
9. Ақ сарайын талқандап,
шықты біреу талтаңдап. ( Балапан )
10. Әжем уыстап сығып,
далада кептірген.
қатты әрі тәті дәмі
кім бар жеп көрген. (Құрт)
2. Бұл тапсырмада балалар жұмбақтың шешімін үш тілде айтады.
1. Асқар тауда қалың орман,
оны кейде шөптей орған. (Шаш, волосы,hair)
2. Бетін адам ашады,
білім нұрын шашады. (Кітап, книга,book)
3. Көше бойлап аяңдайды,
адам тасып аялдайды. ( Автобус,автобус,bus)
4. Маған да, саған да
жақын туыс бес адам
үш әріптен тұратын,
онға оқы, солға оқы,
өзгермейді еш одан
бәріде өз жұратын,
айтады кәне кім атын? ( Ата-дедушка-grandfather) 
(Ана- мать-mother)
( Апа- сестра- sister)
(Аға- брат - brother )
(Іні- братишка- little brother)
5.Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,
209


бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп,школа,clock)
6.Тықылдатып тыңдайды
уақыттан бір қалмайды. ( Сағат, часы,clock)
Екінші тапсырмадан кейін ұпайды аз жинаған ойыншы сайыстан шығады.
3. Тапсырмада екі ойыншы бір-біріне жұмбақ жасырады.Жеңімпаз үшінші айналымға шығады.
ІІІ – Айналым
Үшінші айналымға бірінші, екінші айналымның жеңімпаздары шығады.Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады, жұмбақшы 
шешімін табады.Ал мақалшы жұмбақтың шешуіне байланысты мақал айтады.
1. Баласымын даланың,
туғаннан дақсыз қарамын
қыс келсе жұртты жылытып,
үйді – үйге барамын. ( көмір) 
Енбексіз өмір - сүрген көмір.
2. Сөзі дана, үні жоқ,
сөйлемейді тілі жоқ.
қолыңа алсаң шешен,
ақылы асқан көсем. ( Кітап )
Кітап – білім бұлағы, білім- өмір шырағы.
3. Садақша мойнын иілтіп,
көрген жанды сүйсінтіп,
жүзгенде көлдің сәні өзі.
Мжердегі құстың серкесі,
көктегі құстың еркесі. ( Аққу)
Аққуды атуға болмайды, достықты сатуға болмайды.
4.Төнкерілмейтін күбі,
көтерілмейтін күбі
шүпілдеп-ақ тұрса да
көрінеді түбі. ( Құдық)
Оқу инемен құдық қазғандай.
Сайысты қортындылау.
Жеңімпаздарды құттықтап, марапаттау.
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет