Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org


Тема урока: "Глагол" Цель урока



Pdf көрінісі
бет18/37
Дата26.02.2017
өлшемі8,73 Mb.
#4997
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Тема урока: "Глагол"
Цель урока: 1) учащиеся смогут определить вид,  лицо, число глагола.
                      2) учащиеся смогут применить полученные знания на практике.
                      3) привить интерес к предмету.
Наглядный материал: карточки, схемы.
Тип урока: формирование новых знаний учащихся
Вид урока: урок повторение
                                          Ход урока
1.Психологический настрой.
Упражнение с шарами.
2. Организационный момент.
"Встаньте прямо, не шумите,
  Все ль на парте, посмотрите.
  Все ль на месте?
  Книжка, ручка и тетради.
  Не забудьте дневника.
  Он - документ ученика". 
3.Проверка д/з.
1.Что такое глагол?
2. Глаголы отвечающие на вопросы   что делать? что сделать? стоят в какой форме?
3.Назовите времена глаголов.
4.На какие вопросы они отвечают?
Упр. 383 стр.170
Образуйте от глаголов  неопределенной формы глаголы настоящего времени  1лица ед.ч.
4.Работа в парах. Объясните значения выражений пословиц. Найдите антонимы.
1.Готовь сани летом, а телегу зимой. 
2.Семь раз отмерь, один раз отрежь.
3.Береги платье снову, а честь смолоду.
4.Не учи безделью, а учи рукоделью.
5.Новых друзей наживай, а старых не теряй.
6.Не бойся врага, а бойся глупого друга.
5.Групповая работа
Выпишите выделенные глаголы и дополните этот ряд глаголами в неопределенной форме из текста.
1 группа   Торопливая куница решила скроить к празднику красивый сарафан. Она быстро села за работу. Всю ткань 
изрезала в куски. Из этих кусков теперь и платка на голову не сшить.
135

2 группа  Стала терпеливая синица из холстика фартук кроить. Все вычертилапроверила, а потом уже скроила фартук. 
Попросила куница показать ей секрет шитья. Добрая синица раскрыла ей тайну из шести слов:
"Семь раз отмерь, один раз отрежь".
6.Творческая работа  Найдите и выпишите предложения с  глаголами 2 лица. Вставьте пропущенные буквы.
                        На охоту
Однажды в конце ноября отправился я на охоту. День был теплый. Порой моросил дождь. Люблю я бродить по лесу. А 
какая же в лесу тишина!
Идеш.... по влажной земле, идеш... и осматриваеш..ся по сторонам, хочеш.... запомнить лес. Скоро он посветлеет в белом 
уборе.       Пробираеш...ся по узкой тропинке.
7. Занимательная минутка Подобрать к существительным глаголы.
1 команда   "Кто что делает? "Повар, врач, учитель, ученик, баянист, художник.
2 команда  "Что что делает? "Ветер, трава, ручка, солнце, дождь, книга.
 8.Работа по карточкам.
Подберите и напишите однокоренные глаголы в неопределенной форме совершенного вида.
1 карточка
читать-
рисовать-
2 карточка
писать-
играть-
3карточка
учить-
ехать-
4 карточка
лететь-
строить-
9.Что я знаю о глаголе?
10.Итог урока: Что поняли?+  Что не поняли?-
11.Рефлексия. О чем мы говорили на уроке? Как вы оцениваете свою работу?
12.Д/З. Написать эссе "Для чего нужен глагол?"
*****
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы «Тассуат негізгі мектебі» КММ
география пәнінің мұғалімі
Мурзагалиева Дарига Мусылманбековна
Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Оңтүстік  Америка. Халқы және  елдері
Сабақтың мақсаттары: 
1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың халқымен және елдерімен таныстырып,алған білімдерін жинақтап, таным
деңгейін арттыру.
 2.Дамытушылық:   Оқушылардың ойлау, ой-өрісін, сауаттылықтарын арттыру арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту,
шығармашылықпен жұмыс істеуді дамыту.
3. Тәрбиелік:  Өз елін, Отанын, елін, жерін сүюге оны құрметтеуге, өз еліндегі ұлт өкілдерін тануға  бірін-бірі сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ  
Панарамолық байланыс: тарих
Оқыту әдісі: психологиялық жаттығу, «Талқылау»  және «Шеңбер бойымен әңгімелеу»,  оқыта үйрету ойындары, 
түсіндірмелі, баяндау.(модульдік технологияның элементтері).
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, 
карталар, атлас, оқулық, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:   
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту.        
Психологиялық  жаттығу:  «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. 
«Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез 
амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… 
иекпен… өкшемен… арқамен.
Үй жұмысын тексеру: §41-42 Табиғат зоналары 157-163б
 «Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны:
Шеңбер бойымен отырамыз.Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұсқайды. Ойынды сол бастайды:

Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

«Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.

Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін 
оқулық мәтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.

Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
Үй тапсырмасы
Жаңа тақырып 
бойынша жұмыс
Қосымша 
тапсырмаларды орындау
Қорытынды 
бағасы
136

Елеш Аида
Желкайдаров Асылхан
Зекен Мөлдір
Коншекова Жанэль
Тасмагамбетов Алишер
Түрсынбек Әділ
Барлық оқушылардың бағалары қосылып орташа баға шығарылады.
4.Жаңа сабақты түсіндіру:      
Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 391 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, 
ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке  адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың 
жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мұхит 
аралдарынан да келді деген болжам бар. 
Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. 
Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, 
балық аулаумен айналысқан. 
Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд 
елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен 
плантацияларда жұмыс істеу үшін миллиондаған құл – негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде 
мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негр мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен 
шығысында тұрады. ХІХ ғасырды Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс 
аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне 
жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп 
атайды. 
Оңтүстік Америка-дүние жүзіндегі халқы аз қоныстанған материктердің бірі. Бұл материкте тұрғындар саны 1 млн-нан 
асатын 20  миллионнан аса –қалалар бар. 
Елдері. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге 
мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына 
байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.
Бразилия: Байрақ         
Елтаңба
   • Жер аумағыӘлем бойынша 5 -орын
• Барлығы - 8,514,877 км²   • % су беті - 0.65
• Мемлекеттік құрылымы – 22 штаттан  тұратын федерациялық республика
-
Халқы 204 259 812 чел
-
Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, негрлер – 5,89%, мулаттар – 38,45%.
-
Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады.
-
Астанасы – Бразилиа.
-
Мемлекеттік тілі – португал тілі.
-
Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.
-
Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні .
5.Дәптермен жұмыс:№2 тапсырманы 166 б орындау.
Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар. (оқушыларға үйге алдын ала тапсырма берілген: Оңтүстік Американың
ежелгі өркениет орталықтар туралы мәліметтермен танысу).
6. Кескін картамен тапсырма: Кескін картаға материктегі елдердің шекаралары мен астаналарын белгілеңдер.
7. Сабақты қорытындылау
«Талқылау» оқыта үйрету ойыны
  Мұғалім оқушылардан жұпқа бөлінуін сұрайды. Бір оқушы «мұғалім» болады, екіншісі  «оқушы» болады. Бүгінгі тақырып 
бойынша мазмұндау жасайды. «Мұғалім» жауапты оқулық мәтінімен салыстырады.
8.Оқушылар өздері  «Оңтүстік Америка» туралы  видеобейнелерді ұсынды.
Видеобейнелер  бойынша  талқылау жасады.
Үйге тапсырма: §43-оқу. Реферат жазу тақырыптар 167 бетте берілген.
Бағалау
*****
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы «Тассуат негізгі мектебі»  КММ
қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі
Мусина Шынар Есенгелдіқызы
   Сабақтың тақырыбы:  «Көш керуен сабағы». Зат есімді қайталау.
Сабақтың  мақсаты:
1.Оқушыларды сөз таптары,оның ішінде Зат есім,Зат есімнің түрлері  және құрамы,мағыналық түрлері туралы  тереңірек 
үңілту.
2.Сөз таптары бойынша  бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып,Зат есім туралы  түсініктерін 
дамыту,сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.
3.Тілдік эстетикалық сезімдерін ояту,жұмыс жасау барысында  адалдық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі:Көш керуен сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру,ішінара ізденіс,сұрақ-жауаптар,талдау.
Көрнекіліктері:Тақырыпқа арналған кестелер,оқулық,түйенің суреті т.б. суреттер.
Сабақтың барысы: 
137

1.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын қадағалау.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
Кіріспе бөлім:
1.
121- жаттығу.Мақал – мәтелдер  жазып келу,Зат есімдерді тауып, мағыналарын  тұлғаларын анықтау.
2.
2.Топтастыру диаграммасын пайдалана отырып,тіліміздегі сөз таптарын  қайталау. (плакатқа сызу)
3.Негізгі бөлім:  Қазақ халқы ертеде көшіп – қонып  өмір сүрген,негізгі күн көрістері төр түлік мал болғаны белгілі.Сол 
себепті малға шұрайлы,жайлы жерлерді іздеген.Ал енді балалар осындай  көш қоныста міндетті түрде  көлік 
қажет.Әрине,ол кезде  техника деген жоқ.Сол себепті көшіп – қонуға ыңғайлы көлік түйені пайдаланған.Естеріңде болса 
балалар біздің ауылда да осыдан  3-4 жыл бұрын түйе шаруашылығы болған.
Балалар түйенің  қандай қасиеттерін білесіңдер?
Енді бүгінгі сабағымызды  балалар,сендердің бастауыш сыныптан меңгеріп келген сөз табы,зат есім туралы өткізгелі 
отырмыз.Бұл сабақ – «көш керуен»  сабағы.Зат есім туралы ілім –білімдеріңді осы сабақта толықтырып,жинақтап,ойланту 
міндет.Сабаққа белсене қатысып,алған білімдеріңді  ортаға салу керек.Жол ұзақ,керуен – көшіміз  көздеген жеріне  жету 
үшін, көптеген тосқауылдардан  өтуге тура келеді.Себебі,жолда қарақшылар өте көп кездеседі.Тосқауылдар,әрине білім 
тосқауылдары.Көшкеруеннің  көздеген жеріне жету үшін  сендер көмек көрсетулерің керек.Сендер байқағандай  жүк артқан
түйелердің әр қайсысында  қоржындар бар.Бұл қоржын – білім қоржыны.Сендерге арналған тапсырмалар.Көш Тассуат 
ауылына келіп қалды.Бұл жерде көшті ұстамауға тырысуымыз керек.Тезірек қоржындарды ашайық.
 -  Ал, балалар қалай ойлайсыңдар,қоржындағы тапсырмалар  не жайында болуы мүмкін.
-   (Бір бала жауап беруі керек) Бәз бүгін сөз таптары зат есім туралы  шығар деп ойлаймын.
-   Ал ендеше осы сөзіңді дәлелдеп көрейік.
1.Тосқауыл.
А.Тапсырма.Зат есім дегеніміз не?  Сұрақтарын ата мысал келтір.
Ә.Тапсырма.Жалпы және жалқы есімдер деп біз қандай есім сөздерді айтамыз.
Б.Тапсырма.Құрамына қарай зат есімдер қалай бөлінеді.
В.Тапсырма.Деректі зат есім дегеніміз не? Дерексіз зат есім дегеніміз не?
Балалар,көш керуеніміз  сендердің көмектерің арқылы бірінші тосқауылдан өтті.Керуен басы сендерге риза.
2.Тосқауыл. Қоржыннан келіп тапсырма алады.
А.Тапсырма. «Сөз пирамидасын құру»  ойыны.
-  Ал кәне ,пирамида деп нені айтамыз?
-   Пирамида геометриялық фигура. (оқушының жауабы)
-   Пирамиданы көрсетіп,біздің сөз пирамидамыз да осы пирамидадай болуы керек.Ойын шарты бойынша 2 әріптен тұратын
сөзбен бастап,12 әріпке  дейін тұратын сөздерді жазу.
Ә.Тапсырма.Ал,енді балалар дәптермен жұмыс.
122 жаттығу. 60 –бет.Жұмбақтарды көшіріп жазып,зат есімдердің астын сызыңдар.
Көш  керуен ақырын жылжи-жылжи  екінші тосқауылдан да өтіп,үшіншіге де жетті.Бұл тосқауылдан қалай өтер екенбіз.
3.Тосқауыл.Перфокартамен жұмыс.
Кәне,кім шығады? Кімнің қолы жеңіл?
Зат есім
 Жалқы
Жалпы
Деректі
Дерексіз
Түбір
Туынды
Күрделі
4.Тосқауыл.  Ой-толғаныс.Эссе жазу.
-   Ал , балалар,енді сендердің сөйлем құрау,мәтін құрайға  қаншалықты  шеберліктеріңді  немесе сөз байлықтарыңды 
байқайық.
-   «Мен – Зат есім »  деген тақырыпқа эссе жазу.
-    Кім? Не? Деген сұрағы бар.Бір тектес заттарды  жалпы есім деп,жекелеп айтатын заттарды  жалқы есім деп бөліп мені 
айтады.Біз тоғыз ағайындымыз.Мен біріншімін.Сондықтан барша затқа иелік етемін.
Жазған эсселерін балаларға оқыту.
Ал,балалар төртінші тосқауылдан   керуеніміз тағы да мүдірмей өтті.
5.Тосқауыл.  Көру диктанты.Зат есімдерді теріп жазу,ауызша талдау жасау.Жалқы,жалпы,деректі,дерексіз.Осы сөздермен 
сөйлем құрау.
Қорытынды.
1.Жұмбақ шешу.
2.Сабақты бағалау.
3.Үйге тапсырма беру.
*****
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Көкқайнар ауылы
     С. Естемесов атындағы орта мектептің 
       педагог-психологы А.А.Секербекова
Тренинг-сабақ
 
Тақырыбы:   «Сөз  анасы  сәлем» Сөйлеу  және  тыңдай  білу  әдептілігі
Мақсаты: 1.Сәлемдесудің  мәнін түсінудің негізін дамыту.
2.Сәлемдесуді  күнделікті өмірде қолдануын әдет, дағдыға айналдыруға тәрбиелеу.
Міндеттер:   1.Оқушыларды әртүрлі сәлемдесу  түрлерімен таныстыру  (қасиеттердің мағынасын ашу).
138

2.Әдеп, адамшылық – амандасудан басталуын түсіндіру   арқылы оқушыларды өзін қоршаған адамдармен үйде, мектепте
қарым-қатынас жасауға үйрету.
3.Ата-ана   және  басқа   отбасы  мүшелерімен таңертең    сәлемдесе    білу дағдысын  өз  бойына     дарыту  іс  -  әрекеттерімен
таныстыру, өнергелілікке тәрбиелеу ісіне тарту, баулу.
Жүргізілетін жұмыстар:
«Сәлемдесу»  тренингі. Әртүрлі ұлттың сәлемдесу рәсімдері.
«Сәлем» туралы түсінік беру.
Адамдар   бір-бірін   қалай   қабылдайды?   Адаммен   жүздескендегі   алғашқы   әсер.   Қарым-қатынастағы   уақыт   және   ара
қашықтығы. Адаммен шүйіркелесу ерекшеліктері. Қарым-қатынастағы бағыт-бағдар. Қарым-қатынас және өткен тәжірибе
туралы пікір алысу.
Психологиялық тренинг: «Жаныңның тереңдігі» тақырыбы: «Сиқырлы қол».
Негізгі  бөлім:     Сәлем  – арабтың   тыныштық, бейбітшілік   мағынасындағы   ассалам   сөзінің   тілімізде фонетикалық
өзгеріске     түсіп,   қалыптасқан     түрі.   Арабтар   бір-бірімен   осы   сөзді   қолданып     амандасады.   Мұсылмандар
Пайғамбарымыздың  атынмен: ғаләйһиссәлем!(оған тыныштық болсын) сөзін  қосып  айтады.
Сәлемдесу  түрлері: «Әс-сәләму аләйкум!» «Сәлеметсіз бе?»,  «Сәлем  бердік», «Сәлем» т.б.
      Өз халқыңның әдет- ғұрпын білу -  үлкен   мәдениеттілік.  Адамның  ұлттық  мінезі  әдет- ғұрыпты  білу ,сақтау  арқылы
қалыптасады.  Сондықтан  қазақ  халқының  әдет-ғұрпын алдымен қазақтың  ұл-қыздары  білуге, үйренуге тиіс. Сонда  ғана
оны өзгелерде  сыйлайды.
      Есікті  қатты  жапқанда  немесе  теуіп  ашқанды  біздің халық  ежелден әдепсіздікке  санайды. Көбіне  кесір, менмен,
өзінің  ақымақтығын  артықшылық  деп ұғатын адамдар сөйтеді. «Қайта  келер  есікті  қатты  жаппа»,- дегенді  үлкендер
күні  кешеге дейін көп айтпаушы ма еді?  
  Кірдің суын,тамақтың   қалдығын,  жуынды мен шайындыны есіктің көзіне   төге салатын әйелді ауыл  салақ   санайды,
ұнатпайды.   Қазақ   есікті   кермейді,   табалдырықты   баспайды,   жаман   ырым   санайды   әрі     өйткенді   көргенсіздің   ісі   деп
бағалайды.Үйде   үлкен   кісілер   отырғанда,келін   есіктен   ту   сыртымен     шығады;   үлкендерге   артын   қарату-келін   үшін
көргенсіздік.    Қазақтың үйіне кірген адам үйде адам бар болса да, жоқ болса да амандаса кіру керек. Адамдарымен есік
алдында амандассаң да, босағаны аттаған соң, бос үйге: «Әс-сәләму аләйкум!» -  деу керек. Шаңыраққа сәлем беру деген
сол болады.
     Үйге кірген кісіні  босағада ұзақ  дағдартып  тұрғызып  қою-  үй иесіне ұят іс.Танысқа да, бейтанысқа да жылы қабақ
көрсетіп,төрге немесе қатарға шақыру   қазақылық саналады: «Есігінен ит сығаламайтын» деген-қазақта отбасы үшін өте
ауыр сөз. Үйге көрші-қолаң, ағайын- туыстың жиі келіп тұруы бауырмалдыққа тән. Босағасынан бөтен   аттамайтын үйді
«мола» деп кемсіту  бар.
    Киіз үйді есігін күншығысқа  қаратып тігеді. Ал күмбезді бейіттің аузын қабылаға қаратады. 
         Тыстағы адаммен   есіктің көзінде тұрып ұзақ сөйлесуге болмайды:       не өзін сыртқа   шығуын  керек, не оны үйге
кіргізіуін қажет. Әйтпесе, әбестік болады: жақтырмаған, менсінбеген кісі сөйтеді. Жалпы, үйдің қасында жолыққан кісіге:
«Үйге кіріңіз!»-демеу-білместік. Оның  арғы  түбі сараңдыққа  жалғасып  жатады. 
     Төрге  үлкендер мен сыйлы адамдар  отырады. Бірақ ақсақал адамның босағада қалып, қарасақал әлдекімдердің  төрге
озып кетуі қазақтың үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті жас өзі  тұрып өзінен үлкенге орын  береді. 
       Әлдекімге   қызметін бұлдағанда немесе бағамды білмедің деп кейігенде: «Есіктегі басымды   төрге   шығардым»,-деп
жатады.  Онысы-сыйлы  адамдардың  қатарына сені мен қостым  дегені. «Есіктен  кіріп, төр менікі деме»,- деген де сөз бар.
Мұны   бұрыннан келе жатқан адамдарды   сырттан келгендер басынғанда, ежелгі жұртты келімсектер шеттете  бастаса,
айтады. Адам баласының ең үлкен, ең  жауапты  тіршілігі - Отан үшін істелетін еңбек. «Отан отбасынан басталады»,-дейді
қазақ. Өз отбасы қадірлемеген  адам Отанын  да қадірлеп жарытпайды.
1.
Адамдар бір-бірін қалай қабылдайды? Пікір алысу.
Тренинг: «Сиқырлы қол» 
           Әрбір топтағы қатысушы  қағаздың жоғарғы жағына өз есімін жазып, қарындашпен өз қолын айналдырып сызып
шығады. Әр саусаққа өзінің қандай да бір қасиетін жазып, түрлі-түске бояуына болады. мұнан кейін  «алақандар» шеңбер
бойына жіберіледі де басқа қатысушылар алақан кімге тиесілі соның басқа қасиеттерін жазуға тиісті.
Талқылау:  Өзіңіз   туралы   жаңа   не   білдіңіз   ?   Біз   өзімізді   қалай   қабылдаймыз   және   өзгелер   бізді   қалай   көретіндігінде
шындықтың бар екендігі талқыланады.
Қорытынды: Сәлем  беру - өткінші  міндет емес, өмірлік  міндет. Ендеше  одан  жаңылуға да, жалығуға да  қақымыз  жоқ.
Мақалдардың  мәнін  аш: *«Сәлем беруде парыз,  Сәлем алуда  парыз».  
          *    Адам  сөйлескенше, Жылқы  кісінескенше   *      Әдепті елдің баласы  - Алыстан сәлем береді.      
Үйге  тапсырма: Жанұялық  әдеп-ғұрып туралы  эссе  жазу.
*****
Атырау  қаласы Жапақ Қаражігітов  атындағы №16  мектеп –лицейі
орыс сыныптарындағы  қазақ тілі  пәні  мұғалімі
Сапаргалиева  Жанар  Маликовна
ІІ деңгейлі  тәлімгер –мұғалім
Сабақтың  тақырыбы:
Мұзафар Әлімбаев, оның  шығармалары
Сілтеме:
8-сынып  оқулығы  Әдістемелік  көмек.
Мақсаты:
Ақынның   өмір  жолынан  қысқаша  мағұлмат  беру,  мәтін  ішінен  тұйық  етістіктерді,  
жалқы  есімдерді  табу,  өзіндік  бағалауға үйрету.
Күтілетін  нәтиже:
Ақын  туралы  ақпаратпен  танысады,  тұйық  етістіктер мен  жалқы  есімдерді  мәтін  ішінен  
табады, өз- өздерін     бағалауаға  талаптанады.
Әдіс-тәсілдер:
Диалог, АКТ,  жеке жұмыс, топтық  жұмыс,  «РАФТ» әдісі, «Әткеншек», «Галерея», «Автор 
орындығы» .
Сабақта
Оқулық.  А4, фломастер.  Стикерлер.
139

қолданылатын
материалдар:
Мұғалімнің  іс-әрекеті
Оқушының  іс-әрекеті.
Психологиялық   ахуал
туғызу
3мин
Амандасу,  сыныпты  түгелдеу,  сабаққа  
дайындықтарын  тексеру.
Оқу-құралдарын  ретке  келтіру,  сабаққа  
дайындалу.
Үй тапсырмасы:
Үй  жұмысы  тексеріледі.
«Мұқан  Иманжанов-жазушы»  диалог
Топтарды құру:
Домино  суреттері  арқылы  топқа  бөледі.
Суреттердің    ұқсастығы  бойынша топқа  
бірігеді.
Мағынаны тану:
Сөздікпен  жұмыс  жүргізу:
Тырнақалды(алғашқы)-первый
Туынды-произведение.
Жарық  көрді-был издан.
Қаламгер-писатель,  поэт.
Сыншы-критик.
Жинақ-сборник.
Қайраткер--деятель
Берілген  сөздік  бойынша  сөз  тіркесін  
жасайды.  Жаңа сөздерге  түсінік  жұмысын  
жүргізеді
Мәтінмен  жұмыс.
1.Мәтін  бойынша әр топқа сұрақтар  
беріледі
2.«Әткеншек»  әдісі  қолданып  
сұрақтардың  жауабын  мәтіннен іздеп табу
3.«Галерея»  әдісін  қолданып  тексеру.
Мәтінді  түсініп  оқып  шығады,    Топ  ішінде  
мазмұнын  талдайды.
Топ  мүшелері  постермен  жұмыс  жасайды.
Берілген  сұрақтардың  жауабын  мәтін  ішінен 
тауып  жазады.
Әр  топ  өз  жұмыстарын  қорғайды. Қалған  
екі  топ  дұрыс,  дұрыс  емес  жауабымен  
тексереді.
Тілдік тапсырма:
Мәтін  бойынша  жаттығу  жұмысы.
І топ:  Мәтін  ішінен  етістіктерді   теріп  
жазып,  тұйық  етістікке  айналдыру.
ІІ топ: Берілген етістіктерді  септейді.( жазу,  
шығару,  көру, бітіру)
ІІІ топ:  мәтін  ішінен  жалқы  
есімдерді  теріп  жазу.
Шығармашылық
жұмыс:
«РАФТ», «Автор  орындығы»  әдістерін  
қолданып,  тұйық  етістік,  жалқа  есім  
туралы   әңгіме  жазу.
Жеке  жұмыс. Әр  оқушы  өз  таңдаулары  
бойынша тақырыпқа  әңгіме  жазады.
Бағалау.
Бағалау  парақшасына  әр  оқушыны  
жұлдызша  смайликтермен  бағалайды.
Шығармашылық  жұмыс бойынша  «Екі  
жұлдыз  бір  тілек».
Өздеріне  ұнаған  әңгімешіге  өз  жұлдыздарын
тарту  етеді.
Өзіндік  бағалау  парақшасына өздерін  
бағалайды

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет