Іле Алатауы саябағы. 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік
беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және
демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі,
өсімдіктің 1282 түрі алынды.Қарқаралы саябағы1998 жылы кұрылған. Ауданы 90,3 мың гектар. Қарағанды
облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі
Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
Алтынемел табиғи саябағы. 1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде
орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық,
құлан, қызыл қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға
алынған.
Көкшетау саябағы. Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі,
қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған
қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған
жерлерді қорықтар, қорықшалар, резерваттар, ұлттық парктер, табиғат ескерткіштері деп бөледі. Қазір дүние
127
жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық паркі.
Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 7 қорық
бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат
ескерткіштері бар.
Ал Ұлттық парктердің қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануарлардың сирек
кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен
шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар. Қазақстанда алғаш рет ұлттық пак Баянауыл таулы орман
алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың
көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.
Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан
ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние
жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса
маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат
ескерткіштерін жатқызуға болады. Ұлттық табиғи саябақтар
Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық
білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ
ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып,
шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.
Қорықшалар
Табиғи қорықшалар. Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат
байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында
үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп
бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың
жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.
Табиғат ескерткіштері. Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат
нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды
көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз
қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында)
"Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.
Табиғи резерваттар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс
өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және
"Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де,
шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан
түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінедіМемлекеттiк ұлттық табиғи парк —
ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық
қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын
сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда
пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ұлттық табиғи парктер мен қорықшалар
Атауы
Құрылған
Ауданы
мың/га
Орналасқан жері
Ерекшелігі
Баянауыл
ұлттық паркі
1977
50,7
Павлодар
облысы,
Баянауыл
орман
шаруашылығы
Биік жері – Ақбет тауы
(1026м). Құстар – 54, балық –
8, өсімдік – 438 түрі бар.
Мұнад қайталанбас жартас,
шоқылар
«Найзатас»,
«Жалмауыз кемпір», «Тас
және Ат басы» т.б.
қалыптасқан.
Іле Алатауы
ұлттық паркі
1996
181,6
Іле Алатауының солтүстік
беткейінен
қаскелең
асуына дейін
Ерекше ландшафты қорғау
мақсатында құрылған.
Андар – 43, құстар – 138,
балық – 8, өсімдік – 1282 түрі
бар.
Қарқаралы
ұлттық паркі
1998
90,3
Қарағанды облысының,
Қарқаралы ауданында
Әйгілі
«Шайтанкөл»
орналасқан. Андар – 39,
құстар – 55, балық – 11,
128
өсімдік – 68 түрі бар.
Алтынемел
табиғи ұлттық
паркі
1996
212,1
Алматы
облысының
Кербұлақ,
Панфилов
ауданында орналасқан
Аңдар – 6, құстар – 231, балық
– 30, өсімдік – 1800 түрі бар.
Көкшетау п
аркі
1996
135,8
Ақмола облысы
Аңдар - 305, құстар – 223,
балық – 22, өсімдік – 800 түрі
бар.
ІV.Бекіту. Сәйкестендіру
1.Баянауыл
Шайтанкөл
2. Іле Алатауы
Ақмола облысы
3.Қарқаралы
алғашқы саябақ
4.Алтынемел
ауданы-199,7мың.га
5.Көкшетау
Алматы облысы
Рефлекция. Басбармақ
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
VІ. Үй жұмысы қорықтаршалар оқу, кескін картаға салу.
V. Бағалау.
* * * * *
АСТАНА-ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАС ҚАЛАСЫ
Маңғыстау облысы. Қарақия ауданы. Мұнайшы селосы
№5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Сыныбы: 5. Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Астана – Қазақстанның бас қаласы
Мақсаты: Білімділік: Бүгінгі астанамыздың ортағасырлық қала болғандығы туралы білім беру. Қазақстанның
астаналарымен таныстыру. Қазіргі Қазақстан астанасы Астана қаласы жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды оқиғаларды салыстыра білуге үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Елін, жерін қорғауға, елжандыылыққа, Астана қаласын құрметтеуге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
•
Интерактивті тақта,
•
А
3
, А
4
қағаздары,
•
стикерлер,
•
маркерлер,
•
интерактивті тақта
•
кеспе қағаздары
•
видеолар
Оқытудың нәтижелері:
•
ойлау логикасы дамиды;
•
салыстырып отырған түсінік пен құбылыстың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алады;
•
мәтінмен өз бетінше жұмыс жасау дағдысы дамиды;
•
ақпаратпен жұмыс жасау барысында ынталы болады;
Қамтылатын модульдер: 1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), диалог, 2-модуль сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету «Ой қозғау» әдісі, «INSERT» әдісі «ішке және сыртқа» әдісі, «Проблема қою» әдісі,
«топтастыру» әдісі, «Семантикалық карта» әдісі, 3-модуль –бағалау, 4 –модуль-АКТ пайдалану (электронды
оқулықпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс), 5 –модуль көшбасшылық
Қадамдар:
•
Үй тапсырмасын тексеру
•
Топпен жұмыс
•
бағалау
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс-әрекеті:
•
Ұйымдастыру
•
Зейіндерін сабаққа аудару
•
Топқа бөлу
•
Тапсырмаларды тарату
129
Оқушының іс-әрекеті: Үй тапсырмасын тексеру
І топ. Тұлғаны таны
ІІ топ. ВЕНН диаграммасы
ІІІ топ. Жылдар сөйлейді
1922-1991ж.ж –
1979 ж. –
1986 ж. –
1991 ж. 16 желтоқсан –
1991 ж. 1 желтоқсан –
1991 ж. 10 желтоқсан –
IV топ. Топтастыру
Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу
Сергіту. Болашақтағы Астана туралы бейне үзінді
жіберу. Ол арқылы ой қозғау
13.
Бұл бейне баян не туралы?
14.
Бұл қала туралы не білеміз?
Жоспар:
9.
Бозоқ (Бұзық) ортағасырлық қала
10.
Астана - ел мақтанышы
Жаңа сабақтың мағынасын ашу. Видеороликтер көрсету. Тапсырмалар тарату.
І топ. Бозоқ - орта ғасырлық қала
ІІ топ. Қазақстанның астаналары қандай болды? (Ойларын сурет арқылы жеткізу).
ІІІ топ.Ақмола тарихы.
ІV топ. Қазіргі Астана
Проблемалық сұрақ. Неліктен астананы Алматыдан Астанаға ауыстыру идеясы пайда болды?
Шығармашылықпен жұмыс. 5 минуттық эссе
Бекіту. Картамен жұмыс. Қазақстан Астаналарын картадан көрсет
СТО. ББҮ әдісі.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
Үйге тапсырма. Астана қаласы туралы сурет салу. Қызықты мәліметтер жинау
Кері байланыс. Бағалау
* * * * *
БИОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Арқалық қаласы. Жалпы білім беретін №10 орта
мектебінің биология пәні мұғалімі
Алиева Гульнар Расуловна
"Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге
асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың
тағдыры - ұстаздардың қолында". (Н.Ә. Назарбаев)
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің
борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа
формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған,
рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру
сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен
нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін
дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың
жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа
айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Биология сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
130
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың
таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпараттық –
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Мысалы 8 сыныпта «Жүрек жұмысы» тақырыбындағы сабақта explorer GLX құралдарын пайдалану арқылы
оқушы танымдығы, қолданбалы дағдылары жақсы қалыптасады. Оқушылар жүрек кардиограммасын анықтау
арқылы әр түрлі сусындардың адам ағзасына әсерін талдау арқылы, қай сусынды ішуге болатындығын, қайсысы
адам ағзасына зиян келтіретіні туралы білімдерің кеңейтеді.
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:
•
Теориялық материалды меңгерту кезінде:
•
Электрондық оқулықтар;
•
Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
•
MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
•
Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы)
немесе электрондық сөздік қолданылады.
Теориялық материалды бекіту кезінде:
•
Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын
сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру).
•
Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш
бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды
құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады).
•
Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа
мәліметтер қорыту.
Теориялық материалды қорыту кезінде:
•
Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;
•
Power Point бағдарламасымен сызбалар сызу;
•
Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.
•
Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын
жүргізу;
•
Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
•
Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.
Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 8 сыныпта өтілген «Қаңқа бөлімдері»
тақырыбындағы сабағын көрсетейін. 6 сыныпта "Жапырақ" тақырыбын бекіту кезінде оқушылардың деңгейіне
байланысты әрқайсысына деңгейлік тапсырмалар беремін: 11-сынып оқушылары өз білімдерінің нәтижесін
"Excel" бағдарламасына салып мониторингісін шығарып отырады. Бұл жұмыс оқушының практикалық
шеберлігін арттырып қана қоймай, алға ұмтылуына жол ашады.
Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап тез
жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы қайтадан қарап шығу тиімді болып
табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан
осы материалдарды оқушының флеш-карталарына салып беру өте тиімді.
Қорыта келгенде, қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінде әлеуметтік
сұраныс технология деңгейінің жетістігін талап етеді, яғни оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын модернизациялау
деңгейінен (бағдарлама, оқулық, оқу курстары) өтіп, екінші саты – ақпараттық технология деңгейіне көтерілу.
Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – білім
субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған даму
бағдарламасы.
2.
Қазақстан мектебі. №6, 2006 жыл.
3.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
4.
“Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
* * * * *
131
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫ ҮРДІСІНДЕГІ РЕЙТИНГ ЖҮЙЕСІ
Қарағанды қаласы, «№74 ЖББОМ» КММ-нің
орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеухановна
Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы,
әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Мемлекеттік білім стандартының жасалуы,
басқа да жү-ріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа салып,
жылжып келеді. Бұл істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мұғалімнің қазіргі міндеті: ойы
ұшқыр, шығармашы-лық қабілеті жоғары, өмірге икемді, бәскеле қабілетті қоғам құру негізінде көптілді тұлға
қалыптастыру, тәрбиелеу.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім –ұйымдас-тырушы, бағыт беруші. Сапалы білім
беруде мұғалім міндеті –білім техно-логиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру, оқушының шығармашылығы
мен талабына жол ашу.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі –жаңа технологиялар екені мә-лім. Әлемнің бірнеше елінен сынақтан
өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:
•
Модульдік технология;
•
Рейтингтік жүйе;
•
Дамыта оқыту технологиясы;
•
Сын тұрғысынан ойлау.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тә-сілдерді мұғалім ізденісі арқылы
оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қа-рай іріктелініп, қолданылады. Тиімді, пайдалыларын жетілдіре түседі.
Оқушылардың білімін тексеруге және оны есепке алуға, бағалауға қатыс-ты маңызды мәселелер әлі толық
шешімін таппай, жүйелі және жаппай бақы-лау, тексеру, оқушылардың білімін бағалауды жақсартуға
бағытталған шара-лар толық пайдаланылмай жүр. Жалпы білім беретін мектептерде оқушылар-дың білімін
тексеру және бағалау жүйесін жетілдіру –қазіргі кезде күн тәрті-бінде тұрған мәселелердің бірі. Білім
технологиясын жетілдіру мақсатында мемлекеттік стандартқа сай айқындау, бекіту үшін оқушы білімін
бағалауға рейтинг жүйесін енгізген тиімді.
Рейтинг –бағалаудың бір түрі. “Рейтинг” – жеке адамның сапалық жетістігін бағалаудың сандық көрсеткішін
білдіретін, ағылшын сөзі, қазақша «бағалау» мағынасында.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
•
оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
•
оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілді-ру және әділдігін орнықтыру;
•
оқу-таным әрекетіндегі білім, білік дағды сапасын, дәрежесін бақылау-да жүйелілікті қамтамасыз ету;
•
оқу-таным әрекетіндегі оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;
•
тексеруде уақытты үнемдеу.
Бағалау дегеніміз –оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің,
іскерліктің және дағдының сапасын анықтау. Ал оқушылардың білімін бағалау –білім берудің мазмұны мен
мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады.
Бағалау және баға – оқу үрдісінің ажырамас біртұтас құрамдас бөлігі. Бағалау – ынталандыру әдісі мен
құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы құралы; бағалау емтихан не сынақ алу – білім сапасын жетілдірудің, оқу-
шының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі; бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты
ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптастыра-ды, жағымды ықпал етеді; тәрбиенің маңызды құралы;
оқушылардың белсен-ділігі мен ынтасын арттырудың құралы.
Рейтинг арқылы оқушылардың жұмыстың қандай түрімен айналысқан-дығы туралы толық мағлұмат алып
отыруға болады. Рейтинг - білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы кешенді сандық және сапалық
жиынтық индексі.
Рейтинг жүйесінің ерекшелігі мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушылардың оқу әрекетінің сапасын
жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін
тек-серу, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Оқушыларға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән сапасы, қабілетін ашуға рейтинг жүйесінің мәні зор.
Ұпайлар саны жинақтала бергенде қоры-тынды бағаның көтерілуіне мүмкіндік беріледі. Рейтинг
қорытындысын әр тақырып бойынша шығарылып, бағаланып отырылады. Нәтижесінде жеке оқушының барлық
білім сапасы қандай дәрежеде екені анықталады. Білім са-пасының жоғарлауына, сабақта берілген білімнің
оқушы жадында сақтал-уына рейтинг жүйесінің маңызы зор.
Рейтинг мұғалім мен оқушыны ынталандыра түсіп, олардың қабілетін ашады.
Оқушының әр түрлі жұмыстарын саралап өткізу ( тыңдап-түсіну, жазу, сөйлеу, оқу) оны рейтинг арқылы
бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағанын бірден аңғартады. Сонымен қатар, мұғалім рейтинг
132
жүйесі арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интеллектілік деңгейлік дәрежесін
білуге болады.
Бұл әдісте оқушының білімі бақылау, өздік жұмыстар, тест, дәптер тек-серу, үй тапсырмасын орындау, т.б.
орындаған әрбір тапсырмасы бойынша ұпай арқылы бағаланады. Жазба жұмыстардың түрлерін талдау ғылыми,
қосымша мәліметтерді игеру, сұраққа жауап беру сияқты жұмыс түрлерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Оқушылардың білімін бағалау оқу-тәрбие үрдісінен тыс құбылыс емес. Ол педагогикалық, дидактикалық
тұрғыдан кешенді түрде жүзеге асады. Ті-рек-сызбанұсқаулар тараулар бойынша жасалып, сабақты түсіндіруде
және қорытындылауда қолданылады.
Бұл жүйе бойынша оқушының әрбір жұмысы ұпаймен бағаланады. Мұғалім тапсырмалардың әрбір
элементін “5” деген ұпай жүйесінде бағалап отырады.
Мысалы, 6-сыныптағы етістікті оқытуды алсақ:
1. Етістікті оқыту бағдарлама бойынша 11 тақырыбын 11 блок деп есептейміз.
2. Әрбір блокқа арналған ұпайлардың жиынтығын есептеу қағазы болады.
3. Оқушы әрбір блоктың соңында сынақ тапсырады.
4. Егер оқушы 60% ұпай жинаса – “3”, 75-84% ұпай жинаса – “5”.
5. Егер оқушы бағасын көтергісі келсе, тағы сынақ тапсыра алады. Әрбір жұмыстың ауырлығына қарай
ұпай белгіленген, оқушы 3 ұпайдан 3, 5 ұпайға дейін не болса - “3”, 3, 7-4, 2 ұпай аралығын жинаса - “4”, 4, 2
ұпайдан.
Егер оқушы 60% ұпай жинаса сынақ автоматты түрде қойылады.
Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға, белгілі бір уақыт аралығында
жинақталған балдардың қосындысы көрініс табатын және оқушының оқу портфолиосы формасы түрінде
жүзеге асырылатын білім, білік, дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай
тереңдетуге, кеңейтуге және оның өзінің дамуының же-ке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік
жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата – аналары және мұғалімдері белгілі бір уақыт
аралығындағы жетістігін салыстыра отырып, оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік
алады.
Рейтинг жүйесінің ерекшелігі мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушылардың оқу әрекетінің сапасын
жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін
тек-серу, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады. Сонымен рейтинг жүйесі арқылы баға қою білімді
және шеберлікті талап етеді. Баға –бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,
сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім ба-ға қоюға өте мұқият болу керек. Ал егер мұғалім өз
тәжірибесінде рейтинг жүйесін тиімді қолдана білсе, оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық
жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
С. Әбенбаев, Ж. Әбиев. Педагогика «Фолиант» баспасы-Астана 2009 ж.
2.
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика –Алматы 2005 ж.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: СӘУЛЕТ ӨНЕРІНЕ САЯХАТ
Алматы облысы Іле ауданы №6 орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің бейнелеу өнері және
сызу пән мұғалімі Солтанбаева Гаухар Турсынбаевна
Пәні: бейнелеу өнері Сыныбы: 4 Айы,күні: 08. 05. 2014 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнеріне саяхат
Сабақтың мақсаты: орта ғасырлардағы және қазіргі заман сәулет өнері,стильдері, архитектуралық құрылыс
жүйелерінің ерекшеліктерін аша отырып, айырмашылығын айта отырып,олардың тарихтағы алатын орнын
анықтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға жалпы сәулет өнері,тарихы туралы түсінік бере отырып, Қазақстандағы орта
ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы, тарихи ерекшелігі жайындағы мәліметтерді ұғындыру
Дамытушылық: Қазақстандағы сәулет өнері туындыларынан мысалдар келтіре отырып, оқушылардың
танымдық қабілеттерін, сөйлеу қабілеттерін дамыту.жаңа терминдерді ұғындыру.
Тәрбиелік: орта ғасырлардағы сәулет өнерінің туындыларын қазіргі заманғы архитектураның озық үлгілерімен
салыстыра отырып, оқушылардың сәулет өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, эстетикалық тәрбие
беру
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түpi: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: жарыс,топқа бөліп оқыту
133
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,карточка,плакат,бояулар.
Пәнаралық байланыс: тарих,архитектура.
Сабақтың құрылысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Сабақты пысықтау.
4. Жаңа сабақ.
5. Сабақты пысықтау.
6. Қорытындылау.
7. Оқушылардың білімін бағалау.
8. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. оқушылармен амандасу
2. класты түгендеу
3. психологиялық дайындық
4. құралдарын түгендеу
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Бейнелеу өнеріндегі негізгі түстер атауымен атаймын,олар-
1 топ-көк түс
2 топ-қызыл түс
3 топ-сары түс
Қораптан карточкалар алынып,әрбір топтың жетекшісі сұрақтарды өздері таңдап алып, тобымен бipre
дайындалады. Қай топ дайын болса, сол топ жауап береді. Дайындалуға 2 - 3 минут уақыт беріледі. Топ
жетекшісінде бағалау парағы бар, сол бойынша жауап берген оқушыларды бағалап отырады. дұрыс жауапқа 5
ұпай.қате жауапқа ұпай қойылмайды.
Әр топ 2 сұрақтан алады
11. Пейзаж өнері деген не? Слайд-табиғат көрінісін бейнелеу
12. Перспектива деген не?жақындағы заттар үлкен,ал алыстаған сайын кішірек болып көрінеді
13. Перспектива түрлерін ата. Сызықтық және ауа
14. Табиғат деген не? Бізді қоршаған орта
15. Акварель қандай бояу. Суға тез еритін
16. Гуашь қандай бояу. Суға жақсы езіліп қою жағылатын
17. Жылы түстерді ата.сары,жасыл,қызыл
18. Суық түстерді ата.көк,күлгін,сұр.
Қосымша қойылатын сұрақтар: Слайдта тапсырмалар беріледі.
Саған орман пейзажын бейнелеу керек болды делік,алдыңғы қатарда діңдері жіңішке,ал артқы қатарда жуан
діңді ағаш орналасқан.осы перспективалық шешімді суретке қалай бейнелейсің.
Тақтадағы плакатқа маркермен салып көрсеру.
Сонымен балалар перспектива, пейзаж жайлы білімдеріңді тексеріп бағаларыңды алдыңдар, енді жаңа сабақты
бастаймыз.
ІІІ. Сабақты пысықтау/дайындық. 3- топқа қойылатын сұрақтар.оқушылар қол көтеріп жауап береді.
4.
Адам өмірінде баспана қандай рөл атқарады?
5.
Сәулет дегеніміз не?
6.
Баспана қандай қасиеттерге ие болу керек?
7.
Сен қандай сәулет ескеркішін білесің?
8.
Мына ғимараттардың қалай аталатынын еске түсір.қай қалада орналасқан?
Слайдта көрсету (Астана,Алматы қалаларының ғимараттары)
Ал енді сұрақтарға дрыс жауап берген топтпрдың ұпайлары.ұпай қойылады
ІҮ. Жаңа сабақ: Жоспар:
1.
Сәулет өнері тарихы.
2.
Сәулет стильдері.
3.
Европа ескерткіштері туралы мәлімет.
4.
Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері
5.
Қазіргі заман сәулет өнері.
Сәулет өнері тарихы. Слайдтағы ғимартаттарды көрсете отырып жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі салынып жатқан ғимараттар ерте кезеңдегі ғимартаттарға мүлде ұқсамайды.бұл ғимараттар европа
елінің сәулет өнері. Египет, Грекия, Рим сияқты ежелгі мемлекеттерде қарапайым адамдар тұратын үйлер
арзан және сапасыз тұрғызылған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген.Ал мыңдаған адамдардың
еңбегімен салынған ғимараттар-храмдар,кітапханалар,салтанатты сарайлар берік сапалы материалдардан
салынғандықтан,олардың көпшілігі күні бүгінге дейін сақталған.
Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды СТИЛЬ деп аталады
Ал енді Грекия мен Рим сәулет стилімен танысайық.-антикалық дәуір деп атайды
134
Ғимараттардың шатыры мүсіндермен,қабырғаға сылағы кеппей салынатын суреттер- фреска, мозайкалар(түсті
минерал қосып балқытылған шыны сынықтары) Ең әйгілі құрылыстардың бірі- Парфенон храмы.5 ғасырдың
ортасында Афиныдағы Акропль қыратында тұрғызылған грек храмы.периметрі бойынша биіктігі 10 метрлік 46
баған қоршап тұрған.
Көне Римнің батпақтан құрғап қалған орталығында қаланың басты алаңы- Форум салынды.мұнда жиындар
өткізіліп,императорлар сайланды.
Римнің ең әйгілі құрлысы КОЛИЗЕЙ б.д.д 1 ғ салынған.50000 мыңнан астам көрермен сиятын болған.4
қабаттан тұратын.аренада гладиаторлар, жабайы аңдар айқасы көрсетілетін болған.колизейдің ашылу
салтанатында 5000 жабайы аң көрсетілген.
Сонымен бірге Римде АКВЕДУКТАРЫ осы кезге дейін сақталған.(қалаға таза тау суын жеткізетін аркалы
көпірлер)
Сонымен қатар Римде моншалар салынған- термдер деп аталған.Каракалланың термдері өте әйгілі болған,2500
аса адам жуына алатын.сәнді сарайларға ұқсаған.
Роман стилі. Европалықтарда менің үйім-менің қамалым- деген мәтел бар. Бұл мәтелді айтқан кезде әрбір
адамды, өмірдің қиыншылығынан қорғап,оларды жеңуге көмектесуін меңзейтін болар. 11 ғ бастап Европада бай
жер иеленушілер-феодалдар ғамалдар тұрғыза бастаған.гректер мен римдіктердің сымбатты әрі нәзәктік
туғызатын құрлысарының орнына ауыр,аласа,түнерген ғимараттар бой көтерді.мұндай қамал салуға мақсат-
сыртқы шапқыншылықтан қорғану болатын.Слайд.Шильен қамалы( Швецария)
Готика стилі. 12 ғ роман стилі ақырындап готика стиліне ауысты.ауыр да ұсқынсыз ғимараттардың орнына
аспанмен таласқан биік ғимараттар бой көтерді.христиан дінінің бекуіне байланысты готика стилінде діни
қызмет пен рәсімдер өткізілетін соборлар болды. Германиядағы Кельн соборы.
Терезелері сәнді витраждармен жасалған. Гүлөрнек – негізгі элементі болып табылды. Готика стилінің ең әдемі
соборларының бірі Нотр-Дам де Пари (Париждегі Құдай анасы соборы)алайда құрлысы 170жылға созылды.
Қоңырау – ажырамас бөлігі болды.15 тонна салмағы, салтанатты кездерде ғана соғылатын. Собор мен оның
салыну тарихына байланысты оның көптеген аңыздары бар.соның бірі қақпасын жасаған ұста
туралы,денсаулығынан айрылған.ал құлыптардың құпияс алі күнге дейін ашылмаған.
Собор шатыры қиял-ғажайып гаргугалар мен химералармен әшекейленген.
Орта Азия мен Шығыс сәулеті (слайд)
Орта Азия мен Шығыс сәулет өнері негізінен арабтар енгізген ислам дінінің ықпалымен
дамыды.мұсылмандарға адам мен жануарларды бейнелеуге тиым салынған. Сондықтан суретшілер өрнектер
мен оюлар арқылы көрсеткен,мозайкалармен,геометриялық өрнектермен безендірілген. Жиі болған
шапқыншылық пен табиғат апаттарына байланысты Орта Азиядағы ескерткіштерінің көбісі қирап жойылып
кеткен. Біздің заманымызға дейін жеткен, мысалы; 15 ғ Самарқан қаласының Регистан сәулет өнеріне үш
мұсылман білім беру медресесі- Ұлықбек,Ширдор,Тілаққари кіреді. Қазақстанның көне қалаларының бірі
Түркістанда Қожа Ахмет Йассауи кесенесі-қазақ халқының мақтанышы.орталық күмбезінің диаметрі 18 метр
10 ж ішінде тұрғызылған.ұлы ойшыл және ақын Қожа Ахмет Йассауи құрметіне тұрғызылған.Әмір Темірдің
бұйрығы бойынша салынған. Кесене ішінде үлкен тайқазан,жеті металл қосындысынан құйылған.салмағы-2
тонна,диаметрі 2 метр.
Ал қазіргі заман сәулет өнеріне келсек.олар-Көп қабатты үйлер,театр үйлері,қонақ үйлер,бәйтерек,Ақ
Орда,Нұрмешіті т.б(слайд) Қазіргі кездің сәулет өнері қарыштап дамуда.Дегенмен әлі күнге дейін ортағасырлық
ескерткіштердің салыну деңгейінен асу қиын. Олар ғасырлар мен мыңжылдықтар өтсе де сыр бермей, әлі де
өзіндік ерекшеліктерімен таң қалдыруда.
- Осыған байланысты біздің міндетіміз қандай болады деп ойлайсыздар?
- Ескерткіштерді сақтау, қорғау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу
Ү. Сабақты пысықтау.
Оқушыларға тапсырма беріледі әр үш топ өзінің плакатына, топтасып сурет салады.
Балалар, сендерге «Көне қала» тақырыбына тарихи пейзаж жазу тапсырылады.сызықтық және ауа
перспективасын есіңе түсір.жұмысты акварель,гуашь,фломастер немесе аппликация түрінде орындауға болады.
Топқа бөле отырып, «ойлан тап» ойынын ойнап, тақырып бойынша тапсырма беру.қай топ бірінші қол көтерсе
сол топ жауап береді.
А) Мына шаршы ішіне сәулет өнеріне байланыстытерминдер мен атаулар жасырылған.Оларды
тап(колизей,акведуктар,роман,рим,готика,медресе)
а
к
в
р
с
м
а
ю
о
е
д
у
қ
н
и
л
я
о
т
и
э
з
е
й
г
а
к
й
Ә) треннинг.Сөйлемді аяқта:
1.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі ......әмірі бойынша тұрғызылған (Әмір Темір)
2.Орта ғасырдағы сәулет өнерінің жауһары-..... (Регистан)
3.Регистан сәулет кешені.... тұрады. (Самарқан қаласы)
135
4.Үш мұсылман білім беру медресесі........ ( Ұлықбек,Ширдор,Тілаққари)
5. Қожа Ахмет Йассауи кесенесі.......орналасқан. (Түркістан)
6.Кесененің ішінде үлкен..... бар (қазан)
Б) «Нотр-Дам де Пари» Сөзжұмбағын шеш.
Тігінен:1 Нотр-Дам де Пари соборында кездесетін сәулет өнері стилінің бірі.
3.Собор шатырына сән беріп тұрған мифологиялық тіршілік иелерінің бірінің атауы.
Көлденеңнен:2.Собордың ажырамас «үнді» бөлігі.4.Собордың кіреберісімен витраждарын безендірген шеңбер
түріндегі сәулет өнері элементі.5.Соборға сән беріп тұрған түрлі түсті шыны бөлшектерінен тұратын терезе.
1
3
г
г
2
қ
о
ң
т
р
и
4
г
у
л
ө р
н
е
к
к
у
5
в
и
т
р
а
ж
л
а
В). Шұғыл есте сақтау. Тақтаға жеті сөз жазылады.. Сонан соң екі - үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді
оқушылар жылдам айтып қайталайды.. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, онда ұпай
жинайды.
Стиль,парфенон,форум,колизей,акведуктар,роман,готика,сәулет.
ҮІ. Қорытындылау. Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін жинақтау үшін төмендегіше бекіту
сұрақтарын қоямын.
Сәулет өнері деген не? (құрылыс,тұрғын үй салу өнерін сәулет дейді)
Стиль деген не? ( Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды стиль деп аталады)
Стиль түрлерін ата? (Грекия мен Рим ,РОМАН.ГОТИКА)
Көне ескерткіштерді ата. (парфенон,форум,колизей,акведуктар,қазан)
Қазіргі заман сәулет өнері мен өткен ғасырлардағы сәулет өнері айырмашылығы неде?
Мозайка деген не? түсті минерал қосып балқытылған шыны сынықтары
Парфенон деген не? (Ү ғасырдың ортасында Афиныдағы Акропль қыратында тұрғызылған грек храмы)
Римнің ең әйгілі құрлысы(.колизей)
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада салынған?(Түркістан)
Акведуктар қызметі қандай болған? (қалаға таза тау суын жеткізетін аркалы көпірлер)
Сонымен біз балалар сәулет өнеріне саяхатты өттік,сендерге ұнады ма осы саяхат,несімен ұнады қандай қызық
деректер білдіңдер?
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Сонымен балалар мен бағалау парағын алып, әр топтағы оқушының
жұмысына байланысты жеке бағалар қоямын. Жеңген топқа орын беру.
1 топ-көк түс 2 топ-қызыл түс 3 топ-сары түс
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: 84 бет Ұлықбек медресесінің суретін сурет дәптерге бейнелеу.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «А ДЫБЫСЫ МЕН ӘРПІ»
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті
С. Шарипов атындағы мектеп – интернаты
Бастауыш сынып мұғалімі Абилгазиева Куляш
Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі Әліппе 1-сынып
Сілтеме: 1-сынып Әліппе оқулығы, әдістемелік Алматы «Атамұра» 2011 жыл. Авторлары: С.Рахметова,
Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова
Жалпы мақсаттар: а)оқушыларды А дыбысы мен әрпімен тапсыру.А дыбысы бойынша алған білімдерін
пысықтау .ә) оқушылардың сөздерді дыбыстық талдау жасау арқылы алған білімдерін дамыта түсу б)
оқушыларды реттілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Сыни ойлауды дамыту, алған білімдерін өмірмен байланыстыра білу
Негізгі идеялар: Теориялық білімді практикамен ұштастыра білу, ойларын еркін жеткізу.
Қолданылған модульдер: Сұрақ - жауап, диалог, АКТ, СТО, диалогтік оқыту тәсілі, талантты және дарынды
балаларды оқыту үшін бағалау, талдау жинақтау, кубизм.
136
Cабақ бойынша жазбалар:
Мұғалімнің іс-әрекеті: 1. І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Оқушылар ортаға шығып «Шаңырақ» уықтарына ұқсап, қолдарын көтеріп, бір- біріне жылы лебіздерін айтып
бір шаңырақ астына бірігеді.
ІІ. Жаңа тақырып
Білу
22.
Сурет бойынша әңгіме.
23.
А дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, а дыбысын дұрыс айтуға үйрету.
А дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.(баспа және жазба түрі)
А- бас әрпі, а-кіші әрпі.
Оқушының іс-әрекеті:
Хормен дыбыстап айту,жеке- жеке оқыту.
Түсіну
Ертегі кейіпкерлері қонақта.Солардың әкелген сұрақтарына шолу жасап , жауап беріп көрейік.
Оқушының іс-әрекеті:
Оқушылар:Сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқатады.
Қолдану
Суретте не көріп тұрмыз: Оларды жалпы не деп атауға болады? Жеміс-жидектер.Енді суреттерге қарай отырып,
буынға бөліп көрейік.
Оқушының іс-әрекеті:
Сурет арқылы топ басшысы өз тобына түсіндіріп, талқылайды. Өз ойларын постер арқылы қорғайды
Талқылау
1 - топ: Сөздер ойлайды
2 - топ: А дыбысы қандай дыбыс екенін айтады
3 – топ Сөздің қай буынында
4-топ Сөзде неше буын барын айтып дәлелдейді.
Оқушының іс-әрекеті:
Әр топ тапсырмаларын орындайды
Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтап, сабақтың тақырыбын айту.
А дысының қай және неше буын барын баяндайды.
Өз топтарында оқып талқылау
Жинақтау.
Ойын арқылы сабақты қорыту.
Оқушының іс-әрекеті: Орамал тастамақ сұрақтарға жауап беру.
Үйге тапсырма беру.
Оқушының іс-әрекеті: Формативті бағалау алмұрт арқылы ұпай жинау
Рефлекция: Өз әсерлерімен бөлісу.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: ОЙЫНШЫҚТЫ ӘШЕКЕЙЛЕП БІТІРУ
ОҚО. Шымкент қаласы. №52 жалпы орта мектеп
Технология пәні мұғалімі: Ақылбекова Нұрлыайым Шаймерденқызы
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықты әшекейлеп бітіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ойыншықтың көзін, тұмсығын, мұрнын, тілін дұрыс орналастыру, тігу, желімдеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу, тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: бейнелеу, математика, биология.
Сабақтың көрнекілігі: Дайын ойыншықтар, ойыншық мүшелерінің үлгілері, қажетті материалдар, қайшы,
ине, жіп, желім, сызғыш, бор, сантиметр лентасы, «Жұмсақ ойыншықтар», «Ойыншықты әшекейлеу», «Нұсқау
картасы» плакаттары, буклет.
Сабақтың барысы:
•
Ұйымдастыру кезеңі.
•
Өткен сабақты пысықтау.
•
Жаңа сабақ.
•
Жаңа сабақты бекіту.
•
Сарамандық жұмыс.
•
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
137
•
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі – әнұранды айту.
Кезекшіні анықтап, оқушыны түгелдеу. Жұмыс орнын әзірлеу.
Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшысын сайлап, бағалау қағазын тарату.
І – топ – «Шебер», ІІ – топ – «Арулар».
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
«Ойыншықтар әлемінде» ойынын өткіземіз. Ойынның шарты мынадай: үстел үстінде тұрған ойыншықтардың
өзіне ұнағанын алады. Сол ойыншық астында тұрған сұраққа жауап беруі қажет. Жауабына қарай бағаланады.
Дұрыс жауап берсе ойыншықты алады, болмаса орнына қояды.
9.
Жұмсақ ойыншықтар неше түрге бөлінеді? Ерекшеліктеріне тоқтал.
-
Жұмсақ ойыншықтар үш түрге бөлінеді:
1) Жалпақ (негізі – картон, қабырғаға ілу үшін артында ілгіші бар. Сувенир ретінде қолданылады).
2) Жартылай көлемді (жалпақ ойыншық сияқты, бірақ негіз бен матаның арасына жұмсақ астар салынады).
3) Көлемді (бұл ойыншықтың бөлшектері жеке-жеке дайындалып, әрқайсысына мақта, синтепон немесе
поролон салынады).
2. Ойыншықтар не үшін қажет?
- Бала ойыншықпен ойнайды, ойнау барысында баланың дүниетанымы ұлғаяды, айналадағы
қоршаған орта туралы мағлұмат алады.
3. Бөлшектерді қалай құрастырамыз?
- Бөлшектерді оң жақтарымен беттестіріп, теріс жағынан тігеді.
4. Қандай қол тігістері қолданылады?
- Көктеу немесе инені алға қарай шаншу тігісі; машина тігісі немесе инені артқа қарай шаншу тігісі; тор
тігісі; майда қиғаш тігіс; жасырын тігіс.
5. Көктеу тігісі қалай тігіледі, не үшін қажет?
- Бөлшектерді жылжып кетпеу үшін бір-біріне біріктіріп ұстап тұрады. Инені оңнан солға қарай шаншу арқылы
тігіледі.
6. Инені артқа қарай шаншу тігісінің орындалу техникасын көрсет.
- Инені оңнан солға қарай шаншу арқылы тігіс пен оның арақашықтығын бірдей қалдыра отырып, бірінші
тігісті түсіреді. Екінші тігісті түсіру үшін жіпті солдан оңға қарай салып, инені бірінші тігістің біткен
нүктесінен шаншып, екінші тігістің сол жағынан (тігістің ұзындығындай қалдыра отырып) шығарады.
Осылайша қайталана береді.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Плакат пен үлгілерді пайдалана отырып, ойыншықты әшекейлеуді түсіндіру.
Ойыншықтың көзі өзіне тән ерекшелігін көрсетіп, ерекше сән беріп тұрады. Сондықтан көзін ерекше
ыждаһаттылықпен орындау қажет. Жасап отырған ойыншыққа байланысты көз де әртүрлі кескінде кездеседі.
Көзді қара немесе қанық қоңыр түймеден жасауға болады. Түрлі-түсті клеенка, кітаптардың ескі мұқабасы да
өте жиі қолданылады. Тағы да фотоқағаз, былғары, мата т.б қолдануға болады. Көз ерекшеленіп көрініп тұруы
үшін оның астына көздің кескініндей, бірақ одан үлкенірек етіп көз астын қою қажет. Көз асты көздің астынан
жарты ай тәрізді көрінуі мүмкін. Әдетте көз асты ақ түсті болады, кейде оны түрлі-түсті етіп жасаған да жөн.
Мысалы, мысықта, арыстанда, жолбарыста көз асты жасыл, қоянда – қызыл немесе қызғылт, құстарда – көк
немесе сары болуы мүмкін. Көз астын қос қабат етіп те жасауға болады. Мысалы, қара көздің астына ақ, оның
астына түрлі-түсті көз астын қояды. Ойыншықтарда жылтыр қара клеенкадан жасалған көздер түрлі-түсті көз
астымен әдемі көрінеді.
Ойлаған бейнеге байланысты көздің көрінісі әртүрлі болып келеді. Көздің кескіні шеңбер, овал, жартылай
шеңбер, тамшы бейнесінде болып келеді.
Ойыншықтың көзін әртүрлі өлшемдегі және кескіндегі дәрі қорапшасынан да жасауға болады. Қорапшадан екі
жағынан кішкене үшбұрыш етіп қалдырып, екі ұяшық қиып алады. Бұл үшбұрыштардың көмегімен көз мата
ішіне бекітіледі. Алдын-ала ұяшыққа түйме, ақ немесе түрлі-түсті қағаз салынады. Егер түйме ұяшық ішінде
еркін жатса, онда ойыншықтың көзі тірі сияқты қозғалатын болады.
Көздің орналасатын орнын анықтау да маңызды. Аңдарда көз кеңсірік деңгейінде орналасады. Кейде көзді
тиісті орнынан жоғарырақ тігеді, сонда ойыншықтың беті өзгеше сипат береді.
Ойыншықтың бет бөлігін көлденең сызықпен тура екі бөлікке бөлу керек те, осы сызыққа көзді орнату қажет.
Көз ойпаңы пайда болуы үшін №10 жіп пен ұзын иненің көмегімен көздің орналасу орнын тартады . Жіпті
құлақ артына немесе шүйденің төменгі бөлігіне бекітеді. Егер көз бірнеше бөлшектен тұратын болса, онда
алдымен оларды бір-бірімен желімдеп қосып алады, сонан соң бұйымға өлшейді.
Аңдардың тұмсығын әртүрлі кескінде жасайды. Кескіні шар тәрізді тұмсық өте көп тараған. Қара матадан
(барқыт, жібек, сәтен немесе жұқа былғары, клеенка) диаметрі 4 см-дей болатын шеңбер қырқып алады (өлшемі
дайындалып жатқан ойыншықтың басының мөлшеріне қарай). Шетін айналдыра көктеу тігісімен тігіп, жіпті
аздап тартады. Пайда болған қапшыққа мақта салып, шар пайда болу үшін жіпті соңына дейін тартады.
Аңдарға тұмсықты фетрден де жасау оңай. Қара немесе қоңыр фетрден екі бөлік қиып алады және оларды бірге
қисық сызық бойымен тор тігісімен тігеді. Төменгі жағындағы тесіктен тігілген кескінге аздап мақта салып,
138
тесікті тікпеген күйі тұмсыққа тігеді.
В суретте бейнеленген тұмсықты былай дайындайды: қара түсті жұмсақ клеенкадан немесе оқулықтың ескі
мұқабасынан суретте бейнеленген кескінді қиып алады. «А» әрпімен белгіленген қиықтарды бірге қосып,
жіппен тігеді, жіпті үзбестен осы орынға «Б» әрпімен белгіленген қиықты салып, алдыңғы екеуімен қоса
бекітеді. Тұмсық өлшемі ойыншық мөлшеріне байланысты.
Ойыншықтың тілін ойыншық мөлшеріне қарай сетінемейтін қызыл матадан қиып алып,желімдейді.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Екі топқа екі тапсырма-кеспе қағазы беріледі. Онда ойыншыққа байланысты сұрақтар қойылған. Топ мүшелері
сұрпқтарға жауап береді. Онда ерекше белгіленген әріптерден сөз құрастырады. Кілт сөзін табады.
Тапсырма-кеспе қағазы №1.
8.
Ойыншыққа ерекше сән беретін мүше. (көз)
9.
Матаның қыртыс-тыртысын жазатын құрал. (үтік)
10.
Бөлшектерді қиып алуға арналған құрал. (қайшы)
11.
Ойыншыққа қажетті материалдардың бірі. (тері)
12.
Сым кесуге қажетті құрал. (тістеуік)
Кілт сөзі: (күшік)
Тапсырма-кеспе қағазы №2.
6.
Бөлшектерді құрастыру үшін қолданылатын тігістердің бірі. (тор)
7.
Ойыншықтың көзіне пайдалануға болатын зат. (түйме)
8.
Бөлшектерді біріктіруге арналған құрал. (ине)
9.
Бөлшектердің ішін толтыруға пайдаланатын материалдың бірі. (синтепон)
Кілт сөзі: (түйе)
Кілт сөзін тапқанда әр топтың жасап жатқан ойыншықтарының аты шығады.Сұрақтарға жауап берген
оқушыларға бағалау қағазына баға қойылады.
Ү. Сарамандық жұмыс.
Нұсқау картасы бойынша топ мүшелері ойыншықтарын әшекейлейді.
І-топ. Күшіктің көзін, тұмсығын, мұрнын, тілін қиып, тігеді немесе желімдейді.
ІІ-топ. Түйенің көзін, кірпігін, құлағын қиып, тігеді немесе желімдейді.
Сарамандық жұмыс бойынша топ мүшелері бағаланады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда біз ойыншықты әшекейлеп, толық бітіріп шықтық. Ойыншықпен бала ойнайды, ойнау
барысында дамиды дейміз. Сонымен бірге бұл үлкендердің де көз қуанышы. Ойыншыққа қарай отырып
үлкендер өз балалық шақтарының небір қызықты кезеңдерін еске алады, баламен бірге қуанады.
Бүгінгі сабақта қыздар екі топтың атын қосып оқығандағы «Шебер арулар» номинациясына толық лайық
екендіктерін көрсетті деп ойлаймын.
Бағалау қағазындағы баллдары бойынша баға журналға түсіріледі.
Үйге тапсырма.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
«Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы.
Алматы, 1991
2.
Нагибина. М. И. «Чудеса своими руками». – Ярославль: «Академия развития», 1998.
139
|