Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

                                         СӨЗТУЫМ «Абай»
7
8
1
3
4
5
6
2
Сергіту сәті.( Желсіз түнде жарық ай әнін айтады)
4-тапсырма.5 жолдық өлеең.
1.Зат есім.  2.Сын есім. 3.Етістік. 4.Синоним. 5.Сөйлем.
5-тапсырма. Асыл сөздің жалғасын тап.
1.
Жұмысы жоқтық, Тамағы тоқтық    ............................( Аздырар адам баласын)
2.
Досы  жоқпен сырлас,   ..............................(Досы көппен сыйлас)
3.Ақылмен ойлап білген сөз, Бойыңа жұқпай сырғанар.  
Ынталы жүрек деген сөз,  .........................................( Бір  тамырды қуалар)
4.Үш нәрсе адамның қасиеті, ...........................................( Ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек)
5.Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп ...........................( Екі жаққа үңілдім)
ІІІ.Бекіту. Топ басшылар жекпе-жегі.
1.
Абайдың талантты скрипкашысы кім?( Мұқа)
2.
“Ей,   сорлы   заманменен   аяған   қай   қастығың   қалды.   Мен   ішпеген   у   барма?   “-деген   тарихи   сөзі   қай   оқиғаға
құрылған?( Мағауияның өліміне байланысты)
3.
Абай баласы Әбдірахман қайтыс болған жыл.( 1895ж)
4.
 Абайдың атақты әншісі кім?( Әлмағанбет)
5.
Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы кіммің атынан шықты?(Көкбай)
6.
“Абай жолы” эпопиясындағы өзекті мәселе не?( Жер дауы,жесір дауы,барымта,түрлі қақтығыс)
IV.Қорытынды.”Тапқырлар”   мен   “Біргірлер”   топтарының   ұпайларын   есептеп   қорытынды   шығару.Жеңіске   жеткен”
Тапқырлар” тобын марапаттау.
V.Бағалау.
*****
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
 Жунербаева Венера Женисбековна
I The theme: Schools in our country. Unit III. Step 4.
II. The aims:  1.Educating: to give some information about schools in our country, learn the new information about the education, to 
enrich students’ knowledge about school; 
2.Developing: to develop the students reading ,speaking, thinking skills. To develop pupils abilities in reading for understanding; 
3.Bringing up: to enlarge pupils interest in learning foreign languages. 
III. Type of the lesson: introduction of new material.
IV. Method of teaching: Individual work, listening, work with the text, question-answers.
V. Visual aids: books ,different cards, slides.
The procedure of the lesson:
1.Org .moment
Speaking on duty, date.
2.Warm up.
 We go to school because……….
Knowledge is power.
A little knowledge is dangerous.
Learning is a great treasure that will follow its owner everywhere (Chinese proverb) 
107

3. Phonetic drill.  Infant  junior  private uniform
4.Check up your homework.   Exercise: 4, reading the text.
5.New lesson.  Today we`ll speak about Schools in our country. Now, let`s talk about your school and answer the questions.
1.Is your school large or small? Where is your school located?
2.Is there sports ground  near your school?
3. How many floors has your school get?
4.Are there class-room on the ground floor?
5.Where are these class-rooms located?
6.Is there a clock-room on the ground floor?
7.Your school has a library, Hasn’t it?
8.Why do you go to the library?
9.What will you see if you look around the library hall?
10.Why do the pupils like to to go to the gymnasium?
11.Where are the class-room for secondary forms located?
12.Has your school got computer rooms?
13.Which floor is your class-room located on?
14.Why do you learn English?
15.What do you do during your English classes?  
6. Now let`s do ex.2
a) Complete the sentences.
1. Our school is _________far from the centre of the town.
2. If you come to our school you will see  a _________school yard around it and a sports _______behind it.
3. Our school has got three ___________ 
4. The primary classes are located _____________
5. Our home __________in Math and English  were very difficult .
6. If you look around the library hall you will see many__________ of _________writers and actors.
7. The pupils like to go ___________ because they like sports games.
8. The class room for ___________ forms and __________ rooms for all pupils are located on __________and ____________floors.
9. English is the most ____________in the world.  
b) Say in English.
1. Егер сіз біздің мектепке келетін болсаңыз, онда кең мектеп ауласын және спорт алаңын көресіз.
2. Бастауыш мектебі бірінші қабатта.
3. Қазақ тілі, ағылшын тілі және орыс тілі кабинеттері екінші және үшінші қабаттарда орналасқан.
4. Ағылшын тілі- әлемде кең таралған тілдердің бірі.
d) Lets learn new words.
Junior -бастауыш  infant – нәресте, сәби  private – жеке  uniform- форма
attend – назар аудару, қамын жеу, қамқор болу  strange- бөтен, таныс емес, біртүрлі
science – ғылым  modern school –осы заманғы, қазіргі мектеп
grammar school – гимназия  сomprehensive- жан- жақты; кең ауқымды
core- ортасы blazer- ашық түсті спорт күртешесі
e) Write a letter about your school to your pen-friend abroad. The size of the letter should be not less 10 sentences.
f) Retell your letter to the class.
 6. Conclusion. 
What kind of school is it?
·Pupils must take a selection tests. (grammar school) 
·Children read, write, do sums, play games. They spend a lot of time outdoors. (Primary school) 
·The parents pay much money for education of their children. (Private school) 
·Boys and girls are interested in working with their hands. They learn some trade at these schools. They don’t learn foreign 
languages. (Modern school) 
·These schools are for all boys and girls. They don’t have selection tests. (Comprehensive school) 
 Home task: ex.10 p. 76
*****
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі  
Абишева Клара Айткалиевна
Сабақтың тақырыбы:  Отаным менің ,байтақ өлкем
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Отан туралы ұғымдарын,Отанға деген ыстық  сезімін танытып,туған жердің әркімге
ыстықты,жақсылығы   жайлы   жан-жақты   түсінік   беру;   Отан   ұғымына   нені   жатқызатынын,бәрінен   биік   қоятынын,ой-
өрістерін кеңейтіп,танымдық қабілеттерін дамыту;  Өз Отанын,туған жерін,елін сүюге тәрбиелеу;
Көрнекілігі:Отан туралы суреттер,мақал-мәтелдер,буклет,Қазақстан картасы.
Сабақтың түрі:  аралас    Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,әдебиеттік оқу ,бейнелеу өнері.
Әдісі:  түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу
Сабақтың барысы
I  Бағдарлау-мотивациялық кезең
1.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі(оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру)
2.Психологиялық дайындық -Әрбір адам? (туысым, досым, жұрағатым)
-Әрбір сабақ?(үйрену,ұғу,ұлағат)
108

-Әрбір ісің?(тірлік,тірек,адамдық)
-Әрбір сөзің?(шындық,бірлік,адалдық)
3.Оқушылардың қызығушылығын арттыру
о
р
м
а
н
о
т
а
ғ
а
с
х
а
л
ы
қ
ә
н
ұ
р
а
н
-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын білу үшін біз мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?
.Отбасындағы әке атауы.
. «Ел» сөзін басқаша қалай атауға болады?
.Мемлекеттік рәміздердің бірі
-Төркөздегі сөзді дауыстап оқы. «Отан» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?
-Олай болса үй тапсырмасын тексерейік.
4.Үй тапсырмасын тексеру
- «Конституция»сөзі нені білдіреді?
-Біздің еліміздің төл мерекелерін ата.
-Біздің елімізде қандай құжатта адамдар құқығы туралы айтылған?
-Еліміздің нағыз азаматы болу үшін әрбір оқушы не істеу керек?
II Операциялық-орындаушылық кезең
5.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
-Бүгін біз сабақта өзіміздің Отанымыз туралы  әңгімелеп,көптеген тапсырмалар орындаймыз.
6.Тапсырмалар орындау
а)Менің ...- Қазақстан.
-Көп нүктенің орнына қандай сөз жазуға болады?(Оқушылар дәптерлеріне жазады)
ә)Кестені толтыр:
Менің Отаным(теңеу)
өйткені
6.Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мәнерлеп оқып,сұрақтарға жауап беру,мазмұнын түсіндіру.
- «Жібек жолы»дегеніміз не және оны неге «Жібек жолы»деп атайды?
-Мәтінде қандай таулар туралы айтылған?Қазақстанның географиялық картасынан көрсет.
-Мәтінде Қазақстанның  табиғаты жөнінде не айтылған?
-Дүйсенбек поездбен қайда бармақ болды?
-Мәтінде жалқы есімдерді тап,әрқайсысына тоқталып талда.
-Мәтінді рольге бөліп оқимыз.
7.Оқушыларды 3 топқа бөлу(геометриялық фигуралар арқылы)
1- топ.Қазақстанды неліктен «Отан», «Отан-Ана» деп айтамыз(шағын шығарма)
2-топ.Мына сөздерді оқып,мағынасын салыстыр:
-Отан,Отан-Ана,туған ел,туған жер,атамекен.(тағы толықтыр)
3-топ.Отан туралы мақал-мәтелдерді жаз.
8.Топпен жұмыс
1-топ.Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
2-топ.Қазақстан картасы бойынша көлді,теңізді көрсету.
3-топ.Өлең туралы өлеңдерді жатқа айту.
9.Түсінгендерін тексеру. Ой толғау.
-Отан дегеніміз не?   ←  Отан  →
-Отан,туған жер,атамекен сөздерін қалай түсінесің?
-Мәтіннен байлығы мен табиғаттың сұлулығы туралы айтылған үзіңдіні тауып оқы.
-Қазақстан рәміздеріне нелер жатады.Авторларын айт.
-Табиғат жайлы тағы не айта аласы?
III Рефлексиялық-бағалау кезең
10.Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не туралы айттық?Сабақта не білдік?
11. Ән «Атамекен»(хор)
12.Оқушылардың білімдерін бағалау.
13.Үйге тапсырма:156-159 беттерін оқу.Отан туралы сурет салу.Суреттеріңді қорғауға дайындалыңыздар.
109

 Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі  
Жумагамбетова Айнур Тныштыкбаевна
Тақырыбы: Ұзындық
Сабақтың тақырыбы:Ұзындық өлшем бірліктері
Сабақтың мақсаты: Ұзындық және оның өлшем бірліктері туралы қайталау.Өзіндік жұмыстар арқылы тақрыпты әрі қарай
меңгеруіне,жаттығу жұмыстарын орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана ауына жағдай туғызу;
  Өз   бетінше   дербес   жеке   жұмыс   жасауға,жауапкершілікті   сезіне   білуге,нәтижеге   жетуге  ұмтылу  үшін  білім   бәсекесіне
түсуіне  ,өзінші шығармашылық  іздемпаздыққа,ерінбей еңбек етуге  және алған білімдерін өмірде қолдануға  бағытталған
тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу;
  Әрбір оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке
құзырлығын дамыту;
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың мазмұны: I-IIIкезеңдік тапсырмалар.
Әдіс-тәсілі:I кезеңде-сұрақ-жауап;
                   II кезеңде  –оқулықпен өз бетімен іздену әдісі,практикада бекіту әдісі;
                    III кезеңде-үш деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен біртіндеп орындату арқылы бағалау әдістері;   
Формасы: I кезеңде-фронтальды,жеке
                   II кезеңде-топтық,фронтальды
                   II кезеңде-жеке
Көрнекіліктер:оқушылардың жұмыс дәптерлері және журналдары(бағалау парақтары),қим қағаздар,сигналды карточкілер,
«ашық журнал»т.б.
Сабақтың барысы:
Алғашқы ұйымдастыру бөлімі(оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру)
Психологиялық дайындық:
Мақсатымыз білім алу,
 Міндетіміз еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
 Беске қолды жеткізу.
         (I кезеңде-үй тапсырмасы тексеріледі және ауызша  орындауға  арналған тапсырмалар орындалады.IIкезеңде - жаңа
сабақты өз бетімен меңгеру тапсырмалары орындалады.IIIкезеңде –дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің
тексеруінен кейін «ашық журналға»белгілетіп отыру,оқушылардың жиған ұпайларын қорыту)
-Бүгінгі біздің сабағымыз үш кезеңнен тұрады.(I кезең,II кезең,III кезең)Әр кезеңнің өзінің бөлімдері болады:
     Сабағымыздың ерекшелігі-сендердің білімдеріңіз тек IIIкезеңде бағаланады.Оған дейінгі кезеңдер жаңа тақырыпты өз
бетінше   меңгеруге   арналады,нәтижесі   бағаланбайды.IIIкезеңде   деңгейлік   тапсырмалар   болады.IIIкезеңнің   1-деңгейін
орындаған оқушы «5»балл жинайды,журналға түсетін баға «3»,егер келесі деңгейлерді орындай алмаса.1 және2 –деңгейді
толық  орындаған оқушы  «5+4=9»балл  жинайды,бағасы «4»,3-дейгей үшін тағы 3 балл қосылады.Сонда,тек III  кезеңнің
барлық үш деңгейлік тапсырмасын түгел орындаған оқушы ғана 12 балл жинап «5» деген баға алады.
I кезең
(Үй жұмысы тексеріледі және өткен тақырыптарға байланысты ауызша есептеуға арналған тапсырмалар)
бөлімдер
оқушыларға берілетін тапсырмалар
Теориясы
 «Білу»(қандай?
қай?неше?Нешінші?
1.Қандай компонент белгісіз?
( +2 )-12      81:+47      56-(+5)     85+(-4)   23*(+6)
 2.Мына теңдеулердің неше сұрағы бар?
х*12=35     45:х=15    (12+х)*2=100
3.Мәнін тап:
45*2      72:9    140:20    50*2    50:50+12     4000+320   88*2   45*2+10
8026-100     7450-2000+50  
4.  2дм=см        5дм+20см=мм     -5м=10см    45км:=5000м
II  кезең    (Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары)
бөлімдер
оқушыға берілетін тапсырмалар
Теориясы
 «Білу»(Не істеу керек?
Оқулықпен жұмыс.№1(ә),30 -бет
1.Өсу ретімен орналастыр:
3дм 7см,7м 4см,5дм 3см,2см3мм,7041 мм,7041м,2км100м
Теориясы
«Түсіну»(Неге?)
1.Оқулықпен жұмыс№2,30-бет(Бірінші бағанды 1- қатар,екінші бағанды 2-қатар 
орындайды
2.Оқулықпен жұмыс№7,31-бет(Бірінші бағанды 1-қатар,екінші бағанды 2-қатар орындайды
III кезең  (Дейгейлік  тапсырмаларды орындап,балл жинау)
бөлімдер
оқушыға берілетін тапсырмалар
110

Теориясы «Білу»(Не істеу керек?
1-деңгей
1.Көрсетілген өлшемдері бойынша тік төртбұрыштардың 
периметрлерін,аудандарын тап:
Ұзындығы
7 м
15см
Ені
5 м
? см
Периметрі
? м
46 см
Ауданы
? м
2
? см
2
Теориясы 
«Жинақтау»(Қалай?)
2-деңгей
1.Есептің жауабын тап:
    Бір   кесіндінің   ұзындығы   бірнеше   дм,ал   екінші   кесіндінің   ұзындығы     10
дм.Біріншісіне   2   дм   кесінді   жалғаса,ал   екіншісінен   3   дм   кесінді   қиып
алса,олардың ұзындығы бірдей болады.Бірінші кесіндінің ұзындығын тап.
Теориясы «Түсіну»(Неге?)
2.  Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
     98000 мм=см       216240 дм=м        142142 мм=дм см мм
Теориясы «Жинақтау»
3-деңгей
1.
Амалды орында:  7 км 314 м * 7
Теориясы «Түсіну»(Неге?Қалай?)
1. Үшбұрыштың бір қабырғасы 2 см 4 мм, ал екінші қабырғасы одан 1 см 3мм 
ұзын,ал периметрі 10 см 7мм-ге тең.Оның үшінші қабырғасының ұзындығын тап.
Практикасы: «Баға беру»(Сен қалай 
ойлайсың?)
3.а ) қалалардың арақашығын қай ұзындық өлшем бірлімен өлшейміз
   дәптердің енін    кластың ұзындығын
         үй мен мектептің арақашықтығын
 ә)Күнделікті өмірде ұзндық және оның өлшем бірліктерін сен жиі қолданасың 
ба?Олар бізге қажет пе?
  б) Сынып бөлмесінің көлемін өлшеу үшін мына өлшем бірліктерінің қайсысы
тиімді болып табылады:  дм
2,  
м
2
 ,  см
2
  ,мм
2
Қорытынды:-Қандай   тапсырмалар   орындадық?   «Ашық   журналды   »толтыру.Жинаған   ұпайлар   бойынша   оқушыларды
бағалау.Әр оқушы тақтаға шығып өздерінің алған бағаларын геометриялық фигуралар  арқылы көрсетеді.
Үй тапсырмасы: 31 бет,№ 6, 8
өлшем бірліктері
оқуш.аты-жөні
1-деңгей
«5»ұпай
2-деңгей
«4»ұпай
3-деңгей
«3» балл
класта 
жинаған 
ұпайлары
баға
1-деңгейін  дұрыс орындаған оқушы-5 ұпай ,баға «3».
1 және 2-деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыға 4 ұпай қосылады,5+4=9,бағасы «4».
3-деңгейдегі тапсырманы толық және дұрыс орындаған оқушыға тағы 3 ұпай қосылады,яғни12ұпай,бағасы  «5».
*****
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі   
Байтұрсынова Гулжанат Айбатқызы
Әдебиеттік оқу
Мұғалім
Сынып:
Күні:
Сабақтың атауы
Астанаға ақ бата  Дихан Әбілов
Сілтеме
Әдебиет  оқулығы,
Сабақтың жабдығы
Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ,постер қорғау
Жалпы мақсаттар
Халқымыздың асыл сөзі – бата туралы білетіндерін дамыту. Бата сөздерінің 
мағынасын,идеясын ашуға мүмкіндік жасау.
Бата сөздерді жинақтауға,асыл сөздерді түсінуге,мәнерлі айтуға жаттығу.Бата сөз-ата-баба 
сөзі мирас,мұра болып,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатынына сенімдерін арттыру.Бата 
арқылы жақсы сөз,тілек айтуға үйрету. Қазақстан Республикасын сүюге, Отанының патриоты 
бола білуге тәрбиелеу.
Топта өзара сыйластық қарым-қатынас орната отырып,ұжым болып бірлесіп өмір сүрудің 
маңызын ұғынады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін түсінеді.
Оқыту  нәтижесі
Қолданылатын әдіс-
тәсілдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,сын тұрғысынан ойлау
Ресурстар
Түсті қағаздар , маркерлер, стикерлер,қосымша дерек көздері,А-3,аудио жазба, суреттер
Топқа бөлу
Жеті байлық,Жеті ата,Бата,Астана
Психологиялық 
дайындық
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Әдебиет – сөз өнері,
Сай келейік талапқа
Оқушылар жақсы тілектер айтады
111

Бар ма үйден дайындық,
Тапсырамыз дұрыс па?
Оқымасақ, уайым қып,
Тығылмайық қуысқа.
Ойымызды айтайық
Білімімізді байқайық.
Үй тапсырмасын 
сұрау
«Рас па?» стратегиясы бойынша үй тапсырмасын пысықтау.
1.Бірінші байлық денсаулық рас па?
2.Ақша байлық рас па?
3.Бесінші байлық ақ жаулық рас па?
4.Жеті атаның бала екені рас па?
5.Екі саны киелі сан рас па?
6. «Жеті ата»Әсия Біржанқызының өлеңі екені рас па?
7.7 саны киелі сан екені рас па?
1
2
3
4
5
6
7
+
-
+
+
-
+
+
Қызығушылықты 
ояту
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Б
І 
Л 
І 
М 
А
Ш
У 
Т
А 
С
А 
С
Сөзжұмбақ 
Оқу ... бұлағы (білім)
Не дұшпан? ...... ашу
Алтын,күміс .... екен
Арпа,бидай ... екен.
Экранда екі үзінді жазулы тұр
1. ...Өмір берсең бақытты қып бер,
Дәулет берсең ,қайырлы қып бер,
Қыз берсең,қылықты қып бер.
Ат берсең ,жүрісті қып бер,
Бала берсең ,ырысты қып бер.
2. Екі досты айырған
Түбінде өзі оңбайды
Көреген болса балаңыз
Қиынды көзбен болжайды.
Өзіңнен туған ұл мен қыз
Сыйламаса –сол қайғы.
   -Қайсысы бата
   -Неліктен олай ойладың?
    -Бата деген не?
ДиханӘбілев 1907 жылы Павлодар облысыныңБаянауылауданындадүниегекелді. 
Жетіжылдықбастауышмектептібітірген. 1934 - 1937 жылдары Семей 
ауылшаруашылықтехникумын, Алматыдағыжурналистеринститутынбітірген.  Жаскезінен  әр 
нәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған .
Астанаға ақ бата
Таңғажайып дарқан да алып жеріміздің нақ ортасы –кіндігі сенсің, Астана!
Тәңірден тыныштық сұраған,өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы – түндігі сенсің, 
Астана!
Күйші домбырасының күмбірі, ақын жүрегінің сыңғыры да сенсің,Астана!
Тұтас еліңді қуантқан, алыстан мейман шұбатқан – тұсаукесер тойыңда айтылмас тілек болар 
ма, батагөй шалдың ниеті жүрекке барып қонар ма?
О,Астана –ақ қала,жаңа қала,жас қала!
Өріп шықсын өзіңнен бақыт,байлық,бастама!
Көрген өмір азабын алақандай қазағың еркіндесін,ел болсын,беттен қақпа,жасқама!
Еңсең өссін күн санап,елің өссін жыл санап. 
Шығармасын есіңді ,қайтармасын сесіңді Уақыт деген құмсағат.
Алла жар боп алдыңнан Аппақ күнің лауласын, дос-туысың көп болып,жақындассын 
жауласың!
О,Астана,айналдық! Біздің соққан жүрек –сен. Қадамыңа нұр жаусын ақ батадан ,тілектен! 
112

Әумин!
Мәтінмен жұмыс
-Ақынның қандай сезімдері байқалады?
- «жақындассын жауласың!» деген сөзді қалай түсінесің?
- Батаның қандай ерекшелігі,айырмашылығы бар?
Сергіту сәті
Музыка ырғағымен билеу
Қимылдар жасайды
Ой толғаныс
І топқа Астанаға бата –тілек жазу
ІІ топқа Астана туралы өлең құру
ІІІтопқа Астананың бір бейнесін салып түсіндіру.
IV топқа Бата сөзін топтастыру
Оқушылар постер қорғайды
Үй тапсырмасы
Үйге үлкен кісілерден білетін баталарын 
сұрап, жазып келу. «Бата сөзді» жаттау
Күнделіктеріне жазады
 Бағалау
Топ басшыларын тыңдау
Өз ойларын айтады
Кері байланыс
Стикерге өз ойларын жазады
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі   
Садиров Аян Сейлханович
Сабақтың тақырыбы: Футбол добын алып жүру тәсілдері
Сабақ мақсаты: Футбол ойынының техникасын жетілдіру және дамыту.
Біліктілік: Допты алып жүру тәсілдерін жетілдіру
Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру
Өтетін орны: Мектеп футбол алаңы.
Керекті құрал-жабдықтар: ысқырық, футбол доптары, уақыт өлшегіш (секундамер)
Сабақ
бөлімдері
Сабақ мазмұны
Жүктеме
мөлшері
Әдістемелік нұсқау
Кіріспе
бөлім
Сапқа тұрғызу;
 Кезекшінің рапортын қабылдау;
Сабақ тақырыбын хабарлау;
Саптық жаттығуларды орындау, оңға, солға бұрылу, кері 
айналу;
Бірқалыпты жүгіру;
Жүріс кезіндегі орындалатын жаттығулар;
Дем алу, дем шығару;
Жалпы дамыту жаттығулары;
2,5´
1,5´





Оқышулардың киіміне назар 
аудару;
Оқушылардың назарын 
мұғалім өзіне қарату;
Бірдей бұрылу, денені тік 
ұстау;
Саптан шықпай жүгіру;
Ара-қашықтықты сақтау;
Терең демалып, дем шығару;
Шеңберге тұрып орындау;
Негізгі 
бөлім
Допты қарсыластың қақпасына шапшаң жеткізу үшін оны 
тез жүгіре отырып алып баруға тура келеді. Бұл, әдетте, бір 
ойыншы допты өз командасының екінші бір ойыншысына 
теуіп беріп, солай бірден-бірге сырғыта беру арқылы 
орындалады. Допты алып жүру кезіндегі басты мақсат – оны
қарсыласына беріп қоймау. Ойыншы допты тура алып жүру 
кезінде аяқтың сырт жағымен, ал бұрылып немесе қарсылас 
ойыншыны алып өту кезінде аяқтың іш жағымен тебеді. 
Допты қарсыласына тартып алу үшін оның қыймыл-
16´
Допты алып жүру, бір-біріне 
ұзату және техникасының 
дұрыс орындалуын қадағалау
113

қозғалысын алдын-ала сезіп біліп, соған орай әдістер 
қолданылады. Мұнда негізіне допты қай бағытқа ұшатынын 
немесе ұшып келе жатқанын тез байқап, бірден шешім 
қабылдай білу керек. 
Допты ойынға қосу дегеніміз – алаң сызығының сыртына 
шығып кеткен допты өз ойыншыларына баратындай етіп 
қолмен алаңға лақтырып енгізу. Лақтырар кезінде ойыншы 
допты екі қолмен желке тұсында ұстап, сол шалқая беріп өз 
әріптестеріне сілтей лақтырады. Доп қолда тұрғанда аяқты 
жеоден көтеруге рұқсат етілмейді.
Оқушыларды екі топқа бөліп, футбол ойынын ойнату
10´
Ойын ережесінің сақталуын 
бақылау. Мұғалім өзі 
төрешілік етеді.
Қорытыны
ды бөлім
Жалпы сапқа тұрғызу;
Сабақты қорытындылау;
Оқушыларды бағалау;
Үйге тапсырма;




Оқушылардың жетістіктерін, 
кемшіліктерін ескере бағалау;
Ақтөбе қаласы   Сазды орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу  пәні мұғалімі  
Утегенова Жадыра Маратбаевна
Сабақтың тақырыбы: Графикалық натюрморт 
Сабақтың мақсаты: 
  а) білімділігі:  Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру. Графикалық натюрморттың композициясын 
құрастыру.Сурет салудың заңдылықтарын үйрету. 
  б) дамытушылығы: Оқушыларға натюрморттың заңын меңгерту, ойлау,     есте сақтау қабілетін және шеберліктерін 
дамыту;
  в) тәрбиелігі:     Көзбен елестетуге, ұқыптылыққа , әсемдікке тәрбиелеу. 
Сабақтың  типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Тізбектелген сабақ
Сабақтың әдісі:  Репродуктивті әдіс, түсіндіру,әңгімелесу,  затқа қарап сурет салу
Қажетті технологиялар: Компьютер, интербелсенді тақта.
Сабақтың көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары, презентация,   графикалық материалдар.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:  
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу. 
II.Өткен материалды қайталау:
Әңгімелесу: (әңгімелесу арқылы бүгінгі тақырыпты ашу )
-
Оқушылар қандай бейнелеу өнерінің түрлерін білесіңдер? 
-
Кескіндеме,графика,мүсін,қолөнер,сәулет өнері.
-
Жарайды,енді бейнелеу өнерінің жанрларын атайық.
-
Пейзаж,портрет,натюрморт.
-
Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?
      
       
-
1-суретте портрет жанры. 2-суретте пейзаж.3-суретте натюрморт.
(Оқушылар жанр түрлерін ажыратады)
−Натютморт дегенді қалай түсінеміз? (мұғалім натюрморт туралы сұрайды)
−Натюрморт дегеніміз – өлі табиғатты,қозғалмайтын денелерді бейнелетін бейнелеу өнерінің жанры.
-Өте дұрыс. 
  III.Жаңа материалды меңгерту: Оқушылар  біз бүгінгі сабақта «Графикалық натюрморт» тақырыбында 
жұмыстанамыз.
−Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Графика дегеніміз − тырнау, жазу, салу деген мағынаны береді. 19 ғ. дейін 
графика мен сурет түсініктері қатаң ажыратылып қаралды. Графика деп тек баспа техникасымен салынатындарды атаса, 
суретке — қолмен салынатын жұмыстарды: нобайды, нұсқа, т.б. жатқызады. 
Графика өнері 
Графика өнері каллиграфиямен, жазбамен тығыз байланысты деп табылады. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл 
атқарса, графикада сызықтар, штрихтар,ашық және қара дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады.Салынатын 
бейне қарындашпен, көмірмен, бормен, қаламұшпен
114

тікелей қағазға түсіріледі немесе арнайы өңделген тақталарға немесе  тасқа бедерленіп, содан  қағазға  басылады.Бейнелеу 
құралдарының  қарапайымдылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында,кітаптарды, әдеби шығармаларды 
безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура, шарж, жалпы нобай,композициялық эскиздер салу үшін, т.б. заттарды 
көркемдеуде кеңінен қолданылады. Қазақстандағы графикалық  суреттердің  ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне  Балқаш,
 Түркістан, Маңғыстау, т.б.  
жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары 
аралығында қалыптасты.     
      Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындыларымен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, 
А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.
−Графикамен натюрмортты бір − бірімен байланыстырып қарайтын болсақ, «Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, 
қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті» − болып табылады.
-Балалар, сендер барлықтарың бүгін график– суретшісіңдер. График – суретші болу үшін график қарындашымен натюрморт
салып үйренуіміз керек.
−Алдымыздағы бірнеше натюрморттарға қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша натюрморттардың 
бірін саламыз .
Сергіту сәті  Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында орындалады. Түстердің пайда болуына байланысты 
оқушылар көз және дене жаттығуларын орындайды. 
IV.Сарамандық жұмыс: 
• Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады. (затқа қарап сурет салу) Сурет салудың кезеңдері айтылады. 
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі. 
Қойылған заттарды салу  симметрия сызығын сызудан басталады. 
Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсас,сол геометриялық денелердің көмегімен  заттарды жұмыс 
дәптерге орналастырады. 
Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз. 
V. Бекіту Сөзжұмбақтың сұрақтары: 
1.  Адамның бет әлпетін бейнелейтін көркем шығарма.
2. Түстерді зерттейтін ғылым? 
3.  Бейнелеу өнерінің жанры? 
3. Күн сәулесіндегі барлық түстердің толқынды құралы? 
4. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? 
5. Мата бетіне сурет салу қалай аталады?  
6. Табиғатты бейнелейтін жанр. 
VI. Қорытындылау.
«Графикалық натюрморт - бір түсті бояу, қарындаш, тушь арқылы орындалған заттардың немесе бұйымдардың суреті»
VII .Үйге тапсырма:  Графикалық натюрмортты аяқтау.  «Графика өнері» тақырыбын оқып келу
Оқушыларды бағалау: 
*****
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің
мектеп алды даярлық тобының мұғалімі  
Қуанышали Құндыз Ерболқызы
ТАҚЫРЫБЫ: 
Бір шаңырақ 
астында. Ш дыбысы
Мектеп:
Күні:
Педагогтің аты-жөні:
Мектепалды 
сыныбы:
Қатысқандар саны:
Болмағандар:
Сабақтың оқытылу 
мақсаты
0.1.1.1. Сөзді дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке 
дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау. 
0.1.2.1. Сөз сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.
0.1.2.2. Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару.
0.1.3.1. Тыңдалған мәлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндау.
0.1.4.1. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу.
0.1.5.1. Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын 
(ым-ишара, қимыл), сөздерді (Кешіріңіз, Тыңдаңызшы! және т.б.) қолдану.
0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпартты табу (сурет арқылы).
0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.
0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп 
белгісі.
0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, 
әріп элементтерін жазу.   
0.3.3.2. Қарапайым жиектерді  штрихтап салу.
Күтілетін нәтиже
Барлық тәрбиеленушілер:
-
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.
-
Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке 
дауыстылар) ажыратады.
115

-
Ш дыбысы – дауыссыз дыбыс, ш дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
-
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ш дыбысының орнын ажыратады.
-
 Қарапайым жиектерді штрихтап салады
Көпшілік тәрбиеленушілер:
Тыңдалған/мәлімет хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.
-  Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан 
және жіңішке дауыстылар) ажыратып талдау жасай алады.
 - Ш дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ш дыбысының орнын ажыратады.
-  Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу 
барысында қолданады.
- Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, ш 
әріпінің элементтерін жазу..
Кейбір тәрбиеленушілер:
Суретті кітаптардан ақпаратты табады.
 - Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.
- Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.
Ш дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.
- Сөз/сөйлем сызбасын құрастырады.
- Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.
- Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап (Сәлеметсіз бе? Рақмет! Рұқсат па? және т.б.) 
сөздерін қолданады. Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады.
Тілдік мақсат
Тәрбиеленушілер:
Талқылау барысында Кім? Не? Қандай?Не істейді? Қайда? деген сұрақтары бар сөздерді 
пайдалана алады.
 Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.  
Көптілділік: шаңырақ – шанырак – shanyrak
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері. 
Тату-тәтті, үлгі, бірлік.
Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:
Бір шаңырақ астында дегенді қалай түсінесіңдер?
Шаңырақ дегеніміз не?
Диалог құруға арналған сұрақтар:
Суретте не бейнеленген?
Отбасында кімдер бар?
Сен оларды жақсы көресің бе?
Өткен сабақтардан 
алған білім
Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем құрастыр. Сөйлем неден тұрады. Заттардың атын ата. Сөздер 
неге бөлінеді. Сөздерді буынға бөл. Сіздер қай дыбыстан басталып тұр. Дыбыстар нешеге 
бөлінеді. Қандай? Жуан, жіңішке дауыстыларға мысал келтір. Өткен сабақта қандай дыбыспен
таныстық? Мысал келтіріп, оның сол сөздегі онын айт. 
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
I. Дұрыс әсерлі көңіл 
күй орнату
1-2 мин
II. Өмірлік 
тәжірибені 
маңыздандыру. 
Мақсатты болжам
3-5 мин.
Сабақта жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. 
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң» деп айтамыз, 
Бір болып кеште қайтамыз.
«Бір шанырақ астында» өлеңі бойынша оқиғаның не жайында болатыны туралы болжамдайды. 
Ойын: «Ынтымағы жарасқан отбасы». Сюжетті, рөлді ойын бараысында дауыс ырғағын сақтап,
вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (Сәлеметсіз бе? 
Рақмет! Рұқсат па?) қолдану.
Әр адамның өз отбасы болады. Отбасы бірнеше адамнан тұрады: ата, апа, әке, шеше, аға, іні, 
қарындас, әпке т.б. Олар кез-келген істі бірігіп атқарады. Бір-біріне көмектеседі. Отбасында 
біздер үлкендерді сыйлауға, кішілерге көмек көрсетуге, оларға қамқор болуға үйренеміз.
 (ПК) Сурет бойынша жұмыс.  1-тапсырма. Сурет қарап сөйлем құрастыру. Оқиғаны жүйелі 
баяндауға баулу. Сурет бойынша сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілеріне сәйкес 
құрастырған сөйлемдердің соңына нүкте, сұрақ, леп белгісін қояды.
(ПТ) Өлеңмен таныстыру. (2-тапсырма)
               Бір шаңырақ астында
               Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан, 
Бірлік асыл мұрамыз.
            Несіпбек Айтов
116

(ПТ) - Осы өлең туралы не айтар едіңдер?
-
 Бір шаңырақ астында дегенді қалай түсінесіңдер?
Қорытынды жасай келе отырып, тәрбиеленушілердің мынаны түсінуіне әкеледі.
(Ө) Шаңырақ, тату, үлкен, кіші, достық, ата-баба, асыл мұра сөздерінің мағынасына өз 
пікірін білдіреді. Шанырақ, отбасы туралы білетінін айтады.
III. Тақырып 
бойынша жұмыс
6 - 25 мин
 Әліппе-дәптермен жұмыс 
Жұмбақты шеш.
Шортанда бар,
Барыста жоқ.
Шолпанда бар,
Марста жоқ.
                (Ш дыбысы ауысша түсіндіріледі
Шортан, Шолпан сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
Дұрыс, Ш дыбысынан басталып тұр. 
Ш - дауыссыз дыбыс. Ш дыбысы тікелей тілдің қатысуымен жасалады, күш тілдің ұшына және
ортасына түседі. Тілдің ұшы тілге тіріліп, тілдің екі жағы таңдайға жуықтайды. Дауыссыз 
дыбыста дыбыс кедергіге ұшырап қысқы айтылады. Ш – Ш – Ш  Ол көк текшемен боялады. 
Тәрбиеленушілерге Ш дыбысының дауыссыз, дауыссыз дыбыс екендігін түсіндіру.  Ш 
дыбысына сөз ойлаңдар?     
       Бой сергіту сәті:
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін!
Сен білмесең егер де,
Былай ескек есейін.
                          (Қимылмен көрсетеді.)
Әліппе-дәптермен жұмыс
 4-тапсырма. Шаңырақ, қайшы, ағаш суреттері беріледі.
Осы суреттерден Ш дыбысының орнын тауып сай текшемен дояту керек. Осы сөздерді буынға 
бөліп, қатыстырып сөйлем құрастыру керек.
    5-тапсырма. Ребусты шеш.
    Шаңырақ, ыдыс, қар, аққу суреттері берілген.
    Ребустың шешуі: Шаңырақ. Шаңырақ сөзін буынға бөл.
    «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
     Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ заттардан бір-бірден беріп тұрады. 
Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп затқа ие болады. Кімнің заттарының саны артық болса, 
сол ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш,шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс
басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.
    Әліппе-дәптермен жұмыс.
-
Суретте не берілген? (Шие, шар) осы сөздерге дыбыстық талдау жаса. Суретті боя.
Әліппе-дәптердегі жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын 
сақтап, әріп элементтерін жазуға арналған тапсырманы орындату.
 Үзік сызықтарды қосу арқылы тәрбиеленушілердің қолдарын жазуға жаттықтыру.
IV. Сабақтың 
қорытындысы. 
Рефлексия
26-30 мин
Педагог қорытынды жасайды.
 Қай тапсырманы орындау қызықты болды? 
(Рефлексивті бағалау – өз жұмысын пішіндер бойынша бағалап қорытады.
Тәрбиеленушілердің қолына таратылған пішіндер бойынша жаңа тақырыпты толық түсінсе, 
жұлдызшамен, ал толық түсінбесе, төртбұрышпен, мақсатқа жетпесе, үшбұрышпен белгілейді.
Қосымша ақпарат
Жіктеу –тәрбиеленушілерге көмектесуді 
қалай жоспарладыңыз? Қабілеті жоғары
деген тәрбиеленушілерге қандай 
тапсырмалар беруді ойластырдыңыз?
Бағалау – тәрбиеленушілердің 
белсенділігін және, білік дағдыларын 
бақылауды қалай жоспарладыңыз?
Пәнаралық байланыстар: 
«Өзін-өзі тану», «АКТ»,
 «Ағылшын тілі», 
«Бейнелеу өнері».

Педагогикалық бақылау әдісі.

Жұмыс барысында тәжірибелік 
көмек көрсету.

Өзара көмектесу, мадақтау, 
педагогтің марапаттауы.

Сабақ барысында іс-әрекетке 
талдау жасалады.
Тәрбиеленушілердің жұмыстарын 
қадағалай отырып. «Білім керек бәріне» 
өлеңімен танысу үрдісіндегі қосымша 
сұрақтар.
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларға  
(қорытынды) қарай отырып.
Тәрбиеленушілердің рефлексиясының 
қорытындыларын ескеріп.

Өзін-өзі тану 
сабағын Мен елгезек 
баламын!» тақырыбымен 
байланыстыру.

Өзін-өзі және 
құрбыластары мен 
үлкендерді түсіну, сыйлай 
білуге үйрету.
Байқаулар
Мына орынды сабақтағы бақылауларыңызды жазу үшін 
пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыз туралы сол жақтағы бағанада 
жазылған сұрақтарға жауап беріңіз.
117

Қорытынды бағалау
Ерекше табысты болған екі сәтті (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.
Сабақты жақсы өткізуге ықпал ететін екі жағдайды (сабақ беруде болсын, оқытуда болсын) атаңыз.
Сынып жайында және оның жеке тәрбиеленушілері жайында қандай жаңалық білдім және ол келесі сабағымды 
өткізуіме әсерін тигізе ме?
МЕКТЕПКЕ ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН МОЛАЙТУ 
Ақтөбе қаласы Сазды  орта мектебінің
мектеп алды даярлық тобының мұғалімі
Акедилова Жұлдыз Маратқызы
Қазіргі уақыт талабы педагогтан әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың 
тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс – әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.
Қазіргі   таңда әлем техникалық және кәсіптік білімнің қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің   тұрақты
экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына  елелулі өзгерістер әкеліп, білікті мамандарға деген сұраныс күн санап
арта түсуде. Өндірістің әр түрлі салалары да кәсіби   білікті мамандар тапшылығын сезінуде.   Сондықтан,   бүгінгі еңбек
нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін   қанағаттандыруда    кәсіптік білім берудің беделі мен маңызы жоғарылай берері
ақиқат.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты- әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға дайын,
бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бұл Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасып, жаңа саты маманын даярлайтын
оқу орындарының міндетін айқындайды. Осыған  сәйкес жаңа формация маманының басты міндеті-өзінің және қоғамның
мүддесіне   өзін-өзі   белсендіруге   дайын,   өзгермелі   даму   үстіндегі   ортада   өмір   сүруге   бейім,   бәсекеге   қаюілетті   және
құзыретті,   шығармашыл   болу.   12   жылдық   білім   берудің   мемлекеттік   стандартындағы   негізгі   талап-   жеке   тұлғаның
даралығын, ашу және оқу әрекетін ұйымдастыру болса, бұл- оқушыны жан-жақты дамыту және өзін-өзі дамытуына, оқуға
ұмтылуына мүмкіндік  жасау деген сөз. 12 жылдық мектеп мұғалімінің алдында осындай оқушы даралығын ашу және оқу
әрекетін игерту мақсаты қойылып тұрған тұста бұрыннан аталып жүрген кәсіби сапалармен қоса мұғалім-тренер, тьютор,
фасилитатор (білім алуға жағдай жасаушы), эксперт болу қажеттігі туындады. Сондықтан 12 жылдық мектепте берілетін
білім әрбір оқушының жеке  ерекшеліктері ескерілген білім беру нәтижелері түріндегі құзыреттіліктер жиынтығын игеруге
бағдарланады. Ол  құзыреттіліктер:
1.
Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
2.
Ақпараттық құзыреттілік;
3.
Коммуникативтік  құзыреттілік;
4.
Нәтижеге бағдарланған оқытуды бағалау мен бақылау құзыреттіліктері.
Қазақстан   Республикасының     «Білім   туралы»   Заңында:   «Білім   беру   жүйесінің   басты   міндеттері-   ұлттық   және   жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-
қүат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру туралы міндеттер
нақты белгіленіп, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыруға баса назар аударылған. 
Ұлттық   деңгейдегі   білім   берудің   мақсаты-   еліміздің   әлеуметтік,   экономикалық   және   саяси   өміріне   оңтайлы
қатысуға дайын құзіретті, интеллектуалды және рухани жағынан дамыған тұлғаның қалыптасуына ықпал ету.
Еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында кәсіби білім берудің сапасын арттырудың мақсаты төмендегі
міндеттерді көздейді:
-
Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
-
Оқыту технологияларын жетілдіру;
-
Білім беру сапасын ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешу.
Білім   беру   сапасы   дегеніміз-   білім   беру   нәтижесінің   тұлға,   қоғам   мен   мемлекет   сұраныстарына   сәйкестілік   өлшемін
білдіреді.
Білім сапасының құрылымдық жіктелуі:

Бітіруші түлектің сауаттылық сапасы –жеке тұлғаның даму сапасының, жалпы мәдени және танымдық, білімдік
дайындығының бірлігі және ол рухани аламгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық т.б.  мазмұнмен толықтырылады.

Білімге  қоғамның әсері мен білімдік орта сапасы ескерілетін білім жүйесінің сапасы.
Кез-келген білім беру  технологиясы мынадай әрекеттерден тұрады:

Мақсатты бағытталған;

Сүйенетін ғылыми идеялар;

Мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің жүйесі;

Нәтижені бағалау өлшемдері;

Нәтижелер;

Қолдану барысындағы шектеулер.
Білім беру  нәтижелерін  қамтамасыз етуге байланысты оқыту технологиялары жалпы 3 түрге жүктеледі:

Оқушылардың әлеуметтенуі мен бағдарлар жүйесі түріндегі тұлғалық нәтижелері;

Метапәндік нәтижелер- іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері түріндегі негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуы;

Оқытудың пәндік нәтижелері – оқушылардың білім беру салалары бойынша алған білім, білік, дағдылары және
құзыреттіліктері.
Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушылар білімінің дербес модельдерін іске асырудың бір
мезгілде жүргізілуі. Бұл үшін әрбір оқушыға барлық оқу пәндерін меңгерудің өзіндік білім алу өрісін жасау мүмкіндігі
118

беріледі. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндерді таңдауға, оқу материалынан озып кетуге
және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдістерін таңдауға құқылы болады.
Білім берудің жеке өрісі-  бұл білім берудегі тиісті іс-әрекет түрлері, жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді ұйымдастыру
оқушылардың мынадай құқықтары  мен міндеттерін іске асыруды мақсат етеді:
-
әрбір оқу курсында,тақырыпта, сабақта жеке  мағына мен мақсатты таңдау және табу құқығы;
-
іргелі ұғымдар мен категорияларды өзіндік түсіну және түсіндіру құқығы; оқытылатын курстар бойынша белгілі
бір мерзімге арналған жеке білім беру бағдарламаларын жасау құқығы;
-
оқытудың   жеке   қарқынын,   білім   беру   міндеттерін   шешудің   нысандары   мен   әдістерін   бақылау,   рефлексия
тәсілдерін таңдау, өзінің жеке ерекшеліктерін білудің негізінде өзінің іс-әрекетін өзіндік бағалау құқығы;
-
оқытылатын   пәндерді,   шығармашылық   зертханаларды   және   типтік   оқу   жоспарына   сәйкес   таңдау   бойынша
анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау:
-
оқу курстарының мазмұнын арттыру( озу  және тереңдету):
-
Қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау;
-
әрбір білім саласы бойынша жеке негізделген  ұстаным құқығы.
Оқушының жеке білім алу қызметінің негізгі элементтері;
-
іс-әрекеттің мағынасы( мен мұны не үшін істеймін);
-
жеке мақсат қою (күтілетін нәтиже);
-
іс-әрекет жоспары;
-
жоспарды жүзеге асыру;
-
рефлексия (өзінің іс-әрекетін сезіну);
-
бағалау;
-
мақсатқа түзету енгізу немесе қайта белгілеу жүзеге асырылады.
Т.Шамованың классификациясы бойынша жеке тұлғаға бағытталған білім беру технологиялары негізінен 3-топқа бөлінеді:
-« Дәстүрлі мектеп технологиясы» - ББД (білім, білік, дағдыға) бағытталған технологиялар;
- « Дамыту мектебі технологиясы» - құзыреттілікке бағытталған технологиялар;
- « Әлеуметтік мектеп технологиясы» -әлеуметтік технологиялар.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде жеке тұлғаға бағдарланған төмендегі білім беру технологиялары жиі қолданылады:
-
В.Шаталовтың тірек белгілері негізіндегі оқыту технологиясы; 
-
П. Эрдниевтің дидактикалық   бірліктерді шоғырландыру технологиясы;
-
В.Фирсовтың саралай оқыту технологиясы ;
-
Ш.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы;
-
Л. Заньковтың және Д.Эльконин –В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы;
-
В.Монаховтың оқыту үрдісін жобалау технологиясы;
-
М.Жанпейісованың  модульдік оқыту технологиясы;
-
Ж.Караевтың деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
-
Г.Селевконың өзін-өзі дамыта оқыту технологиясы, т.б.
Жеке тұлғаның дамуына  бағытталған оқыту технологиясына  жасалған талдаулардың нәтижесінде, оқу-тәрбие   процесін
гуманизациялауда М.Жанпейісова ұсынған интерактивтік модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі зор.
Жеке   тұлғаға   бағдарланған   оқыту   технологиялары   негізінен   оқушыларды   жеке   және   саралап   оқыту   мен   тәрбиелеу
тәсілдерін көздейді. Бұл жағдайда  қазіргі дидактиканың дамуындағы көптеген инновациялық  бағыттардың ішінде аталған
оқыту технологияларын пайдаланудың  төмендегідей ерекшелігі мен тиімділігі бар:
-Біріншіден, қазіргі сыныптық-топтық сабақ жүйесі  жағдайларында олар оқу үрдісімен  көбірек үйлеседі, базалық деңгейге
арналған білім мазмұнына қатысы жоқ;
-Екіншіден, бұл педагогикалық технологиялар өзінің педагогикалық     және психологиялық мақсатын орындау ғана емес,
сонымен   бірге     тәрбиелік,   адамгершілік   астарлары   жөнінен   де   ізгі   технологиялар   ретінде   барлық   оқушылардың   оқу
материалын   ойдағыдай   меңгеруін,   олардың   интеллектуалдық   дамуын,   дербестігін,   оқытушыға   және   бір-біріне   деген
адамгершілік қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаға бағдарланған жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, пәнді түрлендіріп оқыту оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттырып, жеке  қабілетін жетілдіруіне, соның нәтижесінде білім беру сапасын арттыруға зор
ықпал жасайтындағы тәжірибеде дәлелденіп келеді. 
*****
Ақтөбе қаласы  Сазды орта мектебінің тарих пәнінің  
мұғалімі  Унгарбаева Светлана Ерахметовна


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет