Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы


сақтап, өмір  сүруге  лайық  болу  керек!



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

сақтап, өмір  сүруге  лайық  болу  керек!
* * * * *
Ақтөбе  облысы Хромтау  ауданы №3Хромтау  орта  мектебінің
 5а класс  оқушысы Махмутова Наргиз
Шымыр  біздің  денеміз
Жазда  суда  жүземіз,
 Құмда   күнге  күйеміз.
Жалаң аяқ жүреміз,
Дерт  дегенді  білмейміз.
Қыста  шымыр  денеміз,
Коньки, шаңғы  тебеміз.
Жалқаулыққа  баспаймыз,
Жаттығудан  қашпаймыз!
         Анашым
Армысыздар, ағайын,
Қолыма  қалам  алайын.
Анашыма  мен де  арнап,
Өз  жырымды  жазайын.
Анам менің, асылым,
Қолымдағы  алтыным,
Бір сәт сізді ойламай,
Жүре  алмаспын, бар  шыным!
                   Әже 
Қонақ  келсе,  үйге  алыстан
Бауырсағы  тәтті  әжем.
Еркелетіп, «ботам»  деген,
Айдан аппақ, ақ  әжем.
Маңдайымнан  бір  иіскесе, 
Бір  марқайып  қалам  мен.
Ержеткен  соң  ақ   әжемді,
Мәпелеймін, бағам  мен!
* * * * *
83

МЕНІҢ  ЕЛБАСЫМ
Ақтөбе  облысы Хромтау  ауданы № 3 Хромтау орта мектебі
2 «г» класс оқушысы Русланұлы Нұрғасыр
Мұғалімі: Абдулина Гульден Сайфуллақызы
Отан менің ата –анам,
Отбасымнан нәр алам.
Елбасымның мейірімі
Бүкіл елге тараған!!!
Менің   ата   анам,   бауырларым,   ата   әжемнің   қасымда   болғанына   өте   қуаныштымын   және
бақыттымын! Неге дейсіздер ғой? Себебі менің елімде,менің Отанымда тыныштық орнаған. Менің
Атам әрқашанда ас қайырғанда,тілек айтқанда,бата бергенде міндетті түрде «Елде тыныштық болсын !»-деп аяқтайды.Мен
оның   мәнісін   енді   ғана   түсініп   отырмын.Теледидарды   ашып   қалсам   болды     ана   елде   соғыс,мына   елде   бал   жоғалып
жатыр,балалар анасынан айрылып,соғыстың кесірінен әкелерінен айрылып жатқан жаңалықтарды жиі еститін болдым.Бұл
мен   үшін   –қасірет.Мен   елімде   ондай   жаман   жаңалықтарды   естіген   емеспін.Мен   елімде     балалардың   жылағанын
қаламаймын.
Бірінші   желтоқсан   –мереке.   Алақай,   демаламын!-деп   қуаныстық.   Бұл   мереке   барлық   қазақ   елінің   мерекесі.Бұл
Қазақстанның Тұңғыш Президент күні.Менің елім- Қазақстан.Маған елімнің елтаңбасы,жалауы өте ұнайды Менің елімдегі
тыныштық  ол менің Елбасым Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының арқасы.Ол біздің батырымыз, Алла Тағаладан кейінгі
қорғаушымыз.Біздің   елімізді   ң   жарқын   болашағына   алаңдайтын   ,жаны   ашитын,аналары   балаларынан,бауырлары
туысқандарынан ажырамас үшін соғыс  деген жаман атты бізге көрсетпей,басқа мемлекеттермен достық  қарым-қатынас
жасап,бейбітшілікті   жасап   отыр.     Мен   Елбасыма   үлкен   алғысымды   білдіріп,басымды   иемін.   Мен   Қазақстан
азаматымын.Менің арманым -2030 жылы президент болу.Елбасыма ұқсап мен де елімнің батыры боламын!
* * * * *
 «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ-ҚҰРТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖҰМЫСЫ
Ақтөбе қаласыСазды орта мектебі  4а класс оқушысы 
Джамигинов Ермухан
Жетекшісі:Абишева Клара Айткалиевна 
Жоспар:
1.Кіріспе    2.Құрт-адам денсаулығына қажетті құндылық
3.Қазақстанның ұлттық бренді-құрт   4.Қорытынды
Жобаның   негізгі   мақсаты:  Қазақ   халқының   байырғы   тағамы-құрттың   пайдасын   анықтау   арқылы   маңызын
көрсету.Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру. 
Жобаның міндеттері.
-Қазақтың ұлттық тағамы-құртпен танысу;
-Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
-Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.
Мәселе:Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат:Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.
Кіріспе
Қазақ   халқы   асты   өте   жоғары   бағалаған  әрі   қастерлей  білген.Ел-жұрт   жадында   мәңгі   жатталып   қалған  «ас-адамның
арқауы»деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан.Халқымыз адам өмірінде тамақтың
орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің»немесе «арпа,бидай,ас
екен,алмас,күміс тас екен», «асты қорлама құстырар»деген сес,ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай
айтылсада   қай   заманда   айтылсада   халық   асты   құрметтеу   мен   бағалаудың   жолын   да,   жөн   жосығында   оны   дәмді   етіп
әзірлеудің көзін таба білген. Ел мен елді татуластыруда жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеуде өздерінің мырзалық үлгілі
өнегелі   қасиеттерімен   артықшылықтарын   білдіруде,   ел   дәулеті   мен   қарым   қабілетін,   түсінігін   танытудыда   қазақ   кең
дастархан арқылы яғни ас қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның
таза бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні
арқылы  сынап  бағасын  берген.  Демек  ұлт мәдениетінде  тамақ,  дәм  татыру,   экономикалық,  дипломатиялық   және  тәлім
тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе әрине қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан ақ аңыз болып
тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды басқа ұлт дін өкілдері деп бөлудіде білмеген, төрге шығарып ашық қабақ
танытқан,   достық   көңілін   көрсеткен.   Шаршағандарына,   мұқтаждарына   ат,   ас,   көлік   сыйлайда   білген.   Қазақ   әйелдері
тағамның алуан түрлерін дайындаумен бірге қыста да,жазда да таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс-тәсілдері мен жолдарын
таба білген. Оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, қымызды
жазда салқын ұстауды, майды көгертпей күтуді, басқа тамақтарды бұзылмай сақталуының ғасырлар бойы ұмытылмай келе
жатқан   байырғы   халықтық   әдістері   мен   амалдарын   әсіресе   ауылдық   жерлерде   күні   бүгінге   дейін   жеткізді   және   оны
қолданып   келеді.   Әсіресе   қымыз   бен   шұбатты   баптаудың,құрт,ірімшік,сары   май   сияқты   тағамдарды   дайындауда   қазақ
әйелдерінің шеберлігі мақтауға тұрарлық.
Мал  және онан алынатын  өнімдер қазақтың  басты  байлық  қоры.  Соның ішінде  ұлт тағамдарының  негізгікөзі болып
табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген мыңдаған
жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан жүздеген астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған
84

және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір
сүттен сұйық қою қоймалжың ащы тұщы жмсақ қатты ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде
қазақ дастарханынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Сүт химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның
құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан
бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс
істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әртүрлі тағамдар пайдалануға болады. Айран ұйытып ірімшік
құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте
дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде қолданылып
жүр. 
Құрт адам денсаулыгына қажетті құндылық
Іші   бауырымыз   құрысып,тырысып,көзіміз   қарауытқанда   дәруменіміз   азайып   кетті   деп   шығамыз.   Ондайда
банан,киви,апельсин   жеу   керек   деп   ақыл   айтатындар   да   табылады.   Көгорай   шалғынды   жалпағынан   басып   жайылған
сиырдың   сүті,түйенің   шұбаты   мен   жылқының   қымызы   дәруменнің   күш-қуаттарының   бірі.   Ғылыми   зерттеулер
көрсеткендей,сиырдың   құрамында   100граммға   шаққандағы   ақуыздын   мөлшері   52%болса,қазақ   ірімшігіндегі   ақуыздын
мөлшері 40-42% екен. Бабаларымыз кие тұтқан жылқы малының сүті қымыздың емдік қасиеті ежелден мәлім. Қымызда
сонымен қатар сөл бөлу және жүрек жұмысын жақсартатын В тобы дәрумендері бар. Ол ағзаға тарағансын ішектегі шіру
процесін   тежейді.   Шіріткіш   микробтарға   ішек   таяқшаларына   және   сарғыш   стафилококктарға   қарсы   жойғыш   күші   бар
қымыз құрт ауруы,сүзек,дизентерия бактерияларына тосқауыл қояды. 
Қазақстанның ұлттық бренді-құрт.
     Ұлттық брендті құру-Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет,тарих қайраткерлері және бизнес-құрылым өкілдері де
осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд домбыра,қобыз сияқты музыкалық аспаптар
десе,екіншілері   қымыз   бен   шұбат   деп   санайды,ал   үшіншілері   киіз   үйді   жақтайды.   Келешекте   Қазақстанның   атын
шығаратын не екени белгісіз. Таңдау қиын. Ұлттың сәні кешке киетін сәнді киім емес. Ал Саздылық Джамигинов Ермұхан
уақытын текке өткізіп жүрген жоқ. Мен қазақтың байырғы тағамы құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын.
Оның мың жылдық тарихы бар және бүгінде құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ.  Қазір ұлттық бренді ойлап табу
мәселесі туралы айтсақ, назарымызды неге құртқа аудармасқа? Бір кездері көшпенділерді ұзақ жорықтарда және соғыстарда
аштықтан құтқарған осы құрт емеспе.  Бұл азық өте ұзақ сақталады. Мен өзім де құртты жеп өсіп келе жатырмын. Менің
алғашқы   білімім   суретші.   Сондықтан   бастапқыда   суретші   ретінде   мені   құрттың   мүсіні   қызықтырды   және   мен   сыйға
тартатын құрт жасау бойынша жұмыс істей бастадым деп жалғастырды. Ол кезде тағамның құрамы мен сапасы туралы.
Оның жасалу технологиясы туралы ойлаған жоқпын. Менің бірінші ойлап шығарған құртым үшбұрышты болды және әр
бұрышы   үш   жүзді   білдірген.   Осы   бұрыштарда   қазақтардың   негізгі   игілігі   киіз   үй,   қойлар,   жылқылар,   түйелер  болған.
Сонымен қатар сыйлық ою түріндеде әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр шетел азаматына өте жақсы сыйлық. Басқа
шетелде демалыста болып сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу бұрынғы туристік дәстүр. Түркиядан біз әлемге
әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шәйларды әкелеміз. Әр елде достарына сый ретінде әкелуге болатын ерекше тағамдары бар.
Ал Қазақстан не ұсына алады? Тек базарда кемпірлер мен тауарсыз түрінде сатылатын құрттан басқа ештеңе жоқ. Егер мен
бастапқыда   тек   мүсін   туралы   ойласам   кейін   мені   құрттың   дайындалу   технологиясы   қызықтырды   дейді   Джамигинов
Ермұхан. Құрт голландықтардың ірімшіктері,түркілердің йогурті сияқты әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы қажет деп
ойлаймын.   Бірінші   «сыйға   тартылатын   құрт».Бұл   құрт  шоколадпен  қапталған  және   жаңғақ   қосылған.Екінші   бағыт-етті
құрт(жылқы,қой,сиыр еттері).Бұл құрт байырғы ата-бабаларының әдісі бойынша жасалады.Үшіншісі-балық құрт.
Қорытынды
Құрт-адам   денсаулығына   қажетті   құндылық   екеніне   көз   жеткіздім.Бұл   тағамның   емдік,тұрмыстық   пайдасы   бар.Құрт
Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық.Құртымыз әлем нарығына шығып қана,өз еліміздің балалары осы тағамның
пайдасын көре алады деп ойлаймын.Себебі қазір құртты тек қазақ халқы біледі,ал егер осы тағам ұлттық бренд болса,оны
тек шетелдер ғана емес,өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып бағалайды.
Қорыта айтқанда,қазақтың ұлттық тағамы-құрт адам денсаулығына қажетті тағам.Біз,Қазақстанның жастары осы құнды
тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.
* * * * *
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «АҒЫЛШЫН ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебі
Жоба қорғаушы: Шаманова Нұрсауле Миржанқызы
Жоба жетекшісі: Махамбеталиева Бакыт Умирзаковна
Бағыты: Валеология
Тақырыбы:Ағылшын  халық ертегілерінің ерекшеліктері
Жобаның мақсаты: Ағылшын халық ертегісінің ерекшеліктерін көрсете отырып, ертегінің қиялдан туындайтынына көз
жеткізу.
Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау:
·Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау;
·Ағылшын халық ертегісінің жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу және ықпалын анықтау ;
·Ағылшын халық ертегілерінің  мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау
Осы зерттеудiң өзектiлiгi: Ағылшын тiлiн үйренудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық 
ертегiлерiнің пайдасы өте үлкен.
Зерттеу болжамы:   Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті өмірде қолдануға үйрету. 
Зерттеу кезеңдері:         1. Тақырып талдау    2.Материалдар жинау  3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру   5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
85

Кіріспе
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Ағылшын  халық ертегілерінің ерекшеліктері»  деп аталады. Ертегілерге деген
қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады.Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде.Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол
халықтың сарқылмас рухани қазынасы.Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын  жанрлардың бір түрі – ертегілер.
Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. 
Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа
ауызша   жеткізіп   келді.Ауыз   әдебиетінің     басқа   түрлері   секілді   ертегілерде   адам   баласының   еңбекке,   тұрмыс   тіршілік
жағдайларына  байланысты   туған.Жаратылыс   құбылыстарын,  табиғат  сырын   жетік  білмеген,   олардың  неден болатынын
толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл
жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі   ертегілердің
туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер  туа
бастайды   және   онда   халықтың     тұрмыс-салты,   іс-әрекеті   басты   орын   алады.Бұлардың   бәрін   халық   ертегілері   арқылы
көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді.  
Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі 
осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, 
әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге 
тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша 
құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да 
қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, 
ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы,т.т. 
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып 
отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп 
көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін 
әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты
етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, 
сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта 
қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем 
баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.
Ертегілердің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады,
оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер
арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен  аяқталады.Әсіресе адам өміріне
байланысты  іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп,  бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Ертегіні  тыңдаған
балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу
айтушының шеберлігіне байланысты.
Ертегілер жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: 
1) жануарлар туралы ертегілер; 
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; 
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер; 
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке 
құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, 
біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ 
жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген. 
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы 
бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады. 
Қалыптасу тарихы 
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, 
аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың 
көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. 
Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. 
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде 
айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы
мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда 
осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген 
сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде 
мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз 
жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің 
себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын 
баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы 
рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған 
әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. 
Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол 
ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар 
туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар 
әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні
де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая 
өзінше жеке айтылып, елге жайылады. 
86

Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау 
Қазақ   ертегілерінің   ел   арасынан   жиналып   хатқа   түсуі,   баспа   жүзіне   шығуы   ХІХғ.   II   жартысынан   басталады.
Ш.Уәлиханов,   Г.Н.   Потанин,   В.В.Радлов,   Ә.Диваевтан   бастап   бірнеше   кезеңдердің   ғалымдары   еңбек   сіңірген.   Ертегі
жанрының   мақсаты   –   тыңдаушыға   ғибрат   беру   ғана   емес,   сонымен   бірге   эстетикалық   ләззат   беру.   Ертегі   жанрының
функциясы  кең, ол әрі  тәрбиелік әрі  көркем-эстетикалық  роль атқарады. Ертегілік  прозаның  басты  мақсаты – сюжетті
барынша   ғажайыпты   етіп,   көркемдеп,   әсірелеп   баяндау.   Демек,   ертегі   шындыққа   бағытталмайды,   қайта   керісінше,
әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы  заманында, аңшылық өмір
кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер – қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда
дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың   ертедегі өмірінің көптеген   белгілері   сақталған. (Матриархат дәуірі,
анимизм,   тотемизм,   магия     сияқты     діни     наным–сенімдер).   Қиял-ғажайып   ертегілердің     сюжеті   мен   поэтикасына,
құрылымына  батырлық жырлар үлкен әсер еткен.
Ал   Англияда   ертегілерді   жинақтау   және   жазып   алу   жұмыстарыРесей,   Германия   және   Франция   елдеріне   қарағанда
әлдеқайда   кеш   басталған.   Ағылшын   халық   ертегілерінің   алғашқы   топтамаларын   жинақтау   XIX   ғасырдың   соңында
басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа
тиесілі болған. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте
қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль
Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына
ертегілерді   өз   тыңдаушыларына   халық   қалай   жаратқан   болса,   солай   жеткізуді   мақсат   етіп   қойды.   Көптеген
прозаиктерді,ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте
бай   күйінде   Англияға   танымалдығы   болды.   ХIX-XX   ғасырларда   бұл   жанр   үшін   өз   ақындық   шабыттарын   тапсырған
албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд
Киплинг,   Беатрис   Поттер   и   Памела   Трэверс,   Джеймс   Барри,   Алан   Милн,   Джон   Толкин,   Дональд   Биссеттер   болатын.
Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух
және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер
сияқты 
Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.
Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн
көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген
Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық
өзгешеліктерін   зерттеп   шықты.   Сонымен   фольклорлық   жазбалардың   өңдеуге   ұшыраған   және   алғашқы   дүниеге   келген
туындылардың   ортасында   тағы   бір   жіңішке   стилистикалық   өңдеуге   ұшыраған   формасы   пайда   болды.   Яғни,   ертегілер
алғашқы   кейіпкерлерін   сақтап   қалған   түрде   жаңадан   жазылды.   Бұл   арадағы   ең   үлкен   еңбек   баспадан   басып
шығарушылармен   аудармашылардың   еншісіне   тиді.   Аудармашылардың   еңбектері   халыққа   ұнады.   Өйткені   ертегілерді
оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілі қолданылды. Британия аралдарында халық ертегілерінің
жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы
орындалған   діни   рәсімдерге   сенген   және   дамытып   барған.   Осыдан   христиандардың   дүниетанымының   басталуы
қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су
перілері,   ойдан   шығарылған   аңдар   халық   арасында   өмір   сүруді   жалғастыра   берді.   Ағылшын   халық   ертегілеріндегі
жауыздарға   қарсы   күреске   қиялдан   туған   алып   батырлары,   мейірімді   жануарлар,   құдайлар   немесе   жай   ғана   шаруалар
кейпіндегі   кейіпкерлер  өмір  сүрді.   Мысалы:   ағылшын   халық   ертегісіндегі   адам   жегіштерге   және   қара   күштерге   қарсы
күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал
және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. "Adventures of Jack the
Giant-Killer"   ертегісіндегі   Джек   өз   Отанының   азаттығы   үшін   күрескен   революционеріне   айналады.     Ағылшын   халық
ертегілеріндегі   кейіпкерлер   барлық   кезде   мұндай   батырларға   айнала   бермей,   кейде   оларды   шық   бермес   Шығайбай
капиталистер   кейпінде   де   таныстырылады.   Мұндай   кейіпкерлерді   Англиядағы   буржуазиялық   капитализмнің   дамуының
бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған
қыз Молли және "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар
айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды.
Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі
барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-
қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі адамдарға
жақсы әсер қалдырады. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды. 
. Ал «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек, жай шаруаның ұлы, ертегідегі жауыз адамжегіштерге қарсы
күреске түскенде алғашқыда тек марапат туралы ойлаған, ал ертегі соңында ол бостандық үшін күресетін нағыз халық
батырына  айналады.  Ертегіні   оқыған  балаларды  бас  кейіпкер  айбындандырады,   оның әрекеттерін  жан-жақты  талқылап
дұрыс бағалай бастайды және бала өзіне қажетті жақсы және дұрыс тәрбиені алады. Жамандық пен жақсылық, қорлық пен
зорлық, өтірік пен шындық, сүйіспеншілік пен жеккөрушілік ешқашан жауапсыз қалмайтындығына бала көз жеткізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет