Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«БІЛІМ ЖАСТАН....» 
Оқушылар шығармашылығының 
топтама жинағы
Редактор: Нағиев Ізгілік 
Байдрахманұлы
Алматы, 2015

УДК 37.0
ББК 74.00
Б    94
     
БІЛІМ ЖАСТАН....:Оқушылар шығармашылығының топтама жинағы
/Редактор І.Б. Нағиев – Алматы,  2015. – 50 б.
Б   94 
ISBN   978-601-7579-14-2
«Нұрлы жол»  - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары,
жаңа   істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл   —
дағдарыс кезеңінен шығу жолы, инфрақұрылымдардың дамуы, жаңа жолдардың салынуы,
экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Жер   бетінде   қанша   ел   болса,   әр   елдің   мәдениеті,   салт   -   дәстүрі   мен   білім   беру
жүйесі   болады.   Біздің   мемлекетіміздің   де   білім   беру   саласына   көптеген   өзгерістер
енгізілуде.   Жаңа   заман   –   қай   кәсіпте   болмасын   жаңашылдықты   талап   етеді.   Басты
мақсат – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Оқушыларды таңдандыру, қызықтыру үшін
әрбір сабақ жаңалық болуы керек. Сондықтан, мұғалім үнемі ізденісте, жаңашыл және
әрқашан білімін жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс.
Білім   саласы   мен   кәсіпорын   мамандары   арасындағы   байланыс   ғылым,   білім   және
өндіріс   ықпалдастығының   арта   түсуіне   қызмет   етеді.   Ал   басты   басымдылық   ретінде
адам   капиталы,   тәжірибелік   білім   мен   біліктілікке   инвестиция   салынатын   болады.
Өйткені, заманауи маманға оның білімі, кәсібилігі, оқып-білуге деген қабілеттілігі құнды
қасиетке баланады.
УДК 37.0
ББК 74.00
ISBN  978-601-7579-14-2
© Нагиев И.Б., 2015
2

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №1  орта 
мектебінің  3 «а» класс оқушысы Абулхайм Жанель
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне орай
«МЕНІҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕ МЕНІҢ ТІЛЕКТЕРІМ»
«ЕЛІ СҮЙГЕН, ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ»
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатау ауылындағы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Нұрсұлтан
деп әжесі атын қойған. Ол бала кезінен өте ақылды, зерек, еңбексүйгіш болған. Мектепте жақсы оқып,тәртіпшілігімен көзге
түскен.  Жас  кезінен  ата-анасына   көмектесіп,  көп  оқып,   спортпен де  айналысқан.  Ол  ұшқыш  болуды  армандаған.  Бала
күннен еңбекке  ерте  бейімделген.  Есейгенде  металлург  мамандығын  тандап,  Теміртау қаласындағы заводта  қарапайым
жұмысшы болды. Өзінің еңбексүйгіштігімен өз ортасында жолдастарының құрметіне бөленген.  «Менің балалық шағымның
аспаны» деген көркем фильмды қарағанымда, оның ұйымдастырғыш қабілеттері көзге түсіп, әріптестері оған үлкен сенім
артқан тұстарын көрдім. Мұндай қасиеттері маған да үлгі-өнеге болмақ. 
Егемендік   алған   күннен   бастап   Нұрсұлтан   ата     Президент   болып   тағайындалды.   Қазақ   халқы   оны   бірнеше   мәрте
Президент етіп сайлады. Ол өзіне артқан сенімді жауапкершілікпен сезінеді. Нұрсұлтан Назарбаев балаларды өте жақсы
көреді. Ол бізге үнемі жақсы оқу, көп білу керек дейді. Жылма-жыл жаңа жыл қарсаңында Президент шыршасын өткізуді,
балаларға арнап сыйлық дайындау да ұмытпайды.
Президент бірнеше бағдарламалар, келешекке жоспарлар қабылдайды. Мектепті шетелдерде тегін білім алуға да жағдай
жасалған.   Алға   қойған   бағдарламалардың   бірі   –   балаларға   бақша,   оқушыларға   жаңа   үлгіде   мектеп   салу.   Биылғы   оқу
жылында   осы   бағдарлама   аясында   мен   оқитын   Ембі   қаласындағы   №1   мектеп   қазіргі   заманға   сай   қайтадан   салынды.
Мектебіміз сырт келбеті де, іші  де өте  әдемі, жылы, жарық. Спорт залы, асхана,кітапхана, түрлі үйірмелерге арналған
класстар  бар.  Жаңа  үлгідегі  парталар,  тақталар бар.  Жақсы оқып  мектеп  бітірген  соң  жоғарғы оқу  орындарында   және
шетелдерде тегін оқуға «Болашақ» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама аясында көптеген балалар білім алуда.
Мен   Елбасы   Нұрсұлтан   Назарбаевтың   біздер   үшін   жасап   жатқан   еңбегін   жақсы   түсінемін.   Бұдан   былай   да   үлкен
жетістіктерге жетуіне, ең бастысы оған зор денсаулық   және ұзақ   ғұмыр тілеймін.Біздер үшін жасаған жақсы істер үшін
Елбасыма өзімнің атымнан жақсы оқып, болашақта Қазақстанның одан әрі дамуы  мен гүлденуіне үлесімді қосамын деген
уәдемді беремін.
 
 Менің   әжем
Мені жақсы көретін
Ертегі айтып беретін
Көп жасасын ақ әжем
Үйге нұрын төгетін.
Әкешім
Әкем деген сымбатты
Асқар таудай ардақты
Өмірден көп үйреніп,
Жамандарын алмапты.
Анашым
Сүйемін,ана  өзінді,
Тыңдаймын ақыл сөзінді
Анашым,мен де өскенде
Боламын сіздей төзімді.
Алғашқы қар
Қар жауып тұр жапалақтап,
Қыс көрінісі қандай әдемі-ақ!
Көздің бәрі -далада 
Үйге сыймай бала да.
Мектеп
Мектеп –білім бұлағы
Мектеп- білім айнасы
Мектепте біз бәріміз
Көп нәрсені білеміз!
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҰЛАНЫМЫЗ
Қазақ  халқының  тәуелсіздікке  жетуі   сонау  патша  дәуірін де,  Кеңес  одағы  кезінде    де  аңсаған арманы  еді.  Қаншама
ақындар бұл туралы жырлап, жазушыларымыз кітап жазып, бұл күнге жете алмай кеткен.   Тәуелсіздік қазақ халқы үшін
оңай келген жоқ. Бұл үшін халқымыз қаншама қиыншылықтан өтті. Жастардың ерік – жігері Алаңға шығып өздерінің
қайсарлығын көрсетуі осы күнге жеткізді. 
1991 жылы 16 желтоқсан  ата – бабаларымыздың арманы орындалып, тәуелсіздігіміз жария болған күн. Біз тәуелсіз елде
өмір  сүрудеміз.   Ата   –  аналарымыз   еңбек   етеді.   Біздің  бақытты   балалық   шағымыз,   алаңсыз   оқуымыз   осының   барлығы
тәуелсіздіктің   арқасында   екендігін   жақсы   түсінеміз.   Бізге   барлық   жағдай   жасалған.   Қазіргі   заманға   сай   жаңа   үлгіде
салынған мектебімізді мақтан етемін. 
Тәуелсіздік туының мәңгі желбіреуі үшін біз жақсы оқып, азамат болып әрі қарай ата–баба арманын жалғастыруымыз
қажет. Себебі біз тәуелсіз елдің ұланымыз. 
НАНСЫЗ ӨМІР ЖОҚ
Қазақта « ас атасы – нан» деген сөз бар. Нан-ең  қасиетті ас. Кішкентай кезімізден ең алғаш аузымызға алатын тағам нан
екеніне ешкімнің таласы жоқ. Үйімізге қонақ келсе, ең алғаш татырғанымызда нан. Қай тағамды алмаңыз бәрі де нанмен
дәмді,   нанмен   ғана   қуатты.   Ол   біздің   алдымыздағы   дастарханға   келгенше   қаншама   маңдай  тер   төгіледі.   Мысалы   оны
дайындау үшін жер жытып, дәнді себу керек және оны аударып, арамшөбін отау қажет. Бидай шыққан соң, оны диірменге
апарып ұн қылып тарту керек. Оны наубайханаға апарып пісіреді, түрлі нандар, печенье, батондар жасайды. Біз нан жесек
ән айтамы, биде билейміз. Нан ешнәрсемен тең келмейді. Оның құнына баға жетпейді.  
* * * * *
3

«МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ»
Ақтөбе қаласы № 40 орта мектебінің 3 «Б» класс оқушысы 
Аманжол Сымбат Рамазанқызы
Әр отбасының басшысы әкеміз болатыны секілді, әр мемлекетті басқарушы ел басшысы болады. Біздің ата мекеніміз
тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті, елді игі жақсылыққа бастаушы ел ағамыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілде де, қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты,
Шамалған ауылында дүниеге келген. Елбасымызды дүниеге әкелген анасының есімі Әлжан болса, әкесі Әбіш. 
Білесіздерме   Нұрсұлтан   атамыз   біз   секілді   кішкентай,   бала   кезінде   өте   білімге   құштар   оқушы   болған.   Ол   тек   өз
сыныбының ғана емес, өзі білім алған білім ордасының мақтанышына айналған. Бізде батыр атамыз секілді өте білімді,
ақылды және атақты болуымыз керек. Ол кезде біз қазіргіденде көп оқуымызға, көп ізденуімізге және ата – аналарымыздың
сөздерін тыңдап ақылды ұл – қыз болып өсуімізге тура келеді. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев кішкене кезінде ата – анасының
сөздерін жерге тастамаған. Ал қазір жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін өз қолынан келген барлық шараларды жүзеге
асырып жатыр.  
Нұрсұлтан атамыз қазақ халқының батыр да, ержүрек азаматы. Нұрсұлтан атамыздың өмірі көпке үлгі, себебі барша
әлемге танымал атамыз кезінде өмірінің шытырман жолдарынан өткен, болашағын жоспарлау арқылы елін мойындатқан
азаматқа айналған тұлға. Ол кішене кезінде ұшқыш болуды қатты армандаған екен және сол арқылы қазақ елін біраз елдерге
танытқысы келген. Ал қазір ол бала кезіндегі армандаарынанда жоғары деңгейде еліне көмектесіп өзге елдерге танытып
жатыр.Бір   қызығы   елбасымыз   еңбек   жолын   өте   қарапайым   бастаған   екен.   Сенесіздер   ме   ол   ең   алғаш   металлургия
зауытында қызмет атқарған. Бірақ Нұрсұлтан атамыз  өзінің жасаған жұмысын өте жақсы көрген.  Өз жасаған жұмысынан
рахат ала білген. Ол жай қызметкер бола жүріп қазіргі деңгейге дейін көтерілген. Ол қазір Қазақстан деп аталатын, қазақ
деген қаны таза текті халықты даналыққа бастап отырған теңдесіз азамат.
Нұрсұлтан атамыздың өз отанына деген махаббаты шекшіз, шектеусіз. Ол өз еліне деген махаббатын, өз істері арқылы
анық аңғартып жатыр. Нұрсұлтан ата қазақ елін талай ауыртпалықтардан аман алып шыққан ер мінезді ел ұланы. Қазіргі
кездің   өзінде   де   ол   біздің  елбасымыз.   Біздің  мақтан   тұтар,   үлгі   қылар  атамыз.Н.Ә  Назарбаев   өте   ұзақ   уақыт   бойы   ел
басқарып келеді. Біз онымен мақтануымыз керек. Себебі мұндай ерекшелік барлық мемлекеттердің басынан өткен емес.
Қазақстан тәуелсіз ел атанғалы біздің ел билеушілеріміз бір де бір рет ауысқан емес.
Нұрсұлтан атамыз қазір өте атақты адамға айналды. Ол осы жетістікке өз білімі мен қажыр қайратының арқасында, адал
еңбекпен қол жеткізді. Менде өскенде елбасымызға  ұқсаған өте қажырлы да қайратты,  талапты да талантты,  батыр да
батыл, білімді де білікті, адамдық пен адалдықты жақтайтын азаматша болып өскім келеді. Мен міндетті түрде Нұрсұлтан
атамдай болатын боламын. Қазіргі таңда Қазақстанның әр өңірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты
көптеген зәулім ғимараттар бой көтеріп жатыр. Соның бірі де бірегейі өз қаламыздағы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
атындағы Ақтөбе орталық саябағы. Сондай – ақ Нұрсұлтан Назарбаев өз есімін білім салаларымен байланыстырғанды жөн
санайды. Елбасымыздың атына берілген Назарбаев атындағы орта білім беретін мектептермен қатар жоғарғы оқу орындары
айтылған сөздерімнің нақты айғағы.
Мен ерекше мақтан ететін және елбасымыздың өз еңбегінің арқасында бой көтерген Қазақстан Республикасының көрікті
де әсем және әдемі қаласы ол елордамыз Астана қаласы. Бүгінде Астана қаласы көптеген елдердің есінде Қазақстан елінің
астанасы  және  ең  әдемі   қаласы  ретінде   сақталған.   Шын  мәнінде   де  солай....   Астана  бүгінгі   таңға  дейін  даму,   жаңару,
жандану үстінде.Тіпті Астананың көркін сөзбен айтып жеткізудің өзі аздық ететін секілді. Астананы көрген де арманда,
көрмеген де арманда. 
Мемлекетіміздегі жоғары лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті  мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған
ең   жауапты,   ең   қиын   міндет.   Бұл   қызметті   Отаны   мен   халқын   шын   сүйетін,   ұлттық   тілі,   тарихы   мен   мәдениетін
құрметтейтін,   елі   үшін   отқа   түсетін   нағыз   азамат,   патриот   қана   атқара   алады.   Бұл   елбасымыз  Нұрсұлтан     Әбішұлы
Назарбаев. Мен өз елбасымды мақтан етемін, оны кез – келген жерде мақтана да марқая есіме алғым келеді. Қазіргі қазақ
жерін   осындай   жоғарғы   деңгейге   жетізуде   ел   басымыз   Н.Ә.   Назарбаевтың   еңбеі   орасан   зор.   Нұрсұлтан   Назарбаев   -
мемлекетімізді  орнатып, оны қалыптастырып, өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Қазақ
халқы  ұзақ   жылдар  бойы  аңсаған  арманына   да,   іздеген  мұратына   да   Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаевтың     тұсында   қол
жеткізді.   Билік   тізгінін   қолына   ұстаған   жылдардағы   президентіміздің   жарқылдаған   келбетін,   биік   болмысын,   кемел
дарынын, елбасы ретінде атқарған қызметін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек. Сонымен қатар осындай тәуелсіз
еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізге
сенеміз.Менің президентім осындай. Мен өз елбасымды, Нұрсұлтан атамды мақтан етемін.
* * * * *
«ЖАРҚЫН  БОЛАШАҚТЫҢ  КЕПІЛІ – ЖАНЫҢА  ЖАҚЫН  КӘСІП  ТАҢДАУ»
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң  геофак 1 курс студенті 
Каттабек  Әйгерім  Бақытқызы
Ең қиын мамандық - адам боп қалу. Хосе Хулиан Марти
  Маған  осы  мақаламды жазуға  түрткі  болған  өзімнің  туған  жерімнің  баспасынан  шығатын Сарыағаш  газетінің 27
қараша   2015жылғы күнгі   «Мамандық   таңдау-болашаққа   бағдар»   атты   Жүзімдік   ауылының    жастар   инспекторы
Е.Араповтың  мақаласы. Өз  мақаласында мектепте жастардың мамандықты  дұрыс   таңдауына жол  көрсету  мақсатында
жоғары  сынып  оқушыларымен әр сала мамандарының     алтын  уақыттарын  бөліп, өз  мамандықтарының қыр-сырынан
әңгіме   өрбіткендерін   оқыдым. Бұл   бастауды   өте   дұрыс   деп   есептеймін. Өзім   мектеп табалдырығында   жүргенімді
деңгейлік  курстан  өтіп, сертификатталған  мұғалімдер мамандық таңдауыма   көп  септіктерін  тигізген  болатын. Жаңа
технологияны қолдану   аясында  бірнеше  іс-шараларға  қатысып, өз  пікірімді  айқын  жеткізуіме  мүмкіндіктер  болған.
Сондай  іс-шаралардың  бірі  «сіздің  өміріңіздегі  ең маңызды  шешім:  мамандық  таңдау» атты  диспутқа  қатысып, сол
4

кездегі  өз  ойымдағы, арманымдағы  мамандығым  туралы  пікірімді  білдірген  болатынмын. Арамандаған  оқу  орным  әл-
Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті  еді.Сол оқу орны туралы мәлімет жинақтап, үнемі өтіп жатқан  іс-шараларды
көзімнен  таса  қылмай  жүретінмін. 
Елбасының қолдауымен университет қалашығын салуда  қарқынды түрде дамып, химия, физика және география 
факультеттерінің жаңа ғимараттары мен еліміздің білім саласының дамуы мен өрлеуіне арналған керемет мұражайы 
пайдалануға берілгендігін  естіп, осы  оқу орнына география  факультетіне түсемін  деп  алдыма  мақсат  қойып, жеткен  
болатынмын.Мемлекеттік  грант  иегері  атанып,
қазіргі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде  география  факультетінің  1  курс  студентімін.  
Қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді 
жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең 
озығы және беделдісі болып табылады. Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауында әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше.
* * * * *
МАҚСАТҚА ЖЕТЕЛЕГЕН АРМАН
Шекербек Асылзат Есенгелдіқызы
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 
Механика- математика факультетінің 1-курс студенті
«Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» демекші менің арман-мақсатыма жетуге әрине   ұстаздарымның еңбегі орасан.
Ұстазымның бойындағы   мейірімі,   жігерлігі, еліне қызметі,   халқының баласына деген сүйіспеншілігі,   өз мамандығына
деген шексіз құрметі  мені ерекше сезімге бөлейтін. Қолынан ою ойып немесе саздан мүсін жасағандарды шебер десе, мен
де өз ұстазымды өз маманының шебері деп атар едім. Мен де анама, ұстазыма қарап мұғалім болуды алдыма мақсат етіп
қойдым. Осы мақсат жолында  өзім де, ұстаздарым да көп еңбек етті. Білімді еліміздің ең беделді оқу орнында  алуды
армандадым.   Сүйікті   Мұхаммед   пайғамбарымыздың   хадистерінде   былай   депті:   Бір   сағат   ілім   үйрену   бір   кеш   бойы
құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу – үш ай нәпіл ораза тұтқаннан жақсы . Демек, өз ұлтымыздың ұстанымы
тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін жинақтап бергендей екен. Менің қалауыма түрткі болған осы сөздер мақсатыма жетуге
жетеледі.Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 102 балл алдым. Конкурсқа түсіп Алматы қаласындағы еліміздегі қанша
жастар арман еткен Қазақ Ұлттық университетінің грантын жеңіп алдым. Осы  күнге дейін бұл оқу орнын тек теледидардан
көріп, баспасөздерден оқитынмын. Ендеше бұл армандаған білім ордасын өз көзіммен көрдім. Көріп, шынында да, шағын
қалашық   дерсің!   Сұлу   қала   Алматыға   ажар   берген  Алатаудың   етегінде   қанат   жая   орналасқан.   Ұлттық   университеттің
көзтартар сәулеті, қаз - қатар орналасқан түрлі факультет ғимараттары мен жайлы жатақханалары, соңғы технологиялармен
жабдықталған спорт алаңдары, бай кітап қоры бар кітапханасы, ғаламтормен байланыс үйі, студенттердің қауіпсіздігі мен
игілігі үшін дамылсыз жұмыс атқаратын «Керемет» студенттер мекемесі, барлығы дерлік менің таңданысымды туғызбай
қоймады.   Әсіресе,   аспанмен  таласқан  «Қазақ   Ұлттық   университеті»  атты   жазуы   бар  ғимаратты     көргенде     қуаныштан
жүрегім тулап қоя берді. Сонымен қатар қара шаңырағымызға нағыз өнер ордасы іспеттес, жастардың өнерін шыңдайтын
үйірмелері бар, түрлі концерттік шаралар, халықаралық білім сайыстары өткізілетін сұлу ғимаратты Өмірбек Жолдасбеков
атындағы   студенттер   сарайы   да   назарымнан   тыс   қалмады.   Әсіресе,   әр   факультеттің   1-курс   түлектерін   университетке
қабылдау рәсімін ұйымдастырып, біз шын мәнінде осы білім ордасының көшіне ілескенімізді сезіндім.
Міне, менің арман-мақсатыма жетуіме жол ашылды. Қазіргі таңда мен механика - математика факультетінің 1 – курс
студентімін. Нағыз таңдаулы,  білікті мамандардан білім алып, оқуға, білімге деген қызығушылығым артып келеді.
Менің ҚазҰУ-ым білім мен ғылымның  нағыз ордасы !
* * * * *
Рахманова Анель 8 класс
Эмбенская городская средняя школа 
№1 творческая работа по русскому языку и литературе, 
учитель Айтмамбетова Б.У. 
День победы - праздник    всей страны!
Духовой оркестр играет марши
День победы -  праздник седины
Наших предков, дедов и тех, кто младше
Даже тех, кто не видал войны
Но её крылом задет был каждый
Поздравляем «С днём победы!»  мы
Этот день - для всей России важный!
* * *
В  день  рождения поздравления  от  нас  это  раз
Шлём  мы  добрые  слова  это  два
Быть  всё  время  впереди это  три
Жить  со  всеми  в  дружбе  в  мире
Это  кажется  четыре
Никогда  не  унывать  это  пять
Приумножить  все, что  есть  это  шесть
 Быть  внимательно  ко  всем  это  семь
Быть  всегда  в  нормальном  весе
Это  восемь,  девять,  десять 
Ну,  к  тому  в  придачу
Счастья,  радости, удачи
                  Учителя                                                                     
Дорогие  наши  педагоги
В  этот  праздник  «День  учителей»
Позабудьте  все  свои  тревоги
И  на  мир  смотрите  веселей
Вы  для  нас  всегда  источник  света
И  ребята  все,  как  сговорясь
Вам  несут  прекрасные  букеты
И  для  них  сиянье  ваших  глаз-
Лучшая  награда  за  старанье
И  дороже,  чем  любая  из  похвал
Есть  одно  у  них  желанье
Только  бы  доставить  радость  вам
Ради  вашей  радостной  улыбки
И  студент  и  каждый  ученик
Вмиг  исправит  все  свои  ошибки
В  дальнейшем  их  не  повторит
Вы  для  всех   нас  факел  знаний
Тот,  что  не  погаснет  никогда
Пусть  же ваши  сбудутся  желанья
Пусть  ваш дом  не  навистит  беда
5

Если  пожеланья   что – то  значат
То  пожелать  хочу  удачи
Чтобы  солнце  тебе  светило
Чтобы  сердце  твоё  любило
Чтобы  все  огорчения  и  беды
Обернулись  в  твои  победы
Счастья  я  тебе  желаю
Оставайся  всегда  таким
Таким  каким  тебя  я  знаю
Красивым,  умным  и  простым
             
 * * * * *
 
ТӘУЕЛСІЗДІК-ЕЛ БАҚЫТЫ
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы
5 класс оқушысы Абдрахманова Диана Қайратқызы
Жетекшісі Абдрахманова Айжан Кыдырбековна
Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай
келген жоқ. Қазақтың көптеген қайсар батырлары қазақ елінің еркіндігі яғни тәуелсіздігі жолында күресіп жеңіске жеткен.
Осындай   қазақ   батырларының   ерен   ерлігінің   арқасында   Қазақстан   тәуелсіз   мемлекетке   айналып   отыр.   Қазақ   елінің
тәуелсіздігінің басты белгісі - оның рәміздері. Қазақстанның үш рәмізі бар. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.   Сонымен қатар
Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан халқымыздың өзіндік валютасы да бар. Қазақстанның валютасы 1993 жылы 15
қарашада «теңге» болып қабылданды.
Тәуелсіздік –   ең   алдымен   Қазақ   халқының   бостандыққа   ұмтылған   асқақ   армандары   мен   қайсар   рухының   жемісі.
Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды.  Ол   жер   көлемі   жағынан   барлық   мемлекеттердің   арасынан   тоғызыншы   орында.   Ал   халқының   саны   он   жеті
миллионнан астам. Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері тұрады. Мысалы: қырғыздар, орыстар, өзбектер, татарлар, ұйғырлар,
кавказдар т.б. көптеген ұлт өкілдері бар. Бұл нәтижеден Қазақ елінің қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан мемлекет
екенін түсінуге болады. 
Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге
келді.   Әлемдік   қауымдастық   алдында   «Қазақстан   Республикасы»   деген   асқақ   рухты   ел   екенін   мойындаттық.   Ел
экономикасы   да   жылдан-жылға   нығайып,   мәдени,   рухани   даму   деңгейі    үлкен  белеске   көтерілуде.    Әлемдік
қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын тәуелсіз мемлекет құрылды.
Жыл   сайынғы   ел   Президентінің   халыққа   арналған   Жолдаулары   мен   қабылданған   мемлекеттік   бағдарламалар,
стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды.
Әрине,  осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Сонымен  қатар Қазақ  елінің дамуына  Қазақ  халқында
тұрып жатқан әрбір азамат үлес қосуы міндет деп ойлаймын. Мен де Қазақ елімді қорғауға және оның  дамуына зор үлес
қосқым келеді. Мен туған жерім- Қазақстанды жақсы көремін!
Тәуелсіздік   бізге   тек   бақыт   пен   ырыс   алып   келсін.Еліміз   аман,жұртымыз   тыныш   болсын.Еуразияның   кіндігі   қасиет
қонған Астана гүлденіп жайнай берсін.
 * * * * *
Актюбинская область, город Актобе
студентка І курса Актюбинского технического колледжа Христ Инна
преподаватель русского языка и литературы  Давлеталина Сания Сапаровна
Родина моя - Казахстан! . 
Там лазурное небо и снежные горы, 
Бескрайних полей золотые просторы. 
Закаты как в сказке и звездные ночи, 
Рассветы ясны как красавицы очи. 
Там вольные ветры и быстрые реки, 
Яркое солнце, широкие степи. 
Манящие тайной святые озера 
И лоз виноградных витые узоры. 
Там свято хранятся традиции предков 
И люди плохие встречаются редко. 
Там радость так радость! Беда не беда. 
Гостям в каждом доме рады всегда. 
Там разные нации в мире живут, 
Там вечные ценности - знания и труд. 
Самая лучшая ты на земле 
Родина матушка - слава тебе! 
Вы спросите где это, я вам отвечу! 
Краткой, но убедительной речью: 
"Осы маган улы Отан, 
Касиеттi жер Казакстан! " 
***


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет