Аралдың экологиялық проблемасы. Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.)
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен
Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді.
Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп
соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің
ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға
дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі
жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан
мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері
әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында
аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың
оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42
метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің
нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары
мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды,
аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Бүгінгі күні Солтүстік Арал маңына халықтар қайта
қоныстанып, үй салып, балық шаруашылығымен қайта айналыса бастады. АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан
(Қызылорда және Ақтөбе облысы) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан
тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м
биіктікте жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км² (аралдарымен қоса), суының көл. 1064 км3,
орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км² болған.
Алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997).
Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі
гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс —
Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т.
сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ
Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі. 1850 ж.
Аралдың алғашқы толық картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А.
Стрельбицкий анықтады. Арал ойысы жоғарғы плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нотюкесінде қалыптасқан.
Табанының бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы
ауданы шамамен 2235 км² (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге
айналып, құрлыққа қосылған. А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты
континенттік, кұрғақ, ауаның орташа температурасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жьылдық жауын-шашынның
орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-
шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап көлге құятын өзен
ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан
жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге
дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбылмалылық болмаса, су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге
бағытталған. Судың беткі қабатының температурасы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын
толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%-ға
дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен
айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме
байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады,
жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не
құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде
241
(Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш
Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен Арал аталған.
Балқаш проблемасы. Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа
құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде
бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай
өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді.
Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян
келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле
өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі
Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің
батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы
ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі
оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су
құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының
климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі
әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық
зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы. Ауаға шығатын улы заттардың
концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе
артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан.
Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің
ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш
кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су
көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады. Өзен
суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп
орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері
ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден
артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
Семей ядролық полигонында да экологиялық апатты аймақ қалыптасып отыр. 1948-1964 жылдар аралығында Семей
полигонында жер бетінде ядролық сынақтар жүргізілді, ал 1964-1989 ж. аралығында жер асты сынақтары жүргізілді.
Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика
көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді
пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру
Қорытынды. Адамзаттың табиғатты ойсыз да күрделі күйзеліске ұшыратуының зардаптарынан соңғы отыз жыл
төңірегінде экология ғылымына деген көзқарас бірсыпыра жанданды. Алғаш рет экология терминін неміс биологы Эрнест
Геккель 1866 жылы санамызға енгізген және бұған «табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін ғылым»
деп анықтама берген. Дегенмен, экологияның қалыптасуына негіз болған алғашқы ғылыми тұжырымдар ежелгі Греция мен
Рим кезеңдеріндегі философтардың еңбектерінен туындаған болатын. Қазақ аңызында желмаямен жер кезіп, елге жайлы
қоныс іздеген Асан Қайғы қазақияны аралап, әр мекенге әр қилы баға береді. Арман қуған Асан атаның сын сөздері мен
терең ойлы тамаша толғаулары бүгін де соншалықты мәнді, бүгін де соншалықты ғибратты... Өйткені, адамзаттың
табиғатқа зәрулігі күн санап ұлғайып келеді. Экологиялық проблемалардың зардаптық ауқымы өсуіне байланысты пәннің
өзімен пейілдес генетика, демография, география, әлеуметтану, топырақтану, гидрология, климотология сияқты ғылым
салаларымен байланысы да күшейді. Адамға экологиялық жауапкершілік пен сана-сезімді сіңіріп, экологиялық тәрбиені
өрістетуде көркем әдебиеттің ролі қандай, жалпы табиғатқа жанашырлықтың әдебиетіміздегі бейнеленуі, насихатталуы,
көріністері қай дәрежеде десек, қазақ әдебиеті де бұл мәселеге өз шама-шарқынша үн қосуда. Жүрдек жанр болып
табылатын публицистика өзгелерден оқ бойы озық келеді десек артық айтқандық болмас.
Пайданылған әдебиет
•
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас
редакциясы, 1998
•
Жоғарыға көтеріліңіз
↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”,
2005 жыл.
•
Жоғарыға көтеріліңіз
↑ Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық
бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
•
Жоғарыға көтеріліңіз
↑ Экология. Оқулық. -Алматы Экономика, 2002 Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық
университеті
•
Жоғарыға көтеріліңіз
↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,
2007. — 344 бет.
•
М.Ш.Алипов.Экология және тұрақты даму. Алматы 2012
242
«ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ
ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ»
Жамбыл облысы «Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ізденуші: Ізбасар Айсара Дүйсенбиқызы 9 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Оразбаева Индира Жандаулетовна
биология пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Дәрілік өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы»
Бағыты: Жаратылыстану Секция: Биология
I. Кіріспе Ғылыми жұмыстың мақсаты – дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшіліктерін,сонымен
бірге өсімдіктердің шипалығын кеңінен насихаттау.
Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Өсімдіктердің
табиғатта – ауаны тазартуы, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, тағамдық, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
- ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау
- өсімдіктердің өсірілуі, мерзімінің және мөлшерінің оның өнгіштігіне және көшеттерінің өсірілуі.
- өскіндердің биологиясын және морфологиясын анықтау.
- өсімдіктердің өсуінің ерекшеліктерін анықтау.
- өсімдіктің қоршаған ортаның әртүрлі кері әсерлеріне төзімділігін анықтау.
- өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары.
Ғылыми жұмыстың тәрбиелік мәні - бүгінгі күнгі бала тәрбиесіне тигізер пайдасы мол.Өсімдіктердің табиғатта ауаны
тазартуы, тағамдық, сәндік сонымен бірге емдік қасиеттері бар екенін толығырақ жан-жақты зерттелінуде.Тақырып
мазмұнды тәлім тәрбиелік мәні зор.
Жұмыстың өзектілігі: Табиғат – адамзат атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы, өсіп-өнер мекені. «Табиғатым
– тағдырым» деп халық айтқандай, біте қайнасып жатқан табиғат туындыларын бір-бірінен бөліп тастап байланысын бұзу
қателікке әкеп соғары сөзсіз. Туған табиғатымыздың құрамдас бір бөлігі - өсімдік. Өсімдік – табиғаттың тірі перзенті. Жас
ұрпақтың көзге көрінбес бір қызметі үшін ата-бабаларымыз «өркенің өссін» деп ризашылығын білдіріп бата берген. Бұл екі
сөздің философиялық, тәрбиелік мәні өте зор. Халықтың даналығынан шыққан «өркен» деген сөз бойында бүршігі,
жапырағы бар өсімдікті білдіреді. Өркен өсіп, дамып, бұтақтанып үлкен бәйтерекке айналғаны сияқты үлкейіп, бала-шағаң
көбейіп, өміріңді жалғастырсын дегенді меңзейді. Сондай-ақ бұл бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым-
қатынастың тамыры тереңде жатқандығын көрсетіп тұр.
Зерттеудің әдістемесі
Мектепте немесе ауылымда өсетін өсімдіктермен танысып, мәліметтерді
жинақтап, тәжірибе жүргізу.
Зерттеудің теориялығы және практикалығы: Зерттейтін өсімдігім ауылымда өсетін адыраспан жөнінде мектеп кіт
апханасынан,ғаламтордан мәліметтер жинақтау.
II.Негізгі бөлім
II.1 Негізгі дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын
өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир
майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп
түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде
қолданылады.
1. Жолжелкен – ірі жапырақты, екі жылдық өсімдік. Мамыр, маусым айында гүлдеп қыркүйек, қазан айларында піседі.
Батпақты, сазды жерде көп өседі. Жолжелкеннің құрамында әртүрлі витамин, белок, май, қышқылдар
мен тұздар көп болғандықтан одан жасалған дәріні көптеген ауруларға қолданады.
Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде,
қан қақырғанда ішеді.
Оның жапырағын бозөкпе,
созылмалы бронхит ауруларына қолданылады.
2.Жантақ- Қазақстанда кең таралған өсімдік. Шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі.
Бұл әсіресе құрғақшылыққа өте төзімді өсімдік. Күлте күлгін қызыл түсті, гүлдері жұқа тікеніктерге орналасқан.
Гүлдеп тұрған шіліктер бал өндірудің бағалы көзі болып табылады. Жантақ – құмда,
сортаң жерде өсетін көпжылдық өсімдік. Бойы 40-50см.
Сабағы тік өседі, гүлі қызыл. Қыркүйек, қазан айларында гүлдейді. Созылмалы гастритке, асқазанға,
тік ішектің жарасына, геморойға қарсы қолданылады.
3. Қызылмия – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдік. Бау-бақша арасында,
өзен мен арық жағаларында көп кездеседі. Қызылмияны Әбу-Әли Ибн Сина – Орта Азияның «женьщені» деп атаған.
Қызылмия шілде, тамыз айларында гүлдейді. Мұны гастрит, қуық, бүйрек ауруларына,
өкпенің қабынуына қолданылады.
4. Адыраспан - кіндік тамырлы көпжылдық шөп тектес өсімдік. Адыраспанның дәрілік қасиеті ертеден белгілі.
Адыраспаннан дәрі жасау үшін сабағын гүлдеген кезде орып алып, дәнін күзде жинайды.
Адыраспанды нерв жүйесінің түрлі ауруларына емдеуге, аяқ, тері, қышыма, қотыр ауруларына қарсы қолданылады.
5. Шырмауық- көпжылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы жерге жайылып, басқа өсімдіктерді орап ұзарып өсе береді.
Маусым-қыркүйек айларында ақ, көгілдір, қызғылт гүл ашады. Шырмауықтың кепкен ұнтағын сүтке салып ішсе,
өкпені тазалап, созылмалы жөтелді кетіреді. Кепкен ұнтағын жараға, ауырған жерге тартса жақсы ем болады.
243
6. Тұт - субтропиктік өсімдік. Тұт ағашының жіңішке тамырын қазып,
өзегімен кептіреді.Оны ұнтақтап суға салып қайнатып, ауызды шайса тіс түбінен аққан қанды тоқтатып,
босаған тісті бекітеді. Сол сияқты өт жолының қабынуын, бүйрек, көкбауырдың жұмысын жақсартады.
7. Жалбыз – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Оның түрлері көп. Қазақстанда оның 2 түрі кездеседі – қара жалбыз, ақ
жалбыз.
Жалбыз (мята) шөбінің емдік қасиетін адамдар ерте заманнан білген. Жүздеген ауруға ем деп айтады.
Бойға күш-қуат беретін қасиеті бар, қуық-несеп жолдарының қабынуын жазады.Сонымен қатар, жалбызды басқа дәрілік
шөптерге қосып, өкпе туберкулезіне де қолдануда.
Жарақатқа, іріңді сыздауыққа, қотырға жалбыз тұнбасын жағып, таңып тастаса, тез жазылады.
II.2.Адыраспан өсімдігі
Адыраспан гүлі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Plantae
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Сабы: Sapindales
Тұқымдасы: Түйетабандар тұқымдасы
Тегі: Peganum
Түрі: P. Harmala
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін
жинап алады. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрі ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін
алады. Алғанда тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп
тұратын жерге қойылады.Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек: адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд,
Тамырында -3,3 пайыз, сабағында -3,5 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38 пайыз
алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп
келеді.Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек
құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Ал адыраспан шөбінен қолдан дайындалған
тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі
мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара
малдарының қотырын емдеген. Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше.
II.3.Дәрілік өсімдіктердің құрамында болатын химиялық заттар
1. Алкалойдтар – азотты органикалық қосылыстар.Олар көбіне орталық нерв жүйесінің қызметіне әсер етеді.
Алкалоидтар негізінен өсімдіктердің белгілі бір бөліктерінде (жапырағы, дәні, сабағы, тамырында) жинақталады. Олар
өсімдіктердегі биохимиялық процестерде де маңызды рөл атқарады. Алкалоидтардың химиялық құрамы мен құрылымы
өсімдіктердің табиғатына, өсетін жеріне байланысты. Олардың ең көп түрі — гетероциклді қосылыстар. Кейбір
Алкалоидтар (стрихнин, тубокарин) өте улы болып келеді. Алкалоидтар туындыларының физиологиялық әсері күшті. Соған
байланысты медицинада әр
түрлі
ауруларға
қарсы
дәрі
ретінде
кеңінен
қолданылады
(мыс., морфин,эфедрин, атропин, папаверин т.б.
2. Глюкозидтер – көмірсулар мен басқа органикалық затардан тұратын күрделі қосылыстар. Бұны көбіне жүрек
ауруларына, іш жүргізетін, запыран айдайтын дәрі есебінде қолданылады.
3.Сапониндер – егер қан жолдарына түссе, қызыл қан түйіршіктерін білдіреді. Ас қорытуын жақсартады.
4. Каротин – организм үшін аса қажет А дәрумені.
5. Эфир майы – ұшпалы, сүйкімді органикалық қосылыс. Дәрілік мәні бар өсімдіктер қасиетіне қарай: қан тоқтатқыш,
температураны төмендеткіш, тәбет ашушы, тері ауруларын жоюшы, нерв қызметін тынышталдырғыш болып бөлінеді.
II.4.Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы
Дәрілік өсімдіктермен емдеу бұрыннан келе жатса да, өзіндік маңызын алі күнге дейін жойған жоқ, қайта жыл өткен
сайын оның құндылығы артып келеді. Сондықтан, соңғы кезде қолданылатын химиялық препараттарға қарағанда
« дәрілік өсімдіктерден » дайындалған дәрілерге сұранысбасым. Дәрілік өсімдіктерден жасалған препараттардың адам
денсаулығы үшін өте жоғары бағаланатыны белгілі, соның нәтижесінде бұл күнде «фитотерапия» айтарлықтай дамып
отыр. Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктерді зерттеу барысында биологиялық белсенді заттарын анықтауда тек бұрыннан
белгілі түрлердің ғана емес басқа да перспективті дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттерін ескеріп
анықтау маңызды болып табылады. Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне
жаратып, пайдасына асырып келеді. Қалай атаған күнде де адамзат баласы үшін дәрілік өсімдіктердің пайдасы өте
зор.Дәрілік өсімдіктер адам ағзасын нығайтады, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, асқазан және ішек жолдары мен әр түрлі
бездердің (мәселен, ас қорыту бездерінің т.б.) қызметтерін жақсартады, қан қысымы мен зат алмасуды ретке келтіреді,
ағзаға жиналған улы заттарды несеп, нәжіс, қақырық, тер арқылы сыртқа шығарады, микробтар мен бактерияларды,
вирустарды жояды, ауырған жерді, дене қызуын басады, қан тоқтатады орталық жүйке жүйесін тыныштандырады және т.б.
III.Қорытынды
Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана
ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігі туады. Адам баласы өзіне қажет болған қорек, ауа, киім, баспана, дәрі күнделікті
өмірде пайдаланып жүрген ұсақ-түйек заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса, оны барынша аялап қорғай білу - әрбір
адамның борышы.
Табиғат – адамзаттың материалдық және рухани талабын қанағаттандыратын байлықтың негізгі көзі, табиғи қорлар азайса,
байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселесі тұр.
Өсімдіктер тіршіліктің тірегі әрі айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, олардың табиғаттағы
түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге
жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.
244
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген
дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын
жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген.
Осы жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері мен қорытындысына сүйене отырып,
алға қойған мақсаттарымызға жетеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |