Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Бағалау 6 ұпай – 5     4,5 ұпай – 4     3 ұпай – 3    0-2 ұпай – 2 29 Жаңа сабақ



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

Бағалау
6 ұпай – 5     4,5 ұпай – 4     3 ұпай – 3    0-2 ұпай – 2
29

Жаңа сабақ
а) 1 – жаттығу. «Менің орным қайда?» ойыны.
Қараторғай,...,...,... – жыл құстары.
Шырша,...,... – қылқан жапырақты ағаштар.
Кесіртке,...,... – бауырымен жорғалаушылар.
Қалақай,...,...,... – дәрілік өсімдіктер.
Әр жаттығудан соң Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері көрініп, бір оқушы сол жайлы баяндайды.                         
ә) 2 – жаттығу. «Кім тапқыр?» ойыны.
Сергіту сәті. «Өрмек тоқу» ойыны
1 – қатар қазақтың ақын – жазушылары 
2 – қатар Адам бойындағы жақсы қасиеттер
3 – қатар қазақтың ұлттық ойындары
б) 4 – жаттығу. Дәптермен жұмыс
Жапырақтар сары түске енді. Жапырақтар жерге баяу қалықтап түсіп
жатыр. Жауынды күндер басталды. Аспанды сұр бұлт басты.
в) 3 – жаттығу. «Сиқыршының дорбасы» ойыны.
г) 6 – жаттығу. Өзіндік жұмыс.
5.
Бөлме қызыл, көк, сары, жасыл шыршалармен безендірілді.
6.
Мектеп ауласына ұлдар мен қыздар жиналып тұр.
7.
Ол кітапты да, журналды да қызыға оқыды. 
                               
Бағалау. Жинаған жалаушаларды санау арқылы.
*****
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі  Утелова Жанар  Қуанышбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш түрлері (тік бұрыш, сүйір бұрыш , доғал бұрыш)
Сабақтың мақсаты: 
1.Білімділігі: Бұрыш түрлеріне тоқталу, олардың бір-біріне ұқсастықтарын көрсету. Өтілген тақырыпқа есептер шығару.
2.Дамытушылығы: Баланың ойлау қабілетін дамыту. Жаңа сабақты игерту. Есеп шығару барысында ережелерді дұрыс 
пайдалана отырып, есте сақтау және логикалық ойлау, талдау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік мәні: есеп шығару жүйріктілігін көру,имандылыққа тәрбиелеу,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызба кесте, геометриялық фигуралар, сызғыш, қалам, интерактивті тақта. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,шешендік өнер, дүниетану, математика,қазақ тілі.
Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй жұмысын тексеру  3.Жаңа сабақ
4.Практикалық бөлім 5.Жаңа материалды бекіту
6.Сабақты қорытындылау
7.Үйге тапсырма бекіту
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Белсенді болу.Бір-бірімізді құрметтеп сыйлау.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жағыма қарап ап,
30

Аздап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
ІІ.Үй жұмысы
5-салыстыру.66-бет
9+8*6+5                          5+9*9+9                       59-9*14-9+5
7+8*6+9                         3+9*8+9                         99-90*18-9+5
Үй жұмысын  оқыған оқушыға қосымша сұрақ қойып бағалау.
Үй жұмысы  жазылған дәптерлерін жинау.
Үлестірмелі карточкамен жұмыс.Бос орынды толтыр.
*см=1м          *см=1дм           *дм=1м            *м=1км
Үлестірмелі карточкаларды жинап алу.
Ой қозғау.
1.Қазір жылдың қай мезгілі? Күз.
2.Күз мезгілінің айларын ата.Қыркүйек, қазан, қараша.
3.Күз мезгілінің кезеңдерін кім біледі? Ерте күз, алтын күз,қара күз.
4. Қазір қай кезең? Алтын  күз кезеңі.
5.Жарайсыңдар, оны қайдан білдіңдер? Себебі жапырақтар сарғайып,жерге түсуде.
6.Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар болады? Жаңбыр жауады, жел тұрады.
Дұрыс айтасыңдар,балалар,аспан бұлттанып жаңбыр жауғалы тұр.Кеше анамыз жуған киімдер су болмас үшін, кірлерді 
жинап алайық.Ол үшін әр киімде сұрақ берілген, сол сұраққа жауап бере отырып жинаймыз.
Менен сұрақ, сізден жылдам жауап болсын.(ойыны)
1) Қосудың компоненттерін ата
 2) Азайтудың компоненттерін ата.
3) Тіктөртбұрыштардың барлық бұрыштары  қандай болады?
4) Ұзындықтың өлшем бірліктерін кім атап береді?
5) Көпбұрыш дегеніміз не?
6) Өрнектерді салыстыру үшін не істеу керек?
7) Сынық сызықтың ұзындығын табу үшін не істеу керек? 
8) Заттың құны дегеніміз не? 
9) Жақша ішіндегі амал нешінші орындалады? 
10) Қосу амалын қай амалмен тексереміз?
Өте жақсы балалар,біз қандай киімдерді жинадық? Ұлттық киімдер.
Біздің ұлтымыз қандай?Қазақ.
Біз қай республикада өмір сүрудеміз? Қ/Р
Қ/Р қандай ел?Тәуелсіз ел.
Биыл тәуелсіздігімізге неше жыл? 25 жыл
Дәптерлеріне бүгінгі күннін ретін жазу.
ІІІ.Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ шешу арқылы табылады.
Сөзжұмбақтың қандай түрлерін білеміз?Суретті,сұрақты,әріпті.
Бүгінгі сөзжұмбағымыз қай түріне жатады?Сұрақты
Сөзжұмбақ
Бор
Ұстаз
қа Рындаш
  қоңЫрау
сызғыШ
1.Төрт қырлы,өзі аппақ.
   Тақтадағы ізі аппақ.(БОР)
2.Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім,жаны асыл?(Ұстаз)
3.Қабы сояу,
Діні-бояу. (Қарындаш)
4.Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады..(Қоңырау)
5.Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш)
Қызыл сызықта қандай сөз шйқты? Бұрыш
Бұрыш сөзіне қалай түсінесіңдер?
Ащы бұрыш,балғар бұрыш, үйдің бұрыш.
Балаларды жазалайтын фигура.Ол қандай фигура         (бұрыш)
Бүгінгі сабақтың тақырыбын жазады.Бұрыш түрлері
Бұрыш дегеніміз –бір нүктеден шыққан екі сәуле ортасын айтамыз.
Яғни,бір нүктеден тараған екі сәулені бұрыш дейміз.Бұл сәулелер бұрыштардың қабырғасы болады.
                  Бұрыштар үшке бөлінеді
31

Тік бұрыш                                          Сүйі бұрыш
                               Доғал бұрыш
Бұрыштарды ағаш құралымен  және қолмен  көрсету
Оқулықпен жұмыс
2-тапсырма. Сурет бойынша түсіндіру.
Мысал: Өмірмен байланыстыру.
Сандық - оның бұрыштары тік болады.
Астана қаласындағы пирамида - сүйір бұрыштар, тік бұрыштары, доғал бұрыштар бар.
Құрақ көрпе - әр түрлі бұрыштар бар.
   
          
 Т ік бұрыш - бұрыштары оның тік болады.
Сүйір бұрышы - тік бұрыштан кіші бұрышты айтамыз.
Доғал бұрыш - тік бұрыштан үлкен бұрышты айтамыз.
Үшбұрышты сызғыштан басқа бұрыштарды дәл салу үшін транспортир деген құрал қолданылады.Транспортир- градустері 
бөліктерге бөлінген  сызғыш.
Бұрыштың элементтері:  1 төбесі 2 қабырға. . Бұрыштың өлшем бірлігі: градус. Бұрышты өлшейтін құрал : транспортир .
Дәптерге бұрыштарды сыздырту.
1-тапсырма.Фигураларды ата. Қабырғасын, төбесін,бұрышын көрсет. 
1.Бұлар қандай фигуралар?ұшбұрыш,алтыбұрыш,шаршы,бұрыштар
2.үшбұрыш нешеу?1,,3қабырға,,3төбесі, 3бұрышы.
3.Көпбұрыш нешеу?1,6қабырға,,6төбесі, 6бұрышы.
4.Шаршы нешеу?1,4қабырға,,4төбесі, 4бұрышы.
5.Бұрыштар нешеу?3,сүйір -2 қабырға, 1 төбе, 1 бұрыш.доғал-2 қабырға, 1 төбе, 1 бұрыш .тік-2 қабырға, 1 төбе, 1 бұрыш.
Сергіту сәті
Бойды сергек тік ұста,Емін-еркін тыныста.
Оң қолыңды соз алға,Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада,Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
3-тапсырма.Тік бұрышты, көпбұрыштарды және бұрыштардың төбесін ата.
32

4-тапсырма.Суретте тік, сүйір, доғал бұрыштар нешеу?
5-тапсырма.Уақытқа орындалатын жұмыстар. Өздеріне бағалату.
50+7                  98-90                            46-9              20+6
42-2                   86-80                           58-50             40+7
17-7                  55-50                            36-30              70+4      сек,мин   белгілеу
Өз-өзін бағалау.
50+7 =57       98-90= 8        46-9=37         20+6=26
42-2=40         86-80 = 6       58-50= 8        40+7=47
17-7=10         55-50 = 5       36-30 =6        70+4=74
Қатесіз жазғандар-5
1-2 қатеге-  4
3-4 қатеге-  3
6-тапсырма. Есепті шығар.
Балалар,хайуанаттарды қайдан көреміз?Теледидардан немесе хайуанаттар бағынан көреміз.
Бұлар нелер ? Маймылдар, мартышкалар,шимпанзе.
Хайуанаттар бағында 36 маймыл болады. Оның 6-ауы-шимпанзе, ал қалғандары-мартышкалар. Хайуанаттар бағында неше 
мартышка бар?
Шешуі:36-6=30(мартышка)    Жауабы:Хайуанаттар бағында 30 мартышка бар.
7-есепті шығар.Кері есеп шығар және оны шығар.
а)Бірінші арықтың ұзындығы 60 м, ал екіншісі одан 9 м ұзын. Екінші арықтың ұзындығы  қанша?
Шешуі: 60м+9м=69м
 (арық)           Жауабы:Екінші арықтың ұзындығы  69м.
Кері есеп
33

Шешуі:69м-9м=60м (арық)           Жауабы:Бірінші арықтың ұзындығы 60 м
Үйге,күнделіктерін ашып жазып алады.
7-есепті  ә) бөлігін шығар, кері есеп құрастыр
ІV.Сабақты қорыту.
Практикалық жұмыс
Оқушылар  алдарындағы ши мен ермексаздан тік,сүйір, доғал бұрыштардың моделін жасайды.Дәлелдейді.
               Тест
1.   Бұрыш дегеніміз- бір нүктеден шығатын екі 
     а) түзу б) сәуле в)кесінді 
2. Бұрыштың элементтері: 
а) 1 төбесі 1 қабырға б) 2 төбесі, 2 қабырға в) 1 төбесі 2 қабырғасы1бұрышы 
3. Бұрыштың өлшем бірлігі: 
а) грамм б) градус в) метр 
4. Бұрышты өлшейтін құрал: 
а) трансформатор б)транссибир в)транспортир 
5. Бұрыштардың түрлерін ата:
а)тік,сүйір,доғал   б)  үшбұрыш,шаршы,шеңбер    в)нүкте,сәуле,кесінді
V.Бағалау.              Үйге: 7-есепті  ә) бөлігін шығар,кері есеп құрастыр 69-бет.
*****
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14  мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі Нышанбаева  Эльмира  Пернехановна
Пәні: Дүниетану    Күні : 14.10.2016ж
I. Сабақ тақырыбы :  Судың қасиеті.
II. Сабақ мақсаты 
а) Білім беру : Оқушыларға су тіршіліктің көзі екенін түсіндіру . Әр түрлі  тәжірбиелер  жасау нәтижесінде судың басты 
қасиеттерімен  тасныстыру. 
ә)Дамытушылық: Оқушылардың су туралы білімдерін кеңейту. Ойын , тілін , байқағыштығын , білімқұмарлығын дамыту. 
б )Тәрбиелік мәні: Суды ластамауға , қорғауға , таза ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
в)Саб.қолд.әдіс тәсілдері : Түсіндіру , сұрақ – жауап , көрнекілік , тәжірбие 
г) Пән аралық байланыс : қазақ тілі, математика
III. Көрнекті құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер , сызбалар, ыдыс, су, сүт , қасық,үлестірмелі қағаз.
IV.Сабақтың барысы 
а) Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару 
Психологиялық   дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Биікке қанат қағамыз.
Болашаққа талпынып,
Оттай лаулап жанамыз.
-Иә, балалар, сендер еліміздің болашағысыңдар! Болашақ
ұрпақ білімді болу керек. Олай болса, білімімізді
көрсетейік .
ә) Үй тапсырмасын тексеру 
-Қазір бізде  қандай сабақ? – дүниетану
-Ал, дүниетану пәнінен қандай тапсырма берілді?       
(Су. Судың  күйі.)
-Қане  алған білімізді ортаға салайық
1. Су. Судың күйі кім  айтады?
2. Жер бетіндегі судың маңызы.
3. Су неше күйде кездеседі? .
4. Жер бетіедегі су қандай күйде кездеседі? .
5. Судың үш күйін тәжірибе арқылы көрсету. .
б) Үй тапсырмасын қорытындылау  
-Карточкамен жұмыс
1.Адамның тіршілігі үшін не қажет?
2.Адамда жанды табиғаттың бір бөлігі екенін дәлелде?
3. Адамның жануарлардан айырмасы неде?
4.Қараңғыда жұмыс жасай аласың ба?
5.Көкжиек  дегеніміз не?
6.Көкжиек сызығы дегеніміз не?
7.Көкжиектің негізгі төрт тұсы мен аралық тұстарын ата.
8.Құбыланама дегеніміз не?
9.Сурет дегеніміз не?
10.Сұлба дегеніміз не?
11.Ауа деген не?
12.Жел дегеніміз не?
34

13. Ауаның қасиеттерін ата.
14.От ауада жақсы жанады дейді . Тәжірибе
жасап көрсет.
15. Ауа сығылады және серпіледі дәлелде.
-Сергіту сәті
Жел тұрды.
Найзағай ойнады.
Жауын жауды.
Жауын жай жауды.
Жауын қатты жауды.
Жауын басылды.
Күн ашылды.
в) Жаңа сабақты түсіндіру : 
Тәжірибе жасап ,судың қасиеттерін анықтау.
Тәжірбиелер қорытындысы
Судың нақты пішіні болмайды. Су түссіз. Су мөлдір. Суда дәм болмайды
Су иіссіз  Су ағады  Су да еритін зат, ерімейтін зат  Су сұйық  Су жұғады  Су жабысқақ
г) Жаңа сабақты бекіту
♦ Жүк артқан екі түйе жолға шықты. Біреуіне тұз, екіншісіне мақта артылған болатын. Алдарында өзен ағып жатты. 
Түйелердің біреуі өзеннен әрең шықты. Ол қай түйе? Неліктен олай ойлайсың?
Сергіту сәті
Сөздер айтылады.Оқушылар дұрыс-бұрыс екенін қимылмен көрсетеді.
Су туралы ассоциация
● Су – сұйық зат.
● Аспаннан жауын түрінде түседі.
● Күн суытқан кезде су қатты күйге айналады.
● Су буға айналады, ұшып кетеді
● Бу - мөлдір,түссіз газ.
V . Жаңа сабақты қорытындылау :
-- Топтық жұмыс
Сәйкестендіру тесті   Дұрыс пікірді бағыттауыш сызықпен қосу
Табиғатқа қатысты ырымдар 
Найзағай ойнап, жауын жауғаннан кейін жаңбыр суына жалаң аяқ жүрсе адам ауырмайды немесе бұрынғы ауруынан 
айығады   
Өреден жас құрт алып жесе – жаңбыр жауады 
Сулы жер - нулы жер   Су – тазалық пен денсаулықтың көзі 
 Су аққан жерінен бір ағар   Сұмырай келсе су құрыр 
Су туралы статискаға сүйенсек жер бетінің 71 пайызы су алып жатса ,29 пайызы ғана құлық екен 
Жүректен жүрекке
Аспанымыз ашық болсын 
Түніміз тыныш болсын 
Ауамыз таза болсын 
Суымыз мөлдір болсын 
Аман сау болайық .
VI. Бағалау 
VII  Үйге: Судың қасиеті .  Судың қасиетін  өзің жазып кел.
* * * * * * *
Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14 мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі  Туршабаева   Нават  Моминовна
Сабақ  № 42  Күні :  17.11.2015ж
Сабақтың  тақырыбы:  Тұрлаусыз  мүшелер
Сабақтың мақсаты:  а) білімділік:  Тұрлаусыз мүшелермен таныстыру, тұрлаусыз мүшелерге  сұрақ  қоя білу, оладың 
сөйлем ішіндегі байланысын  анықтай алуға   үйрету. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін  пысықтау.
ә) дамытушылық:  Балалардың ойлау, сөйлеу, сауатты жазу қабілеттері мен тіл  байлықтарын дамыту.
б) тәрбиелігі:    Әдептілікке, ұқыптылыққа, адалдыққа, адамгершілікке және  ана   тілін құрметтеп  дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  «Ойтүрткі»,  «Ой қозғау»,  «Пирамидалық оқиға» стартегиялары, СТО
Сабақтың көрнекілігі:   суреттер, сызба, карточкалар,интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық: 
          Алақанмен  айналаға
          Шуақ нұрын шашайық.
          Сәттілік тілеп күлімдеп
          Біз сабақты бастайық.
35

 Ребусты шеш                          1-слайд
 
      
               Т    Д
ІІ Үй тапсырмасын сұрау,тексеру   2-слайд  3- жаттығу
Сұрақтарға жауап жаз. Жауабыңдағы бастауыш пен баяндауыштың астын 
сыз. 
ІІІ  Үй тапсырмасын бекіту :  СТО     3-слайд
“Ойтүрткі”   ұяшық таңдау
                                             Сұрақтар: 1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2.  Бастауыш дегеніміз не?
3.  Баяндауыш дегеніміз не?
4. Қай кезде бастауыштан кейін сызықша қойылады?
5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
       Сергіту    сәті   Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
                                 Оңға, солға бұрылып,
                                 Егеменді ел көрдік.
ІҮ    Жаңа  сабақ    4-слайд
“Қызығушылықты ояту”    Суретпен жұмыс СТО
1 сөз
2 сөзден тұратын сөйлем
3 сөзден тұратын сөйлем
4 сөзден тұратын сөйлем 
5 сөзден тұратын сөйлем
o
Күз                                   Баспалдақ  әдісі
o
Күз түсті.
o
Күз ерте түсті.
o
Күз биыл ерте түсті.
o
Күз жылдағыдан биыл ерте  түсті.
Осы сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты ататып, тұрлаулы мүшелер екенін еске түсірту. Қалған сөйлем мүшелерінің
тұрлаусыз мүше екенін түсіндіру.
        
6-слайд
  Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тұрлаулы мүшелердің маңына топтанып, соларды не бірін-бірі айқындау, толықтыру 
үшін қолданылатын мүшелер. Оны тұрлаусыз мүшелер дейміз. Тұрлаусыз мүшелер – толықтауыш, анықтауыш, 
пысықтауыш.
Оқулықтағы ережемен таныстыру.              7-слайд
“Миға шабуыл”   
    “Сөйлем құра” ойыны      8-слайд                               (тұр-)
барды
кітапханаға
Ақмарал
кеше 
Ребусты шеш:                    9-слайд
36

   ,
(-лау-)
Ребусты шеш
(-сыз)     
, , ,
11 -слайд
Жасырынған суретті тап 
12-слайд
(мү-)
  
      
Несіпбек Айтұлы - 
1950 
жылы
 
22 
қыркүйекте
 Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты 
Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта 
мектепті бұрынғы 
Семей облысы
, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Қазір «Алтын тамыр» журналының 
бас редакторы.
               Ү  Қорытынды:    16-слайд
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық?     Ребустардың шешімдері арқылы табылған 
сөйлемді оқыту 
 І   қатарға      Тапсырма:
Сөйлемдерді аяқта. Тұрлаусыз мүшелердің астын сыз.
      Балалар    ........   кірді.     Жандос   серуенге    .......   . 
ІІ   қатарға      Тапсырма: 
   Сұрақтар бойынша сөйлемдер құрастырып жаз.
           1)   Кім?   не істейді?              2)  Кім?   қайда?   не істейді? 
ІІІ   қатарға   Тапсырма :    Пирамидалық оқиға.  Әр баспалдақтан түскен сайын  бір тұрлаусыз мүшеден қосып жаз. 
баспалдақ әдісі
ҮІ  Бағалау:  қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлері       19-слайд
Үйге тапсырма: 81-бет    5-жаттығу
*****
37

Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Кентау  қаласы
Әл-Фараби атындағы  №14 мектеп-гимназиясы
бастауыш  сынып  мұғалімі Асылбекова Дидар Қасымбекқызы
Ықпалдастырылған сыныпқа арналған сабақ жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру»
Сабақтың мақсаты:  Өрнектерді мәндері бойынша салыстыруға қабілеттерін қалыптасуын түсіндіру.Қосу,азайту 
компоненттерін  олардың мәнін табуды пысықтау.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға теңдік, теңсіздіктер туралы түсінік бере отырып, есеп шығару дағдысын жетілдіру, талдау,
өзіндік іс әрекетін білік дағдыларын арттыру, түсініп оқып орындауын дамыту.
Түзетушілік: Математикалық тілде сөйлеуін, қатесіз оқып,есте сақтауын қызықтыра отырып түзету.
Мақсатқа жетуге ұмтылдыру өздігінен жұмыс істеуге, жылдамдыққа, ынталарын арттырып, шеберлікке, белсенділікке 
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,карточка,қима қағазы,кесте,смайлик.
Нәтижесі: Оқушылар есепті өз деңгейінде шығарып біледі.
Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң достарым.
Қайырлы күн болсын!
Дүйсенбілік сәті
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.
ІІІ Үй жұмысын пысықтау.Ауызша
Санда неше ондық неше бірлік бар?Дәптерден оқыту.
34     52        76       93
Жарайсыңдар!  Дәптерлерін жинау.
Балалар біздің бастауыш сыныптар арасында он күндік апталық басталып жатыр.Оның тақырыбын сендермен бірге айтайық
«Тәуелсіз елімнің ерлік жолы,Олжа емес салбырап түскен көктен»
-Тақырып не туралы?
-Тәуелсіздік туралы
-Биыл тәуелсіздікке неше жыл?
-Тәуелсіздікке 25 жыл
-Тәуелсіздікке байланысты Сагым мен Диастың тақпақтарын тыңдайық.
Өте жақсы.Енді әдеттегінше жаңа сабаққа көшейік.
ІV Жаңа сабақ
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Санды өрнектерді салыстыру».
Ал, балалар, көңіл - күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз ше?
Балалар біз бірінші сыныптан бастап осы сабаққа дейін екі санды, өрнек пен санды салыстырып үйрендік.Қане қосу,азайту 
компоненттерін еске түсірейік.
V. Оқулықпенжұмыс. Карточкамен жұмыс.
1-тапсырма (Ауызшаорындалады). Оқушылар берілген қосу және азайту амалдарының компоненттерін атап, мәнін табу.
2 -Салыстыру.   1-2- бағанды ауызша орындау. Оқушылартақтада 3-бағанды орындау. 
36*63         74*56                              14*10+6
15*51         100*99                           27*20+8
VІ Жаңа сабақты түсіндіру.
3-Өрнек.  Ережені айта отырып түсіндіру. 
Өрнектерді салыстыру үшін,олардың мәнін есептеп, шыққан санды салыстыру керек.
(35 - 5)+6*42 – 258 - 8*5+(56 - 6)
VІІ. Топтық жұмыс.
1 - топ.2 - топ.
30+5*30+7                          15 - 6*10+1
38 - 8*39 – 9                       18 - 8*18 - 9
VІІІ. Сергіту сәті 
Мынау -менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды 
Бәрін осы басқарған
Мынау-оң қолым,
Мынау-сол қолым .
Барлық істі атқарған.
ІХ. Кестемен жұмыс. Эстафеталық жарыс.«Қай топ жылдам?»
Кестені пайдалана отырып, өрнек құрастырып, мәнін тап.
+
30
40
80
90
4
38

Х. Сурет бойынша теңсіздіктер құрастыру.
а)
        
ә)Теңдік пен теңсіздікке сәйкес болатындай суреттерді толықтыр және тиісті санды қой.
ХІ. Сабақты   қорыту.
Балалар, бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
Бұл сабақтың тақырыбы қалай аталып еді?
Өрнектерді салыстыру үшін олардың мәнін есептеп шыққан санды не істейміз?
ХІ. Үйге тапсырма, бағалау.
63-бет 6-салыстыру.
Осымен сабақ аяқталды, сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін көп рахмет. Сауболыңыздар! (музыка ойналады).
*****
Оңтүстік Қазақстан Облысы, Кентау қаласы .
Әл-Фараби атындағы № 14 мектеп –гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі  Бейбутова Гульнур Амиралиевна
1 сынып
Дүниетану пәні.
Күні:1  .11.2016ж
Сынып: 1 «А»
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
 Менің отбасым.
Осы сабақта қол жеткізілетін 
оқу мақсаттары (оқу 
бағдарламасына сілтеме)
Барлық оқушылар:«Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін 
қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре»,
«отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;Оқушылардың басым 
бөлігі .дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.Кейбір 
оқушылар.Алған білімді тәжірибеде қолданады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет