Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Рефлексия.  Кері  байланыс  парағы



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37

Рефлексия
Кері  байланыс  парағы
                                     Маған үш  затты  айт.
     3
Үйге  тапсырма:
«М. Әлімбаев  шығармашылығы»  реферат
Сабақтың  тақырыбы:  Мұзафар  Әлімбаев,  оның  шығармалары.
Сабақтың  мақсаты:  Ақынның   өмір  жолынан  қысқаша  мағұлмат  беру,  мәтін  ішінен  тұйық  етістіктерді,  жалқы  
есімдерді  табу,  өзіндік  бағалауға үйрету.
Күтілетін  нәтиже:  Ақын  туралы  ақпаратпен  танысады,  тұйық  етістіктер мен  жалқы  есімдерді  мәтін  ішінен  табады, 
өз-өздерін     бағалауаға  талаптанады.
Жалпы  8-сынып  қазақ  тілінен  «Балалар  әдебиетінің  ақын-жазушылары»  бөлімін  орталап  жатыр. Бұл  тарауда  ақын-
жазушылардың  өмірбаянымен,  шығармашылығымен  танысып  жатырмыз.  Бүгінгі  сабаққа  сыныптың  оқушылары  түгел 
қатысты.  Сабағымды  психологиялық  ахуал  туғызудан  бастадым.  Ортаға  шыққан  оқушылар  тізбек  бойымен  «Бір  зат  
есім, бір сын  есім»  тренингі  бойынша  бір-біріне   тілек  білдірді.  Келесі  қадам  топқа  бөлу.  Топқа  бөлу  үшін  суретті  
доминоларды  пайдаландым. Әр  оқушы  өз  таңдауларының  ұқсастығы  бойынша  топқа  бірігеді.  Үй  тапсырмасына  
көштім.  Үйге  жұптасып  диалог  құрау  берілген.  Әр  топтан  бір  жұп  шықты. Үш  топтың құраған  диалогі  үш  түрлі.  
Диалогті  оқу  барысында  оқушылардың  сөздік  қорлары  аз  екендігі  байқалды. Себебі,  диалог « иә», «жоқ»  деген  қысқа 
жауаптармен шектелді. Жаңа  сабақ  тақырыбына  түсу  үшін  бейнебаян  көрсетіп,  ой қозғау  жасадым.  Ақын  туралы  
қысқаша  ғана  қарап,  тақырыптың  қандай  екенін  аштық. Оқушылар жаңа  сөздермен  танысып,  сөз  тіркесін  ауызша  
жасады. Келесі  тапсырма  мәтінмен  жұмыс.  Әр  топ  оқулықтағы  мәтінді  өз  тобымен  бірлесе  отырып,  талдады.  
Оқушылар  топтық  жұмысқа  өте жақсы  дағдыланған.  Әрі  мәтін  мазмұнын  өз  сөздерімен  жеткізуге  тырысады. 
140

Мәтіннің  мазмұнын  түсінгендерін  тексеру  мақсатында «Әткеншек» (СТО) әдісін  қолдандым.  Топ  ортасына  мәтін  
ішінен  сұрақтар  жазылған  постер  тастадым.  Сұрақ  саны  топтың  мүшесі  қанша  соған  есептелген.  Бұлай  жасаған  
себебім:  топ  мүшелері  түгел  қатысуы  керек.  Постерді  топ  ішінде  айналдырып ,  сұрақтың  жауабын  жазады.
Уақытқа  сай  тапсырма  орындалды.  Бітірген  топ  жұмыстарын  тақтаға  іліп,  қорғауға  дайындалды.  Жауаптың  дұрыс,  
бұрыстығын  тексеру   үшін «Галерея»(СТО)  әдісін  қолдандым.  Әр  топ  ортаға  шығып  өз  жұмыстарын  қорғады, ал  
қалған  екі  топ  қолдарындағы  екі  түсті  парақша  арқылы  жауаптың  дұрыс,  бұрыстығын  тексеріп  отырды. Жасыл  
қалақша-дұрыс,  қызыл  қалақша- бұрыс. Бұл  әдістің  тиімділігі  топ  ішінде  бірде-бір  оқушы  сабақтан  тыс  қалмайды, әрі 
тексеру  барысында  өздері  жіберген  қателіктерді  сол  бойда  тауып  түзетеді. 
Келесі  тапсырмада  мәтін  бойынша  жаттығу  жұмыстары  жасалды.  
І  топ:  Мәтін  ішінен  тұйық  етістіктерді  теріп  жазып,  тұйық  етістікке  айналдыру.
ІІ топ: Берілген  етістіктерді септейді. 
ІІІ топ: Мәтін  ішінен  жалқы  есімдерді  теріп  жазу.   
Тапсырма  орындау  барысында  оқушылар   тапсырманы  бөліп-бөліп  алғандығынан  олардың  ортасында  көшбасшылық  
қабілеті  бар  оқушылар  бар  екендігі  байқалды.  Сабақты  бекіту  мақсатында  оқушыларға  шығармашылық  жұмыс  
тапсырдым.  Бұл  жерде  «РАФТ» әдісі мен «Автор  орындығы»  әдісін  қолдандым.  Бұл  әдісті  қолданғаным  біріншіден:  
оқушылардың  осы  әдіске  деген  қызығушылығы  өте  жоғары  екендігін  үнемі  сабақ  үстінде  байқайтынмын.  Сонымен  
қатар  бұл  жерде  оқушының  шығармашылық  қабілеті  дамиды. Әр  оқушы  өз  оймен  берілген  тақырып  төңірегінде  өз  
ойларынан  мәтін  құрайды.  Бүгінгі  сабақта  тұйық  етістік пен  жалқы есімдерді  қайталау  болғандықтан  оқушыларға  
рөлге  кіріп  хат  жазуды  ұсындым.  Яғни,  оқушы  өз  таңдауы  бойынша  не  тұйық  етістік, не  жалқы  есім  болып  хат  
жазады. Жазып  болған  соң  Автор  орындығына  отырып  өз  туындысын  оқиды.  Автор  орындығын  мен  үнемі  үй  
тапсырмасын  тексергенде, сабақты  қорытындылаған  кезде  жеке  оқушының  білімін  тексергенде  қолданып  жүрмін.  
Автор  орындығына  отыруға  қай  оқушы да  қызықпай  отырмайды. Бір-екі  оқушының  жұмысынан  үзінді  келтірсем 
төмендегідей:
Сырымов  Арсель  былай  деп  жазыпты: «Менің  атым  - Жалқы  есім.  Мен  бәрінен де  үлкенмін.  Мен  кілең  
үлкендермен  дос  боламын.  Сондықтан  сөйлем  ішінде  де  үлкен  әріппен  жазыламын»
Насанова Жанна: «Мені  «Тұйық  етістік»  деп  атайды.  Менің  достарым  ондай  көп  емес.  Менің  тек  қана «У»  
деген  көмекшім  бар»
Бағалау  кезінде  сабақта  өзіндік  бағалау, « Екі  жұлдыз,  бір  тілек»  мұғалімнің  бағалау парақшасына  жасалған  
критерилер  бойынша  бағалау  түрлерін  қолдандық.  «Екі  жұлдыз , бір  тілек»  әдісін  оқушылардың  шығармашылық  
жұмысынан  кейін  қолдандық.  Оқушылар  өздеріне  әңгімесі  ұнаған  оқушыға  өз  жұлдыздарын  тілек  айтып,  тарту  етті  
Өзіндік  бағалауда   әділ  бағалауға  тырысқан.  Бағалау  кезінде  бағалау  парақшасына  өздерінің  сабақ барысында  қалай  
жұмыс  жасағандықтарын  бағдаршам  түстері  бойынша  белгіледі.  Бұл  әдісті  сабақ  үстінде  үнемі  қолданғандықтан  
оқушылар  өздерін  әділ  бағалаған.
Мен  өзім  оқушыларды  бүгінгі  сабақта  жүргізілген  тапсырмалар  бойынша  жасалған  критерилер  негізінде  
жұлдызшамен  бағаладым.
Кері  байланысқа  «Маған  3  нәрсені айт»  парақшасын  тараттым.  Оқушылар  бүгінгі  сабақтан  өзі  үшін  ең  негізгі  үш  
нәрсені  белгіледі.
Сабақтың  сәтті  тұстары:  Оқушылар  топпен  жұмыс  жасауға  толықтай  қалыптасқан,   сабақ  үстінде  белсенді  отырды,
бағалау  кезінде  әділ  бағалаған,  кері  байланыс  парағын  толтырғанда  өздері  үшін  маңызды  нәрселерді  көрсете  білген.
Сәтсіз  тұстары:  Орыс  сыныбы  болғандықтан  сөздік  қорлары  өте  аз,  сондықтан да  өз  жұмыстарын  қорғау  кезінде  
сөйлеу  мәдениеттері  төмен болды. Жасаған  жұмыстарын  қорғау  кезінде  қиналып  қалатын  оқушылар  бар.
Қорытынды:   Сабақты  түрлендіре  өткізу,  бағалау  түрлерін  жетілдіру, сабақта  қолдану,   сөздік  қорларын  жетілдіруге   
тапсырмалар  орындату.
*****
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы 
Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі» КММ-сінің 
мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі 
Танрбергенова Лайла Нургалиевна
                                                                              
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, 
қызығушылықтарын арттыру, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулу, сөздік 
қорларын дамыту. Еңбекке деген қызығушылықтарын ояту және үлкендердің  еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, сәйкестік тесті, ойын.
Пән аралық байланыс: сауат ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ойынға қажет құралдар,  мамандық түрлері.
Бөлімі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық 
-қозғаушылық
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қазір бізде тіл дамыту оқу іс-
әрекеті. Бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше, бізге қонақтар келіп 
отыр. Солармен амандасып алайық.
Қонақтармен амандасу.
Армысың,қайырымды аспан-ата!
Армысың, мейірімді  Жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім! Армысыздар, 
Қабылдайды.
 
 
 
 
Амандасады.
 
141

қонақтарым ,достарым!
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінің айларын атаңдар, қазір нешінші айы, қалай 
аталады?
Аптаның нешінші күні, қалай аталады?
Өткен сабақты есімізге түсірейік. Не жайында айтылды? 
«Жеті қазынаның бірі», оның ішінде ит туралы ертегіні 
естеріне түсіру.
Тосын сәт.
Балалар, бүгін бізге пошташы ағай хат жіберіпті. Ашып 
көрейік. (хатты ашу)
-Бұл хатты бізге Жұмбақбай ата жіберіпті. Мен сендерге 
оқып берейін.
Жұмбақтарды шешеді. (Слайд)
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы ашылды.
Тағы қандай мамандық иелерін білеміз?
 
 
 
Шаттық шеңберін жасайды.
 
 
Сұрақтарға жауап береді.
 
 
Естеріне түсіреді, сұрақтарға 
жауап береді.
 
 
Қызығушылық танытады.
 
 
Жұмбақтарды шешеді.
Білгендерін айтады
Ұйымдастырушылық- 
ізденушілік
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. 
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. 
Сондықтан бүгін осы мамандық түрлеріне, атқаратын 
қызметтеріне тоқталайық. Өзіміз қалаған мамандық 
туралы өз ойымызды айтайық.Өмірден өз орнын тауып, 
елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Ендеше Жұмбақбай атаның тапсырмаларын орындап 
көрейік. Дайынсыңдар ма? Мұқият болайық.
1-тапсырма:
«Суреттерге қарап әңгіме құрастыр». Бірнеше суреттер 
берілген. 3-4 бала осы суреттерге қарап, әңгіме 
құрастырып айтулары керек.
ІІ-тапсырма:
Дәптермен жұмыс. «Кімге не керек?» дидактикалық 
ойыны. (әр мамандық иесінің қажетті заттарын 
сызықпен қосып көрсету керек)
Сергіту сәті.
 
ІІІ-тапсырма:
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту.
ІV-тапсырма:
«Дұрыс па, бұрыс па?» ойынын ойнайық.
Дұрыс болса қолдарын көтеру керек, бұрыс болса 
көтермеу керек.
 
Жақсы балалар, біз Жұмбақбай атаның жіберген барлық 
тапсырмаларын орындадық.
Енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Мен 
сендерге әріптер көрсетемін, ал сендер сол әріптерден 
басталатын мамандықтың түрін айтасыңдар.
 
Қабылдайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-4 бала әңгіме құрастырады.
 
 
 
«Кімге не керек?» 
дидактикалық ойынын 
ойнайды.
 
Сергіту сәтін жасайды.
 
Балалар тақпақтарын айтады.
 
Дұрыс болса қолдарын 
көтереді, бұрыс болса 
көтермейді.
 
Қабылдайды, айтуға 
тырысады.
Рефлексивті түзету
Қорытындылау мақсатында біз сендермен «Кім 
болам ?»дидактикалық ойынын ойнаймыз.
- Өте жақсы балалар. Осындай әр түрлі мамандыққа жету 
үшін алдымен білім алып, көп нәрсені үйрену керек. Міне, 
мамандықтың бәрі жақсы екеніне көзіміз жеткен сияқты. 
Қандай маман иесі болса да, аянбай еңбек етеді. Біз 
олардың еңбегін бағалап, құрмет тұтуымыз керек .
-Ендеше еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Оқу іс-әрекетін мына өлең жолдарымен аяқтаймын.
2-3 бала әңгімелейді.
 
 
 
 
Мақал – мәтелдерді қайталап 
айтады.
 
 
 Қабылдайды.
 
 
 
Сыйлыққа қуанады.
142

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. –демекші, сендер де өскеде 
дені сау, білімді, еңбекқор, ақылды болып, осы 
Қазақстанымыздың көркейіп, өсуіне өз үлестеріңді қосып, 
армандаған маман иесі болатындарыңа сенемін. 
Балаларды сабаққа қатысу ерекшеліктеріне қарай бағалау. 
Жұмбақбай атаның сыйлықтарын таратып беремін.
 
 Күтілетін нәтиже: Мамандықтың бәрі жақсы
Біледі: Мамандық иелерінің  атауларын, атқаратын қызметін біледі.
Игереді : Жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып, мақал-мәтелдерді айтуды игереді.
Меңгереді:  Сурет бойынша әңгіме құрастыруды, ойын анық, нақты жеткізуді, үлкендердің еңбегін бағалауды меңгереді.
*****
Батыс Қазақстан облысы, Қарасу ауылы
«Ақжелкен» бөбекжай – балабақшасының тәрбиешісі
Маулетова Арайлым Мақсотқызы
Технологиялық карта
Уақыты: 30.09.2016 жыл   Тәрбиеші: А.Маулетова
Білім беру саласы:  «Әлеумет» Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»
Мақсаты: Балаларды туған елдің табиғатымен таныстыру, табиғат әлеміне танымдық қызығушылықтарын арттыру, 
табиғатты сүюге, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға және қамқорлық жасауға тәрбиелеу, өлі табиғат, тірі табиғат туралы
түсінік беру.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: Слайд, сурет көрсету
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету
Көрнекіліктер: Теледидар, суреттер, жәндіктер, жануарлар 
Билингвалдық  компонент: Табиғат – Природа, 
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың  іс - әрекеті
Себепті
қызығушылығын
ояту
Ал, қанекей балалар, бәріміз дөңгелене 
тұрып табиғат анаға ризашылығымызды 
білдірейік
Жылу берген Күнің үшін рахмет!
Өсім берген Суың үшін рахмет!
Тіршілік берген Жерің үшін рахмет!
Біз ақылды баламыз, жайнай берсін даламыз!
Ұйымдастырушылық 
ізденіс кезеңі
- Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар?
- Қазақстан елінің табиғаты бай және 
ерекше. Оған көз жеткізгілерің келеме?
- Олай болса бәріміз теледидарға қарайық
Теледидардан Қазақстанның табиғаты 
туралы слайд көрсету
 -Балалар, бізде кең байтақ далада, 
шалқыған өзен – көлдерде, жайқалған 
орманда, асқар биік тауларда бар. Ұлан 
байтақ жерімізде аңдармен құстарда 
мекендейді
- Балалар, бойымызды сергітіп сергіту сәтін 
жасап алайық, бәріміз теледидарға қарап 
көргендеріңді істейміз
- Балалар, Табиғат – дегеніміз  бізді 
қоршаған орта, бізді қоршаған ортаға аспан, 
жер,су,ағаштар,өсімдіктер жатады. 
Табиғат өлі, тірі болып екіге бөлінеді. 
Тірі табиғатқа: Ағаш, шөп,гүл, жатады, олар
өздігінен өседі, дем алады, көбейеді, 
денесінде жан бар.
Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады, олар 
өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ
- Балалар енді менің алдымда фешкалар 
жатыр соларды таңдап, орталықтарға 
бөлініп отырайық
- Шығармашылық орталыққа отырғандарың 
мен берген суретті бояп берулерің керек, 
бұл суретте өлі табиғат түрлері
Ал, қатынас орталығына отырғандарың тірі 
Қазақстанда 
Ия
Балалар слайд қарап, тәрбиешінің айтқанын 
тыңдайды
Балалар теледидарға қарап көргендерін 
жасайды
Балалар табиғат туралы тәрбиешінің 
түсіндіргенін тыңдайды
143

табиғат туралы яғни ағаш, гүл, жануарлар 
туралы мақал – мәтел не болмаса тақпақ 
айтасыңдар
-Ал балалар, жарайсыңдар енді бәріміз ойын
ойнаймыз «Табиғатты қорғайық» ойыны 
Шарты: Әр бала табиғат түрлерін плакатқа 
жапсырып, табиғат көрінісін бейнелеп 
береді.

Гүлді жұлуға болмайды

Ағашты кесуге болмайды

Суды ластауға болмайды

Күнімізді бұлт баспасын

Құсты атуға болмайды

Жасыл шөпті жұлуға болмайды

Аңдарды қорғауымыз керек

Асқар тауларымыз биік болсын
Балалар фешкалар таңдап орталыққа бөлініп 
орындарына отырады
Шығармашылық, қатынас орталығындағылар 
тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды 
Балалар ойынды қызыға ойнайды 
Іс - әрекеттің бағалау
кезеңі
Балалар бүгінгі оқу іс – әрекеті ұнадыма?
Сендерге бір әңгім оқып берейін Баяғыда 
Табиғат ананың Жер, Су, Ағаш деген үш 
ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді 
екен. Табиғат ана бір күні бір күні ұлдарын 
шақырып алып, 
Адамдарға ең көп қызмет еткен ұлыма 
үлкен сый тартамын – деп уәде береді.
 Сонда ұлдары анасының атқанына қуанып, 
адамдарға жақсылық жасауға жолға 
шығады. Үшеуі үш жаққа шығып, адамдарға
көп игі істер жасапты. Күндердің күнінде 
еліне оралыпты, сонда аналарының 
бұрынғыданда бетер көріктене түскеніне 
риза болған ұлдары 
Апатай, сіз қандай керемет күйге түскенсіз 
мұның сыры неде? депті
Сонда табиғат ана:
Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры 
сендердің адамзатқа жасаған 
қайырымдылықтарыңда – деп жауап беріпті
Содан бері Жер Су, Ағаш аналарының 
сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал
қызмет етумен келеді екен
Міне балалар, барлығымыз айнала қоршаған
табиғатқа қамқор болып, оны күтіп баптап, 
сүйіспеншілікпен қарауымыз керек.
Бүгінгі оқу іс – әрекетіне жақсы 
қатысқандарыңа жұлдызша таратамын 
    Күтілетін нәтиже: 
Нені білді: Қазақстанның табиғаты туралы
Қандай түсініктерді игерді: Өлі табиғат және тірі табиғат туралы
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сергіту сәтін, ойын ойнауды меңгерді 
*****
3 саны және цифры
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылы
Ғ.Қараш атындағы Қараоба мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық тәрбиешісі
 Бисенова Гүлжансара
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Математика.
Мақсаты: 3 саны және цифрымен таныстыру; цифр мен заттың санын сәйкестендіре білуге 
үйрету; заттарды санауға машықтандыру; 3 цифрының  баспаша жазылуымен  таныстыру; 
балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; эстетикалық тәрбие беру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әр түрлі заттарды санату, сандармен таныстрып, сандарға 
байланысты жұмбақ жасыру.
Құралдар: әліппе-дәптері, сандар, суреттер, бор 
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру. 
Б/м: сан-цифр-Figures , үш-три- Three  , доп-мяч- Ball.
                                              Оқу іс-әрекетінің барысы:
144

Оқу іс-әрекетінің 
түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. 
Сезімді ояту
Шаттық шеңбері:
Біз- балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз-бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан!
Балалар бізге қонаққа дымбілмес келді.
Кәне, балалар амандасайық.
Дымбілмес сіздерге өзі білмейтін сандарды, пішіндерді үйренуге
келген екен, ол өзімен бірге тапсырмалар алып келген екен, сол 
тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?
Балалар шыттық шеңберіне 
тұрады, қайталап  айтады.
-Сәлеметсізбе
-Иә
Ұйымдастыру 
кезеңі
Ол үшін мынадай тапсырмаларды орындайық 
Суретпен, тақтамен  жұмыс.
1) Тақтадағы алма, қоңырау, доп суреттерінен
есеп құрастырамыз.
1-ші қатарға доп 
2-ші қатарға қоңырау
3-ші қатарға алма
2) Берілген сандардың көршілерін жазу
.3) Мынау қандай геометриялық фигуралар? 
Өте жақсы олай болса, балалар қазір дымбілмес қандай сан 
көрсетсе, сонша рет қолымызды шапалақтаймыз.
Ал, енді балалар дымбілместің тапсырмаларын орындап болсақ, 
қоштасып шығарып салайық.
Билингвалдв компанент:
Өте жақсы олай болса, балалар қазір дымбілмес қандай сан 
көрсетсе, сонша рет қолымызды шапалақтаймыз.
Балалар сендер санамақ білесіңдер ме?
Бір дегенім-білмек,
Екі дегенім-еңбек,
Үш дегенім-үлгі,
Төрт дегенім-төзім,
Бес дегенім-бестік.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
№1. Дәптерімізді ашып тиіндерді санаймыз. Тиіндердің саны 3 
цифрымен белгілейміз. 3 цифрын табамыз. 
3 саны және цифры туралы тақпақ айтып берейін.
Балалар қару-жарағы
Жебесі мен садағы
Жауларын атса жусатқан
Садақты «3»-ке ұқсатам.
3 санын ауаға жазамыз, содан кейін аяғымыздың ұшымен еденге
саламыз.
Енді қарындашты алып, дәптердегі санды салып шығамыз.
        Сергіту сәті
Бір дегенде тұрайық, 
2, 3,  – алақанды соғайық, 
Оң жаққа бұрылып, 
Сол жаққа бұрылып, 
Бір отырып, бір тұрып, 
Біз жүгіріп алайық. 
Орнымызды табайық.
№2 Цифр, сан және нүктемен берілген сан үлгісін суретпен 
сәйкестендіру. 
Д/О: «Кім жылдам?»
Шарты: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек пішіндерді құрау.
№3 Тапсырма бойынша тиісті цифрды жапсыру қажет.
-Жақсы
3 қатар болып балалар 
тақтадағы түрлі суреттерден 
есеп құрасытады
2доп+1доп=3доп
1қоңырау+2қоңырау=3қоңырау
2алма+1алма=3алма
Балалар тақатада ілінген 1,2,3 
сандардың көршілерін тауып 
жазады.
Дымбілместің көрсеткен 
фигураларын атады.
Көрсетілген 1-3 сандарына 
байланысты қолдарын соғады.
Сау болыңыз дымбілмес.
сан-цифр-Figures
 , үш-три- 
Three
  , доп-мяч- Ball
Санамақты бірге қайталайды.
Дәптердегі тапсырманы 
орындайды..
3 санын ауаға еденге жазып 
орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен 
жасайды.
Дәптердегі тапсырманы 
белсене орындайды.
Ойынға қызығушылықпен 
қатысады.
Дәптердегі орындалған 
тапсырмаларын көрсетеді.
Оқу іс-әрекетін  
қорыту.
Балалардың  тапсырмаларын тексереді, дұрыс, ұқыпты 
орындаған балаларды  мадақтау.
Аяқталған тапсырмаларын 
көрсетеді.
Күтілетін нәтиже: 1.Балалар 3 саны мен цифрымен танысты.
2.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйренеді.
3.3 цифрының  баспаша жазылуымен танысады.
*****
145

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Әжібай ауылы
«Ақтілек» бөбекжайының  ІІ санатты тәрбиешісі
Жұбанова Бибигүл Өмірзаққызы
Семинар
Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі отбасы мүшелерінің әсері»
Мақсаты: Тәрбиенің   ең   тамаша   жері   отбасы   екенін,   олардың   бала   тәрбиесіндегі
мүмкіндіктерінің жоғары екенін,баламен қарым-қатынасты жақсарту.  Ата-анаға баланың жан
дүниесін түсіне білуге кеңестер беру. Бала тәрбиелеуде отбасылық тәрбиені нығайту. Отбасы
бірлігін, ынтымағын сақтауда ата-аналардың белсенділігін арттыру. 
Сәлем-сөздің атасы.(ойын жаттығу).
Мақсаты: Байқампаздыққа баулу,ұйымшылдық іскерліктерін қалыптастыру.
Әуен бойынша ата-аналар залда еркін жүреді.
1-шапалақтаған кезде, бас изейді.
2-шапалақтаған кезде, қол алысады.
3-шапалақтаған кезде, құшақтасады.
2. Баяндама.Тақырыбы: «Отбасы-тәрбие бастауы»  Тәрбиеші:  Б.О. Жұбанова 
3.Сұрақ – жауап. Мына сұрақтарға қалай жауап бересіздер?
1.«Отбасы – алтын бесік» деген сөзді қалай түсінесіз?
2.ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?
3.Баланыздың тәрбиесіне ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?
4.Балабақшаға балаңызды не себептен алып келдіңіз?
5.«Тәрбие» деген, сіздің ойыңызша не?
6.Балабақшадан не күтесіз?
7.Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?
8.Сіз өзіңізді кім деп санайсыз ?
9.Балаңызға көп назар аударасыз ба?
10. Балабақшаның қандай қажеттілігі бар? 
Жүректен шыққан жылы сөздер.
Жақсы сөз- жарым ырыс дейтін халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды,
жүрегіңді   жылытады,   қуанышқа   бөлейді.   Жылы   сөз,   адамдарды   достастырады,   сабырлы   болуға,   денсаулығын   сақтауға
септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір-біріне жылы сөз, жақсы
тілек айтудың өзге адамға жақсылық жасау екенін ұмытпайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет