«ШІЛТЕРЛІ ГЕОМЕТРИЯ»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі
Орындаған: Тажбағанбетова Алмагүл Жетекшісі: Келимбергенова А.Ж.
Кіріспе.
Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген жастық, сүлгі, көрпеше, кестеленген киімдерді безендірген ою-өрнектерден
геометриялық фигуралардың үйлесімділігін көріп таңғаламыз. Киімді, үй ішіндегі қажетті заттарды ою-өрнекпен сәндеп
тігу – өнердің ертеден келе жатқан түрі.
Көп ғасырлардан бері түрлі халық қолданбалы өнердің керемет таңғаларлық түрін жаратты. Соның ішіндегі
кереметі,әрі құттысы қолмен кестелеп тігу. Кестелеп тігу бұйымға ғажап айшықты, керемет әдемілік береді.
Адамдар ертеден киімдері мен тұрмысқа керек заттарын аппликациямен, кестелеп тігумен өрнектеген.
Кестелеу өнері ұрпақтан-ұрпаққа берілген сайын техникалық әдістері әсемдігі, түр-түсі одан әрі күрделеніп, дамып
келеді.
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнамент көп елдің
тіліне сіңген интернациональдық термин. Мағынасы – сәндеу, әсемдеу.
Ғылымда ою-өрнекті мынадай топтарға бөледі: зооморфтық(хайуанаттық); өсімдік тәріздес; геометриялық;
космогониялық, астральдық, ғарыштық.
Ою-өрнек – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-
өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз.
Олардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Ою-өрнекте көбіне геометриялық фигуралар тік, қисық жолақ, үшбұрыш, төртбұрыш, нүкте, дөңгелек, сызық т.б. кездеседі.
Геометриялық ою-өрнек геометриялық фигуралардың көптігіне емес, оларды орналастыру реттеріне байланысты. Әр
өрнекте математикалық дәлдік түсініктердің жүйелілігі маңызды. Үшбұрыш, дөңгелек, түзу сызықты, ромб т.б. тәрізді
бейнелерді өзара үйлесімділікпен орналастыра отырып, түрлі суреттер мен өрнектер шығаруға болады.
Кейбіреулердің пікірінше математика қызықсыз, өйткені ол есептер шығарудан, теңдеу шешуден, формулалардан
тұрады. Біз өз жұмысымызда математиканың әр түрлі жоспарлы ғылым екенін көрсеткіміз келеді.
Мақсатымыз – математиканың өте қызық және оқып үйренгенде еш пәнге ұқсамайтың, адам тұрмыс-тіршілігімен
тығыз байланысты ғылым екенін дәлелдеу.
Зерттеу мақсаты:
Кестелеу туралы ақпараттарды зерттеу, орамал, сүлгілерді ою-өрнекпен кестелеуге үйрену.
Зерттеу міндеті:
Теориялық: симметрия ұғымы, оның түрлері, ою-өрнектер туралы түсінік беру, ою-өрнектердің кестелеуде
қолданылуы.
Практиқалық: сүлгі, орамалдарды ою-өрнектермен кестелеу.
Кестенің даму тарихы.
Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Оның тарихы сонау көне замандардан, Андронов мәдениетінен басталады. Кесте
мата, тері, киіз т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен, сурет, өрнек салып тігу арқылы
жасалады. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып
отырған.
74
Қазіргі кезде мұражайлардан кестелеудің бірнеше түрін кездестіруге болады. Әсіресе ХІХ ғасыр заттары жақсы
сақталған. Ол кездере кестелеу қалалық және халықтық (крестьяндық) болып бөлінген. Қалалық кестелеу батыс модасына
еліктеп, халық әдеп-ғұрыптарына негізделмеген, ал халықтық халықтың көне әдеп-ғұрыптарына, тұрмысына байланысты
кестеленген. 13-15 жастағы шаруа қыздары өздеріне артынан баратын(енші) заттар дайындаған. Олардың ішінде
кестеленген үстел жапқыш, сүлгі, бас киімдер болған. Үйлену тойының алдында көпшілік жиылып қыздың өнерін,
еңбекқорлығын осы заттарды әсемдеуімен бағалаған. Келіншек өзінің өнер туындыларын күйеудің туысқандарына
сыйлаған. Шаруа отбасылары киімдерді үйден тоқылған матадан, жүннен, бөзден тіккен. Оны тек кестелеп қана қоймай,
тоқылған кружевалармен, тесьмалармен, шыттан қиылған түрлі қиындылармен безендірген. Ресей жерінен археологтар
алтын жіптермен әшекейленген киімдер тамтығын тапқан. Осы заттарға қарап отырып Көне Орыс дәуірінде ІХ-ХІІ ғасырда
кестелеу өнері дамығанын білеміз. Шебер әйелдер өз қолөнерлерінде халықтың тұрмыс-тіршілігін суреттеген. Көбіне
керуеттен түсіп тұратын жайма, сүлгі, перде, үстел жапқы, кең сарафандар, бас киім, орамалдарды кестелеген. Кестеленген
сүлгілер тек тұрмыста ғана қолданылып қоймай, діни тұрғыдан да көп нәрселерге пайдаланылған.
Кешірек, христиан дәуірінде кестеленген сүлгілермен икон, терезе, айналарды сәндеген. Үйлену тойларында,
мерекелерде, адам туғанда немесе өлгенде кестеленген орамал қасиетті қорғаныш зат ретінде қолданылған. Бір күнде
кестеленген сүлгі адамдарды тылсым күштерден, аурулардан, апаттардан қорғайды деген сенім болған. Оны бірнеше шебер
жиналып бір күнде не бір тәулікте жасап шыққандықтан ең таза деп есептеген.
Ою-өрнек. Оның түрлері.
Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен
ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері
Андронов мәдениеті
мен байырғы
сақ
,
гұн
,
ұйсін
өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және
фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның,
жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-
салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды
жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан,
өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді
нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан
кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді,
негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге
болады.
Үй жиһаздарында
геометриялық ою-өрнек
түрі жиі кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе,
жалпы
композиция
көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне,
қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Геометриялық
ою-өрнектердің
үшбұрыш
,
төртбұрыш
,
сүйірбұрыш
,
айқышты
,
сопақша
түрлері де кездеседі.
Ою-өрнектің кейбір түрлерін айта кетсек.
«Мүйіз» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде
ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері
сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз»,
«сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз»
өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі,
оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай,торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде
(ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
«ӨРКЕШ» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек
композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос
емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын
білдіреді.
«ГҮЛ» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен
басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің
жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
Уақыт өткен сайын ою-өрнектер күрделеніп, өзгеріп, басқа формалармен ауысып өрнек-суреттер пайда болды. Осылай
бірінен соң бірі қайталанып келген жеке өрнектер раппорт деп аталады.
Ою-өрнектің мынадай түрлері болады:
Геометриялық – неше түрлі геометриялық фигуралардан тұрады;
Меандровый – Ежелгі Греция өнерінде ғажап Меандр өзенінің атымен аталатын үздіксіз қайталанған қысқы
сызықтардан тұратын өрнектер;
Өсімдік тәріздес немесе көгөріс – төселген гүлдер, жеміс-жидектер, бұтақ, жапырақ т.б. қолданылған өрнектер;
Жануарлар – аң-құс, шыбын-шіркейлер төселген өрнектер;
Құстар – құс фигуралары төселген өрнектер;
Адамтектес – адамның денесі, не жартылай денесі қолданылған өрнектер;
Жазулық – төселген жазуларды еске түсіреді, көбіне ортаазиаттардың өрнектерінде кездеседі.
Халықтың қай қолөнер саласын алсақ та, ою-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен
орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін
тұспалап тұратыны белгілі.
Ою-өрнек түрі әр халықтың тарихы мен мәдениетіне байланысты. Түрлі компонеттерді қосып шеберлікпен
ойластырылған өрнек түрі композиция деп аталады. Оларда жеке фигуралар кезектесіп қатарларға тігінен, көлденеңнен,
диагональды орналастырылады.
75
Халықтың кестедегі өрнектер үйден дайындалған мата түріне ерекшелігіне байланысты. Сондықтан өрнектің көбі
геометриялық фигуралардан тұрады. Олар қолөнер туындыларының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады.
Көбіне бұйымның орта тұсында шеңбер, сызық түрінде безендіріленеді. Сондай-ақ геометриялық ою-өрнектердің
үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Композиция. Бұйымдарда шебердің талғамына қарай әр қилы қөрініс табады. Шебер оны өз талғамына орай жеке де,
топтастырып та пайдаланады. Геометриялық ою-өрнек көбіне жалпы композиция құру барысында негізгі күрделі ою-
өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Бұйымның жиектеріне, қапталдарына, ортасына нақышталады.
Симметрия. Симметрия түрлері.
Әнімді арнаймын саған симметрия!
Әлемде сені бар жерден тауып.
Сен Эйфел мұнарасында,
Ормандағы шыршада, табиғатта,
Қызғалдақтарда, тіпті барсың
қарлы аяздарда да!
Симметрия - сұлулық, үйлесім мен жетілдіру символы.
Табиғатта, техникада және тұрмыста кейбір денелердің өзара ұқсас, үйлесімді орналасуын симметрия деп атайды.
«Симметрия» грек сөзінен алынған «үйлесім» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген
ұғымды білдіреді.
Симметрия ұғымымен барлық жерде – табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда жиі ұшырасамыз. Симметрия ұғымы
адам шығармашылығының көпғасырлық тарихымен тығыз байланысты. Симметрия принцпі физика мен математикада,
химия мен биологияда, техника және архитектурада, поэзия мен музыкада маңызды роль атқарады.
Симметрия табиғаттың негізгі фундаментальды қасиеті болып табылады. Ескерткіштерді археологиялық зерттеулер
нәтижесі адамзаттың мәдениетінің қалыптаса бастаған кезеңінен бері олардың симметрия туралы ұғым болғанын және
суреттер мен тұрмыстық заттарында бейнелеп көрсете білгенін дәлелдеді. Өзінің барлық өмірін симметрияны зерттеуге
арнаған академик А. В. Шубников (1887 – 1970) симметрияны алғашқы өндірісте қолану тек эстетикалық мотивке
негізделмеген, сондай-ақ белгілі мөлшерде дұрыс формаларды практикада қолданудың жарамдылығына деген адамның
сенімділігіне де байланысты болған деген ұйғарым жасады.
Симметрия органикалық емес, әлем мен тірі табиғатта түрлі құрылымдар кездеседі және маңызды рольге ие.
Симметрия әртүрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі – түзуге қатысты симметрия. Егер түзу бойымен
бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, ондай фигуралар түзуге қатысты симметриялы
фигуралар деп аталады.
Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады, ал
түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.
Тіктөртбұрыш, квадрат, шеңбер – осьтік симметриялы фигуралар. Тіктөртбұрыштың екі симметрия осі бар,
квадраттың төрт симметрия осі бар. Шеңбердің кез келген диаметрі арқылы өтетін түзу оның симметрия осі болады.
Сондықтан шеңбердің симметрия осьтері шексіз көп. Бұрыш – осьтік симметриялы фигура. Бұрыштың симметрия осі
бойындағы бұрыштың төбесінен басталатын сәулені биссектриса деп атайды. Бұрыштың биссектрисасы оны градустық
өлшемдерін тең екі бұрышқа бөледі.
Симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.
О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп
аталады. О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады.
76
Тіктөртбұрыш, шеңбер, кесінді – центрлік симметриялы фигуралар. Тіктөртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін
қосатын кесінді диагональ деп аталады. Тіктөртбұрыштың диагональдарының қиылысу нүктесі – оның симметрия центрі.
Шеңбердің симметрия центрі – шеңбердің центрі болатын О нүктесі. Кесіндіні тең екі бөлікке бөлетін О нүктесі – оның
симметрия центрі.
Егер фигураның барлық нүктелері бір бағытта және бірдей қашықтыққа ығыстырылса, онда фигура параллель
көшірілген делінеді.
Кесте тігуде симметрия заңдылықтарын қолдану.
«Симметрия азаматтың сан ғасырлар бойы сәндікті жетілдіру үшін ашуға әрекет еткен ұсынысы болып келеді» деді
неміс математигі Герман Вейл. Симметрияны біз барлық жерде кездестіреміз: табиғатта, техникада, өнерде, ғылымда.
Мысалы: мына көбелекте және еменнің жапырағы, автомобильдердің және ұшақтың симметриялық атом молекулаларының
және кристалдарының құбылысының симметриялы орналасуы.
«Симметрия» термині грекше «ұқсас, пропорционал, бөліктердің бірдей орналасуы» деген мағынаны білдіреді.
Ағаштың тұлғасы оның тік симметрия осі болып саналады. Симметрияны жапырақтардан, гүлдерден, бұтақтардан,
өнімдерден ашық көруге болады. Әрбір қар түйіршігі – қатып қалған су тамшысы болып табылады. Қар түйіршігінің
пішіні әр түрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы 6-шы дәрежелі бұрылма симметриясы мен айналы симметрияға ие болады.
Ұлттық ою-өрнекте өзінің әсемділігімен көз тартады. Ою-өрнектің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі
симметриялы. Сонымен қатар қыздардың әшекей бұйымдары, үй жиһаздары бетіндегі оюлар барлығы симметриялы.
Шеберлер үгіп-жонып бағалы тастарға, гауһарларға: тетраэдр, куб, октаэдр, икосаэдр формасын беруге тырысады.
Қорытынды.
Ғасырлар бойы, әртүрлі халықтармен тамаша сәндік-қолданбалы өнер түрлері құрылды. Соның бірі кесте тігу болып
табылды. Ол біздің күнделікті өмірде объектілерге сұлулық пен талғампаздық беруге арналған өнер.
Ою-өрнек салып тігу – өте пайдалы, қасиетті өнер, тамаша картиналар және әшекейлер жасауға мүмкіндік беретін
қызықты шығармашылық процесс болып табылады
Тұрмыс-тіршіліктің қиын тұстарында қолөнер саған қуаныш сыйлайды. Өйткені уақытты әдемілікпен үйлесімді
пайдалану барлығын ұмыттырып алға жетелейді. Өз қолыңнан шыққан туындыны жақын адамына сыйласаң көп жылдарға
естелік боп қалады. Жасаған бұйымдарда міндетті түрде симметрияны пайдаландық. Жасалған қолөнер математика
сабағында көрнекілік ретінде пайдалануға да болады.
* * * * *
МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы Новый орта мектебінің
9-класс оқушысы Кужагалиев Сағидан. Жетекшісі: Алиев Ж.Б.
Тәуелсіздіктің көк туын желбіреткен өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап біз өз еліміздің шынайы
қожайынына айналдық дей аламыз. Оған дәлел - біздің мемлекеттік рәміздеріміз. Осыған орай елбасымыздың мынадай
сөздері ойға келеді: Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамыз да
– бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз. Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар! Лайым
бетімізден жарылқасын! Үлкен жолдың үстінде бізді ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін! Н.Ә.Назарбаев.
Президенттің Жолдауындағы жаңа Қазақстандық патриотизмінің идеялық негізі жастарға, олардың елін, туған жерін
шынайылықпен сүйіп, халық мүддесін ойлайтын, елді өркендететін сапалы білім алып, саналы, тәрбиелі болуларына,
тәуелсіз Қазақстанды мәңгілік елге айналдыру үшін еңбек етулеріне бағытталған. Қай қоғам, қай заманда болмасын,
отаншылдық бастауы – тарих пен мәдениет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлықпен бекіткен “Мәдени
Мұра”бағдарламасында мәдени, ұлттық рухани мұраларды сақтап қалу, оларды тиімді пайдалану және дамыту мәселелері
нақты мақсат болып қойылған. Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды. Ерлік пен елдіктің белгісі ретінде
тарихымызды түгендеп ата-баба рухын қастерлеп еске алып отыру біздің парызымыз. Ұланғайыр атырапты ақ найзаның
ұшымен, ақ білектің күшімен бүгінгі ұрпаққа сақтап қалған бабаларымыздың рухына мың тағзым. Қазақ халқының басына
дәурен ХХІ ғасырда қайта оралды. Түсімізге кірмеген тарихи бақытқа ие болдық, сан мың ұрпақ жете алмаған тәуелсіздікке
жеттік. Бас-аяғы 24 жылда заман, қоғам өзгерді, адам өзгерді, ой-сана өзгерді; мемлекетіміз қалыптасты, экономикамыз
нығайды, демократия орнықты, бізді бүкіл әлем таныды. Дана бабаларымыз бізге өсиет етіп кеткен аманаттары бізге
тәуелсіздікпен бірге жетті. Оның айқын мысалын VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткішінен оқимыз:
-Ей, түріктің бектері, халқы! Сендер таққа кіріптарсыңдар, алауызсыңдар. Әкелі-баланың ымырасыздығынан, ағалы-
інілінің дауласқандығынан, бекті-халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан, қағаныңнан,
қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен айырылдың. Жер-жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың,
77
сонда не пайда таптың? – Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік бектері, халқы, өкін! Сай-сүйегінді
сырқырататын осы сөздерді бабаларымыз мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен осылай тасқа қашап
жазып кеткен. Ел тағдыры, ер тағдыры сынға түсіп тұрған шақта мұны ешқашан ұмытуға болмайды. «Бақыт қайда
барасың? Ынтымағы жарасқан елге барамын» деген сөзді де айтып кеткен сол бабалар. Бізге бүгін де ең керегі – сол
бабалар өсиет етіп кеткен Ынтымақ пен Бірлік. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрған тұңғыш Президентіміз
туған елін төрткүл дүниеге тұңғыш танытқанына өзіміз ғана емес, өзгелердің қайран қалатынын естіп, біліп, көріп жүрміз.
Тұңғыш Президентіміздің әлем жүзіндегі беделі биік, абырой-атағы жоғары екендігіне дәлелдер мен дәйектер жетерлік.
Түсі суықтау, сырты салқындау, ешқашан ішін алдырмайтын, көзі күлгенмен өзі күлмейтін кәдуілгі Владимир Путин
ойланбай сөйлемейді, оңай сөз айтпайды. Осы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, былай тұжырымдады:
«Н.Ә.Назарбаев осы сөздің толық мәнінде – қазақ халқының тарихындағы тұңғыш тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш
Президенті. Ол мемлекет құруды әу басынан жүргізді. Және мұндай міндетті ілуде бір адам ғана орындай алады. Іс жүзінде
бұл-орасан зор міндет, ол әркімнің қолынан келе бермейді» Мәңгілік ел орнатамыз деп өмір кешкен, сол үшін заманының
ұлы империясы – Түрік қағанатын құрып, келешекке осыншама байтақ жерді, таусылмайтын байлықты, тозбайтын дәстүрді
қалдырып кеткен Бумын, Істеме, Елтеріс Құтлұғ, Білге қағандар да дана Тұй-ұқұқ та, айбынды Күлтегін де – бәрі де біздің
бабаларымыз еді. Түрік қағанатының қара шаңырағы да біздің қазақта қалған болатын. Ел басы Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық
идеяны ойға алған уақытта осы бабаларымыздың мәңгілік ел орнату арманын жүзеге асыру үшін талпынса керек. Ұрпақтан-
ұрпаққа мирас болып қалған бірлік, ынтымақтастық идеясы осы еуразиялық идеямен ұштасады.
Өткен ғасырдың ХХ ғ 90 жылдарында бұл идеяның қағидатты түрдегі жаңа серпін алды. Соның нәтижесінде
еуразияшылдық идеясы алғаш рет 1994 жылы Мәскеу университетінде Н.Назарбаевтың аузымен «Еуразиялық одақ» деген
атау алып, дамудың жаңа кезеңіне жалғасты. Сөйтіп, әлемдік тарихта тұңғыш рет айтулы мемлекет басшысы бұл идеяны
теориялық тұрғыдан ғана танып қоймай, мемлекетаралық деңгейде іске асыруды қолға алды. Н.Назарбаевтың бұл
еуразиялық идеясы бүгінгі күні нақты саяси көзқарас қалыптастырумен қатар, қуатты экономикалық тұғырнамаға қол
жеткізді. Сондықтан Қазақстан Президентін ғаламшарлық ақыл-ойы бар пассионарлық тұлға деп бағалануы керек. Еуразия
идея-сының іске асуында ЕурАзЭҚ-тың маңызы бар. Еуразиялық кеңiстiк аумағындағы мәдени байланыстардың бiрнеше
өркениеттiк мәдени сабақтастықты сiңiрген әрi бай, әрi көне тарихы бар. Еуразиядағы ашық, әрi байтақ далалар аймағы
көшпелi және отырықшы халықтардың түрлi мәдениеттерiнiң өзара ықпалдастығы мен тоғысуына ұйытқы болған.
Қазақстанның қазiргi аумағында сан түрлi тайпалар мен халықтардың жолы түйiсiп отырды: шығыс ирандықтар,
сақтар, түркiлер, монғолдар, манчжурлар, угро-финдер, славяндар. Осы халықтар туралы деректер бiзге сан түрлi
көрiнiстерде, соның iшiнде өнер, халықтың естелiгi арқылы жетiп отыр. Еуразияның шежiресi өркениетаралық қарқынды
және жемiстi өзара ықпалдастық, әлеуметтiк-мәдени және экономикалық өзара кiрiгу мысалдарына толы. Солардың iшiндегi
ең
негiзгiсi:
Сол оқиғалардың нәтижесiнде бүгiнгi Еуропаның нобайлары пайда болған халықтардың
Ұлы көшi-қонына байланысты оқиғалар:
1. Ежелгi заманның басты сауда-экономикалық күре тамырына айналған Ұлы Жiбек жолы;
2. Көшпелi-номадтардың мемлекеттiк құрылымдары;
3. Түрiк қағанаттары, ғұн державалары, Алтын Орда хандықтары симбиозының, түрлi мәдениеттер мен дiндер
бiрлестiктерiнiң (одағының) үйлесiмдi үлгiлерi.
Бүгiнгi Қазақстан өткен замандардан ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлердiң саналуандығын мирас еттi. Ел аумағында
тұратын жүзден аса этникалық топтың өкiлдерi азиялық және еуропалық компоненттердi үйлестiретiн бiрегей мәдени
нақышты құрайды. Сондықтан жаһандық мәдени стандарттар мен үлгiлердi жаппай тарату жағдайларында мәдени
саналуандық пен өзiндiк ерекшелiгi бар мәдени дәстүрдi сақтау әсiресе өзектi мәселеге айналып отыр. Өз мәдениетiн қорғау
үлгiлерiн әр ел өз қолымен жасайтыны кездейсоқ емес.Сонымен бiрге, Қазақстан нақты болмыстан оқшауланбайды,
керiсiнше, Еуразиядағы аймақтық үрдiстерге белсендi қатысып отыр. Интеграция, жаһандану үрдiстерiне белсендi қатысу,
халықаралық және аймақтық қауiпсiздiктiң жаңа жүйелерiн жасау iстерiн Қазақстан қарқынды екпiнмен iлгерi жылжытуда.
Осы орайда, Еуразиялық кеңiстiкте аймақтық экономикалық және саяси блок құру жөнiндегi Қазақстанның бастамасы
ерекше маңыз алады. Бұл үрдiс аймақтық блоктар құруға қатысты әлемдiк үрдiстерге сәйкес келедi, ол өз кезегiнде,
көпполярлы әлем орнату мен жаһандануға қатысуға қосқан үлес болып табылады. Екiншi жағынан, бұл жаһанданудың
келеңсiз әсерлерiне шара қолдану тетiктерiн жасайды. Нақты ақиқат көрсеткендей, тек iрi топтасулар ғана бұған қабылеттi.
Еуроодақ немесе АСЕАН сияқты аймақтық бiрлестiктер жаһандық экономиканың дамуына ықпал етудiң нақты
орталықтарына айналу жолында.
Еуразиялық аймақтық құрылымның негiздемесiнде халықтары ғасырлар бойы бiр-бiрiмен ұдайы байланыста дамыған
құрлықтағы елдердiң геоэкономикалық жақындығы жатқанымен, бiрақ мәдени-рухани молықтырусыз ол тiршiлiкке
қабылетсiз болады. Сондықтан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа аймақтық блок жасаудың негiзi ретiнде
Еуразиялық мемлекеттер одағын құру жобасын ұсынуы, посткеңестiк ыдыраудың салдарларынан күйзелiссiз арылу үшiн
қажет шешушi бағдарларды айқын белгiлеп бердi және Еруазия елдерiнiң арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге
шығарды. Еуразиялық идея жалпыадамазаттық та, сондай-ақ жеке халықтардың да тарихымен және мәдениетiмен тығыз
байланысты. «Президент Н.Назарбаев атап көрсеткендей, Еуразиялық интеграцияның құндылығы мынада, ол халықтардың
бiрегейлiгiне қысым жасамастан және ассимляцияламастан, керiсiнше олардың саналуандығын сiңiретiндей бiрлiк пен
тұтастықты иеленуi тиiс. Өйткенi этномәдени байлық пен батысеуропалық славян, ислам және түрiк өркениеттерiнiң
элементтерiн қосу бүгiнгi Еуразия үшiн айрықша ерекшелiк болып табылады».
Бүгінде әлем күннен-күнге өзгеріп, жаңару үстінде, аймақтағы геосаяси жағдай жылдан-жылға күрделеніп барады,
қауіп-қатерлердің түрі мен саны өзгеруде, біз солардың бәріне төтеп беріп, Тәуелсіздігімізді тұғырландыра түсуіміз керек.
Отанымызды қарқынды дамытуымыз қажет. Қазақстандағы тұратын этностарды қазақ халқының жанына топтастырып, осы
территориямызды тұтастай келесі ұрпаққа аман-есен жеткізсек, алдыға қойған үлкен мақсаттардың толығымен орындалуы
үшін жағдай жасап, бір кісінің баласындай аянбай еңбек етсек, Тәуелсіздігіміз баянды болмақ.
78
|