Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


ХИМИЯ САБАҒЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28

ХИМИЯ САБАҒЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ  
АРҚЫЛЫ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы  Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы
С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің
Химия - биология пәнінің мұғалімі Жалмұрзаев Мейірбек Тәжібекұлы
Қазіргі   таңдағы   еліміздегі   білім   беру   жүйесінің  ең  басты   міндеті   –   білім   берудің  ұлттық 
моделіне  өту   арқылы   жас  ұрпақтың  білім   деңгейін   халықаралық  дәрежеге   жеткізу.   Мұғалімдер 
алдында оқыту мен тәрбиелеудің  жаңа технологияларын  қолдана отырып, жеке  тұлғаның  дамуына 
жағдай туғызу қажеттілігі тұр. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен 
ойлауды талап етеді.Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана 
үйреніп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ 
ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні  де осында. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану- заман талабы. Жаңа 
талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын  
құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей  
алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. 
Ол үшін  мұғалім жаңашылдыққа дайын болуы керек. Жаңа заман мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, 
оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар. Сабақ мақсатына жету 
үшін   оқушылардың   уәж   дағдыларын   дамытуға   жағдай  жасау  керек.    Жаңа   технология   әдістеріне   жататын   электронды 
оқулықтар қазіргі оқу үдерісінде үлкен маңызға ие болып отыр. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы екі жақты  
52

білім алады: біріншісі- пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім. Химия пәні экстрималды ғылым болғандықтан, көптеген  
тәжірибелер   жасауға   тура   келеді.   Бұл   әдістің   тиімділігі   оқушылардың   таным   деңгейін   дамытуда,   теориялық   білім  
эксперимент, тәжірибе арқылы бекітілуі үлкен рөл атқарады және көзімен көргендіктен есінде жақсы сақтайды.
Әрбір   сабақ   мұғалімнің   шығармашылық   жұмысы.Сондықтан   да   әр   сабақты   оқушының   есінде   қалатындай   етіп  
түрлендіріп отырған жөн. Білім берудегі мемлекет саясатының ең маңызды мәселелері- маман даярлау сапасын жақсарту,  
білім берудегі ғылыми әдістемелік жүйелерді түбегейлі реформалау, оқытудың формалары мен әдістерін өзгерту, ондағы 
алдыңғы қатарлы жаңашыл оқу-тәрбие тәжірибелері мен білімді арттыру үдерісіндегі жүйелілікті қамтамасыз етуді, оның 
рөлін жетілдіру және қазіргі заман техникасын жоғары деңгейде қолдана білу болып табылады.
    Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда, өз бетімен 
жұмыс   істеуге   дағдыландыру   ойлау   қабілетін   дамыту,   сөйлеу   шеберліктерін   арттыру,   өз   беттерімен   ізденушіліктерін 
ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында-ұстаз шеберлігінің белгісі.
     Осы бағытта 8-сыныпта «Сутектің химиялық қасиеттері, қолданылуы» тақырыбында өтілген электрондық оқу жүйесін 
пайдалану сабағы теориялық алған білімдерін практикамен ұштастыруда, тәжірибе жұмысын көзбен көруге мүмкіндік алып, 
өз беттерімен ізденушіліктері мен белсенділігін арттырып, білім сапасын заман талабына сай дамуына, ой-өрісін кеңейтуге 
танымдық қабілеттерін арттыруға үлкен әсерін тигізеді.
Ұлы шығыс ойшылы Конфуций: «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есімде сақтауым мүмкін, менің 
өзіме жасатсаң үйренемін» деген. Қазіргі ғылыми зерттеулер бұл даналықтың астарында терең мағына жатқандығын 
байқатады. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп, жаңа технология элементтерін 
пайдаланып өту-бүгінгі заман талабы. Жаңа технология әдістерінің бірі электрондық оқулықтарды химияның сабақтарында 
пайдалану кезінде оқушыларға мынадай тиімділігі бар: 
         
 таным белсенділігінің деңгейін арттыру,
             теориялық білімін 
практикамен ұштастыруды,  
                   көптеген  тәжірибелерді көзбен көреді, 
өздігінен қажетті білім алады,
қосымша материалдар жинайды,
тәжірибелерді көзбен көргендіктен есте жақсы сақтайды,
қызығушылығы, белсенділін арттырады,
химиялық реактивтерді үнемді пайдалануға тиімді,
 тақырып бойынша тапсырмалар орындайды,
тесттер шешіп,өз білімін бағалай алады,
қателіктер мен жұмыс жасап, болдырмау жолын шешеді,
жеке жұмыс жасау мүмкіндігі болады.
 Электронды оқулықтың шағын мектептегі тиімсіздігі:
Шағын мектептерде балама сыныптардың болмауы.
Мектепте компьютердің жетімсіздігі.
Компьютер маманының жетіспеушілігі.
 Электронды оқулықтар оқушылардың өз бетінше жұмысын және жоғары танымдық белсенділігін арттырады, 
олардың терең де тиянақты білім алуға сонымен бірге барлық оқу процесінңғ алға қойған мақсатынан бастап, қол жеткен 
нәтижесіне дейінгі аралықты қамтиды, оқушыларға химия пәнінен үлкен ақпараттық білім кеңістігіне жол көрсетеді. Оқыту 
процесінде оқушылардың ақпараттық технологияларды пайдалануы, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзіндік 
сараптау, жоспарлау мүмкіндіктеріне негізделген оқытылу мүмкіндігін береді. Заман талабына сай техналогияларды 
шәкірттеріміздің тиімді пайдалана алуы болашақтың өркендеуін білдіреді.
  
 Білім берудің жаңа технологиялық тиімді әдістерінің бірі- электрондық оқулық екендігін оның бүгінгі заман талабына сай  
оқу құралы екендігі. Себебі әр оқушының жеке жұмыс жасауына, іс жүзінде тәжірибе жұмысын компьютер арқылы орындай 
алуы оқушылардың қызығушылығын оятып білімге деген құштарлығын арттырып жігерін оятты.
      Ұрпағы білімді де тәрбиелі халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру- 
бүгінгі күннің басты талабы. Әр мұғалім өз практикасында қажетті әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана 
білуі керек. Еліміздің дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін парасатты, денсаулығы мықты азаматты  
тәрбиелеу-ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті.
Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс  
агенттігі. «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік  
сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. Алматы 2007»

А.Әлімов. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы. Алматы 2009.

Н.Нұрахмтов, К.Сармаов, К.Жексенбин. 8-сынып Химия. Алматы мектеп 2012ж.

Химия мектепте журналы №1 2014ж, №3 2009ж, №5 2013ж.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы.

Қазақстан мектебі №5.8 2004-2009ж.

Білім кілті №6 2008ж.
53

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы 
№ 80 мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Жалмұрзаева Самал Мейірбекқызы
Қазіргі   таңда   еліміздің   болашақ   ұрпақтарын   тәрбиелеу   бағытындағы   білім   беру   мәселесі 
-мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ұстанымға жетудің бірден – бір жолы: әлемдік  
білім кеңістігінен орын алу, өркениетті, қуатты елдер қатарына қосылу болып табылады. Оқытудың 
инновациялық технологияларын пайдалана отырыпбілім сапасын арттыру, сондай – ақ рухани жан 
дүниесі   бай,   жан   –   жақты   дамыған   ұрпақ   тәрбиелеу   -осы   ұстанымдардан   туып   отырған   өзекті 
мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін,  
қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума 
ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Жаңаша білім беру міндеттерін негізі үш мақсат  
қана шеше алады. Олар-дүниетанымдылық,шығармашылық және терең білімділік. 
 
«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, 
сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-
қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,— деп түсіндіріледі.
Шығармашылық— бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам 
дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін 
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам 
туынды ғана емес жаратушы да. 
Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға ұмтылуы, өз бетінше ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін 
адам дұрыс ой түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.
Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында кездескен 
кедергілерді жеңе алады, үздіксіз ізденіп отырады.
Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы.Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білік, 
білім,дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық 
бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Әр бала жас кезінен еркін ойлауға алдына қойған істі жоспарлап 
оны сонына дейін жеткізуге,кедергілерге қарсы түруға бейімделгені жөн
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің 
озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын 
ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір 
сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
«М алім  рдайым ізденісте болса  ана ш кірт жанына н р  я алады
ұғ
ә
ғ
ә
ұ құ
» депАхмет Байтұрсынұлы айтқандай 
мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы,құзіреттілігі арқылы айқындалса,сол құзіреттілік оқушы шығармашылығы арқылы 
көрінеді. Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық 
қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап 
етеді.«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттегенС.Л.Рубинштейн«оқушы шығармашылығының 
ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі 
баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке 
тәжірибесімен салыстырылады.
« Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі 
ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзешген сияқты. Еліне қорған, ұлтына қамқор болар 
ұрпақтың қашанда көңілі ояу, айналасындағы өзгерістерге сын көзбен қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім 
қабылдай алуы қажет – ақ. Міне, бұл биік – оқушының шығармашылығы арқылы келетін іс.ендеше оқушыларды 
шығамашылыққа баулуды алғаш мектепке келген сәттен бастап – ақ қолға алу керек.
Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Сондықтан 
бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір 
білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, талдау 
жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың ең басты 
мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Оқушылардың шығармашылық қызығуын 
ояту, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп ізденуді талап етеді. 
И. Д. Левидовтыңпікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені 
үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады. 
Оқушылардың шығармашылық қабілетін танып білу үшін олардың қабілет деңгейін әр алуан болатынын ескеру керек. 
Қабілетін анықтау үшін психологиялық тесттер қолдануға болады. Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын 
нерв жүйелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптастырып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды 
қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді 
тиімді пайдаланып алуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай зейіні 
тұрақсыз, қабылдау мүмкіндіктері де әр алуан болады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөніндеИ.П.Волновтыңайтқан пікірі өте құнды. Ол 
балалардың әр саладағы қабілеттерін айқындау, дамытуға қажетті, тиімді жағдай туғызуы, бірінші сыныптан бастап 
балалардың қабілеттерін, бейімділіктерін дамытатын дербес, өздігінен орындайтын шығармашылық тапсырма жүйесін құру, 
оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының 
шығармашылық жұмыс қабілеттерін олардың өз беттерімен меңгерген білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана 
отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. 
54

Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы 
барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікір – сайыстар өткізудің маңызы 
зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, 
шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, 
қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, 
оған өз түйсігімен қарап, өд жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар 
оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлілікке баулу 
мақсатында пайдаланылады.
Бастауыш сыныптағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән – ана тілі. Ана тілін үйрету – сөздерді түсініп, 
меңгеріп оқу, жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйрену мен қатар, бала сансыз көп ұғымдарды, 
ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін де меңгереді.Ана тілін оқып-үйрену арқылы олар Қазақстанның 
мәртебесін көтере туған халқының өткені мен бүгіні,болашағы жайында мол мағлұматтар ала 
отырып,танымдық,тәрбиелік,білім-дағдыны үйренері хақ.Өтілетін әр сабақ белгілі бір мақсатқа құралған,оқушы танымы 
мен дүниетанымын қалыптастыра отырып шығармашылыққа баулуы тиіс.Ол үшін мұғалім күнделікті сабаққа жете 
ізденіп,жаңа технологияны шебер пайдаланса,сабақ өз мақсатына жеткен шығармашылыққа бағдарланған, оқушы 
дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді.Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік 
жағы»деп бөліп жаруға болмайды.Себебі білім мен тәрбие-әркез егіз үрдіс.Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына 
дарыта оқыта отырып ,оқыту әдісін,жаттықтыру жұмысын,қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін 
ескере отырып,қабілеті мен ынтасына қарай таңдай білсе,өзі көздеген мақсатына жетеді. Оқушылардың шығармашыл 
қабілеттерін әр түрлі әдіс тәсілдерін қолдана отырып арттыруға болады. Олар мынадай:
1.
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;
2.
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
3.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, 
құрастырмалы ойындар, т.б)
4.
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
5.
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту;
6.
Мәтін кейіпкерлеріне мінездеме беру;
7.
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
8.
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Осындай әдіс – тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, 
тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны 
шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады.
Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Ана тілімен қатар қазақ 
тілі сабағы да сөзбен жүргізілетін жұмыс сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. 
Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық 
қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:
8)
Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:
Қыран қала Дархан
Мұз бұлақ есек
Қысым сүт киім

«Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра ма

Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:
Зықыл (қызыл) рыса (сары)  Ыңқал (қалың) ікби(биік) Анжу (жуан) рат(тар)
«Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға, бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда» деп Абай атамыздың сөзімен айтар болсақ, 
шығармашылық қабілеті дамыған баланың көкірегі сезімді, көңілі ояу боларына дау жоқ.
Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз 
еңбегінің нәтижесін көруге,оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үрдіс.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке 
тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады.Егер шығарматьшылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып 
қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір 
ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы 
белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушы шығармашылығын 
дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық 
даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Оқушы шығармашылығы 
практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды 
қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық 
қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық 
істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушының 
шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізгенМ. Жұмабаевболатын. Ол балалардың 
ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне 
көп күш жұмсау керектігін ескертеді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта 
оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын 
шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап 
жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес. 
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, 
шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.
55

Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. 
Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады. 
Елбасы еліміздің рухын көтеретін ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жариялады.Бұл – тұғырлы 
идея. «Қазақстан -2050»-Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Осы жолдан айнымайық,қадірлі халқым! –
деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен баяндамамды аяқтаймын.
Қолданылған әдебиеттер:
1 Бастауыш сынып әдістемесі №3,4 2014ж
2 Тәрбие сағаты.№5 2014ж
3 Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие ісі. №1,2015
4 Бастауыш сыныпқа арналған әдістемелік кітаптар.
5.
 
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А.Тұрғынбаева    Алматы, 1999ж.
* * * * *
Қарағанды  облысы, Жаңаарқа  ауданы
«№132  жалпы  орта  білім  беретін  мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Жаппарова  Зауреш  Айбатовна
                                                                                                      
                Пәні: Математика                                                                      1-сынып
       Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
       Сабақтың мақсаты:    1.Әріпті және санды өректер туралы түсінік беру.
     2.Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту,пәнге деген 
қызығушылықтарын арттыру,әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып есептеп шығара білуге машықтандыру.
      3.Әдемі жазуға, адамгершілікке ,табиғатты,жан-жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі :дәстүрден тыс ертегі, кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,ой қозғау, сұрақ-жауап,мадақтау.
 Сабақтың көрнекілігі:интербелсенді тақта, слайд,актив ойтпен жұмыс,суреттер.
Сабақтың өту барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
Кел,балалар ойнайық,
Ойнайық та ,ойлайық.
Қанндай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
II.Үй тапсырмасын тексеру
 Өткен сабақты пысықтау,қайталау.
Бүгін біз математика сабағымызды ертегімен байланыстырып өтеміз. Біз бәріміз ертегіні ұнатамыз ба?
Ендеше «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз бе?
Олай болса «Мақта қыз бен мысықтың» үйін құрастыруға көмектесейік.
2+4              6-2
5+3
8-4
5+4
9-4
5+5
10-5
5 пен 5 тің қосындысы нешеге тең?
10 мен 5 тің айырмасы нешеге тең?
-Бұлар бір-біріне қандай амалдар болып табылады? (кері )
Біз тапсырманы тез әрі жылдам есептей отырып ,үйді жылдам соқтық.
III.Жаңа сабақ
Олай болса,біз бүгін сабақта санды және әріпті өрнектерге есептер шығару арқылы «Мақта қыз бен мысық» ертегісін 
тамашалаймыз.
Үш қатардан шығып ,ертегіні үзіп-үзіп айтады.
-Ал енді балалар,бәріміз бірге мысықтың құйрығын 
қайтып алуына көмектесейік.Ол үшін мысық алдымен 
неге барады?
-сиырға  барады екен.
Сиырдың тапсырмасы
Тақтамен жұмыс
1.Мұғалімнің түсіндірмесі
5+2  1-5  3-2  4+4    бұларды не деп атаймыз?
        Өрнектер
                                          
56

2+2                                                        а+2
10-2   Санды өрнектер                        10-с          Әріпті өрнектер
7-5                                                         в+5
   
*Міне осындай сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнектерді санды өрнектер дейміз.
*Әріпті өрнектің мәнін бірден таба алмаймыз.10-а ,а=2  болғанда 10-2=8
 Белгіссіз санның орнына әріп жазады.
Мұндай құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек дейміз.
Әріптің орнына сан беріп есептеп шығарамыз.
Тақтамен жұмыс
(мұғалімнің түсіндіруімен орындалады)
а
2
3
4
5
а+3
5
6
7
8
с
10
9
8
7
С-2
8
7
6
5
-Балалар,мысық сиырдан кейін тағы неге барады?
Талға барады.
-Бірақ , балалар талдың да сендерге арнаған тапсырмасы бар екен.
IY. «Кім жылдам?»
№2 Санды өрнектерді оқы .Мәндерін тап :
4+2
8+2
3+3       5+3
7-2
9-2
7-3        9-3
Қосу мен азайтудың компоненттерін қайталап өту.
-Дұрыс балалар, тапсырманы дұрыс орындадыңдар.Енді мысық көмек сұрап  тағыт кімге барады?
-Иә,су әкеле жатқан қыздарға жолығады. Ол қыздардың да мысыққа және сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен.
 Қыздардың тапсырмасы 
№3 Әріпіт өрнектерді оқы:
а-3 ,10-а, 7-а
а=3,4,5 деп алып ,өрнектердің мәндерін тап
3-3=0
4-3=1
5-3=2
Мадақтау әдісін қолдана отырып , оқушыларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет