Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет19/20
Дата22.01.2017
өлшемі10,09 Mb.
#2475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ
Ақтөбе қаласы № 40 жалпы білім беретін орта мектебінің 
3 «Б» класс оқушысы Аманов Асет Ерболатович
Класс жетекшісі: Рахметуллина Алтынай Қайырмағамбетқызы
Қазақстан-үлкен отбасы. Осы отбасының басшысы етіп халқымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Сол күннен
бастап   президентіміз   көп   еңбек   етті.   Нұрсұлтан   атамыздың   еңбегінің   нәтижесінде   біз   қазір   тәуелсіз   елде   өмір   сүріп
жатырмыз.   Нұрсұлтан   атамыз   1940   жыл   6   шілдеде   Шамалған   ауылында   туылған.   Бала   кезінен   сабақты   үздік   оқыған.
Мектепті бітіргеннен соң өзі қалаған металлург мамандығы бойынша білім алды. Бірақ Нұрсұлтан атамыздың ақылдылығы
оны президенттік өмірге әкелді. Президент болу ол оңай жұмыс емес. Нұрсұлтан атамыз басынан көп қиындықты өткізген.
«Қиындықты жеңуде –ақылдылық» дегендей ол да өз ақылымен   осы күнге дейін жетті. Президентіміздің еңбегімен шет
елдермен арамыз жақсы болды. Қазір ол жақта біліміңді арттыруға мүмкіндік бар. Осының бәрі Нұрсұлтан атамыздың бізге
жасап берген жағдайы. Қазір елімізде мектептер, балабақшалар, ауруханалар көп. Өйткені, елбасымыз біздің деніміз сау,
білімді болып өсіп, елге адал жұмыс істеуімізді қалайды. Ал біз сол сенімді ақтауға міндеттіміз. Ол үшін көп оқу керек.
Елбасымызды қазір басқа елдер  де қатты сыйлайды. Алматы қаласында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескерткіші бар
және оның атында университеттер мен жақсы оқитын балаларға арналған дамыған мектептер бар.
Елбасымыз бізге үлгі болатын көп нәрсе жасады. Ол кісінің жасаған ісі бізге- өнеге. Мен өз президентімді мақтан етемін. 
Ол кісінің ізімен жүріп көп жетістікке жеткім келеді.
* * * * *
МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ
Зейнелғабылова Жаннұр Нұрбекқызы
3 «Б» сынып оқушысы
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектеп
     Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Нұрсұлтан Назарбаев
Әбішұлы. Бұл адамды бала-бақшадан бастап барлық бала білеміз. Біздің Президентіміз бүкіл әлемге танымал. Қазақстан
халқының барлық жағдайын жасауда, еліміздің тыныштығын сақтауда. Мен үшінші сыныпта оқысам да, көрші елдерде
болып жатқан соғыстарды, оқиғаларды теледидардан көріп, естіп жүрмін. Ал біздің елде тыныштық, бейбіт өмір. Ол біздің
Президентіміз   Нұрсұлтан   атамыздың   арқасы   деп   білемін.   Президентіміздің   болмысын   бүкіл   әлем   біледі,   таниды   және
осындай президентіміз болса деп армандайды. Мұны қырғыз ақынының мына өлең жолынан білуге болады:
Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,
Жарқырап атсын жайнап әрбір таңы. 
Дамыған елу елге қосылам деп,
Ерен ер алға қарай бір шырқады.
Кімге айтамын мұңымды атамекен,
Елімнің жайы кімге батады екен?
Қазақтардай жарқырап маңдайымыз,
Қырғыздың таңы қашан атады екен?
Яғни, Нұрсұлтан атамыз біздің елдің ғана емес басқа да ұлт өкілдерінің пір тұтар азаматы. Мен елімізді Нұрсұлтан 
атамыздың басқарғанына қуанамын, мақтанамын. Біз, Қазақстан балалары, Президентпен бірге бақыттымыз.
* * * * *
«МУЛЬТИПЛИКАЦИЯ ӘЛЕМІ» (ҚЫСКАША)
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №5 орта мектебі 
Дайындаған: Мұратбаева Айзере Әділжанқызы 7 класс оқушысы 
Жетекшісі: Шұлғаубаева  Бақыт  Қасымқызы
Кіріспе
Мультфильм –  бұл мультипликациялық немесе анимациялық фильм, сонымен, мультипликация (анимациялар) көмегімен
құрылған болса фильм деп аталады. Мультфильмдерді жасауға арналған неше түрлі технологиялар бар.
Әрбір жылға сәйкес бізге танымал кейіпкерлер фрагменттері   экран алдында көрсетіліп келеді. Мысалы, («Чебурашка»
(1971, Роман Качановтың)), «Ежик в тумане» (1975, Юрий Норштейн), «Пластилинді қарға» (1981 A.Татарский), «Шрек»
(АҚШ, 2001 ж, Эндрю Адамсон, Вики Дженсон), «Naruto» (Жапония, 2002 Хаято Датэ).
«Чебурашка» - қуыршақты анимация.   (Чебурашка - үлкен құлақ, апельсин қорапта табылған, ірі, үлкен көздеріндегі  
мейірімділікпен шағын ойдан шығарылған жаратылыс); Қызыл Чебурашка - Ресей олимпиадалық құрамасының символы.
«Ежик в тумане» - қолмен жасалған анимация.
Мысалы, тұман былай пайда болды: қолмен салынған кірпінің суретін ақ фонның үстіне орналастырдыда, оның үстіне
жұқа  қадағалау қағазын қойды. Осы жұқа қағазды жаймен, баяу  көтерген уақыттта тұман пайда болып кірпі жоғалып, еріп
кеткендей болды. 2003 жылы «Ежик в тумане» мультфильмі 140 елдің сыншылары мен аниматорларының сауалнамаларына
қарағанда  барлық уақыттағы ең үздік анимациялық фильм деп танылды.
«Пластилинді қарға» - құрылымы (пластилин); Мультфильм үш тәуелсіз бөлікке бөлінеді (сурет, ойын, және мүмкін,
мүмкін),   бірақ   ортақ   таңбаларды   бар   болып   табылады.   Совет   одағы   кезінде   мультфильм   құру   үшін   шамамен   800   кг
пластилин кеткен, себебі түстерінің өңсіз болуына байланысты оларды әртүрлі бояулармен бояған.
94

«Шрек», - үш өлшемді компьютерлік анимация;   Тыныштық  пен құпиялылықты артық бағалап, жаны сүйетін, үлкен
жасыл   батпақта   өмір   сүретін   үлкен   алып   дәу   (мифтік   тіршілік,   қорқынышты,   сұрықсыз   алыптар)   жайлы   мультфильм
болатын. Фильмді түсіру үшін 4,5 жылдан астам уақыт кеткен екен.
Жалпы мультфильмдер түрлі бағдарламаларда жасалады. 
Біз бүгін аниматорлар ретінде PowerPoint бағдарламасында анимацияларды пайдалану арқылы мультфильм жасаймыз.
Анимация дегеніміз не?
Анимация   деп   кино   әлеміндегі   қозғалыстарды,   суреттерді   компьютерлік   графика   арқылы   жасап   теледидар   алдында
көрсетуді айтамыз. Анимацияның видеофильмнен артықшылығы көп және әртүрлі суреттерді кадрлар арқылы пайдаланып,
үздіксіз қозғалысты жасап шығаруға болады.   «Animation» -   деген сөз біздің елімізде өте кең тараған «мультапликация»
сөзінің синонимі.  Анимация мен мультапликация - бұл түрлі анықтамалары бар, бірдей өнер түрі.
Мультфильм сөзі латынның «мульти» -көп, дәстүрлі сызу шаруашылығы техникасы бойынша суреттердің көбеюі, яғни
кейіпкердің «тірілуі» үшін:   секундына 10-30 мультфильм кадрларды қайталау қажет. 
«Анимация»-ның әлемдегі кәсіби қабылданған анықтамасы (латын тілінен аударғанда «анима» - жаны, «анимациялық» -
қайта   жаңғыруы,   анимация)   неғұрлым   дәл   анимациялық   фильмдердің   барлық   заманауи   техникалық   және   көркем
мүмкіндіктерін көрсетеді. [2];
     Мультфильмның  шығу тарихы.
Анимацияның технологиялық түсінігі ол, кадрлік әдіс бойынша қозғалмайтын суреттер тізбегі кинопленкаға түсіріледі
және осы суреттердің проекциясы (көлеңкесі) экранда секундына 24 кадр көрсету арқылы қозғалыс иллюзиясын құрады.
«Анимация»   сөзі   «тірілу»   деген   мағынаны,   ал   бұл   термин   біздің   елімізде   1980   жылы   пайда   болып,   бұрынғы
«мультипликация» сөзінің орнын басты.   Егер бұрынғы анықтама оның техникалық принципіне байланысты айтылса, ал
жаңа анықтама оның негізгі мағынасын ашады, яғни біздің көз алдымызда жансыз суреттер тіріледі.
Алғашқы аниматорлар. 
Тарихшылар алғашқы анимациялық фильмнің авторы ретінде кімді санауға болатыны жайлы бір шешімге келген жоқ.
Біреулер  адамзат   тарихындағы   алғашқы   фильм   Эмиль   Кольдің   «Фантасмагория»   деп   есептеді.   Коль  американың   жаңа
туындылары мен таныс болған жоқ, мөлдір целлуиод, содан ол өз персонаждарын «фантош» қағазына салып, ол жеке фон
немесе кадрдан кадрға ауысқанда  өзгеретін бөліктерді сала алмады. Шартты персонажды көрсетуде оған әр кадрды қайта –
қайта   көрсетуге тура келді. Бірақта, ол мұндай жағдайға қарамай ондаған фильмдерді жасап шығарды.           Нәтижесінде
Коль жаңа технологияларды пайдалана отырып, 300- ге жуық фильмдерді жасап шығарды, бірақ олардың көбі жоғалған.
Екіншілері   дүние   жүзіндегі   ең   алғашқы   аниматор   ретінде   америкаға   келген   ағылшын     эмигранты     Джеймс   Стюарт
Блэктонды санады. Оның 1900 жылы шыққан алғашқы анимациялық фильмі «Волшебные рисунки».  Қандай жағдай болса
да, салмалы фильмдерге журналдардағы иллюстрациялар, карикатура мен комикстар. Газеттегі комикстарға байланысты
америка мультипликаторы Уинзор Мак-Кейдің «Маленький Немо» фильмі туындады. 
      Қазақстандағы мультфильмнің шығуы.
ҚР Еңбегі сіңген өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Ұлы
Отан   соғысының   ардагері,   Ұлттық   өнер   академиясының   профессоры,   режиссер-аниматор,   қазақ   мультипликациясының
негізін қалаушы Әмен  Әбжанұлы   Қайдар Мәскеу  қаласындағы  Бүкілодақтық  мемлекеттік  кинематография  институтын
үздік бітіріп шыққан соң, мультфильм шығаруға кіріскен болатын.
Алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын, ол қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарды оқып, қазақ
ауыз әдебиетіне үлкен зерттеу жүргізген. 
«Қарлығаштың ұясын бұзуға болмайды!» деген тыйым сөзді естіп өскен ол алғашқы туындысына халық ертегісін арқау
етті.
Анимацияны құру технологиялары.
Қазіргі уақытта, анимацияны құру технологияларының  бірнеше түрі бар:
Классикалық (дәстүрлі) анимация. Суреттерді кезек-кезегімен жеке салып әрбір кадырды сайын ауыстырып отырады.
Аниматорлар әрбір кадр үшін жеке сурет салып отырады және мұндай жұмыс көп еңбекті қажет ететін процесс.
Стоп   кадр   (қуыршақ)   анимация.   Жақтауын   тіркелген   объектілерін   кеңістікте   орналастырылған,   содан   кейін   өз
ұстанымдарын өзгерткен және қайта жазылған.
Спрайтты анимация бағдарламалау тілін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Түсті анимация - объектінің позициясын өзгертпей-ақ тек қана түсті өзгерту арқылы жұмыс жасайды. 
Тәжірибелік бөлігі (мультфильм құру).
Менің мақсатым өз қолммен мультфильм жасап көру болатын. Мультфильм жасауға арналған бағдарламалар өте көп
сондықтан менің таңдауым Power point бағдарламасы болды. 
95

МЕНІҢ СҮЙІКТІ ПӘНІМ
Астана қаласы №48мектеп-лицейдің
3 «В» сынып оқушысы Шингисова Лейла
 
Мен үшінші сыныпта оқимын. Маған барлық пәндер ұнайды. Менің сабақ үлгерімім өте жақсы. Пәндердің ішінде, әсіресі
математиканы қатты ұнатамын. Математика сабағында көп таңбалы сандарды ауызша шығаруға үйрендім. Сабақта үнемі
логикалық тапсырмаларды орындаймыз.Топпен жарысып есеп шығарамыз. Мұғаліміміз Аубакирова Маржан құрастырған
қызықты   логикалық   тапсырмалар   мен   журналында   берілген   математикалық   тапсырмаларды   қызыға   орындаймыз.
Математика сабағында біз бір-бірімізге көмек береміз.Қоңырау кезінде көбейту кестесін сұрау арқылы «Ыстық орындық»
ойынын   ойнаймыз.   Математика   пәні   барлығына   ұнайды   деп   ойлаймын.Тапқырлыққа,   қырағылыққа,   терең   ойлауға
үйретеді.Сондықтан да маған математика пәні өте ұнайды.
 * * * * *
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қалалық №1 орта мектебінің 
 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарафиева Динара Хасеновна 
Алманиязова Альбина  9«А» сынып оқушысы.
Ембі
Ембі менің жүрегім, туған өлкем,
Сонда ойнап, асыр сап, туып өскем.
Ыстық қой әрбір шаршы жер көлемі,
Өзіңе тең бола алмас ешбір мекен.
Сенің жерің асыл ғой, күн нұр төккен,
Жаз жайдарлы, сұлулыққа толы көктем.
Күзі тамшы көз жастай, қыс қаһарлы,
Осындай жыл мезгілмен көркемделген.
Қымбат қой табиғатың, әр тау-тасың,
Сүйемін жем өзеннің бел жағасын.
Ұлы қасиет бар сенің баурайыңда,
Жаулап алар өзіңе жан баласын!
Шортанбай  Қанайұлы
Қазақта небір шешен, болды дана,
Жас ұрпақ сусындауда құмарлана.
Жырларына қанықпын жыраулардың,
Сеніп өткен әрқашан бір Аллаға.
Жақсының өлмес хаты, өлмес аты,
Біздерге жеткен өшпей ғалым аты.
Ақынның ешқашан да сөнбек емес,
Жырына лаулап жанған махаббаты.
Ұрпаққа тастап кеткен үлгі-өнеге,
Жырауға Шортанбайдай сөз жете ме?
Мұраға мол қазына қалдырыпты,
Жырлары кең дария, алып кеме.
Мақтанам әрбір кезде қазағыммен,
Қазақтың көпке жаяр құшағы кең.
Осындай даналардың дастанынан,
Қуат ап алға қадам басып келем.
Махамбетке
Махамбет, Махамбеті қазағымның,
Естідің шерге толы қазақ үнін.
Жүректен ойып тұрып орын алдың,
Сенен көрем қазақтың тазалығын.
Ашындың  әділетсіз  адамдарға,
Өмірдің жазғанына амал бар ма?
Ашулы сен арыстан айбарлысың,
Арыстан  қорықпайды ажалдан да.
Ойладың қарапайым халық қамын,
Еліңде қанат жая қалықтадың.
Жерінде өз жұртыңа адал болып,
Халықтан кем санадың ханның тағын .
Исатай Махамбетке шешен тілді,
Адал дос, нағыз бауыр бола білді.
Қос арыс, мен оларды үлгі тұтып,
Адалдық деп ойлаймын өмір кілті.
Махамбет, Махамбеті қазағымның,
Жұртыңның тыңдап өстің аза-мұңын.
Әділетсіз Жәңгірге ызаланып,
Әділдік туы болды жазатының.
Қанекей, жаса қазақ, баста алға!
Ұша бер, арман құсы, қанат талма!
Махамбеттей асылды пір тұтатын,
Самғайсың ұлың менен қызың барда!
Тәуелсізбін, еркінмін, азат елмін!
Жақыным, өз қаным, қазақ елім,
Тау-самалым , бұлағым, байтақ жерім.
Өткердің ғой қанша сәтті тұғырыңнан,
Ал қазір тәуелсізбін, азат елмін!
Ұйқы жоқ , сескену болды түндеріміз,
Қорқумен, жылаумен өтті күндеріміз.
Сондағы бар арманы қазағымның
Тыныш болсын, бейбіт болсын іргеміз.
Жауға қарсы ұшталған өткір семсеріміз,
Жан пида еткен өз өмірін әскеріміз.
Қанша жақтан дұшпан тосып тұрса-дағы,
Қиындыққа мойымай әркез біз жеңеміз!
Тайсалмадың тайғақ жолдың кешуіне,
Байқамадың қағар желдің есуін де.
Алла берген сабырлықты нәсіп қылып,
Жеңіс туын ұстанғаның ел есінде.
Ұмтылмайды желтоқсанның ызғары,
Суық-қапас, аязды күнгі қыс қары.
Ұмтылмайды сол кездегі қазағымның,
Көздерінен мөлтілдеген жастары.
Тәуелсіз елім, тұғырың сенің биікте,
Алға қарай өрлей берші биікке.
Дамуына үлес қосқан қазағымның,
Аман болсын отырғандар билікте!
Есімізде Есім ханның ескі жолы,
Қанымызда Қасым ханның қасқа жолы.
Сол жолдарды жалғастырып жол көрсеткен,
Бізге мәлім  Нұрекеңнің нұрлы жолы.
Бүгін міне, тәуелсізбін, азатпын,
Жеңісін әлемге мойындатқан қазақпын.
Қайрат, Ляззат, Әлиядай есімді
Тарих бетіне алтын жіппен жазбақпын.
Туған жер
Еуразия жүрегінде орналасқан,
Келешегі кемел мекен Қазақстан.
Еңселі елордам – асқақтаған Астанам,
Мен үшін Лондоннан да асып-тасқан.
Әлемде қанша керемет болса-дағы,
96

Мейлі маған қосыла берсін тағы-тағы.
Қазағымның кереметіне еш жетпейді,
Болса да ол Семирамида аспалы бағы.
Кең өлкем, байтақ далам, туған жер,
Туған жерді әрқашан да қолдай бер.
Қазақстан деген небәрі тоғыз әріпте,
Дүниеге келген қанша әнімен салы-сер.
Өшпестей даралық бар келбетінде ,
Жанға жайлы жалғыз қоныс жер бетінде.
Қазағымның алтын бесік ақ ордасы,
Мені әлі күнге дейін тербетуде.
Жан досым
Қиындықта қолдайтын,
Достық қолдау жолдайтын.
Адал жан бар жанымда,
«Амал жолдас» болмайтын.
Бұл өмірде жақын жансың жаныма,
Қуанамын  жүрсең мәңгі жанымда.
Қуанамын, Жұлдызым менің расында,
Қуанамын сенің менде барыңа.
Сұлу жүзді, қоңыр көзді,
Жібектей жылтыр шашы бар.
Ұзынша бойлы, алғырт ойлы,
Тал бойымен көз тартар.
Сыңғыр күлкі, баяу үнді,
Жанымда жүр ғажап жан.
Сонымен енді, осы өлеңімді
Жұлдызым, саған арнағам.
Қазақ тілі
Уақытша осы жалғанда
Өзгерген кім, адам ба?
Өзіңнен кетті ағаттық,
Өкпең жоқ, сірә, заманға.
Бұрмаладың тіліңді,
Қазақ тілім бүлінді.
Ортамызға еркімен
Өзге тілдер ілінді.
Қазақ болып туылып,
Орысшаны суырып,
Көшіп барсақ Ресейге,
Кетерміз лезде қуылып.
Жалпы қазақ – бауырмал,
Жоқ оған пенде қас болар.
Жойылмау үшін тіліміз,
Қазірден ойлан, бауырлар!
Анама
Өмірге әкеліп,
Аштыңыз көзімді.
Ең алғаш «ана» деп,
Бастадым сөзімді.
Ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы анашым.
Өзіңдей жоқ сірә,
Мен үшін жанашыр.
Адымдап басқанда,
Аяғын жан балаң.
Сен едің алғашқы,
Жаныңмен қуанған.
Құрметтеп өтемін,
Қалғанша соңғы дем.
Ешқашан таппаймын,
Артық жан өзіңнен.
Өлең құдіреті
Сол баяғы қолымда парақ, қалам,
Шимайлатып бар ойымды сонда ақтарам.
Өлең менің жан досым бола білді,
Қиын сәтте бет бұрғанда барша ғалам!
Өленнің құдіреті мол, көмегі де,
Не тұрса соны жазам көмейімде.
Маған өлең әрдайым серік  болар
Ол менің мәңгілік жүрегімде.
Өмір- теңіз
Өмір- теңіз, теңізде жүзіп келеміз.
Сондағы біз қалқып жүрген кемеміз.
Өмір- бұлақ  тоқтаусыз аққан сыңғырлап.
Кешеміз оны бір сүрініп, бір құлап.
Өмір - фильм, уақытша болсын ол мейлің.
Қатар жүрер, залымдық пен мейірім.
Барлық адам бірдей келді бұл өмірге,
Көп жайттар ауыр тиер жүрегіңе.
"Өмір" бәрін түрліше тоғыстырып,
Шынжыр салып қойды ма білегіңе?
Әлсіздікті ысырып тастадың ба?
Залымдыққа қарсы күрес бастадың ба?
Бақыт деген биік шыңға жету үшін,
Алдыға әркез қадам басқаның ба?
Өмір өтіп жатыр менің қас қағымда,
Себеп те жоқ оған қарап жасқануға
Аш қасқырша өмірге қарсы шаптым,
Ойларына қарамай басқаның да!
                                        
Мизаш  Артур 8 сынып оқушысы
МЕНІҢ АРМАНЫМ
Ең бірінші арманым – жақсы  оқу,
Еліме пайдам тиер адам болу.
Ал екінші арманым – сыйлы  болу,
Ата – анамның үміттерін ақтап шығу.
Ал, үшінші арманым – ғалым болу,
Дүниенің қыр – сырын, бәрін білу.
МҰҚАҒАЛИ АТАМА
Келді, кетті өмірге бір ақын,
Өмір сүрді 45 жыл жас ақын.
Ешкім оның ұғынған жоқ мұратын,
Ешкім оған жасаған жоқ рақым.
Суға батып, отқа жанып күйетін,
Мұқағали өз Отанын сүйетін
Ұлы ақындар көбейсе екен елімде,
Әз ақынның жолын қуып жүретін.
Ақпан айы қаһарына мінгенде,
Бұл ақын да дүниеден кетті ме?
Елі оны аңсап жүр ғой бүгінде,
Тым болмаса оралса екен бір күнге!
Абай лирикасы
Ұлы Абайдың табиғат лирикасы
Төрт мезгілге жазылған шеберлікпен.
Көктем, қыс, күз және жазғытұры
Суреттелген өлеңде шеберлікпен.
Абайға еліктеп кім жыр жазбаған
Менде де өлең от бар шын маздаған.
Абай ата жолымен жүре алсам,
Артымда ой қалмастай мен қазбаған.
97

Анашым'>Елпаш Әлия 10 сынып оқушысы
Анашым
Анашым менің асылым
Кеудемдегі жан сырым
Алыс кетсем сағынам.
Өмірге мені әкелдің
Мәпеледің, өсірдің.
Сізге менің айтарым
Ауырмашы ,анашым!
Тіреу болдың әкеме
Тіреу болдың бізге де.
Жақсы көрем сені мен
Айтамын мен өлеңмен.
Сен кетсең жалғыз қаламын
Жасқа толар жанарым.
Ойлаймын сені анашым,
Әлемдегі жалғызым!
Әкешім
Әке – отбасы тірегі,
Әке – ғалам жүрегі.
Бізді ойлап жүреді
Әкенің асыл жүрегі.
Тірек боп жүрер анама
Бар жақсысы балаға.
Жамандықты ойламас
Қартаймашы, болшы жас.
Келсе де жасың қырыққа
Ауырмашы, қартайма.
Жүзге де әлі келерсің,
Қызықты талай көрерсің.
Арнаймын саған әнімді,
Беремін сізге жанымды.
                                    
* * * * *
№3 Хромтау орта мектебінің 3ә класс оқушысы Холдасова Дамира 
Мұғалімі : бастауыш класс мұғалімі Таханова Адебиет Алиаскаровна
Ақ әжем.
Алақаны майдай
Менің әжем айдай
Әжем үшін әрқашан
Мен кішкентай қошақан
Анашым
Анам менің асылым
Қолымдағы алтыным
Анашымды ойламай
Бір сәт жүре алмаймын.
Көктем
Келді көктем қалама
Қандай әсем керемет
Құстар қайтып еліне
Салған әсем әуенге
Туған жер
Әрқашанда ыстық маған
Туып өскен мекенім
Алыс кетсем аңсаймын
Анашымдай сені мен
Қошақан
Сүйкімді де сүйікті
Қошақаным бар менің
Кіп-кішкентай қошақан
Қошақанды ұнатам
* * * * *
ҚЫС КЕРЕМЕТІ
Атырау облысы, Атырау қаласы М.Әуезов атындағы орта
 мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы Амангелді Сергей Миллатұлы
Сынып жетекшісі: Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы
         
                                                            Жапалатап ала қар
                                                            Жауды күнде қайталап,
                                                            Қарға шықты балалар,
                                                            Шаналарын арқалап.
Қыс мезгілін  асыға күтуіміздің бір себебі – ол Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды 
еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ 
қардан аққала жасап,шаңғыларымен сырғанақ теуіп, шырша безендіріп, аяз ата мен 
ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. 
Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы да  көп. 
Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. 
Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге 
түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. 
* * * * *
98

«МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ЕЛБАСЫМ»   
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы 
Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Алтай Қарақат Алтайқызы. 3 сынып оқушысы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен
Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен  күткен ұл өмірге келеді. Оған әке-шешесі
Нұрсұлтан деп ат қояды. Бұл сәбиге ат табуда киынға түседі. Бәрі жер-жерден түрлі есімдер
айтып жатады. Ең соңында Нұрсұлтан деген есімді әжесі қояды. Нұрсұлтанның азамат болып
қалыптасуына оның әжесі көп еңбек сіңіреді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты
талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматын  білмейтін адам баласы жоқ шығар
деп ойлаймын. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес
болып отырады. Осындай қазақ елін басқарып отырған елбасымыздың барына қуанамыз. Нұрсұлтан атамыз Қазақстанды 
көптеген елдерге танытты. Сонымен қатар қазақ елінің алып отырған жетістіктерінің барлығы осы елбасымыздың арқасы. 
Сондықтанда сізге айтар алғысым шексіз.
  Әнге толсын барлық қала ауыл бар,
  Қағылсын бір барабандар, дабылдар
  Елбасының туған күнін ардақтау,
  Бәріміздің борышымыз, бауырлар,- деп 1 желтоқсан Нұрсұлтан атамызды президент күнімен шын жүректен 
құттықтаймын! Жұмысыңызда табыс тілеймін. Сіздің алар белестеріңіз әлі алда деп ойлаймын. Ешқашанда ауырмаңыз. 
Менде өз еліме кішкене болса да бір үлесімді қосуды армандаймын. Және сол арманыма жетуге тырысып бағамын. Сіздің 
аман-есен жүруіңізді барлық қазақ елі тілейтіні сөзсіз. 
* * * * *
 «МЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЗАМАТЫМЫН»
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы 
Ащысай бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Сағидоллина Динара Рафхатқызы 3 сынып оқушысы
   
Менің   Отаным   –   Қазақстан.   Қазақстан   Республикасы   өз   тәуелсіздігін   1991   жылы   16
желтоқсанда   алды.   Біздің   тәуелсіз   мемлекет   болуымыздың   өзі   қуаныш.   Мен   тәуелсіз   елдің
азаматшасымын.   Сол   үшін   мен   қуана   да,   мақтана   да   аламын.   Әрине   мұнын   бәрі   біздің  ата-
бабаларымыздың арқасы. Сол үшінде бұл кісілердің аруағына басымызды иіп өтеміз. Әрқашанда
ол  кісілерді  мақтан етеміз.Сол  кісілердің арқасында  біз  осылай шаттанып  күліп жүрміз.Одан
кейін  елбасымыздың   арқасы.   Елбасымыздың   арқасында   Қазақстан  көптеген  белестерге   жетіп
отыр деп ойлаймын. Біздің еліміз яғни Қазақстан елі тәуелсіз мемлекет деген сөздің өзі менің
кішкентай бала жүрегіме қуаныш ұялатады. Мен әрі қарай еліміздің одан әрі дамуын тілеймін.
Және   елімнің   дамуына   септігімді   тигізсем   деймін.   Менің   осындай   кіщкентай   арманым
орындалса деймін.
* * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет