Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Жоспар
1. Бәйге
2. Пән бойынша сұрақтар
3. «Мың бір мақал»
4. «Жүз бір жұмбақ»
5. Ұйқасын тап
6. Шешендік өнер
7. Оқушының ойы «Егерде мен.......»
Жеребе суыру
Егер сайыскерлеріміз дайын болса І тур. Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз
І оқушы
1. Жапырақ қай кезде сарғаяды (күзде)
2. Бір сағатта неше минут бар (алпыс мин)
3. Қазақтың ұлттық саз аспабы (домбыра)
4. Дауысты дыбыстардың түрлері (жуан, жіңішке)
5. Жыл неше мезгілден тұрады (төрт)
6. Жердің пішіні қандай (домалақ, шар тәрізді)
7. Қ. Р. Рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)
8. Қойдың төлі (қошақан)
9. Әкеңнің шешесі қалай аталады (әже)
10. Қазақ тілі оқулығының авторы (Балтабаева, 
Солтанғазина, Лекерова)
ІІ оқушы
1. Ешкінің төлі қалай аталады (лақ)
2. Тудың түсі қандай (көгілдір)
3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)
4. Қасиетті тағам (нан)
5. Мүсін неден жасалады (саз, ағаш, металл, тас)
6. Қыстың көркі не (қар)
7. 16 – желтоқсан қандай мейрам (тәуелсіздік күні)
8. Торғай шырылдайды, қаз.... (қаңқылдайды)
9. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
10. Ұя салмайтын құс (Көкек)
ІІІ оқушы
1. Судың түсі қандай (түссіз, мөлдір)
2. Көру мүшесі (көз)
3. 7 күнді не дейміз (апта)
4. Білім ұясы (мектеп)
5. Көшет қай мезгілде отырғызылады (көктемде)
6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар (қырық екі)
7. Математика оқулығының авторы (Ақпаева, Лебедева 
Буровова)
8. Бір жылда неше ай бар (он екі)
9. Жылқы иесі (Қамбар ата)
10. Бір тәулікте неше сағат бар (жиырма төрт)
ІV оқушы
1. Аспанның түсі қандай (көк, көгілдір)
2. Түн ұйқысын төрт бөлген адам (ана)
3. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім (Ы. 
Алтынсарин)
4. Алфавиттің ең соңғы әріпі (я)
5. Екі өркешті жануар (Түйе)
6. Адам өміріне не қажет (ауа, су, жарық)
7. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда 
жүреді (жасыл)
8. Жұлдыздар қай кезде пайда болады (түнде)
9. Әнұранның авторлары (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, 
Ж. Нәжімеденов)
10. Дыбыстар неше түрге бөлінеді (дауысты, дауыссыз)
V оқушы
1. Іс қимылды білдіретін сөзге мысал келтір (жүрді)
2. Жылдың ең соңғы айы (желтоқсан)
3. Балық қайда болады (суда
4. Ы. Алтынсарин кім (ұстаз)
5. Ақтөс ит, Марат кім (адам)
6. Адамдарға қандай сұрақ қойылады (кім, кімдер)
7. Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
8. Әкеңнің әкесі саған кім болады (ата)
9. Судың пішіні болама (пішінсіз)
10. Иіс сезу мүшесі (мұрын)
Сонымен І бөлім аяқталды. ІІ бөлім Пән бойынша 
сұрақтар
МАТЕМАТИКА
Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік
Сөз кезеңін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.
1. 19 - 5=14
2. 1дм неше см болады `(10 см)
3. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады 
(азайғыш)
4. 9онд 3 бірліктен тұратын сан (тоқсан үш)
5. 1 ғасырда неше жыл бар (100)
6. Шаршы дегеніміз не
7. Альбомда 15 түрлі түсті, одан 7 і кем жай сурет бар. 
146

Альбомда неше жай фотосурет бар ( 8)
8. 7+9=16
9. 19 - 7=12
10. Cенде барлығы он бес теңге, сен сегіз теңгесіне 
карандаш сатып алдың. Сен қанша теңге қалды(жеті)
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
1. Заттың іс қимылын білдіретін сөздерге мысал келтір
2. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б, в, г, ғ, д, ж, з)
4. Мына мақалдан етістікті тап Бірлігі жоқ ел тозады 
Бірлігі күшті ел озады
5. Сөйлем неден құралады (сөзден)
6. Мына сөйлемнен заттың сынын білдіретін сөзді тап 
Терісі жазда сұр түске өзгереді
7. Ауызекі тіл дегеніміз не (бірін бірі көріп және естіп 
тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі.
8. Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде 
баяндап беру (мазмұндама)
9. Р дыбысы дауыссыз дыбыс тың қай түріне жатады 
(үнді)
10. Күз сөзінде неше буын бар (бір)
ДҮНИЕТАНУ
1. Дүниетану оқулығының авторы (Аймағамбетова)
2. Көкжиек дегеніміз не ( жай көзбен қарағанда көз 
жеткен жерге дейінгі кеңістік)
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (Компас)
4. Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата (С, О, Б, Ш)
5. Біздің айналамызды түгел қоршап тұр, біз оны 
көрмейміз, себебі ол мөлдір, түссіз (Ауа)
6. Судың қасиеттерін ата (пішіні болмайды, түссіз, 
мөлдір, дәмі болмайды, иіссіз)
7. Өмір сүру үшін адамға не қажет
8. Сұйық зат, ол бұлақ, өзен, көл, теңіздерде болады. 
(су)
9. Ауаны ластайтын заттарды ата
10. От жану үшін не қажет (ауа)
Әдебиеттік оқу
1. Сұлтан Бейбарыс әңгімесі не туралы айтылған 
(тұмар)
2. Айгөлек журналының авторы (Қ. Әбділда)
3. Шежірелі жерлер әңгімесіндегі Қазығұрт дегеніміз не 
(тау)
4. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы ғарышқа 
ұшты (екінші қазан тоқсан бір)
5. Ең бірінші бақытым халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ал екінші бақытым тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім өлеңінің авторы кім 
(М. Мақатаев)
6. Өз үйім өлең төсегім мәтінінің мағынасын түсіндір
7. Әлкей Марғұлан кім (атақты ғалым, ғылымның әр 
саласында еңбек еткен)
8. Әдебиеттік оқу кітабының авторы (Иманбекова 
Мадиева)
9. Қазақ тілі Мемлекеттік тіл делінген. Сондықтан әрбір 
Қазақстан азаматы қазақ тілін білу керек деп қай заңда 
айтылған (Ата Заңда)
10. Талай ақын жыр еткен,
Есілдің оң жағасы
Елге әйгілі Қара өткел
Ескі Ақмола қаласы (Астана)
АРАЛАС СҰРАҚТАР
1. Домбырада неше ішек бар (екі)
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата (к, қ, п, ф, с, т, х, ц, 
ч, ш, щ, һ
3. Жаңылтпаш дегеніміз не (шапшаң айтылатын бір 
шумақты өлең)
4. 17 - 6=11
5. 1 онд7 бірліктен тұратын сан
6. Тірі табиғатты ата (адам, жануар, өсімдік)
7. Құбылнаманың ең негізгі бөлігі (қозғалмалы тілдер)
8. Ауаның қасиеттері (мөлдір түссіз, пішіні жоқ, 
сығылады, иісі жоқ
9. Табиғаттағы су неше күйде кездеседі
10. Омар ойыннан кеш келді іс әрекетті білдіретін сөзді 
тап
3Тур Мың бір жұмбақ»
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр,
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр
1. Ти десе тимейді
Тиме десең тиеді (ерін)
2. Қабат - қабат қаптама
Ақылын болса аттама (кітап)
3. Аппақ дала, қара дән
Дәнін сепкен, түсінуге жараған (әріптер)
4. Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын (сөйлем)
5. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна (мұз)
6. Қант емес
Қатты
Мұз емес
Тәтті (сәбіз)
7Күн күледі
Жер түледі (көктем)
8. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
9. Шөпшілердің шөбін шашты
Қалпағымды ала қашты (жел)
10. Жайса көлдей,
Жиса еңдей (кітап)
4тур «Мақал – мәтел мәйегі»
Кім көп мақал біледі
5тур «Ұйқасын тап»
Жаңбыр жауып жабылды
Аспан шайдай ашылды
.......................................
..........................................
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
.......................................
....................................
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
........................................
.....................................
147

Айдын көлі сағынып
Қаздар қанат қақты бір
.............................................
..............................................
Мақтан етем ұстазымның әр ісін
Білім, беріп сусындатқан бәрі үшін
.........................................................
........................................................
6. бөлім Егерде мен...........
Егер де мен Президент болсам.....
Егер де мен Досыммен ренжісіп қалсам....
Егерде мен сабаққа дайындықсыз келсем
Егер де мен ақша тауып алсам
7. Шешендік өнер кезеңі
Менің Отаным
Білім - өмір шырағы
Менің ұстазым
Кім болам?
Озық ойлы оқушы (сайыс сабақ)
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын 
арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу 
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар. Карточкалар.
Сайыстың жүру барысы:
І. бөлім «Сен білесің бе?»
ІІ. бөлім «Мақалдың жалғасын тап»
ІІІ. бөлім «Күлдіргі жұмбақтар»
IV.бөлім «Кім жылдам»
V.бөлім «Кім тапқыр»
VI бөлім Қорытындылау
Жүргізуші. Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Бәрінен де басты – барлығының,
Қатты істейтін миы бар.
Енд і сайыскерлерімізді топ басшылары таныстырып 
өтсе.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, – дей келе сайыскерлерімізге 
сәт – сапар тілейік.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
1 бөлім. Сен білесің бе? (сұрақтар беріледі. әр сұраққа 5 
ұпайдан)
3 «а» сынып
1. Біздің облысымызды ата? /Ақтөбе облысы
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз
5. Білім күні қай күн? /1 қыркүйек
6. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын 
білдіретін сөздер
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев
5. Суда жұбын жазбай жүретін құс?
6. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады
7. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады
9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл ( 22жыл )
10. Әліппенің атасы кім?
3 «ә» сынып
1. Ел басымыз (Н. Ә. Назарбаев)
2. Қазақтың ұлы ақыны (А. Құнанбаев)
3. Алғашқы оқулық (Әліппе)
4. Елтаңбаның авторы ( Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
5. Үш биді ата ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Бірінші маусым қандай мереке? (балаларды қорғау 
күні)
7. ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)
8. ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 
желтоқсан)
9. Әнұранның авторы кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. 
Нәжмеденов, Ш. Қалдаяқов)
10. Т. Әубәкіров кі м? (ғарышкер)
4 сынып
1. 30 тамыз қандай мереке? (Конституция күні)
2. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
3. ҚР - ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі
4. ҚР - ның тәуелсіздік күні (16 желтоқсан 1991ж)
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата ( бәйге, көкпар, 
алтыбақан, қыз қуу)
6. Мемлекеттік туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою)
7. Көкжиектің тұстарын ата ( оңтүстік, солтүстік, батыс, 
шығыс
8. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)
9. Ата Заң қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)
10. Рәміздерді ата? (ту, елтаңба, әнұран)
2 бөлім
"Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - 
жанымды жайландырдың" — демекші, ал енді 
балаларыңызбен бірігіп мақалды жалғастырамыз.
(әр топқа бірдей қойылады, дұрыс жауап берген 
сайыскерге
5 ұпайдан беріледі)
3 «а» сынып оқушыларына
Ұяда не көрсең, … ……….. (Ұяда не көрсең, ұшқанда 
соны ілесің)
Ата бәйтерек……………. (Ата - бәйтерек, бала — 
балжапырақ)
Тамшы тас жарады, ….. (Тамшы тас жарады, тас 
жармаса бас жарады)
Өнер алды –……… (Өнер алды қызы тіл)
Денсаулық – …….. (Денсаулық зор байлық)
Әдепті бала – арлы бала, …………………………(әдепті 
бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала)
148

Білекті бірді жығады, ………………………(Білекті бірді 
жығады, білімді мыңды жығады)
Әдептілік белгісі, ……………………………….
(Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені)
Ата көрген оқ жонар, 
………………………………………….(Ата көрген оқ 
жонар, ана көрген тон пішер)
Анаға құрмен, ……………………… (Анаға құрмет, 
балаға міндет)
3 «ә» сынып
Ер бір өледі, ………………. (Ер бір өледі, қорқақ мың 
өледі)
Мысыққа ойын керек, …………………… (Мысыққа 
ойын керек, тышқанға өмір керек)
Мектеп – кеме, …….-…….. ( Мектеп - кеме, білім - 
теңіз)
Жүздің көркі – көз, ………………- …… (Жүздің көркі 
көз, ауыз көркі сөз)
Көп сөз күміс, ………………….. (Көп сөз күміс, аз сөз 
алтын)
Әдептілік белгісі — ………………………. (Әдептілік 
белгісі — иіліп сәлем бергені)
Жақсыдан үйрен, ………………………… (Жақсыдан 
үйрен, жаманнан жирен)
Күннің шуағы жылы — ………………………… (Күннің 
шуағы жылы – ананың құшағы жылы)
Еңбектің наны тәтті,………………….. (Еңбектің наны 
тәтті, жалқаудың жаны тәтті)
Өнерлінің қолы алтын, …………………………….. 
(Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)
4 сынып
Өле жегенше, …………… … (Өле жегенше, бөле же)
Таяқ еттен өтеді, ……………… (Таяқ еттен өтеді, сөз 
сүйектен өтеді)
Жақсы сөз сүйіндіреді ………………. ( Жақсы сөз 
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
Жақсы байқап сөйлер, …………………(Жақсы байқап 
сөйлер, Жаман шайқап сөйлер)
Ана сүті бой өсіреді, …………… (Ана сүті бой өсіреді, 
ана тілі ой өсіреді)
Жақсы алданда жазыласың,………………… (Жақсы 
алданда жазыласың, жаман алданда тарыласың)
Емен ағаштың иілгені — сынғаны, 
……………………………. — …..
(Емен ағаштың иілгені - сынғаны, ер жігіттің екі 
сөйлегені — өлгені)
Жаяудың шаңы шықпас. ……………………………..
(Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас)
Аттың бәрі тұлпар болмас, ……………………………….
(Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас)
Баланың ұяты әкеге,………………………… (Баланың 
ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге)
3 бөлім: «Күлдіргі жұмбақтар» деп аталады.
(барлық оқушыға бірдей қойылады да дұрыс жауап 
берген сайыскерге 5 ұпай беріледі)
1. Кім барлық тілді сөйлейді? Жауабы: жаңғырық
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға 
болады? Жауабы: мысық
3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой - қиял
4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 
сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауабы: 
Жоқ – бұл түн мезгілі.
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші 
толы бөшкеге.
7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін 
атып алды. Олардың қаншасы қалды? Жауап: 
түйеқұстар ұшпайды.
8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км 
жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол 
жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? 
Жауап: 12км жол жүреді.
9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі 
басқалар атайды? Жауабы: сенің есімің.
10. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
11. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым 
дейді)
12. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? 
(Көз - қорқақ, қол - батыр).
4 - ші бөлім «Кім тапқыр» деп аталады. Тақтада барлық 
әріптер шығып тұрады. Сайыскерлер өздері әріптерді 
таңдайды.
(Әріптер сөйлейді, 5 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 1 
ұпай беріледі.)
А - қазақтың ұлы ақыны.(А. Құнанбайұлы)
Ә - алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б - қазақтың батыры. (Бөгенбай батыр)
В - ежелгі мемлекеттердің бірі. (Вавилон)
Г - әнұранның орысша атауы (Гимн)
Ғ - Т. Әубәкіров кім? (Ғарышкер)
Д - «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е - қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е - «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж - Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З - үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И - тігінші құралы (Ине)
Й - қоңыр түсті дәрі (Иод)
К - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ - атақты күйші(Құрманғазы)
Л - ешкінің төлі.(Лақ)
М - күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н - ас атасы -… (Нан)
О - Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө - тілсіз жау -… (Өрт)
П - Ірі жануар (піл )
С - тілдің негізі не?(Сөз)
Т - үш бидің бірі.(Төле би)
У - Жыланның тілінің ұшындағы не? (У)
Ұ - Құстардың Үйін не дейміз? (Ұя)
Ү - кіші сөзінің Антонимі (Үлкен)
Ф - Әл - Фараби кім?(Философ)
Ч - Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш - тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы - «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І - қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?
(Ірімшік)
149

Э - экология Сөзінің аудармасы ( )
Ю - «Киіз үй» сөзінің аудармасы.
5 - ші бөлім «Кім жылдам»
(Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою 
арқылы білім туралы мақал - мәтел оқи аласыңдар) 
(дұрыс жауап берген сайыскерге 10 ұпай беріледі)
Аа - 1 Әә - 2 Бб - 3 Вв - 4 Гг - 5 Ғғ - 6 Дд - 7 Ее - 8
Ее - 9 Жж - 10 Зз - 11 Ии - 12 Йй - 13 Кк - 14 Ққ - 15
Лл - 16 Мм - 17 Нн - 18 ң - 19 Оо - 20 Өө - 21
Пп - 22 Рр - 23 Сс - 24 Тт - 25 Уу - 26 Ұұ - 27
Үү - 28 Фф - 29 Хх - 30 һ - 31 Цц - 32 Чч - 33
Шш - 34 Щщ - 35 ъ - 36 Ыы - 37 Іі - 38 ь - 39
Ээ - 40 Юю - 41 Яя - 42
1 15 37 16 — 25 20 11 3 1 13 25 37 18 25 20 18.
3 38 16 38 17 – 25 1 26 24 37 16 17 1 13 25 37 18 14 8 18.
«Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен»
Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. 
Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған 
ұпайларды есептегенше, көрермендерге жұмбақтар 
жасырайық.
Бар жұмысы, ермегі,
Талай қанат қағады.
Еңбекті хош көрмейді,
Жат ыдысты бағады. (шыбын)
Жабық астында жарты күлше. (Ай)
Жылқы тұмсық, ешкі құйрық.
Есек құлақ, қорқақ өзі, қыли көзі. (қоян)
Тал басында, түнсіздік отау. (құстың ұясы)
Күндіз жоқ, түнде бар. (жарқанат)
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші 
бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді 
деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Тақырып: «Біз білімді ұрпақпыз»
Мақсаты: оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, 
шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын бөлімдері жазылған плакаттар,
Жүру барысы
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Жарысқа қатысып көріңдер - деп балалар ортаға 
шақырылады.
Мұғалім:
1. - Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім ұшқыр ойға – сол алда – дегендей, бүгінгі 
сабағымызды бастайтын уақыт та келіп жетті.
- Балалар бүгін бізде кімдер отыр? /Қонақтар/
- Дұрыс айтасыңдар.
- Біздің халқымыз қонақжай екенін білесіңдер, келген 
қонақтарды қалай күтеміз?
- Иә, балалар, біз қонақтарды сабаққа жақсы 
дайындығымызбен, қарсы алайық.
2.«Қазылар алқасын» сайлау
Құрметті қонақтар, бүгінгі болатын сайысты «Білімді 
ұрпақ – еліміздің болашағы» деген атпен 4 А 
сыныбының оқушылары ұйымдастырып отыр.
Сонымен ортада « Тамаша жетілік» тобы.
Екі топқа бөлу: «Құлагер» «Тайбурыл»
1. Сәлемдесу:
«Құлагер»
Құлагердей халық сүйген
Шаршамастан шабамыз
Қиналмай - ақ, сұрақтардың
Жауаптарын табамыз
«Тайбурыл»
Тайбурылды серік етсе
Қобыланды сынды бабамыз
Қиын сұрақты шешкен сайын
Арта түспек бағымыз
Сұрақ деген не тәйірі?
Шемішкеше шағамыз
2. Ой ұшқырлығын байқаймыз. «Бәйге» /әр дұрыс 
жауапқа 10 ұпай қойылады
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Қабанбай батырдың шын аты? / Ерасыл/
3. Қазақтың ең алғаш ұшқыш – ғарышкері кім? /Тоқтар 
Әубәкіров/
4. Исатайдың жан серігі кім? / Махамбет/
5. Тірі табиғатқа не жатады? / өсімдік, адам, жануарлар/
6. Жүрек қандай қызмет атқарады? /қан айналу/
7. - Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір 
аяғымен тұрғанда қанша тартады? /15кг/
8. - Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1сағ 40мин ұшады, 
ал кері қайтқанда 100 мин ұшады. Айырмашылығы бар 
ма? /100 мин/
9. - Екі қарға бірі оңтүстікке қарап, бірі солтүстікке 
қарап отыр. Олар бір - біріне « досым мен сені көріп 
отырмын дейді» сонда олар бір бірін қалай көрген. 
/екеуі бір – біріне қарама қарсы отыр/
10. Ілік септіктің сұрақтарын ата / кімнің?, ненің?/
4. « Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / дұрыс 
жауапқа 20 ұпай, егер біреуі дұрыс болса 10 ұпай/
Мұнда сендер қазақша, орысша, ағылшынша тілді 
дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз 
тексеріледі.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем - весна - 
spring/
150

2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ / мысық - кот - cat/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос – друг – friend/
4. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь -/
5. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч - ball/
6. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап – книга - Book/
7. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит – собака - dog/
8. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю – медведь/
9. Бір үйге
Көзсіз боп басты сұғасың
Бұл үйден
Көреген боп шығасың / мектеп – школа/
10. Әр адамның шағын Отаны /отбасы – семья – family/
5. « Қызықты жетілік»
20 20 20
30 30 30
40 40 40
Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап 
бересіңдер.
Жеңіл сұрақ 20, ең күрделі сұрақ 40 ұпай
қазақ тілі /20 ұпай/ - сөз таптарын ата
ана тілі - 30 /ұпай/
Балалар, бұл - жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп келіп, байқайық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалайық па? - авторы / А 
Байтұрсынов/
/20 ұпай/ - Елтаңбаның авторлары кім? / Шот Аман 
Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
20 ұпай - математика - Геометриялық фигуралардың 
периметрін қалай табамыз
30 ұпай – Неше материк бар, соны картадан көрсетіп 
бер
30 ұпай - неше мұхит бар, соны картадан көрсетіп бер
40 ұпай - Қашықтықты қалай табамыз
40 пай – 8 - дің көбейту кестесін айтып шық
40 ұпай - Отан деген не? / менің жерім, елім/
6.« Кім жылдам? 1 - топ
1. Ертегі оқисың ба?
2. Тәтті берсе жейсің бе?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?
2 - топ
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Ініңнің аты кім?
7. Кеше не істедің?
8. Кімге сәлем жолдайсың?
7.«Біліміңді мықта» деп аталады.
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық
Қателеспей мұқият ойланып айтуларыңыз қажет.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы 
қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам/
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа 
неше минутта піседі? / 4/
3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр 
мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық 
отыр? /4/
4. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен 
тұрғанда неше кг болады?/ 5/
8.« Сен білесің бе?» / екі капитан жарысы/
1. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы кім? / Ыбырай/
2. Қазақстан тұңғыш президенті кім?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
5. Аптаның бесінші күні қалай аталады?
6. Адам немен тыныс алады?
7. Жылджан құр қалған жануар?
8. Ұя салмайтын құс?
9. Көру мүшесі
10. 9 - мамыр қай күн?
9. « Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз
Уақыт берем сендерге
1. Отан отттан да........ /ыстық/
2. Айтылған сөз – атылған.........../оқ/
3. Көз қорқақ, қол.............../ батыр/
4. Ашу - дұшпан
Ақыл --....... /дос/
5. Денсаулық - зор................/байлық/
6. Күш - білімде
Білім -..................../кітапта/

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет